Философия және Саясаттану факультеті Жалпы және этникалық психология кафедрасы


дәріс. Қарым – қатынастың адам өміріндегі мәнін бірлескен танымдық іс-әрекет тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері



бет7/23
Дата26.04.2024
өлшемі96.18 Kb.
#499944
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
толык умкд карым-катынас Текстовый документ OpenDocument

2 дәріс. Қарым – қатынастың адам өміріндегі мәнін бірлескен танымдық іс-әрекет тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері
Қарым-қатынас –қоғам дамуының құралы және терең негізі және мәдениет деңгейін бейнелейтін қоғамдық тарихи дамуының нәтижесі. Қарым-қатынас процесінде адамның ұжымдағы әрекет бірлігі қамтамасыз етіледі, танымдық іс-әрекет негізінде адамның қасиеттері мен мінез - құлқы қалыптасады.
Міне, қоғамдық әлеуметтік өмір тіршілігінда осындай қарым-қатынастардағы әр-бір адамның өзіндік даралық және мінез-құлық қасиеттері, сапалары және ерекшеліктері дамып, «Мен» бейнесі қалыптасады. Атақты ғалым Л.С.Выготскийдің пікірінше, әлеуметтік әлем мен қоршаған үлкендер адамның дамуына қажетті органикалық жағдай. Балаларда психикалық процестердің дамуы үлкендермен қарым-қатынастағы ролі алғашқы сатыда тұр. Оның ойынша үлкендер бала мен мәдениет арасындағы дәнекер, іс-әрекет нормалары , белгілері мен тәсілдерін абстрактылы тасушы, бірақ жанды нақты адам емес /1. 24 б/.
М.И.Лисина өзінің қарым-қатынас пен іс-әрекет туралы зерттеуінде қарым-қатынас іс-әрекеттің ерекше түрі екенін көрсеткен. Ал, Л.С.Выготский: «Адам басқа адамдармен айырылыста толыққанды дами алмайды және жағымды немесе жағымсыз ынталануы орталыққа әсер етіп, оны толықтырып отырады ...» - деп тұжырымдаған. Сондықтан, адам өмірінде ерекше орынға жанұя, білім беру ұйымдары және т.б. институттар кіреді. Тәрбиелік кешеннің бір бағыты (жанұя, балабақша, мектеп) қызықты қатынасы балаға әсер етеді де, практикалық, педагогикалық, тәрбиелік іс-әрекетте қарым-қатынас мәдениетінің жалпы сұрақтарын қоюды және шешуді талап етеді. Қарым-қатынастың өзіндік ерекшелігі: басқа адамның индивидуалдылығына үнемі субьект, тұлға ретінде бағытталуы. Ол өзара белсенділікті болжайды және бір біріне қатысушылардың әрекеттесуі. Сондықтан қарым-қатынас үнемі екі жақты/2.15 б/.
Қазақтың көрнекті ғалымы, профессор С.М.Жақыпов адамның психикалық дамуы оқыту процесі әсерінен тыс болмайды, ол үшін оқытушы мен оқушы арасында нақты байланыс, оқытудың формасы мен мазмұны екі жақты біріккен іс-әрекетте орындалады деген./3.2б/. Педагогикалық іс-әрекеттегі тәуелділік және оның орындау процесі кезіндегі қарым-қатынастың туу себептері, сонымен қатар қоғамдық ортадағы өмірдің тәуелділігі, пікірлесішілердің арасындағы ара-қатынастың барлығы қарым-қатынастың түрлері. Қарым-қатынастың түрлері адамның дүниеге келген күнінен бастап жас ерекшелікке қоршаған ортаның ықпалына байланысты дамиды.
М.И.Лисина қарым-қатынасты адамдардың бірі-біріне қатынасын реттеу мақсатындағы түрлі ақпараттар ауысу және біріккен нәтижеге жетудегі күш деп анықтады, осының негізінде балалардың үлкендермен қарым-қатынасының төмендегі белгілерін ашып берді:
- үлкендерге зейін аудару және қызығушылық;
- үлкендердің әсерін қабылдаудағы эмоционалды рең;
- үлкенге бағытталған баланың ынталы акты;
- олардың қимыл-қозғалысында үлкендердің көрінуінде балалардың қатынасының сезімталдығы. /2.29 б/.
Бұл көрсеткіштердің бір тұтастығы баланың іс-әрекетінде, өзінің бейнесін құруға және басқа адаммен қарым-қатынаста қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттері (зат, қажеттілік, мотив, ...) қарым-қатынастың анайылылығы және нақты коммуникативті мазмұнымен толтырылған. Тек қана басқалармен қарым-қатынас арқылы адам «басқа көзбен» өзін өзі таниды және бағалайды. Қарым-қатынас мотивы адамның өзінің және басқа адамдардың сапаларымен толықтырылады, қоршаған адамдардың әсері арқылы индивид өзін тануға және бағалауға кіріседі. Осы сапалардың арасынан баланың үлкендерге еліктеуі арқылы қарым-қатынасының қалыптасуын топтастыруға болады:
1) танымдық, мұнда үлкендер баланың жаңа әсер қалдырушы ұйымдастырушысы және мәліметтер жинақтаушысы;
2) іскерлік, мұнда үлкендер біріккен практикалық іс-әрекеттің серігі, қозғалыстың көмекшісі және үлгісі;
3) жеке тұлғалық, мұнда үлкендер ерекше тұлға, қоғам мүшесі, оның тобының ерекше өкілі.
Д.Б.Эльконин баланың психикалық дамуына байланысты сұрақтарды өзінің ғылыми өмірі барысында зерттеді және оны шешуге өзінің бар ынтасын жұмсады. Ол психикалық дамуды баланың қоғамдық заттар мен ішкі байланысы және үлкендермен қоғам мүшесі ретінде, яғни “бала-қоғам” жүйесінде қарастырды. Психикалық даму қатынастың екі типтік жүйесінде жүзеге асады:

  1. бала – зат – үлкендер;

  2. бала – үлкендер – зат.

Д.Б.Эльконинің баланы психикалық дамуы туралы көзқарастарының жалпы теориялық қарастырылуы даму кезеңдерін ашып көрсетуге негіз болды. Ол осыған байланысты А.Н.Леонтьевтің жасаған “жетекші іс-әрекет” түсінігіне сүйенді. Д.Б.Эльконин балалардың дамуында жетекші іс-әрекеттердің арнайы типтері мен және соған сәйкес жаңа құрылуларға байланысты бірнеше жас кезеңдерін ажыратты/4, 15/.
Д.Б.Элькониннің айтуынша, балалық жас екі түрге бөлінеді: біріншісі, балада іс-әрекеттің қоғамдық - мотивациялық жағы; екіншісі: іс-әрекеттің операционалды жағы қалыптасады.
Барлық жағдайларда адамдар анықталынған қызметтерді орындайды және нақты коммуникативті қажеттілікті қанағаттандырады. Қарым-қатынасқа қатысты коммуникативті іс-әрекетті жетілдіруші мүмкіндік жасайтын операциялар – экспрессивті, локомоторлы, табиғи сөздік. Осыдан балалардың үлкендермен кез-келген іс-әрекеттерде бірлесуі, тілдесіп сөйлесуі қарым-қатынас жасаудың шешуші маңызы бар екенін ұғынамыз. Егер балаларын үлкендер күнделікті өмірде өзара сөйлесіп, қарым-қатынасқа тартпаса, онда тұлғаның дамуы, өмірінің мән-мазмұны да болмас еді. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, ғалым Н.К.Тоқсанбаева өзінің еңбектерінде қарым-қатынастың бәрі сөз арқылы біріккен екі жақты іс әрекетте орындалатындығын көрсетті/5,17/.
Балалардың күнделікті дамуы мен қоршаған ортаны тануында өзара тілдесіп қарым-қатынас жасаудың қаншалықты әсер ететіндігін жете түсінуге болады. Ата-аналар балаларымен тілдесіп, оларға жеткізетін мағлұматтарды доғаратын болса балалардың өсіп жетілуіне, рухани жағынан толыққанды дамуына өз мұқтаждықтарын қанағаттандыра алмай, әр қилы өзгеріске ұшырар еді. Қарым-қатынас адамзат үшін әр түрлі деңгейде, әр түрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс. Жеке адам қарым-қатынас процесінде ұқсау, мысал, өнеге алу, үйрену, еліктеу арқылы қоғамдық және жеке сананы, эмоцияны, сезімді, мінез құлық нормаларын көрсетудің формаларын меңгереді.
Тұлғаның жас ерекшелігіне және дамуына байланысты әр бала қарым-қатынастағы қажеттілікпен анықталады, негізінен үлкендермен қарым-қатынас жасау арқылы қанағаттандырылады. Зерттеулерден балалардың дамуының алғашқы жеті жасқа дейінгі кезеңінде қарым-қатынас өзіндік үш формасы болады. Алғашқы және генетикалық ерте жастағы баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қарым-қатынасы. Оның белгілері баланың қоршаған ортамен тікелей эмоционалды қатынасқа түсуге ынтасы (үлкендер баланы ерекелетеді, бала оған кешенді жанданумен жауап қайтарады), коммуникацияның негізгі құралдары ретінде мимика және мәнерлі ым-ишара қолдану. Мұндай қарым қатынас арқылы нәресте өзіне қажетті үлкендердің мейірімі және зейінімен қанағаттанады. Бала қол қимылын меңгеріп, ойыншықтарды манипуляция жасай алғаннан кейін, ол қарым-қатынастың келесі формасы – ситуативті бірігіп әрекет жасауға ауысады. Бала мен үлкендердің біріккен іс әрекеті эмоционалды байланыспен жалғасады. Қарым-қатынастың келесі формасы- ситуативті емес сөздік біріккен әрекет. Бала өзінің күрделі әлеуметтік қажеттілігін өзара түсіну, бірге уайымдау арқылы қанағаттандырады. Соңғы жылдары көптеген зерттеулердің нәтижесінен баланың толыққанды психикалық дамуы үлкендермен қарым-қатынасы және оқу тәрбие әрекеті арқылы қалыптасады.
Баланың айналасындағы адамдармен өзара қарым-қатынас тәсілдері және оның кез келген психикалық іс-әрекетінің дәрежесі арасындағы қарым-қатынас екі жақтан дамиды. Мәселен, баланың іс-әрекет мүмкіндіктерін кеңейту, оның қажеттіліктерін өзгерту, оның айналасындағыларға деген бүкіл қарым-қатынас жүйесінің өзгеруіне алып келеді. Ал қарым-қатынастың жаңа жүйесінің өзі баланың іс-ерекетінің әрі қарай дамуының негізі болады. Бір жағынан, баланың өмірге деген қарым-қатынасының даму дәрежесі және соның негізінде жасалынған мотивтер, екінші жағынан, іс-әрекет мазмұны мен тәсілдері арасындағы белгілі бір сәтсіздік бастапқы оқыту жағдайларында байқалып отырады. Балалар мектепке көп жағдайда дамыған (қарапайым түрде болса да) танымдық мотивтермен, оқуға деген ықыласпен келеді.[6,42]
Адамзат тарихында іс әрекетті жүзеге асыру құралдары ретіндегі жол - оқыту. Оқыту баланың психикалық даму процесінде айқындаушы роль атқарады. Баланың дамуының оқыту процесіндегі ең негізгісі және анықтаушысы білімдерді, іс әрекет әдістерін күрделендіру. Сондықтан оқыту процесіндегі педагогикалық қарым-қатынастың психологиялық ерекшеліктеріне оқушының психикалық дамуы, ақыл-ой әрекеті және қоршаған орта ықпалы алады деп тұжырымдаймыз.
Мектеп жасындағы балалардың негізгі әрекеті оқу процесі болғандықтан, олар оқытушыдан тек мінез құлық жүйелерін үйрету ғана емес. Оқушының ішкі дүниесіне жол таба білу, қарым-қатынасқа түсуде жоғары шеберлікті талап етеді. Оқу процесінде педагогикалық қарым қатынастың негізгі үш міндеттері шешіледі: оқыту, тәрбиелеу, дамыту. Қарым қатынастағы оқыту міндетін шешуде оқушылармен психологиялық қатынас жасау, оқытудың жағымды мотивациясын қалыптастыру, ұжымдық, танымдық және біріккен психологиялық ахуал жасау. Қарым қатынаста тәрбиелеу міндеттерін шешу тәрбие мен педагогикалық қатынас негізінде құрылады, педагог және балалар арасындағы психологиялық байланыс. Ол оқу әрекетіндегі жетістік, жеке тұлғаның танымдық бағыты қалыптасады, психологиялық кедергілерді жеңеді, оқушылар ұжымында өзара үйлесімді қатынас қалыптасады. Қарым қатынаста дамытушылық міндеттерін шешуде жеке тұлғаның өздігінен білім алу және өзіндік тәрбие негізінде құрылған ситуациялар:

  • қарым-қатынас процесінде жеке тұлғаның дамуына шектеу қоятын (ынжықтық, ұялу, сенімсіздік және т.б.) әлеуметтік психологиялық факторларды жеңу;

  • оқушылардың жекелік ерекшеліктерін есепке алу және анықтауға мүмкіндік жасау;

  • жеке тұлғаның дамуы мен өсуінің маңызды сапаларына әлеуметтік психологиялық түзетуді жүзеге асыру.

Егер кіші мектеп жасындағы балалар үшін мұғалім барлық бейнесімен ерекше із қалдырып, оларға күшті әсер ететін тұлға болып саналатын болса, ал ересек балалар мұғалімнің әрбір қимыл-қозғалысына, іс-әрекеті мен сөйлеген сөзіне, оның ақыл-кеңесіне, өзге адамдармен басқа мұғалімдермен қарым-қатынасына, оқушыларға қоятын талаптарына өздерінше іштей сын көзімен қарайды. Баланың жасы есейген сайын қарым қатынас жасау мәселесі қиындай түседі. Ересек оқушылар арасында үлкендердің айтқан сөздерін тыңдамау, мінез көріністерінде әр қилы кедергілер мен себептер байқалады.
Психологиялық талдауды жүзеге асыру үшін ең алдымен адамдардың өздерімен тікелей түрде іштей (терең) байланыс орнатқан, сондайлық етене кірігіп-бірігіп кеткен яғни тұтастығы көзге ұрып тұрған бірлескен қызметтік әрекеттестік ең зор маңызға ие дейміз. Философиялық пән социологиялық талдауды алатын болсақ, аталған бұл екеу өзара әрекеттесулердегі адамдардың қоғамдық қызметтерін анағүрлым кең масштабта әрі жанамаланған түрде қарастырады. Мұндай талдауларды жүргізу біз жазып отырған мақаланың міндетіне жатпайды. Біздің ұсынып отырған талдауымыз адамдардың бірлесіп қызмет атқарулары мен тікелей өзара әрекеттесулерін талдау арқылы қоғамдық процестердің кең ауқымын жоғарыда аталып көрсетілгендермен бірмезгілде жарыстыра қарастырып ашуды болжамдап отыр.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет