Су қоймасынан асқан суды пайдалану. Су қоймаларынан артық және тасқын суды ағызып жіберу үшін, арнайы су жібергіш гидротехникалық қүрылым салынады. Осы артық суды пайдалану үшін су қоймасы бөгетінен темен жерлерде көлтабан жүйесі салынады. Бұл келтабандар таяз болуы мүмкін. Оларды жайылым ретінде пайдаланған дұрыс.
Көлтабандар мен суарылатын жерді таңдай білу. Мұндай суаруға еңістігі бір қалыпты және аздау (0,001-0,002) болатын жерлер өте ыңғайлы. Топырақтың түзы болмауы керек және жер асты ыза суы терең жатқаны дұрыс.
Колтабанды пайдаланудың ең бір маңызды мәселесі, сол көлтабан суының пайда болатын жері және одан шыққан судың жайылатын ауданы болып табылады. Сондықтан да, оларды анықтау үшін, алдын-ала бақылау жұмыстары жүргізіледі. Содан соң топографиялық сүлбе салынып, көлтабанның жобасы жасалады. Ол жобада жер қыртысын көрсететін сызықтар әр 0,5 метрден жүргізіледі. Топографиялық сұлбада су жиналатын және суарылатын ауданның шекарасын белгілейді.
Бақылау сұрақтары:
1.Төгінді сумен суғарудың негізгі ерекшеліктерін атаңыз?
2.Төгінді судың түрлерін атаңыз?
3.Төгінді сулардың қоршаған ортаға тигізетін әсерлерін атаңыз?
4.Көлтабан суғару деп қандай суғаруды атайды?
5.Көлтабан суғарудың түрлерін атаңыз?
6.Көлтабан суғарудың ерекшеліктері мен кемшіліктерін атаңыз?
Дәріс № 10.
Тақырыбы: «Орман және құм мелиорациялары»
10.1. Орман мелиоративтік жүйесі және оның экологиялық пайдасы
10.2. Екпе ағаш отырғызбаларының әсері
Орман мелиоративтік жүйесі деп ауыл шаруашылыгында пайдаланатын жүйелі тұрде егілетін екпе ағаштар ментал, бүта алқаптарын атайды. Ауыл шаруашығына ауа-райының кейбір қолайсыз жағдайларының тигізетін зиянына қарсы күресте орман мелиорациясының маңызы ерекше. Ол әсіресе, егістік жердің микроклиматын жақсартып, қүргақшылықтың, зиянды әсерін азайтады, егістікке еріген қар суын сақтай отырып, топырақтың ылғалдылығын көтереді. Екпе ағаштардың, тал мен бүталардың эрозиялық процестерді тоқтатудағы маңызы өте зор екенін ұмытуға болмайды. Жоғарыда айтқандай құрғақшылық жылдары екпе ағаштардың тал, бүталардың егістік алқаптың өнімін төмендемеуіне әсерін ылғал сақтау, қар токтату арқылы тигізеді. Мысалга В.Я.Векшегеновтың дерегі бойынша, Торғай облысының "Дальний" шаруашылыгында екпе ағаш пен көмкерілген егістіктің өнімі екпе ағаш көмкермесі жоқ егістікке Караганда қүрғақшылық жылы 2 есе көп болған.
Суғармалы жерлердің 4-5%-не міндетті тұрде екпе ағаш отырғызылуы керек. Екпе ағаштар қабатының- ені 10-12 метрден кем болмауы керек. Желдің зиянды әсері егістікке тимеу үшін бір жерге отыргызылған екие ағаш пен екінші жерге отыргызылган екпе ағаштар жолағының ара қашықтықтары 200 метрден 500 метрге дейін болады, ал көлденең отыргызылган екпелердің ара қашықтыгы 1000-1500 метр болады. Өте ірі каналдардың бойына ені 50 метрден 200 метрге дейін екпе ағаш отыргызады. Шаруашылык каналдың бойына 4-8 қатар екпе ағаш еккен лазым, ал шаруашылык кегалдарының бойына 2-3 қатар егілуі керек. Әр қатардың ара қашық- тыгы 1-2 метр. Егер каналдардын түбінде көп түнба заттар жиналатын болып, оны механикалық тұрде аршып тазалайтындай жағдай болса, екпе ағаштар каналдың бір жағында ғана отыргызылуы керек (көбінесе жел жағында). Екпе ағаштардың қажетті тұрлерін таңдай білген дұрыс.
Биік өсетін ағаштардан егілетіндер - терек, емен, үйеңкі, шаған, ал кысқа бойлы жайылып өсетін ағаштар қатарына ақ-тал, көктал және т.б. Ауыл шаруашылыгында пайдаланатын екпе ағашты 4 түрлі ернек тәсілімен отырғызады. (9.1-кесте).
Қүргақшылық жиі болып тұратын жерлерде екпе торлы желдеткіш, желдеткіш өрнек тәсілдерімен отырғызып, ал қатты жел болатын өлкелерде торлы өрнек тәсілімен егілуі керек. Бірінші жағдайда топырақта ылғалдылық көп сақталса, екінші жағдайда өрнек тәсілі жел эрозиясының әсерін төмендетеді.
Қазақстанның батысында және солтүстігінде күрғақшылықка және жел эрозиясына қарсы күрес 1934-1935 жылдары Ақтөбе, Орал, Солтүстік Қазақстан облыстарында екпе ағаш отырғызу арқылы басталған. Деректер бойынша 1948 жылдары екпе ағаш 17,5 мың гектардан 1969 жылы 31 мың гектарға жеткізілді.
Сонымен қатар екпе ағаштар су қоймаларының айналасына, кала және де басқа елді мекендер маңайында да отырғызылады. Қала, аудан орталықтарының, елді мекендердің айналасындағы екпе ағаштар, тал бұталар егістік жерлерді зауыт-фабрика қоқыс түтіндерінің залалынан сақтайды. Микроклиматтың және топырақтың қүнарлылығын көтеру бағытында ауаны тазартудағы пайдасы үшан теңіз десе болады.
9.1- кесте. Жел эрозиясына қарсы, ылғал сақтау үшін екпе ағаш отырғызу өрнек тәсілдері (П.Д. Никитин бойынша).
Ағаш отырғызу өрнек тәсілдері
|
Саңылау саны
|
Ескерту
|
Ағаштың жоғарғы жағы
|
Ағаштың төменгі жағы
|
Торлы-желдеткіш
|
15-35
|
60
|
Талдың жапырақтанып
|
Желдеткіш
|
0-10
|
60
|
тұрған кезшдеп өлшем. Жапырақ түскенде бұл өлшем 2-2,5 есе көбейеді.
|
Торлы
|
15-30
|
15-30
|
|
Тығыз
|
0-10
|
1-10
|
|
Егістік жерлердегі жекеше отырғызылған екпе ағаш қорғандар өздігінше белгілі агрономиялық және биологиялық дәрежедегі керсеткіштерге жете алмайды. Олар белгілі бір ішкі шаруашылық орман мелиоративтік жүйе кұрамында болуы керек. Орман мелиоративтік жүйе (ОМЖ) деп белгілі табиғи географиялық жерлерде еп, жоғары экономикалық көрсеткіштер беретін біріменбірі мелиоративті байланыста орналасқан орман жолақгарын айтады. Олардың қүрамына әр түрлі шаруашылық қызметіне жарайтын егістік жерлердегі танап қоршау ағаш жолақтары, ор-жар бойындағы; езен - тоған, су, құмды бекіту, жайылым жерлерді қорғау үшін егілетін және жол бойындағы екпе ағаштар кіреді.
Орман мелиоративтік жүйесі алып жатқан көлеміне, табиғатқа тигізетін әсеріне қарай бірнеше топқа бөлінеді:
жекеленген ОМЖ - жекеленген шаруашынықты ғана қамтиды. Оның ауданы 10-15 мың гектар;
ішкі шаруашылық ОМЖ - бұл да жекеленген шаруашылықта болады. Бірақ оның ауданы 40-70 мың га;
шаруашылық ОМЖ - 4-5 шаруашыльщтың жерін қамтиды. Оның ауданы 200-350 мың гектар;
аймақтық ОМЖ - белгілі ауданның жерін қамтиды. Оның ауданы 0,85-0,95 млн га;
өлкелік ОМЖ - белгілі агро-орман мелиоративтік өлкені қамтиды. Онын ауданы бір миллион гектарға дейін жетеді.
Достарыңызбен бөлісу: |