Фосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар


-параграф. Фосфордан және фосфор шайындысынан фосфор қышқылын алу



бет2/3
Дата27.06.2016
өлшемі265 Kb.
#161527
1   2   3

4-параграф. Фосфордан және фосфор шайындысынан фосфор қышқылын алу
93. Фосфорды тұтынатын цехтардағы фосфор құйылған резервуар-ыдыстарды негізгі ғимараттан өрт төзімді қабырға арқылы бөлінген, ерекше ғимараттарда (дозалағыш бөлімшесінде) орналастырады. Өндірістік ғимараттарда, фосфор құйылған сыйымдылығы 20 м3-ден аспайтын, ыдыстар қойылады.

94. Фосфорды тұтынатын цехтардың дозалағыш бөлімшесінде орналасқан резервуар-ыдыстардың сыйымдылығы өндірістің екі тәуліктік сұранысынан аспауы керек. Егер дозаторлардың жалпы сыйымдылығы 600 т аспайтын болса, онда дозаторлар бөлімшесінде фосфорды сақтау мерзімі шектелмейді.

95. Фосфор қоймасында, дозаторлар бөлімшесінде және дистилляттау бөлімшесінде суы бар авариялық ванналар мен өзіндік көмек қол жуғыштары қойылады.

96. Фосфор қышқылының айналмалы сумен қамтамасыз ету жүйесіне енуін болдырмау үшін, қыздырылған судың бұру коллекторындағы қыздырылған судың рН мөлшерін автоматты түрде қадағалауды қамтамасыз ету керек. рН мөлшері оның регламенттегі көрсеткішінен асатын болса, онда суды айналмалы жүйеге бұру тоқтатылады да, авариялық тоңазытқышты өшіреді.

97. Фосфор ангидридінің цех ауасына таралуын болдырмау үшін, жану бағанасында, ауаның сиретілуі ең көбі 5 мм мөлшерінде ұсталады.

5-параграф. Теміржол цистерналарын жуу станциясы
98. Теміржол цистерналарын жуу бекеті өз алдына бөлек те, сары фосфор қоймасымен бірге де орналастырыла береді. Жууға әкелінген цистерналарды қоюға арналған орын, мүмкін болатын төгілулерді қабылдауға арналған темірбетонды түпыдыс қарастырылған. Темірбетонды түпыдыс күшейтілген гидросақтаумен қатар, мүмкін болатын төгілулердің әсеріне берік материалдармен қамтамасыз етілген. Фосфорды тұтынатын зауыттар теміржол цистерналарын жуу бекетін сары фосфор қоймасымен және төгу эстакадасымен қатар орналастырады.

99. Цистернаның ішінде жүргізілетін барлық жұмыстар рұқсатнама-наряды бойынша жүргізіледі.



6-параграф. Шайындыны дистиляциялау қондырғысы бар ағын суларды тазалау станциясы
100. Фосфор шайындысын дистиляциялау процесінде қысым мен температураны тұрақты түрде бақылап және оларды ұйым регламентінде көрсетілген шамаларға сәйкес қамтамасыз етіледі. Суыту процесі кезінде, вакуум яғни ауасыз кеңістік орын алмас үшін, «куб-конденсатор» жүйесіне үздіксіз жеткілікті мөлшерде азот беріліп тұрады.

101. Құрамында фосфор бар шайынды суларды тазалаудың технологиялық сұлбасында фосфордың қайтара өндірісте пайдалануы қарастырылады.



7-параграф. Бескүкіртті фосфор өндіру
102. Қоймада қаланып тұрған күкірт салынған қаптардың ені 1 м болатын өтетін жол қалдыру керек. Негізгі өту жолының ені-3 м.

103. Сұйық күкірт бумен немесе сыртқы электрлік қондырғылармен жылытылатын, инертті газбен үрленген, жылусақтағыш ыдыстарда сақталады. Сұйық күкіртті ыдыстардан шыққан үрлегіш құбырларды, бойында күкірт тұрып қалмас үшін жылытылатын және атмосфераға ең қысқа жолмен шығатындай етіп жүргізеді.

104. Сұйық күкіртті теміржол цистерналарын босату алдында, міндетті түрде рельс жолдарға арнайы тіреуішпен бекітіп және жерге жалғап тұйықтайды.

105. Күкіртті ыдысқа құюды, электрлі статикалық зарядты азайту және құю кезінде мол газ бөлінуді болдырмау мақсатында, ыдыстың түбіне дейін түсірілген құбыр арқылы жүргізеді.

Күкіртті ыдыста орналастырылған деңгей көрсеткішкіштің белгіленген деңгейіне дейін құяды. Бұл мақсатта жеткен кезде дыбыс немесе жарық белгісін беретін міндетті төменгі деңгей белгіленіп қойылады. Жинау және өлшегіш ыдыстарды күкірттен тек қана тазалау немесе жөндеу жұмыстарының алдында ғана жүргізіледі.

106. Сұйық күкіртті сақтауға арналған ыдыстарды түпыдысқа орналастырады. Түпыдыстың сыйымдылығын, сақтаудағы сұйық күкірттің ең кемі үштен бір бөлігін, бірақ ең үлкен резервуар-ыдыстың сыйымдылығынан үлкен болмайды.

107. Балқытылған күкірт құйылған ыдыстардың ара қашықтығын құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес таңдайды.

108. Ішкі бойында күкірт қатып қалған құбырды тек қана бумен қыздыру керек, бұл мақсатқа ашық от пайдалануға болмайды.

109. Сұйық күкіртке арналған барлық ыдыстар мен құбырлар жерге жалғанып, берік тұйықталуы керек. Жерге жалғап тұйықтау өндіріс нысандарындағы статикалық электр тогынан қорғану шараларының талаптарына сай орындалады.

110. Сұйық күкірт құйған ыдыстарды, сонымен қатар, оларды таситын вагон-цистерналарды мезгіл-мезгіл қалдықтар мен ластардан тазалап тұру керек. Ыдыстарды дайындау және оларды тазалау технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

111. Күкіртті қаптардан арнайы осыған арналған машинада немесе сору қондырғысымен жабдықталған, қолдан босату құрылғысында жүргізеді. Күкіртті балқыту бункеріне тиеу жұмыстары механикаландырылады.

112. Балқыту бункері сору қондырғысымен жабдықталуы керек. Күкіртті балқыту бункеріне тиеу жұмыстары жұмыс істемей тұрған кезде жүргізілмейді.

113. Балқыту бункерінің құрылысы, оны шайындыдан және тұнбадан тазартуды жеңіл жүргізу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі.

114. Күкіртті сүзгілеу процесі және оны кектен тазалау орны, зиянды бөлінулерді сору-желдету жүйесімен жабдықталады.

115. Фосфорға арналған сүзгілеу қондырғысы, оған қоса сепаратор мен лас қоспаларды жинау қондырғысы, сүзгіні жуып және шайындыны төгу кезінде бөлінетін зиянды заттарды сыртқа шығару үшін, механикалық сору-желдету қондырғысымен жабдықталады. Сүзгі әлсін-әлсін қысым арқылы ыстық сумен жуылып тұрады.

116. Бескүкіртті фосфордың синтездеу реакциясы, салқындау және майдалау процесі ауа кірмейтін аппараттарда инертті газдардың ортасында жүргізіледі.

Күкіртке арналған өлшегіш-ыдыс, судың реакторға кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталады.

117. Күкіртке арналған өлшегіш-ыдысқа, ауаның реакторға кіріп кетпеуі үшін қажет күкірттің қалдық мөлшерін қамтамасыз ететін құрылғы орнатылады.

118. Реактор, оның бойында «ұйытқы» ретінде өнімнің қалуының кепілдігін қамтамасыз ете алатын құрылғымен жабдықталады.

119. Реакция араластырғыш тұрақты жұмыс істеп тұрған кезде және инертті газ тұрақты беріліп тұрған кезде жүреді.

120. Бескүкіртті фосфордың балқымасын аралық жинағыш ыдысқа инертті газдың көмегімен жібереді.

121. Бескүкіртті фосфорды жинағыш ыдыстың толып-асып кетуін болдырмау және өнімнің кепілді қалдығын қамтамасыз ету үшін, ыдысты деңгейді бақылайтын белгі беретін аспаптары бар құрылғымен жабдықтайды.

122. Балқытылған бескүкіртті фосфорды таситын коммуникациялардың барынша қысқа жолын таңдау керек.

123. Реактор мен бескүкіртті фосфорды жинағыш ыдыстың ара қашықтығы үлкен аппараттың диаметрінен кем болмайды.

124 Балқытылған бескүкіртті фосфорды қабыршықты түрге өңдеу инертті газ ортасында жүргізіледі.

125. Қабыршықтандыру машинасын іске қосу алдында ондағы оттегінің құрамын бақылау керек. Егер оттегінің мөлшері, ұйымның технологиялық регламентінде қарастырылған көрсеткіштен жоғары болса, онда жүйені іске қосуға болмайды.

126. Қабыршықтандыру машинасының барабанын суыту үшін берілетін судың температурасы бақылауға алынып және ұйымның технологиялық регламентінде бекітілген шамадан ауытқымайды.

127. Реактор, бескүкіртті фосфор жиналатын ыдыс және қабыршықтандыру машинасы, төмендегідей қысымдарды қамтамасыз ете алатындай гидравликалық алдын-ала бекітпесі бар, сорғыш келтеқұбырмен қамтамасыз етіледі:

1) реактор мен жинағыш ыдысқа-ең көбі 245 Па;

2) қабыршықтандыру машинасына-ең көбі 490 Па.

Реактордың сору келтеқұбырының гидрробекітпесінің құбыры, бескүкіртті фосфорды жинағышқа қысып жіберу кезінде реакторға ауа өтпеуін қамтамасыз ететін автоматтық бекіту клапанымен жабдықталады.

Гидравликалық бекітпелердің қораптары, сору-желдету жүйесімен жалғанған сору шкафтарында орналастырылады.

128. Едендерді, фосфорға арналған сүзгілерді, фосфор ыдыстарының гидробекітпелерін жуған, ластанған сулар жинағыш ыдыста жиналып тазалануға жіберіледі.

129. Майдалау және дайын өнімді қаттау бөлімшесінің жабдықтарын, статикалық электр тогынан қорғану шараларының талаптарына сай, статикалық электр тогынан берік қорғалады.

130. Бескүкіртті фосфорды қабылдау бункері, оны толып кетуден сақтандырушы белгі беретін аспаптармен жабдықталады.

Балқытылған қабыршақты машинаға өткізу бункердің жоғарғы деңгейі азыққа толғанда автоматты түрде сөнеді.

131. Диірмен, бункер және шнектер қысымды біркелкі тұрақтандыруға арналған құрылғылармен жабдықталады.

132. Бескүкіртті фосфорды ауа кірмейтін ыдыста, инертті газ қабатының астында сақтайды. Дайын өнімді тек қана, ішіне инертті газ толтырылған, таза және құрғақ барабан ыдыстар немесе контейнер ыдыстарға қаттайды.

133. Дайын өнімді барабан ыдыстарға немесе контейнер ыдыстарға тек қана, суыру желдеткіші жұмыс істеп тұрған кезде ғана қатталады.

134. Барабан ыдыс пен контейнер ыдысты толтырған кезде, жерге жалғап тұйықтау керек.

135. Барабан ыдыстар мен контейнер ыдыстарды толтырып болғаннан кейін, бірден ауа кірмейтіндей етіп жауып қоймаға жөнелтеді.

136. Бескүкіртті фосфоры салынған барабан ыдыстар мен контейнер ыдыстарды құрғақ, жел тиіп тұратын қоймаларда сақтау керек.



8-параграф. Мырыш фосфидін өндіру
137. Мырыш фосфидін алу реакциясын жүргізу кезінде мырыш-фосфор ара-қатынасын тұрақты және сенімді бақылауды қамтамасыз етеді.

138. Әрдайым, реакторға мырыш салар алдында, реактордың жағдайы (жарылған сызаты бар, жоғын) тексеріледі.

139. Фосфорға арналған өлшегіш-ыдыс, судың реакторға кіріп кетпеуін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталады.

140. Реакторды тек қана, өшірілген муфельге қондырады.

141. Фосфорды реакторға мөлшерлеп берер алдында, реактор ұқыпты түрде 5 минут инертті газбен үрленеді.

142. Аппараттың құрылысы, мөлшерлегіш түтікшенің берік қондырылғанын және фосфордың кездейсоқ сыртқа шығуынан қорғайтын, қорғау шитінің болуы қамтамасыз етіледі.

143. Реактордың бос цапфасы, фосфорды салу мен реакция кезінде пайда болатын зиянды бөлінулерді сорып әкететін құрал-жабдықтармен жабдықталады. Сорып алынған зиянды ауаны атмосфераға жіберер алдында, скрубберды ылғалмен тазалайды.

144. Реакция аяқталғанан кейін реактор инертті газбен 15 минут үрленеді.

145. Мырыш фосфидін суыту, майдалау, түсіріп алу және қаттау операциялары үздіксіз беріліп және сорылып тұрған инертті газдың ортасында өткізіледі.

146. Мырыш фосфидін қаттау, сору құрылғысы бар, ауа кірмейтін, тұмшаланған камерада жүргізіледі.

147. Мырыш фосфидін салатын банкаларды бояу және кептіру операциялары бөлек ғимаратта жүргізіледі. Банкаларды бояу, тек қана, сору-желдету құрылғылары жұмыс істеп тұрған кезде ғана жүргізіледі.

148. Мырыш фосфиді қатталған банкалар қатар-қатар бөліктермен қойылады. Қатардың биіктігі 3 (үш) банкадан аспауы керек. Банкаларды қатарлап қойған кезде, үстіңгі қатардағы банканың түбі астыңғы қатардағы екі банкаға тиіп тұрады. Қатарда тұрған бөлік банкалардың арасы-ең кемі 0,8 м болады.



9-параграф. Жабдықтар мен жұмыс орындарын орналастыру
149. Жабдықтардың, коммуникация мен газ құбырларының орналасуы жөндеу жұмыстарын еркін орындау мен қауіпсіздікті қамтамасыз етеді.

150. Барлық негізгі және қосалқы жұмыс бабындағы өткелдер мен шығатын жолдар әрдайым бос болады.

151. Іргетастар немесе шұңқырлау жерлерде орнатылған жабдықтардағы барлық ажыратылатын қосылыстар қадағалап отыруға ыңғайлы реттеледі.

152. Цехта қойылған жабдықтардың бүйіріндегі, оны бақылау мен тазалауға арналған люк-лаздары, оларға еркін бару үшін, цехтың жүретін жолдар жағынан қойылғаны дұрыс.

Жабдықтардың жоғарғы жағында орналасқан люк-лаздардың қақпағынан жоғарыда шығып тұрған құрылыс конструкциясына, люк-лаздардың жоғарғы жағынан орналасқан құбыржолдарға немесе олардан жоғары орналасқан басқа да жабдықтарға дейінгі ара қашықтық ең кемі 1,2 м болады.

153. Бақылау-өлшеу құралдары мен аспаптарын олардың көрсеткіштері мен технологиялық процестің жүруін қадағалау ыңғайлы жерге орналастырылады.

154. Кептіргіш барабандардың қозғалтқыштары мен ғимараттың колонналық тіреуіштерінің арасындағы өтетін жолдардың ені ең кемі 1 м болады.

Газ жандыру құрылғысының шығып тұрған бөліктері немесе арматураларының қабырғаға немесе ғимараттың басқа да бөліктеріне, сонымен қатар имараттар мен жабдықтарға дейінгі арақашықтық ең кемі 1 м болады.

155. Кептіргіш барабандардың үстіңгі жағындағы шатыры мен жабулары, тұтандырғыштың жоғарғы өлшемінен ең кемі 5 м қашықтықта орналастырылады.

156. Жылуалмастырғыштарды орналастырған кезде, олардағы сұйықтықтарды төккен кезде, олар толық ағып шығатындай орналастырады.

157. Мырыш фосфиді өндірісіндегі майдалағыштың муфелі мен қондырғысынан ғимараттың қабырғасына дейінгі арақашықтық ең кемі 3 м болады.

10-параграф. Сақтандырғыш құрал-саймандары мен қоршаулар
158. Машиналар мен аппараттардың қозғалатын және айналатын бөліктері (маховиктер, біліктер, муфтылар, берілістер және тағы басқалар) берік қоршалуы тиіс.

159. Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін, қоршауларды алу тек қана, механизмдердің толық тоқтағанынан және қозғалтқыштың электр қосылыстарын ажыратқаннан кейін жүргізіледі.

Жөндеу, қарау және тазалау жұмыстарынан кейін, механизмдерді іске қосу, тек қана, қоршауларды орнына қойып, оның барлық бөліктерін берік бекіткеннен кейін жүргізіледі.

160. Ленталық конвейердің іске қосу, тарту және артқы бекеттері, сонымен қатар, арту, түсіру құрылғылары, химия өндірісінің нысандарында ленталық конвейерді қауіпсіз пайдалану талаптарына сай толық қоршалады.

161. Барлық өтетін жолдар, тесіктер және төбе жабулары, көпіршелер, ашық құдықтар, ойық жерлер ғимараттың еденінен 1 м асатын биіктікте орналасқан алаңдар қоршалады.

162. Жоғарыға орнатылған, әрдайым қолданылатын ысырмалы бекітпе және басқа да бекіту тетіктерінің арақашықтықтан басқару тетігі немесе жоғарыда қызмет көрсету алаңы болады.



11-параграф. Қол еңбегін керек ететін зиянды және қауіпті жұмыстарды механизациялау
163. Сары фосфор және оның бейорганикалық қосындылары өндірісіндегі шикізаттарды, материалдар мен өнімдерді тасымалдау, арту және түсіру операциялары механикаландырылады.

164. Салмағы 50 кг асатын жабдықтарды, арматураларды, аппаратуралар мен ауыстырылатын түйіндерді құрастыру, бөлшектеу және жөндеу жұмыстары кезінде, олардың тасымалдануын, көтерілуін, орнатылуын қамтамасыз ететін көтеру-түсіру құралдары мен механизмдері пайдаланылады.



12-параграф. Өндіріс коммуникациялары мен пайдалану түріне қарай құбырөткізгіштерге қойылатын талаптар
165. Фосфордың, фосфор шайындысының, пеш газдарының және құрамында фосфор бар өндірістік ағын сулардың құбыр желілерін, осы құбыр жолдардың жағдайын әрдайым бақылауға мүмкіндік беретін жерүсті өртқауіпсіз эстакадаларда жүргізеді. Кейбір жағдайларда құрамында фосфор бар өндірістік ағын сулардың құбыр желілерін қысымға шыдамды құбыр арқылы жер асты жүргізуге болады.

166. Фосфор, фосфор шайындысы, құрамында фосфор бар өндірістік ағын сулар және пеш газдары жүретін құбыр желілерінің сыртқы эстакадасын, олардың ғимараттан шығатын немесе ғимаратқа кіретін жерлерінен басқасын, ғимараттардың үстінен не оларға тиіп тұратындай етіп жүргізуге болмайды. Бұл эстакадалар, мына төмендегі талаптарды сақтаған кезде, басқа технологиялық құбыр желілері және бу, жылу, газ құбыр желілерімен бірге жүргізіледі:

1) фосфор, фосфор шайындысының құбыр желілері мен өрт қауіпті және улы өнімдердің құбыр желілерінің ара қашықтықтары, жазық бет бойынша, ең кемі 1,5 м болады;

2) фосфор, фосфор шайындысының құбыр желілерін, эстакаданың төменгі деңгейіне орналастыру керек; олардың астыңғы жағына басқа өнімдердің құбыр желілерін орналастыруға болмайды;

3) фосфор құбыры желілері мен газ құбыры желілерін эстакада түріндегі жабық галереялармен жүргізуге болмайды;

4) фосфор, фосфор шайындысының және фосфор пештерінің пештік газдарының құбыр желілерін, құрылыстық тіреуіш құрылымдары ретінде пайдалануға болмайды.

167. Фосфорды және фосфор шайындысын тасымалдайтын құбырлардың желілері, жылытатын серіктік құбыр желісімен бірге, бір жылу өткізбейтін орамда жүргізіледі.

168. Күкірт тасымалдайтын құбырларды бу жүретін қабатпен бірге жүргізеді. Өлшегіш ыдыстан реакторға дейінгі құбырлар желісі, сыртқы электрлі жылыту қондырғысымен жылытылады.

169. Балқытылған бескүкіртті фосфорды тасымалдауға арналған құбыр желілері мен олардың бекіткіш құралдары электрлі жылытқыштармен жабдықталады.

Бескүкіртті фосфорды тасымалдауға арналған құбыр желілері бөлек-бөлек бөліктерге бөлінеді. Әрбір бөлік өз алдына, шешілетін жылыту орамдары бар электрлі жылытқыштармен жабдықталады, сонымен қатар, әр бөліктің температурасын өлшейтін бақылау нүктелерімен қамтамасыз етіледі.

170. Бескүкіртті фосфор өндірісіндегі сыртқа шығатын газдардың құбыр желілерінің гидробекіткіштерге дейінгі аралығы бақылап тазалау үшін келте құбырмен жабдықталады.

171. Күкіртті, фосфорды және бескүкіртті фосфорды тасымалдауға арналған құбырлар желісін, тұрмыстық, қосалқы, әкімшілік-шаруашылық ғимараттары, бөліп беру құрылғылары, электрлік шиттер, бақылау-өлшеу аспаптары орналасқан ғимараттар мен желдеткіш камералары арқылы өткізуге болмайды.

172. Цех ішіндегі құбырлар желісі төмендегі шамадан ауытқымауы тиіс:

1) күкіртке арналған құбырлар желісі үшін-0,02;

2) бескүкіртті фосфорға арналған құбырлар желісі үшін-0,1;

3) фосфорға арналған құбырлар желісі үшін-0,005.

Цехаралық фосфор тасымалдауға арналған құбырлар желісінің, басқа да технологиялық желілермен бірге, жалпы эстакадағы еңістігі, құрылыстық нормалар мен талаптарға сәйкес ең кемі 0,002 болуы шарт.

173. Құбыр желілеріндегі бекіткіш құрылғылар мен аспаптар, қызмет көрсетуге өте қолайлы және ашық және жабық жағдайларының белгілері болуы тиіс. Реттегіш шұраларды ысырмалы бекіткіш ретінде пайдалануға болмайды.

174. Фосфор, фосфор шайындысының, сұйық күкірттің, бескүкіртті фосфордың және фосфор қышқылының құбыр желілерінің фланецтік қосындылары есік ойықтарының, цехтағы негізгі өткелдердің, жолдардың, жүру жолдары мен өткел жолдардың үстіңгі жағына орналастыруға болмайды.

175. Фосфор, фосфор шайындысының, сұйық күкірттің, бескүкіртті фосфордың және фосфор қышқылының құбыр желілерінің фланецтік қосындыларына қорғағыш қаптама орнатылады.

176. Пеш газдарының құбыр желілері, оларға бу, инертті газ және ыстық су әкелінетін келте құбырлары болуы керек. Пеш газдарының құбыр желілеріне ауа кірмес үшін, олардың келте құбырларына, бітеуіші бар шұра орнату керек. Пеш газдарының құбыр желілеріне бу, инертті газ және ыстық су жалғау үшін, технологиялық құбыр желілері мен олардың құрылғыларын қауіпсіз пайдалану талаптарына сай, құбырдың шешілетін бөліктерін немесе жұмсақ шлангы пайдаланылады.

177. Фосфорды және фосфор шайындысын тасымалдайтын құбырлардың желілері, әрдайым фосфорды айдау алдында және одан кейін ыстық сумен жуылады. Құбыр желілерін, жеке жүйеден келген немесе қайтара пайдаланылған сумен жуғанда, олардың жуылатын құбыр желілеріне жалғануын, нақты сол жерлерден жүргізуге болады.

178. Фосфор және пеш газдарының құбырларының желісінің цехқа кірер жерінде, өнімдердің цехқа берілуін тоқтату үшін, бекіту құрылғыларын, цех қабырғасынан ең кемі 3 м қашықтықта орнатылады.

179. Цехаралық газ құбыры желілерінің қысымы газ үрлегіш қондырғының қысымынан 1,5 есе көп болатын, гидравликалық бекіткіш түрінде, бекіткіш құрылғылары болуы керек. Пеш газдары құбырларының желілерінің бойында лаздар, люктер, көру айналары орнатылмайды.

180. Пеш газдары құбырларының желілерінің ең төменгі нүктесі жылытылып және бу тамшыларын ағын су құбырларының желісіне қарай айдап тұратын дренаждық құрылғымен жабдықталады. Бу тамшыларын әрбір 50-60 минут сайын шығарып отыру керек.

Газ құбырлары желілерінің бөлек бөліктерінен бу тамшыларын гидробекіткіштер арқылы ағызады.

181. Пеш газдарынан бу тамшыларын бөліп алуға арналған құбырлар желілері жылытатын серік құбырлар желілерімен бірге бір орамда жүргізіледі. Ағын су құбырларының желілерін, желідегі жинағыштар жағына қарай ең кемі 0,005 еңістікпен жүргізеді.

182. Бу тамшыларының желідегі жинағыштарын климат жағдайларына қарай ғимараттарда немесе ашық ауада, міндетті түрде бөлектеп, жылыту арқылы орнатады. Желілік жинағыштар ыстық сумен жуып және инертті газбен үрлеуге арналған құрылғымен қамтамасыз етіледі.

183. Агрессивті ортаға жұмыс істейтін аппаратураларды дайындауға арналған материалдар олардың осы агрессивтік ортаға беріктілігіне қарап таңдалады. Аппараттардың коррозияға қарсы қорғанысын жобалық құжаттарда көрсетілген талаптарға сай жүргізеді.

184. Құбыр желілерінің өңін мемлекеттік стандарттардың талаптарына сай келтіріп бояйды.

185. Барлық құбыр желілерін және олардың арматураларын жүйелі түрде қарауды және жөндеу жұмыстарын ұйымның техникалық басшысы бекіткен кестеге сай жүргізеді.

186. Бекіту-реттеу арматуралары, пневматикалық клапандар орнатылар алдында пневматикалық және гидравликалық сынақтан өтеді.


13-параграф. Бақылау және автоматтандыру құралдарымен қауіпсіздікті қамтамасыз ету іс-шаралары
187. Табиғи немесе пеш газын отын ретінде қолданатын барлық қондырғыларда, мына жағдайларда газ беруді автоматты түрде кесіп тастайтын жүйе болады:

1) желдеткіш-түтінсорғыш тоқтағанда;

2) газдың қысымы түскенде;

3) алғашында ауаның қысымы түскенде;

4) жалын өшкенде;

5) электрқуатының жоқтығында.

188. Пеш газын кесіп тастағанда, газ құбырының желісіне автоматтық түрде инерттік газ жіберіледі.

189. Тұтандырғыштар, отын түріне қарамастан, келесі аспаптармен жабдықталады:

1) газ желісінде және түріне аумағындағы (қысымның өсуін) сиретілуін бақылайтын аспаптармен;

2) түтін сорғыш апат салдарынан тоқтағанда, қолданылатын үрлеу желдеткіштерін автоматты тоқтату жүйесімен.

190. Инерттік газды (көмірқышқыл газды) алуға арналған қондырғыларда және электрсүзгілерді жылытуға арналған қондырғыларда белгі беруінің шектеулі шамасы бар, оттегілік автоматтық газанализаторлар, сонымен қатар тұтандырғыш алдында газ бен ауаның шығымының ара қатынасын бақылайтын аспаптары болады.

191. Пеш бөлмесінің газ желісі, пеш газының қысымының төмендеуіне немесе көтерілуіне мүмкіндік бермейтін, қысым реттегіштермен бекіту жүйесімен қамтамасыз етіледі.

192. Бескүкіртті фосфор реакторы келесі аспаптармен жабдықталады:

1) реактор қозғалтқышы істен шыққанда және «қор» температурасы 350оС кем болғанда, реакторға күкірт пен фосфордың берілуіне мүмкіндік бермейтін бекіту жүйесімен;

2) реактордың төменгі және жоғарғы зоналарындағы температураны бақылайтын аспаптармен.

193. Бескүкіртті фосфор жинағышында жылытқыш пен жинағыштағы температураны бақылайтын және реттейтін аспап болады.

194. Бескүкіртті фосфорды қабыршықтайтын машина келесі аспаптармен жабдықталады:

1) ұсақтау жүйесінің кез келген агрегаты тоқтаған жағдайда, бескүкіртті фосфор беруді автоматтық түрде тоқтату аспаптарымен;

2) машинадағы температура 470о С жеткенде, іске қосылатын өртке қарсы қорғаныс жүйесімен.

195. Бескүкіртті фосфор өндірісіндегі диірмен мен циклон аппараттарындағы қысым 0,004 МПа жоғары болған жағдайда жарылыстан қорғайтын жүйемен жабдықталады.

196. Ауа мен өнімдердің жанғыш буларының араласуы мүмкін болмайтын кезде, пьезометриялық құралдарды қуаттандыру инерттік газ көмегімен жүргізіледі.

197. Бескүкіртті фосфор өндірісінде, фосфор және күкірт өлшеуіштері, реагенттер массасын бақылайтын құрылғылармен жабдықталады.

198. Пеш бункерлеріндегі шихтаның көрсеткіші берілген шамадан төмен түспеуі керек.

Деңгейді белгіленген шамада ұстап тұру және бақылау автоматтық жүйемен жүзеге асырылады.

199. Пеш бөлмесінің өндірістік орындарында, көміртегі қышқылының бөлінуі мүмкін жерлерінде ауадағы көміртегі тотығының шектеулі құрамы туралы белгі беретін автоматтық газанализаторлар орналастырылады.

200. Фосфорды жағу бағаналары үшін желі соңындағы желдеткіш апаттық жағдайда тоқтаған кезде, бағаналардың сулануы тоқтаған кезде, қысылған ауаның қысымы төмендеген кезде, сонымен қатар бағанадан кейінгі қышқылдың немесе газдың температурасы көтерілген кезде, фосфор беруді автоматтық түрде тоқтату жүйесі қарастырылады.

201. Атмосфераға жану өнімдерін шығаруға арналған барлық түтінсорғыштар түтінсорғыш тоқтаған кезде желдеткіш автоматты түрде тоқтайтындай үрлемелі желдеткіштермен қосарланып орнатылған.

202. Ағынды суларды тазалау бекеттерінде реагенттерді мөлшерлеп құю, автоматтық рН-метр көрсеткіштері бойынша жүзеге асырылады.

203. Барлық жинағыштар мен ұралар ішіндегі заттардың деңгейін бақылайтын аспаптармен жабдықталады. Аппараттардағы қабылданған фосфор мөлшері, оның арнайы ыдысқа ығыстырып шығарған су мөлшері осы ыдыстағы су деңгейін бақылаумен шектеледі.

204. Ағымды-көліктік жүйелердің механизмдерін электрлік басқару жүйесі мына көрсеткіштерді қамтамасыз етеді:

1) барлық механизмдерді тасымалданатын заттардың басып қалуынан, элеваторлар мен транспортерлердің жылдамдық релесін пайдалану арқылы электрлік тұйықтау;

2) қондырғыларға жөндеу және профилактикалық жұмыстар жүргізгенде, механизмдердің іске қосылуын болдырмау;

3) ажыратқышқа жалғанған сым арқанның көмегімен транспортерлерді апаттық тоқтату;

4) іске қосу алдында дыбыстық белгі беру.

205. Арақашықтықтан қосу жүйесіне кіретін әрбір механизмнің алдында: «Абайла! Арақашықтықтан қосылады, жөндеу алдында электрлік сұлбасын ажырат» деген жазуы бар сақтандыру белгілері ілінеді.

206. Автоматты түрде қосылып және ажыратылатын жабдықтарда (сорғыларда, компрессорларда және тағы басқаларда) мынадай құрылғылар болуы керек:

1) жарықтық белгі беру;

2) қондырғылардың барлық түрлерінің екі жағына және тасымалдау механизмдерінде 10-20 м сайын ілінетін: «Абайла! Автоматикада жұмыс істейді, дабыл берусіз қосылады» деген жазуы бар сақтандыру белгілері.

207. Мырыш фосфиді өндірісі реакторларға фосфордың берілуін және реакторлардағы температураны бақылайтын аспаптармен жабдықталуы тиіс.

208. Технологиялық процестерді автоматтандыратын қондырғылар 1-санатты электр қабылдағыштарға жатады.

209. Электр және құбыр желілерін отты-сұйық шлак, феррофосфор, балқыған фосфор, күкірт және бескүкіртті фосфор шашырандылары тимейтін жерлерге орналастырады.

210. Бірінші реттік аспаптарға, мәлімет бергіштерге және екінші реттік қайтара өңдегіштерге мәлімдемесі және сұлбалық-позициялық нөмірлерінің жазбалары ілінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет