Физика және астрономия пәніне арналған Білім беру коды және бейіні: Мамандығы



бет12/79
Дата14.10.2022
өлшемі1.39 Mb.
#462715
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79
Ôèçèêà æ íå àñòðîíîìèÿ ï í³íå àðíàë àí Á³ë³ì áåðó êîäû æ íå áåé³

Сұйықтар.Сұйық күйдегі дене өзінін, пішінін оңай өзгертеді, бірақ көлемін сақтайды. Сұйық құйылған ыдыс пішінін қабылдайды. Аққыштық, көлемін сақтау және пішінін оңай өзгерту - сұйыққа тән қасиет. Сұйықтың бұл қасиеті күрделі пішінді металл бұйымдарын жасауға пайдаланылады. Ол үшін балқыған металды, арнайы жасалған қалыптарға құйып, катырады. Сұйықтың молекулалары қатты денелердің молекулаларына карағанда бір-бірінен алшақ орналасады. Сондықтан олардың арасындағы тартылыс күштері де, тебіліс күштері де қатты денелерге қарағанда кем болады. Сөйтіп, сұйық оңай ағады, оңай бөлінеді. Соған қарамастан сұйықтың көлемін өзгерту өте қиын. Өйткені сұйықтардың молекулалары да белгілі бір rO ара қашықтықта тартылыс күші мен тебіліс күштерінің тепе-теңдігін сақтауға тырысады. Шыны молекулалары ретсіз орналасқандықтан, оның құрылысы кристалл қатты денеден гөрі сұйық молекулаларының орналасуына ұқсас. Молекулалары белгілі бір ретпен қайталанып орналасатын денелер — кристалл денелер, ал молекулалары ретсіз орналасатындары — аморф денелер деп аталады. Шыны аморф денеге жатады. Сұйықтар сияқты шыны молекулалары да аққыш келеді. Бірақ оның аққыштығы өте баяу жүреді. Міне, сондықтан тік қалпында өте ұзақ сақталған шынылардың төменгі жағы бірте-бірте қалыңдай түседі.


Қатты денелер. Қатты денелердің атомдары немесе молекулалары, сұйықтардікіне қарағанда, белгілі бір тепе-теңдік қалыптың маңында тербеліп тұрады. Рас, кей кезде молекулалар өздерінің тепе-теңдік қалпын өзгертеді, бірақ бұл өте сирек болады. Сол себепті қатты денелер көлемін ғана емес, пішінін де сақтайды.
Сұйық пен қатты денелер арасында тағы бір маңызды айырмашылық бар.
Сұйықты бір орында шыдамсыздықпен тыпыршыл тұрған адамдар тобымен салыстыруға болса, ал қатты денені қимылсыз тұрғанымен де бір-бірінен белгілі бір қашықтықты сақтар тұратын адамдарға ұқсатуға болады. Егер қатты дене атомдарының немесе иондарының тепе-теңдік қалпының центрлерін қосатын болсақ, онда кристалдық тор деп аталатын дұрыс кеңістік топ пайда болады.
Газдар.Газдарда атомдардың немесе молекулалардың ара қашықтары молекулалардың өздерінің өлшемдерінен әлдененше есе артық болады. Мысалы, атмосфералық қысымдағы газы бар ыдыстың көлемі ондағы газ молекулаларының көлемінен он мыңдаған есе артық.
Газ оңай сығылады, себебі газды сыққан кезде олардың молекулаларының тек орташа ара қашықтығы ғана азаяды, бірақ молекулалар бірін-бірі қысып жанышпайды.
Газ молекулаларының тарту күші әлсіз болғандықтан, олар бірінің төңірегінде бірін ұстап тұруға шамасы келмейді. Сол себепті газдар шексіз ұлғая алады. Олар пішінін де, көлемінде сақтамайды.



? 1.Газ шексіз ұлғая алады. Олай болса, Жер атмосферасының болуы неліктен?
2.Газ, сұйық, қатты дене молекулаларының қозғалыс траекторияларын сызып көрсетіңдер.
3.Қатты дене сияқты, сұйықты сығу да соншалықты қиын. Бұл неліктен? .


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   79




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет