-
|
-
|
«Есептелінді»
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
|
NP
(No Рass)
|
-
|
-
|
« Есептелінбейді»
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
|
W
(Withdrawal)
|
-
|
-
|
«Пәннен бас тарту»
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
|
AW
(Academic Withdrawal)
|
|
|
Пәннен академиялық себеп бойынша алып тастау
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
|
AU
(Audit)
|
-
|
-
|
« Пән тыңдалды»
(GPA есептеу кезінде есептелінбейді)
|
Атт-ған
|
|
30-60
50-100
|
Аттестатталған
|
Атт-маған
|
|
0-29
0-49
|
Аттестатталмаған
|
R (Retake)
|
-
|
-
|
Пәнді қайта оқу
|
Кафедра мәжілісінде қарастырылды
№ 36 хаттама «14» 05.2013 ж.
Кафедра меңгерушісі : Қалымбетова Э.К.
Дәріс оқушы: Тоқсанбаева Н.Қ.
Дәріс тақырыбы
Апта
|
Тақырыптың аталуы
|
Сағат саны
|
Бағасы
|
1 Модуль
|
1
|
1 дәріс. Қарым-қатынас психологияның негізгі мәселелері
|
2
|
1
|
2
|
2 дәріс. Қарым – қатынастың адам өміріндегі мәнін бірлескен іс-әрекет тұрғысынан қарау және оның бағыттары мен міндеттері
|
2
|
3
|
3
|
3 дәріс
Тұлғаның жас ерекшелігіндегі бірлескен іс-әрекеттің қарым– қатынастағы маңыздылығы мен стилдерін теориялық талдау
|
2
|
3
|
2 Модуль
|
4
|
4 дәріс. Адамның өзін басқаруы мен оны тәрбиелеудегі қарым–қатынастың
түрлерін пайдаланудың психологиялық
ерекшеліктері
|
2
|
3
|
5
|
5 дәріс.Тіл немесе вербальды қатынастың ерекшеліктерін зерттеу
|
2
|
3
|
6
|
6 дәріс. Вербальды емес қатынастың (ым, ишара, жүріс,) ерекшеліктерін зерттеу
|
2
|
3
|
7
|
7 дәріс. Қарым-қатынас - ақпарат алмасу ретінде
Коммуникаторлар мен реципиенттер
|
2
|
3
|
3 Модуль
|
8
|
8 дәріс. Тұлғаның қарым-қатынасындағы эмоциялық күйлерінің бірлескен іс -әрекетке әсері
|
|
2
|
2
|
9
|
9 дәріс. Қарым-қатынастың коммуникация ретінде талдануы және оны эксперименталдық зерттеу.
|
|
2
|
2
|
10
|
10 дәріс. Қарым-қатынасты меңгеруді ұйымдаструдың варианттары, өзара әрекеттестік.
|
|
2
|
2
|
4 Модуль
|
|
11
|
11 дәріс. Тұлғааралық қатынастарды ұйымдастыру және қолдау функциясы.
|
|
2
|
2
|
12
|
12 дәріс. Іскерлік әңгіме өткізуде қарым-қатынастың маңыздылығы.
|
|
2
|
2
|
13
|
13 дәріс. Мамандардың перспективалары мен тенденция-
ларын дамытуға қарым-қатынастың әсері.
|
|
2
|
2
|
14
|
14 дәріс.Өзара әрекеттесудегі“кедергілер”, қарым қатынастағы қақтығыстар туралы.
|
|
2
|
2
|
15 дәріс. Девиантты мінез-құлықтың әлеуметтік-психологиялық себептеріне қарым-қатынас әсері
|
|
2
|
2
|
Қысқаша қарым-қатынас психология пәні бойынша дәрістер жинағы
1 дәріс. Қарым-қатынас психологияның негізгі мәселелері
Қарым-қатынас – бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең жоғарғы қажеттіліктердің бірі болып табылады. Дегенмен, бір қарағанда қарым-қатынас ұғымы баршаға танымал және қандай да мағыналы қиындықтармен байланысты емес көрінеді. «Қарым-қатынас» сөзімен біз кәсіби, жеке, шығармашылық және тағы басқа жалпы қызығушылықтардың төңірегінде пайда болған қарапайым түсініктерді, яғни адамдардың бір-бірімен байланысын және қатынастарын; таныс немесе бейтаныс адамдармен кездесулерін; жеке қатынастарын түсіндіруге тырысамыз. Адам қоғамда, өзін қоршаған адамдар тобында өмір сүреді және дамиды, оның талаптарына сай өз пікірі мен мінез-құлқын өзгертеді, топтың өзге қатынасушыларымен бірлескен іс-әрекет ықпалымен түрлі сезімдерді бастан кешеді. Алайда бұның барлығы өзге адамдармен ақпарат және толғаныс алмасудан ғана болады, оларды жақсы тани отырып, біздің әрқайсысымыз қалай да болса қатынасқа түсеміз.
Бұны екі жүз жылдан астам уақыт бұрын Михаил Васильевич Ломоносов «Ресейлік грамматикада» айтқан болатын: « ...... Қандай да бір мәшинені құрастыруға дайындалған бөліктер оқшау жатқанда және өзіне белгіленген әрекетті екіншісіне жеткізіп отырмаса олардың болмысы бос әрі пайдасыз. Сол сияқты адам баласының әр мүшесі өз ұғымындағыны өзгеге айтып жеткізе алмаса, біз ойларымыздың қосылуымен басқарылытын істі бірге жүргізуді былай қойғанда, жабайы аңдардан бетер болып кетер едік.......» Бұл жерде М.В. Ломоносов адамдардың болашақта қатынасқа үлкен қызығушылық танытатындығы жөнінде болжау айтып отыр.
Қарым-қатынас психологиясы адамдардың бірлескен іс-әрекеттегі бірін бірі қабылдауы және түсінуі; еліктеуі, иландыру мен сену; ұйымшылдық пен кикілжіңшілдік; бірігіп әрекет ету және тұлғааралық қатыныстар сияқты құбылыстарды зерттейді. Бұл психологиялық құбылыстардың алуан түрлі болуына қарамастан олардың пайда болуының негізгі көзі – адамдар арасындағы қатынас аймағы болып табылады.
Қарым-қатынас мәселесінің концептуалды негіздері В.М. Бехтерев, Л.С. Выготский, С.Л. Рубинштейн, А.Н. Леонтьев, Б.Г. Ананьев, М.М. Бахтина, В.Н. Мясищева және т.б қарым-қатынасты адамның психикалық дамуының, әлеуметтенуі және индивидуализациялануының, тұлға қалыптасуының маңызды шарты ретінде қарастырды.
Қарым-қатынас мәселесіне мәдени- тарихи психологияның негізін салушы Л.С. Выготский баға жетпес үлес қосты. Қарым-қатынастың тұлға санасына қайта жасалу механизмдерін түсіну Л.С.Выготскийдің ойлау мен сөйлеу мәселесін зерттеу барысында ашылады. Л.С.Выготский зерттеулерінде қарастырылатын қарым-қатынастың тұлға санасында мәдени аспект ретінде тасымалдануының мәдени-тарихи мәнін В.С. Библер нақты былай дейді: «Әлеуметтік байланыстардың терең санаға ену процесі (Выготскийдің ішкі сөйлеудің қалыптасуын талдауы)- логикалық жоспарда- ашық және қатысты «мәдениет бейнелерінің» дербестілігінің, оның дайын феномендерінің ойлау мәдениетіне айналуы. Әлеуметтік байланыстар ішкі сөйлеуге еніп қоймай, онда олар түбегейлі қайта жасалады, әлі жүзеге асырылмаған жаңа мәнге, сыртқы әрекетке жаңа бағытқа ие болады.
Ең алдымен, бұл бірлескен іс-әрекеттегі тұлғаның басқа адамдармен қарым-қатынасында қалыптастыру және танымдық қабілетін дамыту деңгейі ретінде түсіну болып табылады (Л.А.Кидрон, 1981; Ю.М.Жуков, Л.А.Петровская, П.В.Растянников, 1990 және т.б.). Екіншіден, көптеген еңбектерде бұл қабілеттіліктің тұлғаның жеке қасиеттерімен, атап айтқанда, қарым-қатынасқа деген қажеттілігімен, өзіне деген сенімділігімен және өзіне-өзі баға берушілігімен байланысын көрсету болып табылады (R.L.Applbayt, Harl W.E.Anatol, Hays K.Ellers, 1973, R.M.Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980, Л.А.Петровская, 1989, В.Н.Куницина, 1992 және т.б.). Үшіншіден, бір жағынан, әдеттер мен дағдыларды бөліп көрсету, екінші жағынан, тұлғаның түрлі жағдайларда сәтті тұлғааралық өзара әрекетке жағдай жасайтын жеке эмоциясының психологиялық сипаттамаларын бөліп көрсету болып табылады (Ю.Л.Ханин, 1971, Г.С.Васильев, 1977, M.Argyle, A.Furnhan, J.U.Grahan, 1981, Ю.М.Жуков, 1987, 1988, Л.А.Петровская, 1988, 1989, Р.А.Парошина, 1991, В.Н.Куницина, 1992 және т.б.). Төртіншіден, барлық дерлік зерттеушілердің қарым-қатынастағы тұлға құзіреттілігін көп қырлы, көп деңгейлі құрылым ретінде түсіндіруі болып табылады (Л.А.Кидрон, 1981, Р.А.Максимова, 1981, Л.А.Петровская, 1992, R.M.Aisler, Lee W. Frederiksen, 1980 және т.б.). Осының барысында кеңестік психологияда деңгейлерді бөлу негізіне көбінесе қарым-қатынас «тараптарын» топтастыру және соларға сәйкес бірлескен іс-әрекеттің құрамдас бөліктері (адамдардың бірін-бірі қабылдауы және түсінуі – гностикалық құрамдас бөлік ретінде белгіленуші; тұлғаның өзін-өзі танытуы – экспрессивті құрамдас бөлігі; ықпал, әсер – интеракциялық құрамдас бөлігі) алынады (Ю.Л.Ханин, 1971, Г.С.Васильев, Р.А.Максимова, 1981, Л.А.Петровская, 1988 және т.б.). Кейбір авторлар қарым-қатынасқа деген қажеттілікті және қарым-қатынасқа деген бағдарды жеке бөліп көрсетеді (Ю.Л.Ханин, 1971, Р.А.Максимова, 1981).
Қазіргі психологияда қарым-қатынас табиғи және әлеуметтік құбылыстардың барлық түрлерін сипаттау үшін пайдаланатын, өзара әрекеттестігі түсінігінің синонимі ретінде қарастырылады. С.И. Ожегов сөздігі бойынша, өзара әрекеттестік- екі құбылыстың өзара байланысы. Философиялық сөздікте өзара әрекеттестік «өзара ықпал», «кез-келген байланыс және материалды объектілер мен құбылыстар арасындағы қатынас» ретінде пайымдалады.
Өзара әрекеттестік «субъектінің бір-біріне тікелей немесе жанама ықпал ету, олардың өзара шарттастығын тудыратын процесс» ретінде анықталады. В.А. Петровский пайымдауынша, «іс-әрекетті жүзеге асыру процесінде адам объективті түрде басқа адаммен белгілі бір байланыс жүйесіне түседі». Осылайша, байланыс, алмасу (әрекеттермен, заттармен, ақпаратпен т.б) және өзара ықпал кез-келген өзара әрекеттің мазмұны болып табылады.
Мазмұны танымдық және формасы бойынша бірлескен-диалогтық іс-әрекетің қалыптасу процесі индивидуалды іс-әрекеттің мақсаттары, мағыналары және мотивтерінің өзара бір-бірімен байланысуы мен түйісуі барысында жүзеге асады. Жаңа мақсаттардың қалыптасу процесі – бірлескен танымдық іс-әрекеттегі мақсатқұрылым – мазмұны жағынан практикалық, ал формасы бойынша бірлескен мақсаттардың қалыптасуынан басталады. Бірлескен іс жүзіндегі мақсаттардың келесі кезеңінде мағынақұрылым мен мотивқұрылым процестерінің арқасында бірлескен танымдық іс-әрекеттің сапалы қайта өзгеруін білдіре отырып, бірлескен ойлау мақсаттарына қайта өзгереді [1. 38 б.] Джакупов С.М.
Қазіргі кезде мақсатқұрылымды зерттеуге ойлау іс-әрекетін зерттеп жүрген психологтар көп үлес қосуда (Тихомиров, 1984, Войскунский, 1990; Васильев және т.б. 1980). Шынында да, адамның іс-әрекеті күрделенген сайын таптаурындық әрекеттерді азырақ жүзеге асырып, ал онан кейін қолданыстан шығып қалған дайын үлгіден (шаблоннан) соң шығармашылық типке жақындап, іс-әрекеттің реттелу процесін сипаттау үшін «мақсатқұрылым» категориясына жұмылдырудың қажеттілігі айқындала бастайды.
Нақтылы психологиялық зерттеуде ойлау мен қарым-қатынастың бірлігінің қағидасын жүзеге асыру бірлескен ойлау іс-әрекетін зерттеуге байланысты өте өзекті мәселеге айналады. Бұл қағиданы іске асырудың бірден-бір жолы бірлескен ойлау іс-әрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу болуы мүмкін. Бірлескен ойлау іс-әрекетіндегі мақсатқұрылымды зерттеу индивидтердің динамикалық мағыналық жүйелерімен «ақпараттардың жалпы қорының» арасында көпір салуға, яғни дәнекер болуға мүмкіндік береді (Ломов, 1980). Қарым-қатынас жағдайында қалыптасатын ақпараттардың жалпы қорын «динамикалық мағыналы жүйеден» (Выготский) бөліп алғанда, ол субъектілер үшін өзінің сыртқы, объективті жағында қалып қоюы мүмкін және ол сонда ғана «сөздік мәндер» жүйесінде (Выготский) өзекті болып табылып немесе өзінің ішкі субъективті жағы бойынша «динамикалық мағыналы жүйемен» бірлікте болғанда ғана, ол тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесін психологиялық қатынаста көрсететінін аңғару керек. Тұлғаның мағыналы құрылымының жүйесі деп біз күрделі иерархиялық құрылымы бар, «динамикалық мағыналы жүйелер» мен «сөздік мәндердің» бірыңғай жүйесін айтамыз. Немесе, басқаша айтқанда, тұлғалық және жағдайлы факторлардың қиылысуындағы өзара әрекеттестік пен қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ресми (белгілік, логикалық) және ресми емес (құндылықтық және мағыналық) құрылымдардың бірлігі. Психологиялық әдебиеттерде мағыналы құрылымдар туралы басқа да пікірлер кездеседі (қара, мыс., Хараш, 1978; Асмолов және т.б., 1979; Братусь, 1981). Олардан біздің мағыналы құрылымдар туралы түсінігіміздің айырмашылығы сөйлеу мен ойлаудың, ойлау мен қарым-қатынастың, интеллект пен аффектінің бірлігінің принциптерін нақты зерттеулерде қатар жүзеге асыруға мүмкіндік береді. [10. 94-95 бб]. Жақыпов. Оқыту проц.
Қарым-қатынас пен ойлаудың өзара байланысы, бір жағынан, сөздік мәндер жүйесінің өзін емес, көлеңкесін қарау, сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген зерттеулерде де ұсынылған ал, екінші жағынан, мағыналы құрылымдар жүйесінің өзі емес, көлеңкесі қарастырылуы мүмкін.
Грек философы-Стоик Эпиктет былай тұжырымдаған: «Адамды оқиғалар емес, оларды қалай қабылдайтыны мазалайды». Осы тұжырымға сәйкес, қарым-қатынас көбінесе адамдардың дүниені қалай қабылдайтынына және дүние туралы не ойлайтындарына байланысты. Бұл ойды өз еңбектерінде Платон, философ-идеалистер М.Кант пен Г.В.Гегель, З.Фрейд, американ және ағылшын позитивисттері мен прагматиктері В.Джемс, Б.Рассел және т.б растаған.
Американ психологы Дж.Келли адамды әлеммен өз тұлғалық құрылымдық немесе ойлары негізінде қарым-қатынас жасайтын ғылым ретінде қарастырды. Шығармашылық мүмкіндіктерге ие бола отырып, адам өз айналасын түсіндіреді, ол үшін түрлі құрылымдар немесе тілдік байланыстар қолданады. Адам дүниедегі өз болмысын сөйлемдер жиынтығы түрінде сипаттайды.
Психологтар үшін адамның жоғарғы психологиялық функциясында сөздің рөлі – оның ойлаумен, санасымен, есте сақтауымен, эмоциясымен және т.б, қарым-қатынасы өте қызықты болып табылады, мұнда оның жеке тұлға мен шығармашылығы құрлысы ерекшелігі өте маңызды.
Келесіде қарым-қатынастағы өзін-өзі бақылаудың қызмет ету факторы ретіндегі тұлғааралық кері байланысты зерттеудегі жаттығу және сараптама бағыттары шеңберінде шетел психологиясында жинақталған негізгі нәтижелерге шолу ұсынылған. Тұлғааралық кері байланысты зерттеудің батыстық дәстүріне кеңес әлеуметтік психологиясында жасалған бағыт – бірлескен іс-әрекет арқылы біріккен дамушы нақты топтар жағдайындағы кері байланысты зерттеу қарама-қарсы қойылады (Л.А.Петровская, 1981, 1982; О.В.Соловьева, 1985). Кері байланыстың қарым-қатынастағы тұлғаның өзін-өзі бақылауына ықпал ету мәселесінің қойылуы «кооперация мен қарым-қатынастың түрлі формалары барысындағы интериоризация процесінің ерекшелігін әлеуметтік-психологиялық талдау» міндеттеріне сәйкес келеді (Г.М.Андреева, 1981), бұл міндеттер психология ғылымын дамыту логикасында бірінші орынға қойылады (Г.М.Андреева, 1981; Я.Л.Коломинский, 1981, 1983; А.В.Петровский, 1978, 1982). Тұлғааралық кері байланыс жағдайы бұл тұрғыдан үлкен қызығушылық туғызады, өйткені қарым-қатынас пен бірлескен іс-әрекетті реттейтін адамгершілік өлшемдерін, тұлғааралық қатынастарды интериоризациялаумен тікелей байланысты [2. 5 б.]. Копец Л.В.
Сонымен, қарым-қатынас – негізгі психологиялық категориялардың бірі. Адам басқа адамдармен қарым-қатынас және өзара әрекеттесу нәтижесінде тұлға болып қалыптасады.
Қарым-қатынас ұғымы коммуникация ұғымына жақын болып табылады. Қарым-қатынас актіне келесі компоненттерге байланысты талдау және баға беріледі: қарым-қатынас адресант – субъекті, кімге хабар жіберілді – адресат, хабар – жіберілген мазмұн, код – хабарды жіберу құралы, байланыс арнасы және нәтиже – қарым-қатынас соңында неге қол жетті.
Біріншіден , қарым-қатынас – . Бірлескен әрекеттегі қажеттіліктерге байланысты туындайтын, адамдар арасындағы бірлескен іс-әрекетті дамыту және орнатудағы күрделі, көпқырлы процесс; оған ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, серіктесті қабылдау мен түсінуден тұрады ,
- бірлескен әрекеттегі қажеттіліктерінен туындайтын күй және серіктестің тұлғалық-мағыналық болмысында екі немесе одан да көп субъектілер арасында белгілік құралдар бағытталған және мінез-құлық қасиеттерін белгілі дәрежеде өзгерту арқылы жүзеге асады [3.435-б.].
Екіншіден коммуникация - Қарым-қатынас ұғымына жақын, бірақ кеңірек түсінік. Бұл – тірі және өлі табиғат жүйелері арасындағы ақпарат алмасу барысында болатын байланыс.
- құралдары бойынша – тілдік коммуникация (жазбаша және ауызша), паралингвистикалық (жест, мимика, мелодия), заттық-белгілік (өндіріс өнімдері, өнер туындылары және т.с.с.) [3. 278-279 бб.]. Головин С.Ю.
Қарым-қатынас болмаса біз қазір қандай болсақ, сондай бола алмайтын едік. Қарым-қатынассыз біз, әжеміздің ертегісін тыңдай алмас едік, әкемізбен ұшатын қағаз жылан жасап, анамызбен демалысқа барып, достарымызбен көкке шыға алмайтын едік, мұғалімнің түсіндіргенін түсіне алмас едік және т.б. Өзге адамдармен қарым-қатынас жасағанда ғана тұлғаның дамуы жүзеге асады. Мына бір белгілі сөзді өзгертіп, былай деуге болады: « Кіммен араласатындығыңды айтсаң, мен сенің кім екеніңді айтып беремін».
Біздің әрқайсысымыз өзінің негізгі ерешеліктерін жеке қарым-қатынас тәжірибесі арқылы, отбасындағы, мектептегі, көшедегі тікелей қатынастар арқылы қалыптастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |