Табши көлтабандар табақ тәріздес, ауданы бірнеше жүз гектарга баратын түйық ойпаң жерлерде пайда болады. Еңістігі біркелкі және баяу болып (0,002-0,0004) көлтабанның ортасына бағытталады.
Жасанды көлтабан екі тұрде жасалады: саяз және терец. Саяз жайылманың терең көлтабанга қарағанда артықшылығы бар. Мұндай көлтабанды көктемгі ылғалдандыра суару өте жеңіл жүреді және суды тоқтататын богет өте қарапайым болады.
Көлтабандагы судың орташа тереңдігі 0,5-0,3 м. Орналасуына байланысты: бір тоспалы және көп тоспалы болады.
Көлтабандагы гидротехникалық қүыльшдарға бөгет пен жал жатады. Бөгет пен жалдың жоғаргы жағында ені екі-үш метрлі жол болады. Жиналып қалған артық суды көлтабаннан тез жіберу үшін су жібергіш құрылысы салынады. Жер қыртысына, тереңдігіне және су көзіне байланысты келтабанның әр түрі болады. (7.2-сурет)
Су көзіне байланысты: тікелей толтырылатын, өзен суымен толатырылатын, қойма суымен олтырылатын көлтабандар болады.
Жер көлденең орналаскан, қиялап орналасқан сақина тәрізді, бір тоспалы (қарапайым көлтабан), көп тоспалы көлтабан. Тереңцігі бойынша: терең; таяз көлтабандар болады. Тікелей толтырылатын колтабан тегістеу қия, табиғи сай жерлерде салынады. Олар еріген қар суы арқылы толтырылады. Қар суының ағатын жолына топырақтан богеп салыт тосқауылдайды. Су мөлшеріне байланысты, көлтабандар бір тоспалы немесе көп тоспалы болады. Көп тоспалы көлтабанда көлтабандар бірінен соң бірі толтырылып отырады. Жайлымды көлтабандар өзен арналарында орналасады да, тасқын сумен толады (7.3-сурет). Мұндай жерлердің мелиоративтік жағдайы нашарлау болады. Бірақ, дұрыс пайдаланса, мол онім береді.
Сурет. Өзен суымен толатын көлтабан.
Қойма суымен толтырылатын көлтабандар су қоймаларына жақын орналасады (7.4-сурет). Оган қоймадан шыққан артық су ғана барады. Кейбір жылдары ондай су болмауы мүмкін де, көлтабанга су бармай қалады. Осыған баланысты осы жерлерді суару үшін, қосымша шараларды жобалаған дұрыс.
Көлтабан жүйелерінен тұрақты және жоғары өнім алудың маңызды шарты су қаптатудың үзақтығын, тереңдігін және мерзімін сақтау болып табылады. Сондықтан, олардың жобасын жасаганда мына төмендегі шарттарға назар аудару қажет: ол-жайылма суды пайдаланудың колайлы жұргісін, жобалаган көлемде тегіс су қаптатуды, артық суды дер кезінде ағызуды, суды автоматты әдіспен бөлуді; тұрақты және мол өнім алуды;
мелиоративтік жағдайды нашарлатпауды қамтамасыз етуі тиіс.
Қазіргі кезде еріген қар суын, тасқын суларды тиімді пайдаланудың көптеген жолдары бар.
Сурет. Су коймасынан толатын колтабан.
Еріген кар суын өзі пайда болған жерде сіңіру. Ол үшін бүкіл жерді айдауды еңістікке көлденең және тереңдігін 25.. 27см-ге жуық етіп жүргізу керек. Мүмкіндігі болса, топырақты 40 см тереңдікке дейін қопырсытқан дұрыс. Айдаудан соң тырмалау керек. Мұндай айдалган жерде қар суы толық топыраққа сіңеді. Айдалган жер неғұрлым ойлы, биік болса, согүрлым кар суы сіңімді болады. Ол үшін соқаның бір пышағын үзартқан дұрыс. Мұндай соқа айдау кезінде еңістікке көлденең орналасқан белдеу береді. (сурет).
Сурет. Еңістікке көлденең орнаяасқан су үстағыш белдеудің көлденең қима көрінісі.
Қар суын осылай ұстау топырақтың ылғалдылыгын едэуір кобейтеді. Мысалы, Волга бойында жаздық дақылдарды егер алдында осындай жұмыстың арқасында әр 1 гектар жерде ылғалдылық 250-500 м3-ке кобейген. Мұндай жұмыстарды Қазақстанның тыц жерлерінде жүргізген өте қолайлы және тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |