ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары



бет2/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

3)Ежелгі Қосөзенөркениеті
Қосөзен өркениеті немесе Месопотамия өркениеті (б.з.б. 3000 – 331) – әлемдегі ең көне өркениеттердің бірі.
Тигр мен Евфрат өзенінің аралығындағы (Қосөзен) халықтардың мемлекет құру, мәдениет және әлеуметтік қатынастар жүйесінде қол жеткізген, өзге әлемдік мәдениет және қауымдастықтармен ықпалдастық барысында пісіп жетілген рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы. Оңтүстік Қосөзен бойын алғаш шумер мен аккад тайпалары мекендеген. Осы екі топ Қосөзеннің оңтүстік жақ аймағындағы халықтың негізін құрды және адамзаттың ең ежелгі мәдени орталықтарының бірін негіздеді. Шумерліктер мен аккадтықтардың жерлері Вавилон арқылы шектесіп, түйісіп жатқан.Мұның бәрі Қосөзеннің басқа қалаларына қарағанда Вавилонға біршама артықшылықтар беріп, ерекшелендіріп тұрды. Хаммурапи (б.з.б. 1792 – 1750) тұсында бүкіл шумер-аккад жерін біріктірген Вавилон патшалығы құрылды. Ол елде бірыңғай тәртіп пен басқару жүйесін орнату үшін заңдар жинағын жасаттырып, оны қара тас бағанаға жаздырды. Ол тасты археологтар 1902 жылы тауып, зерттеген. Елдегі тәртіп пен тыныштық заң бойынша қадағаланды, адамдардың міндеттері белгіленді. Заңның іске асып отыруын патшаның өзі тікелей бақылауына алды. Аймақ, қала әкімдерінен заңның дұрыс орындалуын талап етіп отырды.

4)Ежелгі Қытай өркениеті
Біз қытай жазуының иероглифтік жүйесі б.э.дейінгі ІІ мың жылдықта қалыптасқанын бұрынырақта айтып өттік, содан бергі уақытта мұндағы жазу дәстүрінде ежелгі шығыстың көптеген өзге елдеріндегі сияқты үзіліс болған жоқ: Ғасырлар өткен сайын бұл жүйе барған сайын күрделене берді. Алдыңғы Азия мен Египеттегі сияқты алфавит шығаруға мұнда ешқандай талпыныс болмады, керісінше, иероглифтер саны барған сайын өсе түсті. Егер олардың саны Шан (Инь) кезеңінде 2000-нан аспаған болса, Хань династиясы кезінде 18000-ға дейін жетті. Осы аса көп иероглифтер ішінен қажетті белгілерді іздеп табуға жол көрсететін арнаулы анықтама кітаптарын құрастыру қажет болды.
Жазу үшін негізгі материал ретінде ағаш тақтайшалар, кейінірек жібек маталар пайдаланылды, ал б.э. І ғасырында қағаз ойлап табылды, ол ағаштан және ескі торлардан жасалды. Текстер тік бағаналар түрінде және солдан оңға қарай жазылды. Көшірмешілер бояуға (кейінірек тушьқа) матырылған ұшы ұшталған таяқшалармен (кейінірек қыл қаламдармен) жазды.
Конфуциялық ілім әсіресе шонжарлар арасында кең тарады, өйткені ол қарадан шыққанына қарамастан байлық пен билікке қол соғушы жаңа адамдардың алға шығуына жаулықпен қарады.
Конфуциялық іліммен екінші философиялық ағым даосизм тайталасып отыр-ды, оның ең көрнекті өкілі Конфуцийдің жасы үлкен замандасы Лао-цзы еді. Оның ілімінен аңғал-материалистік бағытты және тіпті диалектиканың бастамасын бай-қауға болады.
Сөз соңында ежелгі кытай мәдениетінің қол жеткен табыстарының батыс әлеміне ықпалы өте аз болғанын айтқанымыз жөн. Қытай жібегі мен қытай кағазы Европа мен Батыс Азияға (көп кешігіп) жетті. Қытай қағазын орта ғасырдың алғашқы кезінде-ақ Египет папирусы ығыстырып шығарды. Өзге ойлап табылған заттар (компас, мылтық дәрісі, сейсмограф) Шығыс Азия көлемінен тыс жерлерге таралған жоқ. Батыста бұл жаңалықтар кейін қайта ашылды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет