Фосфор және оның бейорганикалық қосындыларын өндіруге арналған өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары Жалпы талаптар


-параграф. Аппараттарға қойылатын талаптар



бет3/3
Дата27.06.2016
өлшемі265 Kb.
#161527
1   2   3

14-параграф. Аппараттарға қойылатын талаптар
211. Қоршаған ортаның әсерінен қорғау үшін, металл конструкциялардың және қондырғылардың металл бөліктерінің сыртқы беттері химиялық тұрақты және термотұрақты қабатпен қорғалады.

212. Ғимарат ішіндегі қондырғылар негізінен ашық түске боялады. Қондырғыларды қорғаныс бояуларына бояу және жылу шығармайтындай етіп орау, тек оны рәсімдеуден және сынақтан кейін ғана жүргізіледі.

213. 0,07 МПа төмен қысымда жұмыс істейтін және құрамында таза немесе сумен аралас күйінде ауаға тез тарайтын және жеңілтұтанатын өнімдері бар (фосфор және фосфор шайындысы) барлық аппараттар, кемінде 0,03 МПа қысымда тұмшаланып сынауға есептелінген.

Бұл талаптар сынақ жұмыстары технологиялық регламентке сәйкес жүргізілетін, фосфорды электр айыру жүйесіне кіретін электр пешке, электр сүзгіштерге, конденсаторларға таралмайды.

214. Вакуумда жұмыс істейтін аппараттар, ауаның сиретілуін 0,2 МПа қысымға артуы есебінен есептелінеді.

215. Барлық тығынды бекіткіштердің бүйір жағында жұмыс орнынан көрінетін, ашық түске боялған сызық белгілері болады.

216. Автоматты түрде жұмыс істейтін немесе ара қашықтықтан басқарылатын бекіту қондырғыларының соңғы орнын анықтауға: «Ашық» немесе «Жабық» белгілері қолданылатын белгі бергіш құрылғылармен жабдықталады.
15-параграф. Өндірісті инерттік газдармен қамтамасыз ету
217. Фосфор және оның бейорганикалық қосындылары өндірістері инерттік газбен тоқтаусыз қамтамасыз етіледі.

218. Ұйымға керекті инерттік газдардың көлемі үрлеу кезеңіндегі қажеттілікті ескере отырып, барлық цехтар мен бөлімдердің инерттік газдарды толығымен тұтыну қажеттілігімен анықталады.

219. Газгольдердегі инерттік газдың қоры кемінде 2 сағатқа электр ұстағыштарда, электр пештердің арту құрылғыларында және электр сүзгіштердің майлы қақпақтарында инерттік газдармен бекіткіш жасау қажеттілігімен анықталады.

Кіші қуатты (20 мВ-А дейін) пештері бар фосфор өндірістері, инерттік газды алу қондырғыларының резервтік мөлшер болса, қуаттылығында газгольдердегі инерттік газдың арнайы қорынсыз жобаланады.

220. Фосфор, фосфор қышқылы және мырыш фосфидін өндіргенде, инерттік газ құрамында оттегінің мөлшері 2 %, ал бескүкіртті фосфор өндіргенде-0,2 % аспауы қажет.

221. Газ құбырындағы инерттік газдың қысымынан төмен қысымға есептелінген, инерттік газды аппараттарға жеткізетін, газ құбырларының тармақтары, қысымы төмен жағынан автоматты түрде редуциялайтын құрылғымен, сақтандыратын гидравликалық құрылғымен (гидробекітпелермен) және манометрлермен жабдықталады.

Автоматты түрде редуциялайтын қондырғылар және сақтандыратын клапандар инерттік газды тұтынатын аппараттардың жұмыс істеу қысымына сәйкес реттеледі.

222. Нақты бескүкіртті фосфорды өндіру және өңдеу процесі кезінде, инерттік газ ретінде, азот немесе көмірқышқыл газы қолданылады.

223. Көмірқышқыл газы, жобалық құжаттарда көрсетілген нұсқауларға сәйкес, ең аз ылғал қалдығына дейін құрғатылуы қажет.

224. Бескүкіртті фосфор өндірістерін жобалаған кезде, сырт жақтан жеткізілетін инерттік газдар, бес тәулікті қажеттілікке және өндірісте өндірілетін инерттік газдар кемінде үш тәулікті қажеттілікке есептеледі.

225. Газдандыру қондырғыларына қызмет көрсету, ұйымның техникалық басшысы бекіткен нұсқауына сәйкес жүргізіледі.

226. Көмірқышқылы бар цистерна орналасқан алаң «Бөгде адамдарға кіруге болмайды» деген жазуы бар, есігі сенімді жабылатын қоршаумен жабдықталады.



4-тарау. Санитарлық-техникалық жүйелер

1-параграф. Жылу беру және желдету
227. Сары фосфор, фосфор қышқылы, бескүкіртті фосфор және мырыш фосфиді өндірістеріндегі ауамен жылу беру жүйесі, ауаның айналымынсыз жобаланады.

228. Пеш газының, сыртқы газ құбырлары желілеріндегі конденсат жинағыштарына арналған бекеттер, +5оС температураны ұстап тұратын сумен жылу беру жүйесі арқылы жылытылады.

229. Ғимараттарды қалыпты және жарылыс қауіпті дәрежелерге бөлетін, ішкі қабырғалар арқылы өтетін жылыту құбырларының желілері, жанбайтын материалдармен мұқият тұмшаландырылады.

230. Жарылыс қауіпті немесе улы ортамен өндірістік бөлімдерге қызмет көрсететін барлық басқару бекеттері және бақылау-өлшеу құралдарының ғимараттарына сырттан ағымды ауа беру керек. Жылдың суық кезеңдерінде ағымды ауа жылытылады.

231. Желдету жүйесінің тиімді жұмыс істеуін тексеру, ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен кестеге сәйкес жүргізіледі.

232. Барлық технологиялық агрегаттарды тұмшалайтын қондырғылар жүйелі түрде мұқият тексеріледі. Тұмшалау ақауын жылдам жою керек.



2-параграф. Сумен қамтамасыз ету және ағынды су құбырлары
233. Барлық өндірістік және тұрмыстық ғимараттар құрылыс нормалары мен талаптарына сәйкес су құбырымен жабдықталады.

234. Фосфорды және фосфор шайындысын өндіретін, қолданатын және сақтайтын өндірістік ғимараттарда өрт сөндіруге арналған су құбыры желісі қарастырылады.

235. Өндірістік су құбырының шұраларына, бұл суды ауыз су ретінде қолдануға болмайтыны туралы жазу ілінеді.

236. Тұрмыстық-ішу құбыры, сапасы ішуге келмейтін су беретін, су құбырлары желілерінен бөлек жобаланады.

237. Фосфор және фосфор шайындысын өндіретін, қолданатын және сақтайтын өндірістік орындарында ластануына байланысты, кемінде екі тәулікте бір рет ауыстырылатын, шаруашылық-ішу құбырынан су тартылған авариялық ванналар, сонымен қатар ауыз су тартылған профилактикалық қол жуғыштар орнатылады. Мүмкін болатын авария орнынан авариялық ваннаға дейін ара қашықтық кемінде 25 м болады.

238. Еденді жуғаннан кейінгі ағынды сулар, мүмкін болған жағдайда, технологиялық айналымда толық қолданылады.

239. Өндірістік ғимараттарға немесе апараттарға, ағын су ағатын құбыр желілерінен, бу мен газдар еніп кетпес үшін олардан шығатын ағын су желілеріне гидравликалық бекітпе орнатылады.

240. Фосфор және оның бейорганикалық қосындылары өндірістерінде тазалау бекетіне залалсыздандыруға жіберілетін ағынды сулардың құрамы мен мөлшеріне бақылау орнатылады.

241. Құрамында фосфоры бар ағынды суларды ашық арықшалармен шығаруға болмайды.

242. Ластанған ағын су құбырларын және ағынды су құбырының желілерінің құдықтарын тексеру, тазалау және жөндеу рұқсат-наряды бойынша жүргізіледі.



3-параграф. Жарықтандыру
243. Жұмыстарды жалғастыру үшін өндірістердің барлық ғимараттарында, пешті салқындату құрылымының су айналым жүйесінде, пеш электродтарын реттеу, пеш трансформаторларының маймен немесе сумен салқындату жүйесінде, ауа комперссорларында, бақылау-өлшеу құрылымдарына, сорғыларға, түйіршіктеулерге арналған суға, сорғылық-аккумуляторлық бекеттерге арналған ғимараттарда, пеш бөлімінің арықшаларының алаңқайларында, кептірілген барабандардың тұтатқыштарының алаңқайларында, шахталы-тесіктік пештерде, күйдіру пештерінде және фосфорды жағуға жіберетін алаңқайларда авариялық жарықтандыру қарастырылады.

Бескүкіртті фосфор өндірісінде жұмыстарды жалғастыру үшін авариялық жарықтандыру, реакторлық бөлімінде және қабыршақтайтын машинаға қызмет көрсететін орынның жанында, ал мырыш фосфиді өндірісінде реакторларға қызмет көрсету орынның жанында жобаланады. Авариялық жарықтандыруды электр қуатымен қамтамасыз ету қауіпсіздік талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

244. Өндірістік ғимараттарда тасымалданатын шамдарға арналған штепсельдік розеткаларды электр қуатымен қамтамасыз ету, электр қондырғылардың құрылысы бойынша қауіпсіздік талаптарына сәйкес төмендетілген кернеу желісінен жүргізілуі тиіс.

245. 12 және 36 В төмендетілген кернеуді алу үшін, төмендететін трансформаторлар ғимаратта белгілі бір ортаға орнатылады. Тасымалданатын трансформаторлар қолданылмайды.

246. Тасымал шамдарға арналған штепсельдік розеткаларда кернеу шамасы белгіленеді.

247. Өз құрылымдары бойынша қызметтік және авариялық жарықтандыру шамдардың түрлері, қоршаған ортаның талаптарына сәйкес келуі керек; шамдарды орналастырудың биіктігі электр қондырғылардың құрылысының қауіпсіздігі талаптарына сәйкес көзге шағылыс құбылысы бойынша таңдалады.

248. Жарықтандыру қалқандары қалыпты орта талаптарына сай ғимараттарда орнатылады, қалқандарды жарылыс қауіпті ғимараттарда орнатуға болмайды.

5-тарау. Қуатты электр жабдығы және электрмен қамтамасыз ету

1-параграф. Жалпы бөлім
249. Барлық өндірістік, қоймалық және қосалқы орындарға орнатылатын электр қондырғылар және барлық бағыттағы электр желілер, электр қондырғылардың құрылысының қауіпсіздігі талаптарына және қоршаған орта талаптарына сәйкес жүргізіледі.

250. Электрлік ғимараттар және кешендік-трансформаторлық бекеттер (әрі қарай-КТБ) су, қоқыс, феррофосфор тимейтіндей жерлерге орналастырылады. Сантехникалық және технологиялық құбырлар электр ғимараттары мен КТБ арқылы жүргізілмейді.

251. Шаң және ылғал ғимараттардан, сонымен қатар химиялық белсенді орта ғимараттарынан, электр ғимараттарына және КТБ бекеттеріне тамбур-дәліз арқылы кіруге болады. Сондай-ақ мұндай электр ғимараттарында таза ауаны ұстап тұру үшін шаңнан тазартылған ағынды ауа жіберіледі.

252. Келесі құрылғылардың қозғалтқыштарын электр қуатымен жабдықтау электр тоғымен қамтамасыз етудің 1-санаты бойынша жобаланады:

1) сары фосфор өндірісінде:

айналымдағы сумен жабдықтау (жалпы зауыттық) жүйесі;

пешті салқындату жүйесі;

пеш бөлімінің сорылып желдетілуі;

сорғылы-аккумуляторлық бекет;

фосфор пештерін басқару, қорғау және белгі беру жүйелері;

бақылау-өлшеу аспаптарының ауа компрессорлары;

түйіршікті су сорғылары;

суық және ыстық конденсаторларға су беретін сорғылар;

жазық бетті конденсаторлардың дискілері;

өрт-тұрмыстық сумен қамтамасыз ету бекеті;

өндірістік сумен қамтамасыз ету бекеті;

инерттік газ алу бекеті (қондырғысы);

2) бескүкіртті фосфор өндірісінде:

ұсақтау түйінінің электр қабылдағыштары және реакторларға қатысты электр қабылдағыштар;

сорып желдету-күнделікті жұмыс істейтін және авариялық.

Сары фосфор өндірісіндегі пештер қауіптіліктің 2-санатына жатады.

253. 1-санатты төмен кернеулі электр қабылдағыштарда, электр қуатымен қамтамасыз етуді жүргізетін трансформаторлық қосалқы бекеттерде, кемінде екі бөлек жұмыс істейтін трансформаторлары болады: біреуі істен шыққанда екіншісі электр қуатымен қамтамасыз етудің барлық қажеттілігін өзі көтереді.

254. Қорды автоматты енгізу құрылғысы арқылы электр қуатымен қамтамасыз етілетін 1-ші дәрежелі электр қабылдағыштарда өзінен-өзі іске қосылатын құрылғылары болады.

255. Жарылыс қауіпті ғимараттардағы, өрт қауіпті II-III класты ғимараттардағы және химиялық белсенді ортадағы көтеру-көліктік құрылғыларды (тельферлерді және крандарды) электр қуатымен қамтамасыз ету, иілгіш кабель арқылы жүргізіледі. Оларға ашық троллейлерді қолдануға болмайды.

Шикізат қоймаларындағы грейферлік крандарды және вагондардың есігін ашуға арналған арбаларды электр қуатымен қамтамасыз ету, ашық салынған троллейлер арқылы жүргізілуі мүмкін.

256. Кран жолдарын бойлай ашық салынған, троллейлік өткізгіштерді электр тоғымен қамтамасыз ететін желілер, бір қанатта орнатылған, кранның жұмыс тоғын өшіруге есептелінген, жабық түрлі ажыратқыштармен қамтылады. Ажыратқыш өшіруге ыңғайлы жерге орнатылады да, троллейлік өткізгіштердің тек бір қанатын өшіреді.

Секциялық троллейлерде кернеу қосылған секциядан, өшірілген секцияға кернеу өтпеудің шаралары қолданылған, секциялық өшіру де жүргізіледі.

Ажыратқыш ал арақашықтықтан басқаруда түйме, өшірілген күйінде құлыпқа жабылатын құрылғы, сонымен қатар «Жағылған», «Өшірілген» белгілері болады.

257. Басты троллейлерді секциялағанда, әр секция жарық белгісін беру құрылғысымен жабдықталады.

Секция белгі бергіштері әр фазаға қосылады.

258. Барлық электр желілері отты-сұйық шлактар, феррофосфор немесе балқыған фосфор, бескүкіртті фосфор және күкірт тимейтін жерлерде жүргізіледі, сонымен қатар қатты жылу сәулелі аймақтарда орналастырылмайды.

Механикалық ақаулары болуы мүмкін жерлердегі стационарлы салынған желілер мен кабельдер болатты құбырлармен, бұрыштармен, швеллермен немесе металл қораппен қорғалады.



2-параграф. Пеш трансформаторлары
259. Пеш трансформаторлары жабық камераларда орнатылады. Пеш трансформаторларының камералары стационарлы автоматтық өрт сөндіру құрылғысымен жабдықталады. Трансформаторлар камераларындағы есіктерінің өртке тұрақтылық шегі кемінде 0,75 сағат болады және олар сыртқа ашылады.

260. Пеш трансформаторларын және басқа қондырғыларды жалпы камераға бірге орнатқанда, қондырғы және камера қабырғасы арасындағы қашықтық және өткел жолдар электр қондырғыларды қауіпсіз орнату, өнеркәсіптегі қауіпсіздік талаптарында көрсетілгеннен 15-25 % артық болуы керек.

261. Трансформатор камераларының астына бір трансформатордың толық май көлеміне есептелінген сыйымдылығы бар және ғимараттың сыртына орнатылған, жалпы апаттық резервуарға май ығыстыратын, май трансформаторының жалпы көлемінің кемінде 20 % сыятын май қабылдағышпен жабдықталуы керек. Май ығыстыратын жүйенің апатты резервуар жағына қарай еңісі болады. Май ығыстыратын жүйе құбырларының диаметрі кемінде 100 мм болады.

Трансформатор камерасы астындағы май қабылдағыштың құрылымы май қалдықтарының жиналып қалуына мүмкіндік бермейді. Авариялық жинағыш ыдыс ғимараттың бітеу қабырғасынан кемінде 1 м қашықтықта және ойығы бар қабырғадан кемінде 5 м қашықтықта орнатылады.

262. Пеш трансформаторларының камералары, камераға кіретін және одан шығатын ауа температураларының айырмашылығы трансформаторды қалыпты жүктегенде 15оС аспайтын желдету жүйесімен жабдықталады.

Пеш трансформаторларының желдету жүйесі басқа желдету жүйесімен байланысты болмауы керек. Желдету жұмысын бақылау сигнал аппараттарының көмегімен жүзеге асырылады.

263. Пеш трансформаторы камераларына кіре берісі жарық сигнал беру белгісімен жабдықталған: трансформатор қосылғанда-қызыл шам, өшірілгенде-жасыл шам жанады.

3-параграф. Электр сүзгіштерге арналған электрді қайта

өңдейтін шағын станциялар
264. Электрді қайта өңдеу бекеттерінде май салқындатқышының жалпы көлемі 12 т дейін болатын қайта өңдегіштер орнатылады. Көп көлемді майы бар қайта өңдегіштерді орнатқанда, бекет ғимараттары есіктерінің өрт тұрақтылық шегі кемінде 0,75 сағат болатын, есігі екі жаққа ашылатын, қабырға арқылы секцияларға бөлінеді. Май толтырылған қайта өңдегіштер астына электр құрылғыларын қауіпсіз орнату талаптарына сәйкес май қабылдағыштар орнатылады.

265. Қайта өңдеу агрегаттары және басқару панельдері арасында қызмет көрсететін өткелдер, механикалық түзеткішті агрегаттар үшін кемінде 1,5 м және жартылай өткізгішті агрегаттар үшін кемінде 2 м ұстануы керек.

266. Бекет ғимараттарында механикалық арттыру-түзеткіш құрылғыларын орнатқанда, шартты түрде әр құрылғыны бөлек ұяшыққа немесе жәшікке орналастыру жобаланады.

267. Механикалық түзеткішті қайта өңдеу бекеттерінің жерге тұйықталған, шағылғыштырғыш металл торлы қоршауы болады. Механикалық түзеткіштерді жабық металл ұяшыққа орнатқанда, торлы қоршау құрылғысы қолданылмайды.

268. Трансформатордың жоғары кернеулі орамасының және механикалық түзеткішті арттыру-түзеткіш агрегаттар шиналарының екі полюсінің радиотосқауылдан қорғанысы болады.

269. Электрді қайта өңдеу агрегатының оң полюсты шинасы берік жерге тұйықталады. Жерге тұйықтау қимасы кемінде 100 мм2 болат жолақтармен жүргізіледі.

270. Бекет ғимаратының сыртына теріс полюсті желісі бөлектегішке орап және тығыздалған құбырға салынған, арнайы брондалған кабельмен немесе шинамен жүргізеді.

271. Бекеттердегі жоғары кернеулі токтың теріс полюс шиналарын шартты түрде кемінде 2,5 м. биіктікке орналастырып, изоляторларда ашық салуға болады. Бұдан төмен биіктікте орналасқан шиналарды кездейсоқ жанасулардан қоршау арқылы бөлу қарастырылады.

272. Есіктер, тоқ жүретін бөліктердің қоршауы, изолятор қораптарының люктары және муфта қораптары қызметкерлердің жоғары кернеуде тұрған бөліктермен кездейсоқ жанасуларын болдырмау үшін, жерге тұйықтаушы құрылғылармен жабдықталады. Қоршаулар мен люктар арнайы құралдардың немесе кілттердің көмегімен ашылады.

273. Электрді қайта өңдегіш агрегаттары алдын ала кернеуді ажыратусыз, тоқ жіберуші бөліктерге қызметкерлер кіре алмайтын құрылғысы (бөлектегіші) болады.

274. Электрді қайта өңдегіш бекеттері түскен ауаны сүзгіден өткізетін, тазалайтын және қысқы кезеңде жылытатын ағымды-сормалы желдеткішпен жабдықталады. Бекеттің ауа температурасы кемінде 10оС болуы керек. Жоғары температурасы 40оС аспауы керек.

6-тарау. Қосалқы ғимараттар мен үй-жайлар
275. Фосфор және оның бейорганикалық қоспаларының өндірістеріне арналған тұрмыстық ғимараттар құрылыстық нормалар мен талаптарға сәйкес жобаланады.

276. Фосфор өндірістеріндегі (шикізат қоймасы, ұсақтау және сұрыптау бөлімдері, кептіру және күйдіру бөлімі, шихталық бөлім, электродтық масса бөлімі) бөлімдерге және дайындық цехтарына арналған тұрмыстық ғимараттар, дербес блоктар түріндегі басқа өндірістердің тұрмыстық ғимараттарынан бөлек орналасады.

277. Тұрмыстық ғимаратты сары фосфор қоймасында орналастыруға болмайды.

Қойма жұмысшыларына арналған тұрмыстық ғимарат қойманың сыртында орнатылған сары фосфорды өндіретін немесе қолданатын цехтардың (пеш бөлімінде, фосфор қышқылы цехында) санитарлық кіргізу орындарында жобаланады.

Сары фосфор қоймаларындағы жылыту (демалу) бөлмелерінде, киім кептіру үшін орындар жобаланады.

1-параграф. Жайдан қорғағыш
278. Барлық найзағайдан қорғау қондырғылары, оның ішінде жерге тұйықтау, жыл сайынғы ревизиядан және күн күркіреу кезеңінің алдында сақтық жөндеуден өткізіледі.

Ревизия барысында мыналар анықталады:

1) тоқ тарту элементтерінің (түйіс, бұрандалық және басқа қосылыстар) арасындағы электр байланысының беріктілігі;

2) найзағайдан қорғау құрылымының бөлек элементтерінің коррозияға ұшырау дәрежесі;

3) механикалық ақаулардың әсерінен ауыстыруды немесе күшейтіп бекітуді талап ететін қорғаныс қондырғыларындағы элементтер.

279. Найзағайдан қорғаудың барлық жерге тұйықтағыштарының өндірістік жиілігінің тоқтың ағымына кедергісін өлшеу, кемінде жылына бір рет жүргізіледі, бұл жағдайда тоқтың ағымына кедергісінің шамасы нормадан көп болмайды.



2-параграф. Статикалық электр тоғынан қорғау
280. Бескүкіртті фосфор өндірісінде ұнтақ және балқытылған күкіртті қабылдау, сақтау, мөлшерлеп бөлу, балқыту, сүзу және тасымалдауға қатысты барлық қондырғылар мен желдеткіш жүйелер, сонымен қатар бескүкіртті фосфорды алу, кристалдау, салқындату, майдалау және орап-түюмен байланысты барлық техникалық және көліктік қондырғылармен желдеткіш жүйелер химиялық нысандарда статикалық электр тоғы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес статикалық электр тоғынан берік қорғалады.

281. Сары фосфор, термиялық фосфор қышқылын және мырыш фосфиді өндірістерінде статикалық электр тоғынан қорғау жүргізілмейді.



8-тарау. Пайдалану талаптары

1-параграф. Жұмыс орындарын күту
282. Құрылыс құрылымдарының тіреуіш және баруға қиын түйіндері (фермалардың кранның астындағы және бункер балкаларының тіреу түйіндері, бункерлердің бекітулері және ілгіштері, бункерлердегі қорғаныс қабаттары және тағы басқалар), кемінде жылына екі рет тексеріледі. Тексеру нәтижелері арнайы кітапқа жазылады.

283. Қабаттардың, едендердің және каналдардың жабындары мұқият күтіледі. Жабындар бұзылған кезде уақтылы жөнделеді немесе жаңасымен ауыстырылады.

284. Өндіріс орнының ішіндегі және сыртындағы коммуникациялық үңгір өткелдерді таза күйінде ұстайды, топырақ сулардан, жауын-шашындардан және құю барысында сұйықтықтардың енуінен, сонымен қатар жанғыш және улы газдармен булардың әсерінен сақтайды.

285. Ғимараттың шатырлары жүйелі түрде қардан, шаңнан және басқа да ластаушылардан тазартылады.

286. Жабындарда және жабуларда ойық істеуге, темір бетон қондырғылары арматураларын кесуге немесе жалаңаштандыруға, металл конструкцияларын босатуға және оюға болмайды.

Алдын ала тексеру есебін жүргізбей және конструкцияларды куәліктендірмей, жаңа жабдықтар мен коммуникацияларды орнатуға немесе ілуге болмайды.

287. Жұмыс орындары ауысым бойы таза болуы қажет, оларды шикізатпен, аспаптармен және тағы басқа заттармен үйіп тастауға болмайды.

288. Төгілген фосфорды, құрамында фосфоры бар ағындар канализация жүйесіне шашыратпай сумен ағызып жіберіледі.

Төгілген немесе шашылған бескүкіртті фосфор тез арада металл барабандарға жиналады.

Оны сумен жууға болмайды.

Мырыш фосфиді (мырыш фосфидінің шаңы, шайындысы тағы басқалары) өндірісінің қалдықтары цехтан шығарылмайды немесе ұйым аумағына тасталмайды. Барлық қалдықтар тиянақты металл ыдыстарға жиналып, технологиялық регламентке сәйкес қайта өңдеуге немесе жоюға жіберіледі.

289. Еденге төгілген жағылып-майлаушы май тез арада құм немесе құрғақ ағаш үгіндісі көмегімен жиналады, кейін олар арнайы темір ыдысқа салынады және белгіленген жерге шығарылады.

290. Жағылып-майлаушы майлар өндірістік орындардың жанбайтын материалдан жасалынған ұяшықтарында немесе жәшіктерде мөлшері 20 литрге дейін сақталады. Мөлшері 20 литрден көп жағылып-майлаушы май осы мақсатқа қарастырылған арнайы орында сақталынады.

291. Машина мен аппараттарды жинаған соң, сүрту материалдары уақтылы тазаланып тұратын қақпағы бар темір жәшіктерге салынады.

292. Желдеткіш және жылыту құрылғыларын күту және пайдалану тәртібі технологиялық регламентке сәйкес орнатылады.

293. Аэрация үшін жарық ойықтарының механикалы және қолмен ашуға арналған барлық құрылғылары мен құралдары жүйелі түрде тазаланып, майландырылып және тексеріліп тұрады.



2-параграф. Жабдықтар мен құбырөткізгіштерге техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тазалау
294. Жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді ұйымдастыру және жүргізу тәртібі, нақты жағдайларда жабдықтарды жөндеу және технологиялық регламентпен анықталады.

295. Ұйымда аппаратураларды, жабдықтарды және құбырларды уақтылы тексеруге тоқтауын және олардың белгіленген мерзімде тексеруден өтуін бақылауды ұйымдастырып, тексеруді және жөндеуді қауіпсіз жүргізуге жағдай жасау керек.

296. Улы және өрт-жарылыс қауіпті ортада қолданатын жабдықтар мен құбырларды пайдалану барысында, ультрадыбыс және ішкі тексеру арқылы және басқа да әдістер көмегімен, аппараттар мен құбырлардың қабырғалары жүйелі түрде тексеріледі. Қабырғалардың қалыңдығын тексеру әдісі, орны және жиілігі ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен талаптармен анықталады.

297. Тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған құрылғылардың барлық аппараттарының сақтандыру қалпақшаларын тексеру технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі.

298. Қабыршақтандыру машиналарын, термошнектерді, ұсақтағыштарды, диірмендерді, секторлы қалпақшаларды тексеру және олардың ішінде жиналған бескүкіртті фосфорды шығару, механизмдерді толық тоқтату және ұшқын шығармайтын құралдар арқылы жүзеге асырылады.

299. Бескүкіртті фосфор өндірістерінде әрдайым құбырлардың фланецтерін, клапандағы сальникті нығыздағыштарын, фланецті болттардың бекіту тығыздығын жиі тексереді. Клапандардың барлық бекіту бөлшектері үнемі майландырылады.

300. Фосфор тасымалдағыш құбырларды жөндеу, технологиялық регламентке сәйкес, оларды фосфордан босатып, ыстық сумен жуып және аппараттардан ажыратып, бекіткеннен соң ғана жүзеге асырылады.

301. Аппараттарды, резервуарларды, теміржол цистерналарын, құдықтарды ішкі тексеру, тазарту және жөндеу жұмыстары, қауіпсіздік талаптарына сәйкес, жабық аппараттарда, құдықтарда, коллекторларда және басқа да осыларға ұқсас жабдықтарда, ыдыстарда және имараттарда жүргізіледі.

302. Бақылау-өлшеуіш аспаптарының, автоматты реттегіш, өндірістік белгі беру, ара қашықтықтан басқару және жауып тастау қондырғыларының тоқтаусыз жұмыс істеуі тұрақты қадағаланып отырылады.

3-параграф. Жеке қорғаныс құралдары
303. Фосформен және бейорганикалық қосылыстармен жұмыс істеу, қызметкерлерге белгіленген тәртіппен берілетін мемлекеттік стандарт жүйесіне сәйкес жеке қорғаныс құралдарын қолдану арқылы жүзеге асырылады.

304. Фосфор және оның бейорганикалық қосылыстарымен жұмыс істейтін өнеркәсіп орындары жеке қорғаныс құралдарының апаттық жиынтығымен, сонымен қатар апаттық жағдайларды тоқтату және апат салдарынан зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету құралдарымен қамтамасыз етіледі.



___________________



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет