ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары


)Қазіргі заман революциялары



бет18/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

28)Қазіргі заман революциялары
•Жұмысшы табы Чехословакияда, күрестің әртүрлі формаларын пайдалана отырып, буржуазияның позицияларына шабуыл жасады. 1945ж. қазаңда президент Бонештің декреті бойынша ірі кәсіпорындарды, банктерді және неміс оккупанттары мен сатқыңдардың мүлкін национализациялау жүргізілді, бұл антифашистік, патриоттық акция болды. Ұлттық майдан үкіметіне енген буржуазиялық партиялар мұны жұмысшы табына ең соңғы береріміз және осымен революция аяқталды деп санады. Революцияның одан әрі дамуын көздеген Чехословакия Коммунистік партиясы 1946 ж. мамырда өткен заң шығарушы жиналыс сайлауында Ұлттық майдандағы барлық басқа партиялармен салыстырғанда анағұрлым көп дауыс алды (38 пайыз). Чехословакия Коммунистік партиясының басшысы Клемент Готвальд (1896 — 1953) жаңа үкіметті басқарды.

Үкіметтің бағдарламасы жөніндегі мәселе бойынша ЧКП мен оның серіктері арасында елеулі алауыздық туды. 1947ж. соңында ЧКП-ға қарсы бағытталған буржуазиялық партиялар блогы қалыптаса бастады. 1948 ж. 20-ақпанда осы партиялардың мүшесі болып отырған министрлер өздерінің үкіметтен шығатыны жөнінде мәлімдеме жасады. Бұған жауап ретінде коммунистер еңбекші бұқараны Ұлттық майданға опасыздық жасағандарға қарсы шығуға шақырды. 21-ақпанда Прагадағы Старомест алаңында болған көпшілік митингіге қатысқандар «Біз Клемент Готвальдтың реакционер-министрлерсіз үкіметін қалаймыз» деген қарар алды. Солшыл социалистер коммунистер жағына шықты. Буржуазиялық партиялардың қатардағы мүшелері өздерінің оңшыл лидерлерінің позициясын айыптады.

Коммунистердің бастамасымен көсіп орындарда Халық милициясы құрылып, олар кәсіпорындарға күзет орнатты.

Коммунистердің қарсылықтарымен ниеттес болған президент Бенеш үкімет дағдарысы шешілуін кешеуілдете берді, бірақ 25-ақпанда ұлттық майданды жақтайтын министрлермен толықтырылған үкіметтің қызметін жалғастыру туралы Готвальд жасаған ұсыныспен келісті. Мұның
өзі өкімет туралы мәселе бейбіт жолмен жұмысшы табының және оның одақтастарының пайдасына шешілді деген сөз еді. 1968 — 1969-жылдардағы дағдарыс. 60-жылдардын басында Чехословакияда социализмнің берік материалдық-техникалық базасы жасалды және ол экономикалық дамыған елдер қатарына қосылды. Чехословакия Коммунистік партиясы елде социализм негізі қаланды деген қорытынды жасады. Бұл 1960 ж. шілдеде қабылданған Конституцияда баянды етілді. Мемлекеттің аты өзгертіліп, Чехословак Советтік Социалистік Республикасы (ЧССР) аталды.

•"Араб көктемі" тіркесі мен Еуропада 1848-1849 жылдары болған революцияларды сипаттайтын "халықтар көктемі" тіркесіне үндес. Осыдан 10 жыл бұрынғы демонстранттар негізінен "Халық режимді құлатқысы келеді" деп ұрандатты. Халық толқулары биліктің басып-жаншуы мен ресми цензураға қарсы халық болып наразылық танытудың, демонстранттарды ұйымдастыруда жаңа медианы қолданудың қаншалық ықпалды екенін көрсетті. Көп елде наразылық акциялары мен толқуға шыққандар биліктің зорлық-зомбылығына тап болды.



Тунисте жеміс-жидек сататын Мұхаммед Буазизидің сыбайлас жемқорлық пен биліктің бассыздығына наразылық ретінде өзін-өзі өртеп мерт болуынан тұтанған төңкеріс артынша-ақ Египет пен Йеменге, одан соң басқа да араб елдеріне ауды. Халық жұма намазын оқығаннан кейін жаппай және ұйымдасқан түрде шеруге шыға бастады. Қарсылық акциялары Таяу Шығыспен шектелмей, Африкаға да жетті. Онда да билікке қарсы наразылықтар өте бастады.

2011 жылы 14 қаңтарда халық толқуынан Тунис президенті Зин әл-Абидин Бен Әли билікті тастап, Сауд Арабиясына қашуға мәжбүр болды. Сол жылы 11 ақпанда, халық толқуының 18-күні, Египетті 30 жыл билеген президент Хосни Мүбәрак биліктен тайдырылып, артынан түрмеге қамалды. Ливия көсемі Муаммар Каддафи 2011 жылы 23 тамызда биліктен кетіріліп, 20 қазанда өзі туып-өскен Сирт қаласына жақын маңда өлтірілді. Ливияда сол жылы басталған азамат соғысы әлі тоқтамады. Йемен президенті Әли Абдалла Салех 2012 жылы 27 ақпанда ерте сайлау нәтижесінде билікті жаңа президентке тапсырып, қызметінен түпкілікті кетті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет