2. Колтабандап суару /лиман/ - Республиканың көп жерлерінде коктемде қар еріп, өзендер тасып, алқаптар көлтабандап жатады. Еңістігі үлкен жерлерде мұндай су ағындары жер бетін опырып бүзып, қүнарлы қабатын жуып әкетіп отырады. Сонымен қатар, еріген қар сулары жер бетіне тегіс жайылмауы арқасында, кейбір жерлерде топырақ батпақтанады. Оларды болдырмау үшін, осы суларды таяз ойпаң жерлерге немесе олардың ағатын жолына арнайы бөгет тұрғызып, ағынын тоқтатып жинайды. Мұндай кішігірім су жиынын көлтабан деп атайды. Су сол жерге сіңеді, Содан соң ол жерлерге әр түрлі дақылдар егіп, үлкен өнім алуға болады. Мұндай жерлердегі өсімдіктерді жаз айларында суғармайды. Олар тек топырақтағы бар ылғал арқылы өсіп-онеді. Сондықтан, бұл жерлерге өсіп-өнуі қысқа мерзімді өсімдіктерді еккен жөн. Сонымен көлтабандап суару деп-көктемдегі қар ерігендегі тасқын су арқылы бір рет сугарылған жерді айтады. Мұндай сутару Қазақстанның Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Орал т.б. құрғақ өлкелерінде көп тараған. Оның жалпы ауданы 1,2 млн гектар.
Көлтабандап суарудың басқа жерлерге Караганда басты артыңіиылыгы оның қүрылыс жүйелерінің қарапайымдылығында. Жасанды бегет, тоспа жасау арзанға түседі. Көлтабан орналаскан жерлерде топырақ эрозиясы, жыралар болмайды, екпе дақылдардан арзан және мол өнім алынады. Ал кемшілігі, оған келетін су мөлшері жыл сайьш өзгеріп отыруы. Осыған байланысты суғармалы жер ауданы да тұрақсыз болады. Сонымен қатар, кей жерлерде топырақ көп, ал кейбірінде оте аз ылғалданады. Осыган байланысты өнім де әр түрлі алынады.
Көлтабан суару Қазақстан Республикасында 1951 жылы Солтүстік, Орталық және Батыс облыстарында басталган еді. 1951-1957 жылдары мұндай суару ауданы 170 мың гектарға жетсе, Қазір Республикада 1200 мың гектар жер көлтабандап сугарылада.
Қазақстан мемлекетінде осындай жерлердің көктемгі тасқын су мөлшері-13319 млн м3 шамасында. Ягни, 4439 млн гектар жерді көлтабандап суаруға болады.
Пайда болу ерекшелігіне қарай көлтабанның екі түрі болады: табиғи (табиғаттың өзі жасаған) және жасанды (адам әсерімен жасалған) көлтабандар.
Достарыңызбен бөлісу: |