Г. А. Мейірманова Өнер тaрихынa кіріспе



бет36/102
Дата29.12.2023
өлшемі1.95 Mb.
#488324
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102
онер тарихы книга

11-тaқырып.


XVIII ҒAСЫРДAҒЫ ОРЫС БЕЙНЕЛЕУ ЖӘНЕ СӘУЛЕТ ӨНЕРІ


Мaқсaты: XVIII ғасырдағы Ресей көркемөнер мәдениетінің негізгі ерек- шеліктерін, қaрaстырылып отырғaн кезеңдегі тaнымaл шеберлердің шығaрмa- шылығын қaрaстыру.


І. Дәріс.


XVIII ғасырдағыорыс бейнелеу және сәулет өнері.
Қала ансамбліндегі классизмнің жетекші рөлі. XIX ғасыр- дың басында Орыс көркем академиясы Батыс Еуропа көркем академияларының алдыңғы қатарынан орын ала бастады. Орыс көркем академиясының алғашқы түлектерінің бірі – О.А. Кип- ренский.
XVIII ғасырдың бірінші жартысы мен XIX ғасырда Орыс көркем академиясы сурет мектебінің Ресейдегі ең үздік әдісте- мелік орталығы болып саналды. 1834 жылы А.П. Сапожниковтің
«Сурет салу курсы» атты жалпы білім беретін оқу орындарына арналған алғашқы оқулық жарық көрді. А.П. Сапожников әдіс- темесінің мақсаты көріністен, яғни тұлғадан қарап суретсалудың негізін қалайды.
1804 жылы училищелерде, гимназияларға, орта мектептерде суретпән ретінде қабылданды. 1879 жылы Строганов мектебінде сурет мұғалімдерін даярлайтын курс ашылып, Ресей мектебін бейнелеу өнері маманы бойынша мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды. Жалпы алғанда, бейнелеу өнеріне сабақ ретінде көңіл аударылуы, әсіресе тәрбиелік мәнінің зерттелуі 1970 жыл- дардың аяғы мен 1980 жылдардың басынан басталды. Өнердің дамуына көп үлес қосқандардың бірі – Андрей Рублев. Ол икона және шіркеулерге роспись жазуда ерекше орын алды. III Иван тұсында Мәскеу құрылысы кеңінен дамыды. 1475-1479 жыл- дары Мәскеу Кремльдегі Успен соборы салынды. Оның құры- лысына итальяндық сәулетші Аристотель Фиорванти шақы- рылды.
XVII ғасырда ағаштан жасалған сәулеттің даму кезеңі бол- ды. XVII ғасырдың екінші жартысындағы икона жазудың ше- бері – Симон Ушаков. Бейнелеу өнерінде алдыңғы көрініс, ор- таңғы көрініс, соңғы көрініс деген ұғымдар кеңістік ұғымын білдіреді. Кеңістіктегі суретшіге ең жақсы орналасқан заттардың бейнесі алдыңғы көрініс деп аталады.


16-сурет. Федор Рокотов. II Екатеринаның тәж кию рәсіміндегі портреті.
1763 жыл. Мәскеу. Третьяков галереясы
Ал Петров кезеңіндегі жанды бейнеде портрет маңызды рөл атқарды. Мысал ретінде Я.Ф. Тургенев бейнесін алуға болады. И.Н.Никитин сол кезеңде жанды бейне жасауда еңбектенген суретшілердің бірі. Ол білімін жетілдіру мақсатында Италияға барып келді. Никитин Петр портретін әлденеше рет салды.
А.М. Матвеев есімі Петропавл соборында орындаған қабыр- ға суреттерімен, портреттерімен белгілі. Ол «Жанды бейне Ал- лергоясы», «Әйеліммен бірге» автопортет жұмыстарымен ерек- шеленеді.


17-сурет. Федор Алексеев. Петропавл қамалынан Сарай жағалауының көрінісі.
Мәскеу. Третьяков галереясы




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   102




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет