Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет17/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76
АШМ

Бақылау сұрақтары:
1.Жер бетімен суару тәсілдерін атаңыз?
2.Жер бетімен суғарудың ерекшелігі мен ондағы артық ағынды суды кемітудің жолдары қандай?
3.Палдар арқылы суғару түрінің артықшылықтары?
4. Жайып суару түрінің кемішіліктері?
Дәріс № 5.
Тақырыбы: «Ауыл шаруашылық дақылдарды суару техникасы»
5.1. Суару машиналары
5.2. Жаңбырлатып суару әдістері
5.3. Суды орташа шашырататын импорттық жаңбырлатқыш машиналар

Суару машиналарына ППА-165У, ППА-300, 80 маркалы (5.8-сурет), жылжымалы қүбырлы-сугарғыш ПТ-250 агрегаттары (сурет) жатады. Олар кәдімгі мелиоративтік матадан жасалған шлангалармен жабдықталған. Шлангілерге суды трактордың артында орналасқан су сорғышпен береді. Шланга бойының әрбір 60-70 см аралығында диаметрі 8-12см тығынды ойық болады. Сол ойық арқылы су қарықка, палға құйылады.



Сурет. ППА-165У (а) және ППА-300, 80 (б) агрегатттары.

Кәдімгі жаңбырлатқыш ДДА-100МА агрегатын суару машинасына айналдыруға болады. Ол үшін төменгі фермадағы дефлекторлы саптамаларды алып тастап, оның орнына ұзындыгы әр түрлі (жерге 5-6 см жетпей тұруы керек) диаметрі 4-5 см резеңке шлангаларды жалғау керек. Агрегат бір орында тұрып егістікті суғара береді. Су резеңке шлангалар арқылы карыққа ағады. Мұндай әдісті жаз айларында желдің жылдамдығы шамадан тыс болатын аудандарда пайдаланған тиімді.



Сурет. Жылжымалы құбырлы-суғарғыш ПТ-250 агрегаты.
Кесте. ППА-165У агрегатының техникалық сипаттамасы



Көрсеткіштер

ППА-165У

1

Су өткізгіштігі, л/с

270-300

2

Cv қысымы, МПА

0,06-0,03

3

Суармалы шлангалардың ұзындығы, м

400




диаметрі, мм

350




ұзыннан 1 метрінің салмағы, кг

0,52

4

Cv өткізгіштер саны

125

5

Өткізгіштердің су өтімі, л/с

2,5

6

Өндірілімдігі. 1200 м3/ra кейде га/сағ

1,03

7

Қамтылатын жер алымы, м

500

8

Бір мезгілде қамту көлемі, га __

8-10

9

Маусымда суарылатын жер көлемі, га

220





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет