Бақылау сұрақтары:
1. Екпе ағаш отырғызбаларының әсері неде?
2.Құмды мелиорациялау қалай жүреді?
3.Құмды мелиорациялау түрлерін сипаттаңыз?
4.Механикальщ тосқауыл түрі?
5.Физикалық- химиялық тосқауыл әдісі?
6.Екпе ағаш тосқауыл әдісі?
Дәріс № 11.
Тақырыбы: «Суармалы егістіктің тұздануы және оны кәріздеу»
11.1. Топырақтың тұздануының себептері және оның табиғатқа келтіретін зияңы
11.2. Суармалы жерлерді кәріздеу
Топырақтың мелиоративтік жағдайының нашарлауы ондағы тұздың көбеюінен болады. Топырақ тұздалуының екі түрін атауға болады: бірінші және екінші рет тұздану. Бірінші рет тұздану табиғи тұзды жерлер болса, екінші рет тұздану адам әсерінен көбінесе суғармалы жерлерде пайда болады.
Сор топырақ, орманды дала, дала, шөлейт және шөлді аймақтардағы құрғақ климат жағдайында топырақтың тұздануы нәтижесінде қалыптасады. Құрамында суға тез еритін тұздар көлемі 1%-дан артық болады. Сор топырақ 2 типке бөлінеді: автоморфтық сор топырақ жер бетіне ежелгі тұзданған жыныстардың шығуынан қалыптасады, құрамында тез еритін тұздардың көлемі 0,5 – 1%-ды құрайды (сульфаттар, хлоридтер), гидроморфтық сор топырақ минералданған топырақ – жер қыртысы суларының жер бетіне жақын орналасуы, олардағы тұздардың булануы барысында жоғарғы горизонтта 6 – 8%, одан да көп мөлшерде тұздардың жиналуы жағдайында дамиды. Қолдан суарған кезде жер асты ағысы жоқ немесе ағысы өте нашар жерлерде көп ұзамай жер асты ыза сулары пайда болып, олардың деңгейі жоғары көтеріліп, бетіне жақындап, буланып, топырақ бетінде мол тұздар қалдырады. Бұл жағдайды топырақтың екінші сорлануы, яғни жерді суарумен байланысты сорлану деп атайды. Құрамында тұзы мол сор топырақ немесе тұзы аздау сорланған топырақтар онда өсетін өсімдіктер үшін өте зиянды. Сор топырақта тұздардың деңгейі жоғары болса, өсімдіктер өнімі соғұрлым төмен болады. Сондықтан суармалы егіншілік жағдайында топырақтың сорлануымен күресу – басты мәселелердің бірі. Жер асты ағысы нашар алқаптарда сорланған топырақтарды тұщы сумен шайып, ыза суларды қолдан қазылған кәрізді-коллекторлы жүйелер арқылы басқа жаққа ағызу қажет.
Жалпы сор топырақ өзінше белдем түзбейтін, белдемаралық топырақтарға жатады. Сор топырақтарды қолдан жақсартпайынша, оларды ауыл шаруашылына пайдалану тиімсіз. Орталық Африкада, Австралияда, Солтүстік Америкада, Каспий жағалауларындағы ойпаттарда, Солтүстік Қырымда, Орталық Азияда, Қазақстанда таралған. Сор топырақтарға қопсытқаннан кейін дәнді дақылдар мен көкөніс, мақта, қой және түйе жайылымына арналған шөп өсіреді.
Топырақ тұздануы көбінесе ауа-райы өте ыстық жерлерде, әсіресе олардың көбі Ауғанстаннан бастап, Мороккоға дейінгі шығыс елдерінде кездеседі. Ауғанстанда 70% суғармалы жер тұзданса, Пәкістанда 80%, Иран-Иракта 70%-дай шамасы. Тұзданған топырағы ең азы - Болгария мемлекеті. Бұл елде топырақтың 1-1,5м кабатында табиғи құм, қиыршык деңгейі бар. Ондай жерлерде еш уақытта топырақ екінші рет тұздалмайды. Қазақстан жерінде тұздалган топырақ көбінесе Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында.
Топырақтың тұздануы ондағы тұз санына байланысты 4 топқа бөлінеді (кесте).
Кесте. Топырақтың тұздану дәрежесі, %
Тұздану дәрежесі
|
Тұз мәні, %
|
Өнімге тигізетін әсері
|
Аз тұздалған топырақ
|
0,3-0,6
|
Өнім 10-30% төмендейді
|
Орташа тұздалған топырақ
|
0,6-2,0
|
Өнім 30-50% төмендейді
|
Өте көп тұздалған топырақ
|
2,0-3,0
|
Өнім 70-80% төмендейді
|
Сортаң топырақ
|
>3
|
Ештеңе өспейді
|
Суғармалы жерлерді мелиоративтік жағдайына байланысты үш топқа бөлуге болады:
|