ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары


)Буржуазиялық революция-индустриалды қоғам қалыптастырудағы орны



бет16/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

26)Буржуазиялық революция-индустриалды қоғам қалыптастырудағы орны
Буржуазиялық революция - әлеуметтік революцияның бір түрі. Өндіруші күштермен және феодалдық экономикалық, саяси құрылыстың арасындағы қайшылыкты шешу
Индустриализация - ауыл шаруашылығы және өсімдік өндірісі кең дамыған экономикалар мен қоғамдарды негізі өндеуші және осымен байланысты өндірістін өндіру саласы болып табылатын экономикалар мен қоғамдарға айналдыру.
Индустриалды демократия жалдамалы жұмысшылардың еңбекті ұйымдастыру бойынша шешім қабылдауға қатысуы. Процесс толық немесе меншік пен басқару мүдделерінен бөлек, ал шешім қабылдау жалпы ұйымға немесе оның ішіндегі шағын топтарға тән болуы мүмкін. Негізгі типтері: жұмысшы өзін-өзі басқару.
Индустриалды әлеуметтану еңбекті ақылы жұмыспен қамтылу, сондай-ақ, өндіріс ретінде қарастыру. Бұл шағын пәннің негізгі қызығушылығы: еңбек бөлінісі - әлеуметтік және техникалық; жұмыс тәжірибесі; өндірістегі технологиялардың рөлі мен салдары; индустриалды демократия жәие индустриалды қатынастар.
Индустриалды қоғам индустриализация және модернизация жүзеге асырылған қоғам түрі немесе белгілі бір қоғам.
Индустриалды қатынacтap жалдамалы жұмысшылар мен кәсіпкерлер арасындағы қатынастар, осы қатынастарды зерттеу.

Индустриалды қарама-қайшылық жалдау қатынастары нәтижесіндегі ашық және жабық қақтығыстар, көптеген түрде болады - ереуілдер мен локауттардан уақыттан айрылуға дейін.

Бірінші дүниежүзілік соғыстың аяқталуын Еуропа халықтары тыныштық өмірге оралу жөніндегі үмітпен карсы алды. Бірақ соғыстан кейін бейбіт өмірге өту жеңімпаздар үшін де, жеңілген елдер үшін де қиын да ұзақ процесс болып шықты. Соғыс көптеген елдерді жұтатты. Еуропадағы соғыстан бұрынғы экономикалык, саяси жүйелерді күйретті. Алда халықаралық деңгейде күштердің жаңа арақатынастарын реттеу, халықаралық қатынастар жүйесін құру, жеңген және жеңілген елдер арасындағы қалыптасқан қатынастарды бекіту міндеттері тұрды. Бұл маңызды мәселелер соғыстан кейінгі бейбіт реттеулер барысында шешімін тапты.

Соғыс және экономикалық қирау саяси дағдарыстар мен революциялық процестерге әкеліп соқтырды. Еуропа революцияларының басы Ресейдегі 1917 ж. Ақпан және Қазан революциялары болды

Жеңімпаз елдер — Ұлыбритания, Франция, Италия, АҚШ, Жапонияда революция болған жоқ, бұл елдер үшін революция уақыты өтіп кеткен еді.
Революция Ресейде және жеңіліс тапқан елдер — Австро-Венгрияда, Түркияда болды. Бұл елдерде шешімін таппаған мәселелер жеткілікті болатын. Соғыстың басты салдарларының бірі — ол күйреген Австро-Венгрия, Ресей және Осман империяларының негіздерінде жаңа мемлекеттердің құрылуы болды.

"Бұқара және бұқаралық қозғалыстар ғасыры" — басталған жаңа дәуірдің маңызды ерекшеліктерінің бірін осылай атауға болады. Жалпыға бірдей сайлау құқы мен демократиялық бостандықтар жүйелерінің дамуы орасан көп халық бұқарасының бұрын болып көрмеген кең көлемде саяси өмір мен саяси күреске араласуына мүмкіндік туғызды. Қоғамдық процестерге сол кездің өзінде "бұқара ғасыры", "тобырлар ғасыры" деген айдар тағылған болатын. Қалың халық бұқарасының ұйымдасқан немесе стихиялық түрдегі саяси-әлеуметтік қозғалыстарға қатысуы, әрине, прогрессивтік құбылыс болды. Бірақ бұл құбылыстың екінші, жағымсыз жақтары бар еді. Саяси және экономикалық сілкіністер жағдайында идея фанатиктері мен алаяқ-саясаткерлердің "тобыр билігін" пайдаланып кету, халықтың эмоциялық еліктегіш бөлігін кертартпа қозғалыстарға тарту қаупі төнді.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет