Немқұрайлық стилі – оқу-тәрбие үдерісінде болып жатқан құбылыстардан, жауапкершіліктерден өз басын алып қашу. Зерттеу нәтижелері бұл стиль барысында жұмыстың ауқымының төмен орындалуы мен сапасының болмауын көрсетеді. Бұл жағдайда педагог оқушының әрекетіне араласпауға тырысады, тапсырмаларды тек формалды тұрғыда бере отырып, басқару жауапкершілігінен бас тартады. Мұғалімнің сөзі бір жақта, ісі екінші жақта, қойған талаптары тұрлаусыз болып, ұжым мүшелері мен оқушыларды ашу мен ызаға толтырады.
Демократиялық стилде ең бірінші орында фактілер бағаланады. Бұл стилдің ерекшелігі жұмыс және оны ұйымдастыру барысында топ талдауға немесе тағы басқа да тапсырмаларға белсенді қатыса алады. Нәтижесінде субъектілердің өздеріне деген сенімділіктері артып, өзін-өзі басқаруға деген сенімділіктері артады. Егер авторитарлық стилде топ мүшелері арасында бір-біріне деген қарама-қарсы қатынастар болса, демократиялық стиль керісінше ұжым мүшелерін жақындатып, өзара түсініспеншілікке шақырады. Педагог жұмыс барысында ұжымға арқа сүйеп, оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін ынталандырады, оқушы тарапынан айтылған сын-пікірлерді дұрыс қабылдап, шыдамдылық танытады. Демократиялық стильдегі педагогикалық қарым-қатынас пайдалы келеді. Оқушылар өзбетімен инициатива, белсенділік көрсетіп, мұғалімнен үрікпей, жасқанбай, еркін ұстап, онымен бірігіп жұмыс жасауға әдеттенеді.
Бірлескен шығармашылық әрекетке қызығушылық негізіндегі қарым-қатынас стилі. Аталмыш стиль педагогтың жоғары кәсіби шеберлігі және оның этикалық ұстанымдарының бірлігі негізінде жүзеге асады. Бірлескен шығармашылық әрекетке қызығушылық тек мұғалімнің коммуникативтік әрекетінің нәтижесін ғана көрсетіп қоймай, сонымен қатар оның тұтас педагогикалық әрекетке деген қатынасының деңгейін байқауға болады. Бұл стилдің артықшылығын М.О.Кнебель, В.А.Сухомлинский, В.Ф.Шаталов, Ш.Амонашвили және т.б. педагогтар атап көрсетеді. Аталмыш стиль бірлескен оқу-тәрбие әрекетінің алғышарты болып табылады.
Қашықтықтағы қарым-қатынас стилі. Бұл стилді қолданылатындар әрі тәжірибелі, әрі жаңадан жұмысқа орналасқан мұғалімдердің ішінен де кездесе береді. Бұл стилдің басқалардан ерекшелігі – субъектілер арасындағы қарым-қатынас қашықтығы. Бірақ мұнда да өлшем қажет. Қашықтықты аса алыс ұстау субъектілердің өзара тұтас әлеуметтік-психологиялық жүйесін формалды жағдайға ұшыратады, шынайы шығармашылық ахуалдың туындауына септігін тигізбейді. Білім беру жүйесі субъектілері арасында қашықтық болуы тиіс, ол қажетті болып табылады. Ол өзара қатынастар негізі ретінде бұйыру емес, бір субъектінің екінші субъектіге жалпы қатынас логикасынан туындауы қажет. Қашықтық педагогтың басқы ролінің көрсеткіші ретінде, оның беделі арқылы қалыптасады.
Қорқыту стилі – бұл қашықтықтан қарым-қатынасқа түсу стилінің ең тығырыққа тірелген формасы. Стилді көбіне жас мамандар бірлескен шығармашылық әрекетке екінші субъекті тарапынан нәтиже, тіпті қызығушылық тудыра алмаған жағдайда қолданады. Шығармашылық қатынаста бұл қарым-қатынас стилі мүлде өміршең емес. Себебі, педагог жағымды коммуникативтік ахуал жасаудың орнына, керісінше оларды тиып тастап, педагогикалық қарым-қатынасты достық сипаттан айырып отыруға бейім болады.
Ойнақы қалжыңға бағытталған қарым-қатынас стилі – педагогикалық қарым-қатынасты нәтижелі ұйымдастыра алмайтын тәжірибесіз педагогтарға тән. Педагогикалық әдеп ережелеріне қарама-қайшы келетін стиль. Мұндай стилді педагогтар балалардың арасында арзан, жалған беделге ие. Көбіне тәжірибесіз жас мамандар сынып ұжымына тез ұнау үшін және балалармен жедел түйісу нүктесін орнату мақсатында, ал екінші жағынан педагогикалық қарым-қатынас этикасының жетіспеуінен пайдаланады. Бұл стиль тәрбиеші мен тәрбие үдерісіне үлкен зиянын тигізеді. Пайда болу себептері:
а/ өз алдында тұрған жауапты педагогикалық мәселелерді дұрыс түсінбеу;
б/ қарым-қатынас біліктілігінің жетіспеуі;
в/ сынып ұжымымен қатынастан қорқу мен оқушылармен тез тіл табысу үшін [48. 71 б.]. Кукушин В.С.
Қандай да бір қызметте іс-әрекеттің жеке стилі – кәсіби еңбектің жеке даралану процесінің негізгі сипаты болып табылады. Кәсіби маманнның өз стилінің болуы, бір жағынан - оның кәсіби әрекеттің объективті нақтыланған құрылымына бейімділгенін көрсетсе, екінші жағынан - өз жеке даралығының толық ашылу мүмкіндігін сипаттайды.
Қоғамдық өндіріс тиімділігіне тікелей ықпал ететін өндірістік жүйе ұжымындағы тұлғааралық қатынас адам факторының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты берілген жүйені сипаттайтын жан-жақты заңдылықтар мен механизмдерді зерттеу үлкен мәнге ие болады, адамның басқа адамдармен түрлі формада қарым-қатынасы мен бірлескен іс-әрекетте тікелей байланысын ұйымдастыру мазмұны мен тәсілін анықтау маңызды. Мұнда, бірден бір аспекті арнайы психологиялық зерттеуді талап ететін мәселе, одан көп жағдайда мінез-құлық байланыс ретіндегі және нақты қарым-қатынас процесстерінің ағымы, және солай бірлескен іс-әрекетті орындау нәтижелілігі, қарым-қатынас стилі болып табылады. Қарым-қатынас стилі мәселесін зерттеу түрлі өндірістік ұжымда практикалық тапсырманы шешу үшін маңызды мәнге ие, сол кәсіби іс-әрекет аймағында еңбек тиімділігін жоғарлату, сонымен қатар кеңес беру жұмысы тәжірибесінде және психотерапевтік көмек көрсету тікелей байланысты (оқыту, тәрбие, басқару, қызмет ету аймағы және тб.) орындалады [49. 5 б.]. Руденко И.Л. Стиль
Достарыңызбен бөлісу: |