Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования


ОҚУШЫЛАРДЫҢ, ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҤРДІСІН



Pdf көрінісі
бет64/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81
Nshfk 2 29 2011

ОҚУШЫЛАРДЫҢ, ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ҤРДІСІН 
ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ 
 
Ә.Ж.Тастанов– 
п.ғ.к., доцент, Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы қ-сы 
 
Бүгінгі таңдағы қоғам ӛмірінің экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларының түрлі 
себептерінен, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен басқа да спорт жүйелерінің нашарлауына 
байланысты оқушылар мен жас жеткіншектердің денсаулықтары тӛмендеп, жылдан-жылға аурулардың 
саны кӛбеюде. Бұл жағдай қоғамның да, мемлекет басшыларының да алаңдаушылығын туғызуда. Осыған 
орай халықты, әсіресе, болашақ жастардың дене тәрбиесі жүйесін жақсартуға мемлекет тарапынан әр жыл 
сайын бірнеше шаралар қолданып, заңдар қабылдануда. Мысалы, Қазақстан Республикасынң Президенті 
Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан Республикасының 1996-2000 жылдар аралығында жалпы бұқаралық спортты 
дамытудың мемлекеттік бағдарламасы» туралы Жарлығына қол қойса (1996 ж.), 1997 жылы «Қазақстан - 
2030» бағдарламасын жолдады. Ал 1999 жылы «Қазақстан Республикасының дене мәдениеті және спорт 
туралы» заңы қабылданса, 2001 жылы «Қазақстан Республикасының 2001-2005 жылдар аралығындағы 
дене тәрбиесі мен спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» жарлығы шықты. Бұл 
бағдарламалар мен заңдардың ең ӛзектінегізгі мақсаты дене тәрбие саласын дамытуды әлеуметтік тұрғыда 
анықтап, жеке тұлғаны дамытуды жанаша кӛзқараспен қарап, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне 
білім мен тәрбие беру. Сонымен қатар, жас ұрпақтан ӛркениетті қоғамның ерікті, ӛз бас бостандығын 
қорғай алатын бүкіл адамзат құндылығын бағалайтын адамгершілік, имандылық, ізгілік мінез- құлқы 
қалыптасқан іскер, дені сау ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті азамат тәрбиелеу. Сол себепті 
дене тәрбиесінің бала тәрбиесіндегі әлеуметтік ықпалы зор деп есептеуіміз қажет.
Аталған кӛкейкесті мәселенің бүгінгі күн талабына сай келуі, оның теорялық тұрғыдан зерттеп, 
ӛңделуі мен тәжірибелік қажеттілігінің жеткіліксіздігі біздің зерттеу жұмысымыздың негізі болып отыр. 
Осыған орай, қазіргі жағдайда оқушылардың жеткіншек және жасӛспірім кезіндегі дене тәрбиесі 
тұжырымдамасын теориялық тұрғыдан негіздеп және оны тәжірибе түрінде мақұлдау әдістемелік 
ұсыныстар жасауды зерттеу жұмысымыздың мақсаты ретінде алдық. Осы мақсаттың негізінде біздің 
зерттеу жұмысымыздың негізгі нәтижесі оқушылардың дене тәрбиесін жетілдіру барысында 
педагогикалық мәселелерді шешу болып табылады. Мұның ғылыми және іс-тәжірбиелік тұрғыдан 
маңызды мәні жоғары деп ойлаймыз.
Біздің зерттеу жұмысымызда осыған байланысты бірнеше тәжірибелік ұсыныстар мен 
қорытындылар енгізілді. Олар: 
1. 
Оқушылардың дене тәрбиесін жетілдірудегі негізгі бағыттардың бірі, болашақты 
денсаулықты нығайту, дене қасиеттерін үйлесімді дамыту, әлеуметтік жағдайда жастарды жігерлікке, 
елін, жерін сүюге тәрбиелеу және жұмыс қабілеттілігін жоғарылату болып табылады.
Бұл мәселелерді шешу барысында оқушылардың, жас ерекшеліктерін ескере отырып, дене 
қасиеттерін тәрбиелеу негізгі орын алады.
2. 
Балалар мен жасӛспірімдердің дене тәрбиесінің негізгі құралы қайталанатын және 
қайталанбайтын спорт түрлері, спорттық және ұлттық қимыл-қозғалыс ойындар мен табиғи факторларды 
қолдану болып табылады. Осыған байланысты еліміздің ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, негізінен 
ең оңай және әсерлендіруші іспетті спорттық ойындар біршама басым болды.
3. 
Қазақстанда, Тәуелсіз мемлекеттер мен шет елдегі дене тәрбиесінің салыстырмалы 
талдамасының қойылуы, дене тәрбиесінің түрлері мен құрал, әдістерін таңдау еріктілігі, сондай-ақ дене 
тәрбиесімен және спортпен ӛз бетінше шұғылдану, оқушылардың қимыл қабілеттерін қалыптастырып, 
дұрыс тәрбиелеудің шешуші міндеті болып табылатындығын кӛрсетті.
4. 
Дене тәрбиесінің барысын бастауыш мектептегі оқушылардың күштілік, жылдамдық, 
ептілік, тӛзімділік, икемділік сияқты негізгі қимыл қабілеттерін дамыту арқылы құру қажет. Себебі, бұл 
қасиеттер балалық және жасӛспірім кезеңде үдемелі, үздіксіз және әртүрлі сипатта дамиды.
5. 
Балалардың үйлесімді дамып – жетілуі тілі мен сӛйлеуі арқылы жүзеге асатынын ерекшее 
ескере отырып, дене тәрбиесі сабағында баланың түсінігіне жеңіл келетін ана тіліндегі атаулардың, 
ұғымдардың дұрыс қалыптасуына айрықша кӛңіл бӛлінуі қажет.


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г. 
 
84 
6. 
Педагогикалық эксперимент барысында дене тәрбиесінің концептуальді үлгісі 
жинақтылық бағдарламаны жасауға мүмкіндік туғызды. Бұл бағдарламада аптасына үш рет тәрбиесі 
пәнінің міндетті түрде болуы, күнделікті спорт ойындарының (мысалы, футбол) оқу, жаттығу жұмыстары 
зерттелген параметрлер бойынша әсерінің тиімділігін кӛрсетті. 
7. 
Спорттық ойындармен айналысатын мектеп оқушылары үшін эксперименттік деректер 
бойынша тәуліктік қозғалыс белсенділігінің оңтайлы деңгейі мынадай болып келеді: 

күн тәртібінде тәулігіне 7 – 8 сағат қозғалыс құрылымы;

бір тәулік бойындағы 2000-3000 к.кал. мӛлшеріндегі қуат шығынының 25-30% спорттық 
қимылдарға кетеді. 
8. 
Оқушылардың дене тәрбиесі және спорт сабағы бойынша тиімділігін бағалаудың ӛлшем 
белгілері мынадай кӛрсеткіштер болып табылады. 

бақылау–сынақтардың нәтижелері, күштілікті, ептілікті, шыдамдылықты, жылдамдықты, 
иілгіштікті анықтайтын сынамалар; 

дененің қимыл қабілеттерінің динамикалық ӛзгерістері.
Жүргізілген зерттеулер күрделі және кӛп қырлы мәселелерді жан-жақты толық зерттей алмайды. 
Мұндай жәйттер нақты анықтауды әлі де қажет етеді, жас ерекшеліктеріне сәйкес қыз балалардың жалпы 
білімі мен дене тәрбиесін арттыру; классикалық спорт түріне жас спортшылардың дайындау барысында 
ұлттық спорт және қимыл – қозғалыс ойындарын пайдалану; дене тәрбиесін оқушыларды жан-жақты 
тәрбиелеудің негізгі құралы ретінде пайдалану т.б. Біздің ойымызша, бұл мәселенің ғылыми тұрғыда 
ӛңделуі қалың халық бұқарасының дене тәрбиесіне деген қызығушылығын арттырады және сәбилік 
шақтан қартайғанға дейін дене тәрббиесімен айналысу дағдыларын қалыптастырады.
1. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы. Қазақстан Республикасында 1996-
2000 жылдар аралығында бұқаралық спортты дамыту туралы мемлекеттік бағдарламасы // 1996.- 19 
желтоқсан. - N3276. 
2. 
Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан - 2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. - 
Алматы, 1998. - 240 бет. 
3. 
Қазақстан Республикасының Дене мәдениеті және спорт туралы Заңы. 1999 ж. 2 
желтоқсан. N490-13 ҚР // Sport. – 2000. - N1. - 4-11 қаңтар. 
4. 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы, Қазақстан Республикасы дене 
шынықтыруды және спортты дамытудың 2001-2005 жылдарыға арналған мемлекеттік бағдарламасы 
туралы. N571, // Астана, 2001. 
5. 
Адамбеков Қ.І. Оқушылардың дене тәрбиелеудің педагогикалық негізі.:П.ғ.д....дисс. 
авторефераты.- Алматы, - 1995. - 38 бет. 
6. 
Жұманова А.С. «7-9» жастағы қазақ балаларының дене тәрбиесі ісінің мазмұнын 
тәжірибеде дәлелдеу: П.ғ.к.... дисс. Автореферать. - Алматы, - 1997. 
7. 
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика.. - Астана, 1998. - 378-бет. 
8. 
Тәнекеев М.Т. Ұлттық спорт әлемі. - Алматы, 1998. - 288 б. 
9. 
Ақпаев Т.А., Адамбеков М.І., Тастанов А.Ж. Оқушылардың дене тәрбиесін 
қалыптастырудың ілімдік және әдістемелік негіздері. - Алматы, 2003.- 140 б. 
 
Резюме 
В данной статье раскрыты особенности организации физического воспитания с учетом
возрастных особенностей детей. 
Summary 
The article are considered the features education. In that article are opened organizations of physical
education by calculation of children ages. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
85 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет