Бірінші дүние жүзілік соғыс. 1914,1915, 1916, 1917, 1918 жылдардағы соғыстар.
•Бірінші дүниежүзілік соғыс (28 шілде, 1914 жыл – 11 қараша, 1918 жыл) — адамзат тарихындағы алғашқы және кең ауқымды соғыстардың бірі. Бірінші дүниежүзілік соғысына Ресей, Франция, Британия, АҚШ сияқты державалар қатысқан. Ол ең жойқын салатын соғыстардың бірі, шамамен 9 миллион адам шайқас фронттарда қырылса, 5 миллион азаматтар оккупация, бомбалау, ашаршылық немесе ауру әсерлерінен өлген. Онымен бірге Осман империясы өткізген геноцидтер мен 1918 жылы басталған испан грипп пандемиясы одан да көп адамдардың өмірлерін алған.
•Себеп
қақтығыстың басталуының негізгі себептері: • Империализм саясаты.
• Мемлекеттердің өзара аумақтық және экономикалық претенезиялар.
• Аустрия-Мажарстанның мұрагері Франц Фердинандты өлтіру.
• Күш тепе-теңдігін өзгерту.
• Милитаризацияның өсуі.
Нәтиже
Антанта жеңісі бейбітшілік шарттар:
• Шығыс майдандағы орталық державалардың жеңісі, Батыс майданда және Италия майданында жеңіліске ұшырады
• Еуропадағы барлық континенталды империялардың құлауы (Германия, Ресей империясы, Осман империясы және Аустрия-Мажарстан)
• Ресей революциясы және Ресей империясының ыдырауымен және кейіннен Кеңес одағының құрылуымен Ресейдегі Азаматтық соғыс
• Еуропа мен Азиядағы жаппай толқулар мен төңкерістер.
• Ұлттар Лигасын Құру
30) Версаль-Вашингтон жүйесі •Версаль-Вашингтон жүйесі — 1918 жылы 11 қарашада Франциядағы Компьен орманында Антанта мемлекеттерінің талабы - Германия жеңілгендігін мойындап, бітімге қол қоюға келісті. Төрт жылға созылған соғыс аяқталды. 1919 жылы 18 қаңтарда соғыстың қорытындысы шығарылып, жеңген елдер мен Германия және оның одақтастары арасында келісімге келу үшін Париж қаласында халықаралық конференция өз жұмысын бастады. Конференцияға 27 елден делегаттар қатысты. Францияның премьер-министрі Жорж Клемансо, ағылшын премьер-министрі Дэвид Ллойд-Джордж және АҚШ президенті Вудро Вильсон қатысып, басшылық жасады.
•Соғыстың қорытындысын баянды ету үшін жеңген елдер Париж конференциясында Германия және оның одақтастарымен келіссөздер жүргізуге кірісті. Париж қаласындағы айналы Версаль сарайында Германия мен жеңген елдер арасында келіссөздер басталды.
Бұл келіссөздер барысында Германияның жер мәселесі қаралды. 1870-1871 жылғы Франция-Пруссия соғысында Германияға берілген Эльзас және Лотарингия Францияға қайтарылды. Саар облысы 15 жылға Ұлттар Лигасының қарауына берілді. Польшаның батыс жері Померания мен Познань қайтарылды. Данциг (Гданьск) қаласы ерікті қала ретінде Ұлттар Лигасына басқаруға берілді. Бельгия Эйпен және Мальмеди аудандарын қайтарып алды. Данияға Шлезвиг қайтарылды. Версаль бітімі бойынша Германия жерінің бөлігінен айырылды.

•Версаль келісімінің барысында АҚШ үкіметінің саясаты жеңіліс тапты, бірақ АҚШ өзінің дүниежүзін билеу саясатынан бас тартпай, Вашингтон конференциясын шақырды.