Температура.Молекулалардың жылулық қозғалысының энергиясы
●Бұл тарауда сендер күнде ауа райы жайын мәлімдегенде айтатын жаңа физикалық шама туралы, яғни температура туралы , ол физикада қалай ғылыми қатаң анықталатыны білесіндер.
Температура және жылулық тепе-теңдік
●Термометр бәрі де қолданады. Ол нені өлшейді? Әрине, температураны! Алайда бұл әлі жауап емес .Мына сөз нені білдіреді : «Мен денемнің температурасын өлшедім ? Сонда мен нені білдім ?» Шынында температура нені сипаттайды ? Былай қарағанда бұл оңай көрінгенімен , шын мәнінде емес.
Макроскопиялық параметрлер. Бүкіл молекулаларға қатысты болатын физикалық шамалардың аз ғана санымен сипаттауға болады. Мұндай шамалардың санатына V көлем, P қысым, Т температура және басқалары жатады.Көлем мен қысым газ күйін сипаттайтын механикалық шамалар болыа табылады. Температура механикада қарастырылмайды , өйткені ол дененің ішкі күйін сипаттайды.
Денелердің молекулалық құрылымын есепке алмай-ақ , макроскопиялық денелердің күйін сипаттайтын шамаларды(V,P,T) макроскопиялық параметрлер деп атайды.
Макроскопиялық параметрлер көлем, қысым, температура мен ғана шектеліп қоймайды.
Суық және ыстық денелер.Жылу құбылыстар жөнінндегі барлық ілімді температура ұғымы басты орын алады . Біздің бәріміз де суық және ыстық денелер арасындағы айырмашылықты өте жақсы білеміз.Температура дененің қызулық дәрежесін сипаттайды.Температураны өлшеу үшін , термомерт деп аталатын прибор жасалған.Оның құрылысында денелердің қыздырғанда немесе суытқанда көлемін өзгертетін қасиет пайдаланылған.
Жылулық тепе-теңдік. Адам денесінің температурасын өлшеу үшін мединциналық термометрді қолтықтың астына 5-7 минут ұстау керек. Осы уақыт ішінде термометрдегі сынап ысып, оның деңгейі көтеріледі.Сынап бағанасының ұзындығы бойынша температураны анықтауға болады.Дене мен термометр температуралары теңеліп, температура өзгермейтін жағдайға жетіп , олардың арасында жылулық тепе-теңдік тағайындағанша біраз уақыт қажет.
Терпературасы әр түрлі кез келген денелер арасында уақыт өтуіне қарай жылулық тепе-теңдік орнайды. Суы бар стаканға бір кесек мұз тастап , оны қақпақпен тығыздап жабыңдар. Мұз ери бастайды, ал су салқындай түседі . Мұз әбден еріп біткеннен кейін су жыли бастайды, судың температурасы айналадағы ауаның температурасындай болғаннан кейін , суы бар стаканның ішінде ешқандай өзгеріс болмайды.
Кез келген макроскопиялық дене немесе макроскопиялық денелер тобы сыртқы жағдайлар өзгермегенде жүйеде өздігінен жылулық тепе-теңдік күйге келеді. Жылулық тепе-теңдік деп барлық макроскопиялық параметрлер мейлінше ұзақ уақыт бойы өзгермей қалатын күйді айтады.Бұл көлем мен қысым өзгермейді , жылу алмасу болмайды,газдардың, сұйықтар мен қатты денелердің бір-біріне айналуы болмайды.Былайша айтқанда, термометрдегі сынап бағанының көлемі өзгермейді . Ол жүйенің температурасы тұрақты болып қалады деген сөз.
Бірақ жылулық тепе-теңдік кезінде де дене ішінде микроскопиялық прцестер тоқтамайды. Соқтығысулар кезінде молекулардың орындары, олардың жылдамдықтары өзгереді.
Температура. Жылулық тепе-теңдік күйдегі басқа физикалық шамалардың мәндері әрқилы болуы мүмкін , бірақ ол уақыттың өтуіне қарай өзгермейді . Мысалы, айталық, жүйенің түрлі бөліктерінің көлемі және олардың ішіндегі қысым , қатты тосқауыл болған жағдайда түрліше болуы мүмкін . Егер даладан ішінде сығылған ауа толтырылған допты үйге алып келсең онда біраз уақыттан кейін доптағы ауа мен үйдің температурасы теңеледі.Бірақ доптағы ауаның қысымы үйдегіден бәрібір артық болады.
Достарыңызбен бөлісу: |