Формы повышения конкурентоспособности дошкольного образовательного учреждения в условиях реформирования образования



Pdf көрінісі
бет68/81
Дата17.12.2022
өлшемі1.37 Mb.
#467417
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81
Nshfk 2 29 2011

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
89 
жасайды. Сӛйтіп, тәрбиеші, сынып жетекшісі баланың дене қалпына, қимыл-әрекетіне, оның 
ұстамдылығының, жинақылығының кӛрсеткіші ретінде зор зейін аударады; айқайсыз, дӛрекі сӛзсіз, 
жұлқынбай, сабырлы сӛйлеудің үлгісін береді; сӛйлеп тұрған адамның кӛзіне қарауды, денесін тура 
ұстауды, қатты күлмеуді үйретеді. 
Біз, бастауыш сынып оқушыларының бейнелеу ӛнері пәнінде халық педагогикасындағы 
дәстүрлерге тәрбиелеудің жолдарын қаламыздағы білім беру орталықтары мен мектеп мұғалімдері, 
сонымен қатар ата-аналардан халық педагогикасындағы дәстүрлер туралы сауалнамалар жүргізіліп, 
мынандай қорытындыға келдік: 
-балаға халық педагогикасы дәстүрлері қазыналарын бастауыш сыныптан бастап қалыптастыру 
қажет; 
-баланың халық педагогикасы дәстүрлерін меңгеруіне ұйымдастырылған жұмыстардың осы 
мақсатты қамтып, жұмыстың тәрбиелік мазмұны ерекше орын алатынын байқадық; 
-бейнелеу ӛнері пәнінде ұлттық салт-дәстүрлерді және инновациялық технологияларды пайдалану 
қажеттігін байқадық; 
-баланың халық педагогикасы дәстүрлерін меңгеруі тек мұғалімге байланысты емес, сонымен 
бірге ата-анасы мен отбасы мүшелеріне де байланысты екенін анықтадық. 
Бұл берілген анықтамаларды мектептерде жүргізілген зерттеу жұмыстары мен мұғалімдер, ата-
аналармен қарым - қатынас жасай отырып осындай тұжырымға келдік. Бұл тұжырымға тӛмендегідей 
сипаттамалар беріліп отыр. 
Бастауыш сынып оқушыларымен жүргізілетін іс-шараларға тартуда олардың іскерліктері мен неге 
қабілеттілігі, қызығушылығына бақылаулар жүргізіледі. Бастауыш сыныптағы оқушылардың ерекшелігі 
олар ӛздерінің ойлаған ойларын, айтайын деген сӛздерін бүкпесіз айтады. Сынып жетекшісінің 
жұмысында мектеп оқушыларын мінез-құлық мәдениетіне, оларды оқушыларға арналған Ережелерде 
жазылған ӛз құқықтары мен міндеттеріне саналы қарауға тәрбиелеу елеулі орын алады. 
Бейнелеу ӛнері пәнінде бастауыш сынып оқушыларының халық педагогикасындағы
қалыптастыру үшін алдымен оқушыларға мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін игеруге назар 
аудартқызып, оқушыларға мінез-құлық мәдениетінің ережелерін орындатқызып отыру қажет. Мінез-
құлық мәдениетінің ережелерін үйретумен бірге, ереже рухына сай әрекет етуге яғни жаңа жағдай кезінде 
бұрыннан жақсы мәлім ережелер негізінде әрекеттің дұрыс жолын таба білуге баулу керек. 
Халық педагогикасы дәстүрлерін қалыптастыру жұмысы бойынша жаттығулардың мазмұны және 
олардың формасы үйретілетін ережелердің сипатына байланысты болады. Мәселен, белгілі бір жағдайда 
баланың ӛзін қалай ұстауы керек екендігін мұғалімнің ӛзі кӛрсететін сабақтары да болады, яғни қазіргі 
уақытта сыныпта ӛтілетін тәрбие сабақта болады: жолдасты қонаққа қалай шақыру керек, үстел басында 
ӛзін қалай ұстау керек, үлкенді сыйлау халық дәстүріне толық қанық болған баланың бойынан табылады. 
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және рухани дамуына 
әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді келеді. Отбасы мен тәрбиешілер және 
сынып жетекшілері оқушылардың халық дәстүрлеріне деген сезімдерін оятып, оқушылардың мінез-
құлықтары мен іс-әрекеттеріне ықпал жасап, іс-әрекет үстінде бала бойына дәстүр құндылықтарын 
тұрақтандыруы керек [8;9]. 
Ӛмір сүру жағдайындағы әдет-ғұрыптармен дәстүрлер мазмұны жағынан тӛменгі сынып 
оқушыларының тәрбиесіне ықпал жасады. Мысалы:
Ақырып айтқан ақылдан, ақылмен айтқан сӛз артық‖, ―Атасынан ақыл алса, тентек ұл да 
жӛнделер‖, ―Ана ӛз баласын жанымен де, қанымен де сүйеді‖, ―Сүйер ұлың болса сүй.
Сүйінерге жарар ол‖. (Абай) 
Нәресте анасынан туғанда екі түрлі мінезбен туады, біреуі – ішсем, жесем, ұйықтасам – бұлар тән 
құмары. Екіншісі - білсем деген, не кӛрсем соған талпынып ... кӛзі кӛрген, құлағы естігенінің бәрін сұрап 
тыныштық кӛрмейді-мұның бәрі жан құмары. Абайдың бұл ой тыжырымдамасы қазіргі ғылым 
психологтардың тұжырымды зерттеуімен тепе-тең деп бағалаймыз. 
Бала - ата-ананың, отбасының, адамгершілік ӛмірінің, тәрбиелілігінің айнасы. 
Ұлттық тәлім тәрбиенің қалыптасу жолдары адамзат қоғамының даму заңдылықтарымен, 
халықтық тарихи, экономикасы, мәдениетімен тығыз байланысты. Бала танымындағы ұлттық сана – ана-
тілі мен халықтың озық дәстүрлерінің негізінде қалыптасады [10; 11].
Қазақстан бастауыш мектебіндегі бейнелеу ӛнері білімінің жүргізілуінің негізінде мектептік 


Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Начальная школа и физическая культура», №2(29), 2011 г. 
 
90 
жүйені ұйымдастыруға, білім беру мазмұнын құруға, т.б. үлкен үлес қосылған. Онда педагогика 
классиктері Н.К. Крумскаяның, А.В. Луначарскийдің, Ш. Әлжановтың іс-нәтижелері мен идеялары жатыр.
Оқушының тұлғалық ӛсуі және оның ӛзіндік дүниетанымын, ӛмірлік білігін, білімін және 
шығармашылық ұмтылысын туғызуда ең ықпалды құралдың бірі - оқулық. Осы орайда бұрын қазақ 
жерінде бейнелеу ӛнері пәнінің оқулығы болмағанын және бұл бағыттағы жалпы тәжірибенің аздығын 
ескере отырып, жаңа оқулық жасаудағы жауаптылықты еселеп кӛбейтіп, бүгінгі бар оқулықтардағы 
олқылықтардан арылту қажет. Оқулық мазмұны, біріншіден, ұрпаққа білім берудің тұтастығына сәйкес, 
екіншіден, оқулық сапасына қойылатын дидактикалық талаптарға сай, үшіншіден, оқушыны 
шығармашылыққа жетектеп, оның әлемдік бәсекеге қабілетті болуына мейілінше ықпал етерлік болуы 
керек. 
Сонымен бейнелеу ӛнері білімінің даму тарихын кӛрсететін толық және шынайы мәліметтер мен 
материалдарды білмей, қолданбай бүгінгі таңдағы қоғамның әлеуметтік сұранысына сай келетін зерттеуге 
алынаған феноменді жетілдіру мәселесін шешу мүмкін емес. 
Міне, осыдан бүгінгі таңда біздің еліміздің білім беру саясатына қарай бастауыш мектептегі білім 
беру мазмұнын құрайтын бейнелеу ӛнері пәнін оқытуды жетілдіру қажеттігі, теория мен тәжірибенің 
сұранысына байланысты педагогика тарихында жинақталған, қолдануға болатынына бай тәжірибенің ӛз 
дәрежесінде зерттелмеуі және пайдаланылмауы белгілі бір дәрежеде қарама-кайшылықтың бар екендігін 
байқатады. 
1. Қалыбекова Ә., Қаттабекова З. Бейнелеу ӛнері сабақтарында// Қазақстан мектебі. -№10. -
2007.-42б. 
2. Калыбекова .А. Роль психолого-педагогических дисциплин в профессиональной подготовке 
учителя музыки. - Алматы: Рауан, 1994. – 224 с. 
3. Қозыбаев Е. Формирование эстетической культуры старшеклассников средствами казахского 
музыкального фольклора: Автореф.... к.п.н. - Алматы, 1998. – 30 с. 
4. Каиров И.А., Богданова О.С. Адамгершілікке тәрбиелеу әліппесі. - Алматы: Мектеп, 1978. – 
328 б. 
5. Асылов Ұ., Нұсқабайұлы Ж. Әдептану: Адамгершілік құлық сабақтары. - Алматы: Мектеп, 
2002. – 288 б. 
6. Омарова Л. Адамгершілік тәрбиесін қалыптастыру мәселелері.// Бастауыш мектеп. – 2004. - 
№2. – 26–28 б. 
7. Әміралиев Ш. Адамды жан-жақты тәрбиелеу – коммунистік тәрбиенің негізі. – Алматы: 
Мектеп. - 1971. – 72 б. 
8. Қалиев С. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. – 
Алматы, 2001. - 244 б.
9. Әтемова Қ.Т. Оқушыларды гумандық қасиеттерді қалыптастыруда мектеп отбасының 
бірлескен жұмысы. – Алматы, 1998. - 65 б. 
10. Әлімбаев М. Халық ғажап тәлімгер. - Алматы: Рауан, 1994. – 143 б. 
11. Жұмабаев М. Ата-ана жауапкершілігі. – Алматы: Мектеп. 1977. - 55 б. 
 
Резюме 
В данной статье описываются средства и методы воспитания современных школьников, которые 
должны быть носителями и проводниками передовых идей нашего общества. Раскрыты с позиции 
современного подхода сущность, содержание нравственного воспитания школьников. Определены 
педагогические условия, обеспечивающие эффективность нравственного воспитания. 
Summary 
This instruction describes means and methods of upbringing by active builders, who must be carrier and 
vehicle of our sociery. Description exposure of the essence and contents of elementary schoolchildren's morals 
related education from the point of the view of contemporary approaches. Verification of pedagogical conditions 
providing for efficiency morals related education. 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Бастауыш мектеп және дене мәдениетi» сериясы, №2 (29), 2011 ж. 
91 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет