Джованни Боккаччо
(1313-1375)
Әңгіме Джовани Боккаччоның шығармашылығы туралы болғанда, біз итальяндық гуманистік идеяларды еске аламыз. Ол гуманистердың бірі және ерте қайта өрлеу заманының әдебиетінің негізін қалаушылардың бірі болды. Оның шығармашылығы кәміл, іштей еркін адамды қарастырады. Оның шығармашылығының ортасында - әлем, жарық дүниенің материалдық әлемі, қоғамдық өмірдің құндылығы жатты.
Джованни Боккаччо Парижде туды. Әкесі қайтыс болғаннан кейін ол Флоренцияда, Неапольда өмір сүрді. Ол ғылымдарды – құқықтануды, психологияны меңгерді, дәуірдің идеологиясымен және коммерциясымен шұғылданады, грек және латын тілдерін үйренеді, антикалық Грекия тарихына қызығады, аңыз - әпсаналық және халық ауыз әңгімелерін жинайды. Оның «Амет» «Филоко-ло» (1338) туындылары алғашқы шығармашылық мұра болып табылады. Ол адамның махаббатын қорғап сол туралы баяндайды. Махаббатсыз өмір де адамзат та болмақ емес дейді. Боккаччо қайта өрлеу дәуірінің новелласын жасады. Ол реннесанстық поэтиканың, эпикалық поэма мен пасторальдың, сондай - ақ Жаңа заманның психологиялық романының негізін қалады.
XIV ғасырдың ортасында ол ең беделді дипломаттардың бірі болды. Міне сол Флоренциялық халық «попло» өзінің әмірлік, қоғамдық, сондай -ақ эстетикалық идеалдарымен Боккаччоға оның тарапынан Флоренцияда жасалған «Амето; немесе флоренциялық нимфалардың комедиясы» (1341-1342), «махаббат иесі» (1342), еуропалық психологиялық романның алғы шарты (1343-1344), (махаббат туралы поэма аңыз) «Фъезолардың нимфалар» (1344-1346) секілді алғашқы туындыларын сипаттайтын реннесанстың гуманизмның толыққандығына қол жеткізуіне көмек берді.
«Фьяметтеде» психологиялық талдау жиі түрде риториканың көмегімен жүзеге асырылып, антикалық мифология саласында саяхат толып жатса да ауқымды және дәлдікпен жүргізілген.
«Декамерон» лирикалық «Кіріспеден» басталады, мұнда Боккаччо өзінің махаббаты жайлы айтады, ал шығарма «автордың қорытындысымен» аяқталады. Бұдан басқа, «төртінші күннің» басында Боккаччо батыл түрде хикаяға кіріп өз атынан «ұлбасар қаздар туралы 101-ші новелланы айтып береді де сыншылармен таласа отырып жаңа прозаның қағидаларын дамыта түседі». «Декамерондағы жаңа Әдіс» ішінен қалыптасады да бара - бара теориялық жағынан негізделе түседі. Осы новеллалардың негізіне күнделікті тіршілік оқиғалары енді.
Боккаччоның «Декамеронының» қиссашылары мен авторлық «меннің» арасында тығыз байланыс бар. Қиссашылар көп жағдайларда бір - бірлеріне ұқсас келеді. Олардың сойлеу тілі бір. Қара сөздері мен диалектизмдері әдептегідей, қиссашылардың емес, новеллалардың кейіпкерлерінің характері мен шарттасып жатыр. Көмкерулерді құра отырып Боккаччо феодалдық - сословиелік быжыраңқылықты емес, жаңа адамдарды бірінші ретін заялық пен адамгершілікті көрсетуге тырысты.
«Декамерон» қиссашыларының біріне - бірі жақындығы бұл қайта өрлеу дәуірі адамдарының новеллалардық қаһармандары өмір сүретін феодалдық - сословиялік әлемге деген ой-көзқарастарының бірдей болуы. Қиссашылар гуманист Боккаччоға ұқсас болғандықтан да олар біріне - бірі ұқсас. Олардың шартты әдеби есімдері Плефило, Филострато, Дионео. Бикештердің арасында Фьяметта аталады.
«Дикамеронның» алғашқы беттерінде - ақ сурокалық Қайта өркендеудің бүкіл мәдениетіне тән дарашылдың «қашыр - қайрат» пен қоғамдық өнегіліліктің - тек қана христиандық ізгіліктің арасындағы емес, гуманистердіңпікірі бойынша, жалпы адамзаттық мораль арасындағы да трагедиялық қарама - қайшылық айқындалып шықты. Аса сезімтал, дарынды суреткер ретінде Боккаччо бұл қарама - қайшылықты атап көрсетті, оның аламгершілік - эстетикалық тұрғыдан жеңүге болатынына берік сенді.
«Декамеронда» Боккаччо өз ғасырынан озып кетті. Кітап орасан зор табысқа кенелді, сондықтан бірден көптеген тілдерге аударылды.
Боккаччоның бірқатар әпсаналық кейіпкерлерді (Медеяны, Иокастты, Пенелопаны) қосқан алайда ортағасырлық дінбасылардың біреуін де қоспаған. «Атақты әйелдер туралы» трактаты (1360-1362) әйелге деген гуманистік көзқарасты теориялық жағынан негіздей отырып, оның дәріптелуін іштей еркін, рухани жағынан текті адамның жаңа реннесанстың идеалдарымен байланыстыра отырып «Декамеронды» толықтыра түседі.
Хафиз
(1325-1389 ж)
Хафиз Шамсиддин Мухаммад – ақын, философ данышпан, ол бүкіл ақындардың ұстазы. Хафиз яғни Құранды жатқа білуші халық әншісі болды.
Сондықтан оның өлеңдері қарапайым адамдардың жүрегіне жақын. Хафиз ағартудың, ғылым мен лирикалық өмірдің орталығы Шираз қаласында туды. Ол әлемдік поэзияның негізін қалаушылардың бірі ретіндемойындалды. 500 ден астам ғазәлдардың авторы. Жинақты оның шәкірттері құрған, сондықтан оның көптеген ғазәлдары жоғалған. Ол кейбіреулері өзгертілген. Хафиздың ең әйгілі туындысы – бұл «Сақинама». Гете өзінің «Батыс – Шығыс»кітабында Хафиздың шығармашылығына жоғары баға берді. Ал А.С. Пушкин ақынның шығармашылығына құрметпен қарап, оған өзінің өлеңдерін арнаған. Көптеген батыс – шығыс ақындары Хафизді өздерінің ұстаздары деп біледі. Шығыста Хафизды «Нукта санш шерик» («Ең ұлы ақын»). Әмір Темір Ширазды жаулап алғаннан кейін Хафизбек кездескен.
Поэзияның негізгі тебіренісі образдардың сопылық – символикалық, құдіретті шабыт пен аллегориялық сипаты. Оның поэзиясының өмірдеректік сипаты бар. «Сақинама» шығармасы шығыс әдебиетінің жәдігері болып табылады.
XIV ғасыр - махаббат лирикасының гүлденген шағы. Оның шарықтау шыңы Саадидің жерлесі Шамседдін Хафиздің өлеңдері болып табылады.
Хафиз шағын лирикалық өлең жанры - ғазәлді жетілдіре түсті, оның әрбір қос тармақты өлеңі - бәйтке нақылдың қисындылықты берді, өлеңдерді мол үндестікпен айытты. Бірақ ең бастысы, ол бұл жанрда талмастан махаббат жайлы – мистикалық емес, шынайы адами, сезімдік түрғыдан айқын, дүниедегі барлық жамандыққа қарсы тұратын махаббат жайлы жазды. Ішкі бүтіндік, өзін-өзі ұмытатын риясыздық, шын жүректілік пен жан құлшынысының шынайылығы – Хафиз ғазәлдарының лирикалық қаһарманның қасиеттері. Ақын оның өзі сезінетін ие болудың қуанышы мен айырылысудың азабын ең маңызды оқиғалар деңгейіне көтерді. Мұндай әлемдік лириканың жаңа шегі, адам жүрегінің терең тұңғиығына бойлай түсудің маңызды қадамы жасалды. Хафизда жарық дүниедегі махаббат болмыстың ең ұлы құндылығы, өз жеңілмейтіндігінде табиғаттың сұрапыл құбылыстарына тең күш ретінде көрінеді.
Эй жан! Сен менен бір рет болсын не керек екенін сұрармысың!
Есігіне жұмақтың қалай бару – емес қой менің уайымым .
Сұлулық патшасы! Міне мен – тақуа, дәруіш, күйген адаммын білермісің...
Пендешілік түсініктері! – байлық, абырой, атақ – емес оларда менің уайымым.
Хафиз бойынша махаббаттың салтанат құруы бұл зұлымдық, өтірік пен зорлық – зомбылық күштеріне жасалған үкім, сондықтан оның ғазәлдерінен біздің заманымызға дейін, Луи арагонның «тек қана махаббат жайлы айтыңыздар – қалғанның бәрі – қылмыс» деген нақыл сөзіне дейін ақындық эстафета жалғасы келеді.
Хафиз лирикасын ең басты қасиеті – адамгершілікті қорғау, бұл қасиетке барлық заманда да қауіп төніп, қорғауды бәрінен де көп қажет етті. Бұл жерде сөз абстрактлі адамгершілік жайлы емес, әрбір пенденің құқығы бар және де әлеуметтік және адами зұлымдықтың - өркөкірек өктемдік, феодалдық өктемдік, көрсоқыр діндарлық, касталық тиымдар, қаранғы түсініктер, бетпақ надандық, рсыз нәпсіқұмарлық секілді көп қырлы күштері қауіп төндіріп тұрған адамдардың шынайы сезімдері мен құанштары жайлы болып отыр.
Жәми
(1414-1492 ж ж)
Абдурахман Жәми ирандық поэзия классиктерінің тізбегін аяқтайды.
«Жеті таң» деп аталатын кең көлемді дастандар циклын құрушы. Мұнда ол өзінің адам өмірінің әділетті құрылысы арманы туралы, бақытсыз және үйлесімнен жұрдай әлемде бақыт пен үйлесімді әңгімесінде ізденісі туралы айтып берді, Жәми көптеген тамаша лирикалық өлеңдерді – ғазәлдарды жазды.
Жәми XV ғ мәдениеті мен әдебиетінің ірі кайраткері көптеген ақындардың, жазушылардың, суретшілердің, каллиграфтардың, музыканттардың, керек болса мемлекеттік және діни қайраткерлердің рухани ұстазы Парсы – тәжік поэзиясына жататын оның туындылары әлемдік мәдениеттің игілігіне айналды.
Нураддин Абдурахман ибн Ахмад ибн Шамсаддин Мухаммад Жәми Қорасандағы Жәм аймағына кіретін Харджард қыстағында 1414 ж 7 қарашасында дүниеге келді. Оның әдеби есімі оның ныспысы – Жәм қаласының атынан алынған сөз – Жәми сөзі, яғни Жәмилік сөзі болды.
Оның алғашқы ұстазы ақынның өзі айтқандай, оның – ғалым, заңгер әкесі болды. 4 жасынан кішкентай Жәми мектепке барып, әліппені, араб тілін, Құранды лезде жаттап алады. Содан соң оқуын Герартта, Самарқанда жалғастырып сол кездегі бар ғылымдар – логиканың, поэзияның, шешендік өнердің, теологияның, фәлсафаның, астрономияның, математиканың, классикалық әдебиетің негіздерін меңгеріп алады.
«Ескендір даналығы кітабын» ол өзгелер дініне ұқсастырмай жазды. Жәми онда көбіне – көп өзінін бұрынғылардан алшақ кетеді. Бірақ ескеретін бір жәйт, ол Низамидің бейнелеген әлеуметтік утопиясын, Ескендірдің теңіздікті білмейтін адамды, адамның қанамайтын адамдары еңбекқор және мейірімді, таза ниетті қалаға қалай барғандығы туралы әңгімені сақтап қалады:
Ол қаланың адамдары болды ерекше,
Болмады ол жерде патша да, бек те
Бай мен кедей де. Болды ол жерде бәрі тең.
Нағыз туыстардай болды адамдары сол елдің.
Еңбек бұл адамдарға береке беріп түрды, олар егіннің болмай қалуы, аштық дегенді білмейді. Жәми оның орасан зор беделінің алдында бас иген Хусейн Байқара мен өзге де әміршілер бірнеше рет ұсынған сарайдағы рахат өмірден біржолы бас тартты. Бүкіл өмір бойы ол ғылыммен және әдебиетпен шұғылданада отырып Гераттың шетіндегі өзінің жұпынылау үйінде өмір сүрді.
Абдурахман Жәмиұлы Әлишер Науоидың досы әрі ұстазы болды, ол өзінің шығармаларының едәуір бөлігін соның кеңесі мен берген ақ батасымен жазды. Жәми Науои өз туындыларын оның төрелігіне берген алғашқы адам болды. Өз кезегінде Жәми де солай істеді.
Өзінің Жәмимен достығы жайлы Науои «Таңырқаған бесеу» деп атаған кітап жазды.
Жәмидің әдеби мұрасы өте үлкен және көпқырлы. Ол маснави жанрындағы үлкен романтикалық дастандардан бастап, қытъа, рубай, фардалар секілді шағын лирикалық формалар мен дидактикалық прозаға «Бахаристан» дейінгі тамша көркем образдар жасады.
Өлтір мені! Қан судай боп ақын қып-қызыл қып баян сенің кілеміңді.
Кілем тағдырға нәсіп еткен домалатүға менің күндерімді.
Қайбірдің түнегінде жұмақтың маған не керек?
Бар ғой ондай құаныш бұл дүниеде де .
Бар ғой Жәми үшін жұмақ, ол сені көрген жерінде.
Оның көркем шығармалары үш диуаннан тұрады, мұнда қасидилар, ғазәлдар, маснауилер, қытъалар, рубайлар және т. б. жинақталған.
Ғазәлдардың үш диуанын ол «Жастық шақтың бірінші бөлімі», «Алқадағы орта інжу - маржан» және «Өмір қорытындысы» деп атады.
Жалпы оның кітаптарының саны – 99. олардың ішінде оның «Алтын тізбек», «Саламан мен Абсәл», «Мейірімділерге сыйлық», «Лейли мен Мәжнүн», «Жүсіп пен Зылиха», «Тақуалардың тасбиғы» және «Ескендір даналығы кітабы» атты дастандардан тұратын «Жеті мәне» деп аталатын үлкен дастандар бар.
Жәми грамматика, философия, сопылық поэтика, музыка бойынша, өлең сөзжұмбақтары мұаммаларды құрастыру мен оларды табу бойынша көптеген трактаттарды қалдырды.
Әлишер Навои
(1441-1501)
Егер де біз Навоидың шығармашылығы жайлы ондаған кітап жазатын болсақ, ол жеткіліксіз болады. Оның өмірін, ұлы шығармашылық іс-әрекеттерін сипатауға әдемі сөздердің өз жеткіліксіз болады.
Әлишер Навои Гератта туды. 3-4 жасында ол бірнеше бәйтті жатқа білітін, ал 4-5 жасында оқуға барды. 1447 жылы Шахрух Мырза қайтыс болып тақ үшін талас басталды. Навоидың отбасы Ирактан Тафт қаласына көшті. Мұнда Наваи Шарафиддин Әли Яздидың «Зафарнаме» шығармасымен танысып, оның авторымен сұхбат құрды. 1450 жылы ол Гератқа қайта оралды.
Үйі өнер адамдарының сұхбаттасуының орталығы болған Науаидың әкесі Ғияссиддин Киякина Герат әміршісі Әбілқасым батырдың қолына қызметке кіріседі де, біршама уақыт өткеннен кейін, Иранның бір қаласының әкімі болып тағайындалады. Әлишер болса Гератта қалып оқуын жалғастыра береді.
Навои музыканы сол кездегі атақты музыкант Қажы Юсуф Бурхоннан үйренеді. Поэзияда Әлишер Лютфиды өз ұстазы деп санады.
Осы уақытта қалада хорезм шахы Әбусайдқа қарсы көтеріліс бұрқ ете қалады. Жасы 12-13 тегі Әлішердің әкесі қаза болады. 15 жасында ол Әбілқасым батыр мен оның баласы Хусейн Байқараның қасына қызматке кіріседі. 1456 ж. Бабур Мешходке кетеді де өзімен бірге Хусейн мен Әлішерді ала кетеді. Сол жерде олар оқуларын жалғастырады.
Әлишер өлеңдерін екі тілде - өзбекшеде (Навои – «ырғақты» - деген лақап атпен) және фарсида жазған.
1459 жылы Гераттағы тақты қайтадан қатыгез Әбусаид тартып алады. Ол Әлішердің Гератта қалуын қауіпті деп санап, оны Самарқанға жібереді.
1469 жылы батыс Иранды жаулап алу кезінде Әбусайд шах қаза табады. Ол қаза болғаннан кейін Гераттағы таққа Хусейн Байқара отырады.
Осы жылы Әлішер Самарқаннан Гератқа қайта оралды да Х. Байқараға арнап мадақ өлең жазады. 1463 жылдан бастап Науаи Хусеин сарайында мөр сақтаушы болып, барлық құжатарға қол қоятын болады. 1472 жылы ол уәзір болып тағайындалады. Науаи ғалымдарға, каллиграфтарға көмек береді. Өз қаржысына ол көпірлер, жолдар, каналдар, керуен сарайлар, мектептер, каллиграфия мен көркем мұқаба шеберханаларын салды. 1476 жылы Науои зейнетке шығып Астрабадтың әкімі болып тағайындалады. 1483 жылы ол «Хамсаны», «Тақуалардың абыржуын», «Фахад пен Шірінді», «Лейли мен Мәжнүнді», «Жеті ғаламшарды», «Ескіндір қорғанын» жазуға кіріседі.
1492 жылы оның ұстазы Әбдірахман Жәми қайтыс болды. Әлішер 1491 жылы «Мажолисун нафоистың» 450 ден астам ақындарына арналған жинақты жазады. 1500 жылы «Махбубул нулубт» жазады.
Навоидың көптеген ғәзалдарында жалпылама жобадан келіп шыққан, философиялық немесе саяси ой - пікірлерден тұратын қос жолдар пайда болады. Кейде мұндай жолдар бүкіл өлеңге шығатын кілт іспеттес болып жабылады. Осыған қарап алдынғы жолдарды тұспалдап түсіндіруге болады – сонда ғазал шашылып жатқан қос жолдардың жай ғана қосылысы болудан қалып, ішкі бірлікке ие болады.
Навои төрт жолды өлеңдер – рубайларды да, дәстүрлі туюгтерді де жазған.
Өзінің рубайларында ақын адамды асқақтатып шейхтар мен дүниедегі өмірді дәріптеушілерге қарсы шығады:
Тозаң атымен қорқытпа мені сезімі жоқ тақуа,
Өмірімнің соңына жеткенде жұмақ пен мені ренжітпе
Тозақта мен сүйгенімді еске алармын, сонда тозақ айналар жұмаққа.
Егер де жұмақта шықсан сен алдымнан айналар жұмақ тозаққа.
Навои лириканың негізінде – сол заманның алдынғы қатарлы идеялары, дарынды суреткердің адам мен оның құқықтары, адамгершілік туралы, өзінің заманы туралы ойлары жатыр. Оның шырындай тәтті тілмен жазылған өлеңдері қайғы мұң мен лиризмге толы. Міне осының бәрі Науои поэзиясына айырығша табыс әкелді.
Захириддин Мухаммад Бабыр
(1483-1530)
1483 жылы Ферғана билеушісі Омаршейхтың отбасында Захириддин Мухаммад Бабыр дүниеге келді. Әкесі өлгеннен кейін, 1494 жылы он екі жасар Бабыр тақты мұралыққа алды.
Мәуреннахрда Шайбанилердің билігі орнағаннан кейін Бабыр Ауғанстанға кетеді.
1519-1528 жылдар аралығында ол Үндістанға бес дүркін жорық жасайды.
Бабырдың басты еңбегі - әлемдік әдебиет тарихына өзінің құнды үлесі арқылы белгілі болған «Бабырнама» атты өмірдеректің шығарма. Кітап Ферғана Кабул, Үндістан деген үш бөлімнен тұрады да 1494 мен 1530 жылдар аралығындағы оқиғаларды баяндайды. өмірбаяндық деректерден басқа «Бабырнамада» саяси, экономикалық, мәдени өмір жайлы мәліметтер, сондай - ақ жорықтардың, Орта Азияның, Ауғанстан мен Үндістанның қалалық және аулдық өмірінің сипаттамасы Бабырдың көрнекті замандастарының (Науои, Бинои және т. б.) портреттері беріледі.
«Бабырнама» Ферғанадағы 1494 жылғы оқиғаны Самарқан сұлтаны Ахмадтың Ферғанаға шапқыншылығын, Омаршейхтың өлімі мен он екі жасар Бабырдың таққа отыруын сипаттаудан басталады. Мәселелер мен оқиғалардың меңбері туындыда бірте – бірте кеңейс түседі.
Бабудың «Диуаны» дәстүрлі ғашықтық ғазәлдары мен төрт тармақты өлең жолдарынан тұрады, мұнда ол өтанына деген сағынышын төгеді, де оны жат жерде баурап алған жабырқауды сейілткісі келеді. Алыстағы Үндістанда оны тастап кетуге мәжбүр блған отаны жайлы ой тыныштық бермейді.
Өмірімде кездестірмедім бақытты мен,
Бақытсыздыққа болдым мен бейбақ.
Барлық ілімде сәтсіздікке,
Барлығы үшін барлығына қарыздар болдым мен бейбақ.
Тастап шығып өз Отанымды
Үндістанға тап болдым мен бейбақ.
Ұяттың қара күйесіне мәнгіге орандым ғой мен бейбақ.
Физули
(1494-1556)
Физули (Мухаммад Сулейман) Әзірбайжанда туды, алайда тағдыр оны Бағдадқа жақын маңдағы Кербела қаласына алып барды.
Физули Әзірбайжан, фарси, араб тілдерінде жазып бай әдеби мұра қалдырды, олар: хикаялы дастан «Лейли – Мәжнүн», «Диуан» (өлеңдер жинағы), ғазәлдардың үш жинағы, рубаилар, көркем проза жанрындағы саяси сатира «Шағымдар кітабы», философиялық трактат – «Сенімнің шығуы» мен көптеген лирикалық және лиро-этикалық шығармалар.
Өзінің парсы тілінде жазылған өлеңдер жинағының («Диуан») алғы сөзінде Физули өзінің шарыптың орнына үйсіз - күйсіз бақытсыз жат елдіктердің ыңырсыған әуенімен жұлмаланған жүректердің қанын ішкен той болып жатқан жерде тұрғандай сезімде екендігін жазады. Қасіреттің көзі болып табылатын оның егістіктерінде, тыныштық өмірдің самалы ешқашан да еспейді, ал олардың даласының үстінен жаңбырлары шаң дабысқан киімдерді жуып өтетін берекелі бұлттар көрінбейді. Қайреттің мұндай бағында жүректің гүлшанақтары жайылар ма екен, Қызылталдың бұлбұлдары сайрай ма екен?
Тұтқындағыдай өмір сүрсе мұнда адамдар,
бәле билеп – төстесе бәрін де.
Өнер жайлы армандау! Кімге берген мұнда ондай бақытты.
Физулидың осындай жағдайларда жаззылған, адамдарға деген ыстық махаббатпен нұрланған, олардың тағдырына деген терең жанашырлыққа адам өмірін жарқын, әдемі ету ықыласына толы орасан зор еңбек соншама жоғары бағалау керек. Мұндай адамгершілікке толы ойларды Физулидегі Мәжнүн де айтады.
Адамдар қасіретін арқалап алайын мен мейлін,
Аз болсыншы қайрет қай жерде болсын деймін.
Физули «Лейли мен Мәжнүн» дастанын Низамиден Хусроу Дехлеуиден, Жәми мен Науаидан кейін жазды. Алайда бұған қарамастан Физулидың дастанының өзіндік ерекше болмысы бар. Оның сюжетінің оқырманға белгілі болғандығын ескере отырып, ақын қаһармандардың уайым – қайғыларын беруге назар аударыды. Ол дастаннаң мәтініне Лейли мен Мәжнүн өздерінің нәзік те пәк сезімдерін төге түсетін ғазәлдарды енгізеді.
Айырылысу тақырыбтың ғасырлардың он бойында поэзияда әлеуметтік мәні болды. Физулидың поэмасы қоғамдың маңызы бар мәселелерді көтерді. Мәжнүннен ажыратылған Лейлиді өзі сүймейтін Ибн Саламға күйеуге береді. бүл олардың ешқайсысына бақыт әкелмейді. Бір – біріне деген сүйіспеншілікке негізделмеген неке тек қана қасірет алып келеді. Физули шығармашылығындағы ерекше орында прозамен жазылып өлеңдермен араласып датқан «Шекаетнама» («шағымдар кітабы») алып жатыр. Бұл шенеуніктердің парақорлығы мен сатқындығын, феодалдық мекемелердің сыртқы әсемдігінің ар жағында белң алған қатыгездік пен өзбырлықты әшкерелейтін ғажайып сатиралық туынды. Бұл шығармаға арқау болған ол терең өмірлік себеп. Қартайған ақын түрік султанының вакуфтық мүліктен, яғни қайырымдылық мақсаттарға жұмсалуға тиіс қаражаттан 9 теңге зейнетақы алу дипломына ие болды. Алайда, осы аз ғана ақшаның өзіне оның қолы жетпеді. Султан садақасы бос әурешілік пен лайық емес мазаққа қалдырды.
«Шиқастнама» - әзірбайжан көркем прозасының алғашқы елеулі үлгісі.
«Лейли мен Мәжнүн» мен Шиқаснамадан басқа Физули лирикалық өлеңдердің үш жинағын - әзібайжандың, парсылы және арабтың диуандарды, «Банг иа баде» («Шарап пен гашиш»), «Сиххат ва мараз» («Саулық пен ауру»), «Сухбат аль смар» («Жемістердің сухбаты») атты аллегориялық поэмаларды, поэтикалық сөзжұмбақтар кітабы «Муамманы» және өзге де шығармаларды жазды.
Фрасуа Рабле
(1494-1553)
Қайта өрлеу дәуіріндегі француз әдебиетінің өкілі Француа Рабле Турень аймағында Шинон қаласына жақын маңда адвокаттық отбасында дүниеге келді. Оны Шинонға жақын жердегі діни мектепке береді. Монастырьда оқып жүріп ол тиым салынған антикалық әдебиетке қызығады, грек тілі мен латінды үйренеді, үлкен ықыласпен Гомер шығармаларын оқиды. Жас шағында монах болды, содан соң махалла алады, алайда дін қызметкерлерінің міндеттерін орындамады.
1530 жылы Монпольға келіп, ол Гиппократтың «Афоризмдерімен» танылады. Лионда дәрігер болып жұмыс істейді. Италияда үш рет болады, көне Римнің тарихы мен мәдениетін зерттейді. 1530 жылы оның «Гаргантюа мен Тантагрюэль» атты эпопеясының алғашқы кітабы Алькофрибас Назьс атты лақап атпен шығады. Бес кітаптан тұратын эпопеясын ол 20 жылдан астам жазады. Бұл энциклопедия қайта өрлеу дәуіріндегі француз мәдениетінің ескерткіші.
1534 жылы Пантагрюэль әкей мен Гаргантюаның күйгелек өмірі жайлы екінші кітабы, 1546 жылы – ұлы мәртебелім Пантагрюльдің қаһармандық әрекеттері атты үшінші кітабы, 1552 ж – «Батыл Пантагрюэльдің» қаһармандық қылықтары мен нақыл сөздері атты үшінші кітабы шықты. Ол өлгеннен кейінгі «Пантагрюэльдің бесінші кітабын» (1564) шынайылығы жоққа шығарылады: оны беймәлім автор Рабледан кейін қалған қандай да бір материалдарды пайдалана отырып жасаған болуы керек. «Гаргантюа мен Пантагрюэль» - бұл Француа Роблені бүкіл әлемге әйгілеген шығарма.
Ол қалалық ауруханада дәрігер болып жұмыс істеді де гуманист ретінде бірқатар ғылыми басылымдарды шығарды (Манардидің «Дәрігерлік хаттары», Гиппократтың «Афоризмдері» өзінің түсіндірмелерімен бірге және т. б). Лионда Дабле – жазушының туылуы болды. Лионда Рабле саяси қайраткер әрі жазушы, әйгілі мемуарлардың авторы кардинал Жан дю Беллемен танысады да соның қасында қызметке кіреді.
Католиктік топтардың «Пантагрюэльдің» пайда болуына деген жауабы өте жылдам болды: 1533 жылы Сорбоннаның теологтары кітапқа тиым салады. Жазушының жауабы ретінде оның жауынгерлік рухының оған тән утопиялық армандар мен жарқын елестерінің үйлесімін үйлесімі ретін «Салтанат құрушы жанашыр» туындысы болды.
Алайда Рабле өз армандарымен қош айтысуы тиіс еді. 1534 ж. 18 қазанының түніне қарай әйгілі «Жарқағаздар түралы іс» айналады. Король окіметі бірден өзгереді: жақында ғана әдебиет пен өнердің қорғаушысы болған. Сорбоннаның шабуылынан гумманисттерді қорғаған Франциск I сөз еркіндігін шектейді.
Рабле Лионнан қашады. 1535 ж. маусымда ол Римге келеді, мұнда ол өзін күнәдан тазартатың папа Павел III Фанезенің қабылдауына қол жеткізеді. Рабле қайтадан діни дәреже алады, алайда монастырда көп тұрмайды. Кардинал дю Белленің қамқорығын пайдалана отырып Рабле дәрігерлік іс – тәжірибеге рүқсат алады да дәрігер емші болып жұмыс істейді, Монпельсте, Парижде, Лондонда және өзге де қалаларда анатомия курсын оқиды. 1538 – 1540 ж ж Рабле біресе анау қалада, біресе мынау қалада пайда болады, біресе бірнеше айға жоқ болып кетеді. Оның дәрігерлік қабілеті ғылыми әлем тарапынан мойындалған: ол Лионда, Монпельсда, Парижда, Туринде тәжірибе жүргізеді. Рабленің романы қайта басылып шығады, оның халық кітабы рухындағы жасырын қайта өзгертулері пайда, жазушінің беделі өседі. Өз кітаптарын теологтарының шабуылдарынан қорғауды мақсат етіп, 1542 жылы ол «Гаргантюа мен Пантагрюэльді» оның ең откір пассаждарын біршама жұмсарта отырып қайта шығарады. 1543 жылдың шілдесінде Франциск I- ші Раблені өзінің құзырындағы өтініштерді баяндап тұрушы етіп тағалбындайды. Алайда жоғары лауазым мен корольдің қамқорлығы Сарбоннаның жаңа олбыптарынан қорғап қала алмайды. Оның 1545 жылы жоғалады. Бәлкім осы кезде шет аймақта жүріп жазушы өзінің «Үшінші кітабын» ұрған болар.
Романда Рабле гуманистік тәрбие бағдарламасын ұсынады, бұған ең алдымен филологиялық пәндері, тарихты, жаратылыстануды, астрономия мен т. б. оқып – зерттеу кіреді. Гаргантюаның хаты – қайта өрлеу дәуіріндегі педагогикалық ойдың тарихынан алынған қызықты құжат. Жас Гаргантюа рыцарьлық дайындқтан да кездейсоқ өтпейді: Рабленің кітабы мемлекет басшысын тәрбиелеу туралы кітап. Бұл тақырып Грангузье мен Гаргантюаның Пикрохоль корольмен соғысы эпизодтарында құлаш жайған. Міне осында Рабле антитезадан бастайды: жазуші ақымақ топас және қатығез феодалдық билеушіні егжей - тегжейлі, әрі сатиралық тұрғыдан өткір бейнелейді. Пикрохаль өзінің наубайшыларының Грангузьенің шопандарымен ұрсып қалуының себептерін іздеместен-ақ әскер жинауға кіріседі.
Гаргантюа «оларға өзінің қайта ашқан кітап басып шағару шеберханасындағы станоктарға тұруға ғана бұйырды». (LI бөлімі). Расында да Гаргантюа Платонның «Мемлекеттер патшалар философ болған кезде нешесе философтар – патша болған кезде бақытты болмақ» деген ойын қайталауы кездейсоқ емес. Бұл сөздер дәуірдің алдынғы қатарлы адамдарының үмітін білдіреді.
Мейірімді Пантагрюэльдың қаһармандық әрекеттері мен сөздерінің үшінші кітабы он екі жылдан соң басылып шықты. Осы жылдардың ішінде Францияда көп нәрсе өзгерді. Рабленің өзі де, оның өнері де өзгерді. Біздің алдымызда әйтсе де таныс кейіпкерлер болса да, «Үшінші кітап...» бұрынғы екеуіне мүлдем ұқсамайды.
Гаргантюа мен Пантагрюэль – бұлар енді алыптар емес, жай ғана дана да мейірімді билеушілер. Оның үстіне басты қаһармандар енді олар емес, ісі де бойы да кішкентай, жеке дара тағдыры бар Панург.
Бұл жөнінде 1548 жылы жазылған «төртінші кітаптің» кіріспе бөлімінде, ағаш кесуші мен оның балтасы туралы мысалда айтылады.
«Төртінші кітап» - бұрынғыларының табиғи жалғасы. Енді пантагрюэльшілер Панург үйренуі керек пе әлде жоқ па деген сол баяғы сұраққа жауап алу үшін Құдіретті Шөлмектің жас тартады. Кітап теңіз саяхатның бірінен - соң бірінің болуымен байланысты көріністерге бөлініп кетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |