ұғымы. «Өркениет» ұғымын зерттеудің негізгі бағыттары


Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғыс хан жорықтарының ықпалы



бет15/19
Дата16.03.2023
өлшемі44.52 Kb.
#470860
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
ûìû. « ðêåíèåò» ûìûí çåðòòåóä³ íåã³çã³ áà ûòòàðû (1)

Еуразия картасының өзгеруіне Шыңғыс хан жорықтарының ықпалы

•ХІІ ғасырдың соңы мен ХІІІ ғасырдың басында моңғолдар Байкал мен Амурдан басталып, шығысында – Ертістің басы мен батысында – Енесейге дейінгі, оңтүстігі- Ұлы Қытай қорғанынан, солтүстігі Оңтүстік Сібір шегарасына дейін созылған ұлан-байтақ жерді иеленді. Одақтас ірі тайпалары татарлар, тайжұттар, керейіттер, наймандар мен меркіттер болды.

ХІІІ ғасырдың басында моңғолдар белсенді жорықтар жасап, көршілес көшпелі тайпалардың басын біріктіріп, оларды оларды өздеріне бағындырды. 1206 жылы шақырылған құрлытайда моңғолдар талантты қолбасшы Темучинді бірауыздан ұлы хан сайлап, оған Шыңғыс хан (Көк тәңір) деген атақ берді. Бұл біртұтас Моңғол империясының алғашқы іргетасының қалануы болды. «Моңғол» атауымен біртіндеп Моңғол державасын құрған барлық тайпалар атала бастады.

Басқару, негізінен, ондық жүйе арқылы жүреді. Халқы он мыңдық түменге бөлінді, олардың әрқайсысы мыңдықтан, жүздіктен, ондықтан құралып, әрқайсысын арнайы тағайындалған жетекшілер басқарды. Өз ортасын тастап, өзге мыңдық, жүздік немесе ондыққа ауысуға тыйым салынды, тәртіп бұзғандар өлім жазасына кесті. Әскер де дәл осылай жасақталды. Ұлан-ғайыр далалық аймақ тайпалардан арнайы тағайындалған өкілдері бар басқарушылар арқылы басқарылды, ал барлық шексіз билік тек Ұлы ханға тиесілі болды.

Шыңғыс хан тұрмыс-салт ережелері мен моңғолдар өмірін қамтыған «Ұлы Жасақ» арнайы заңдар жинағын шығарды. 1220 жылы Орхон өзеннің жоғарғы ағысында жаңа мемлекеттің астанасы – Қарақорымның іргесі қаланды.
25)Еуропаның өзгеруіне Наполеон жорықтарының әсері
1799 жылғы 18 брюмердегі (9-10 қараша) мемлекеттік төңкеріс Ұлы француз революциясына соңғы нүкте қойды. Мемлекет басында Наполеон Бонапарт тұрған консул режімі енгізілді. 1804 жылы консулдың орнына Бірінші империя келді, Наполеон империтор болып жарияланды.
Наполеон Францияны әлемдегі жетекші мемлекетке айналдыру мақсатында, әсіресе бірінші кезекте Еуропа елдері арасында үстемдігін арттыру үшін сыртқы саясатта басқыншылық соғыс жүргізді. Бұл Еуропалық державалар мен халықтар тарапынан қарсылық тудырды. Сондықтан да Еуропа саясаты Наполеонның 1799-1815 жылдары аралығында жасаған жорықтарын Францияның Еуропада жеке үстемдік жасау мақсатында болған деп қаулы қабылдады.

Наполеонның жаулап алу жорықтары Франциядағы капиталистік дамуды жеделдетті. Наполеонның жаулап алу жорықтары экономикалық қорды қажет етті. Үкімет елдегі кәсіпкерліктің дамуына мүмкіндік жасады. Ірі буржуазияға пайдалы мемлекеттік тапсырыстар беріле бастады. Наполеон елдің қаржылық жүйесінде реформалар жүргізді. 1800 жылы француз банкі құрылып, жаңа ақша бірлігі – франк енгізілді.

1804 жылы Азаматтық кодекс (заңдар жинағы) немесе Наполеонның кодексі жарыққа шықты. Онда классикалық буржуазиялық модельдегі меншік қатынастары, мұрагерлік құқық, әйелдердің ерлерге, жалдамалы жұмысшының қожайынға қатынастары бекітілген. Кодексте азаматтардың заң алдында тең екені, тұлғалар еркіндігіне, мүлкіне, ар-ұят бостандығына қолсұғылмаушылық көрсетілген.

ХІХ ғ. алғашқы он жылдығында француз экономикасының барлық саласы күрт дамыды. Әсіресе өндіріс қатты қарқын алды, мануфактурамен қоса, өндірістік машиналар да қолданысқа енгізілді. 1812 жылы тек тоқыма өнеркәсібі бойынша ғана 200-ден астам фабрикалар жұмыс істеп тұрды. 1800-1811 жылдар аралығында Лионда мата өндіру үш есеге артты. Бұл машиналарды қолдану арқасында болған жетістіктер еді. Жылдам даму тек жеңіл ғана емес, ауыр өнеркәсіпте де көрініс берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет