Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Екпе ағаш отырғызбаларының әсері -



бет38/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76
АШМ

2. Екпе ағаш отырғызбаларының әсері - Екпе ағаштар біріншіден, маңайындағы микроклиматты жақсартады. Микроклимат деп, шағын көлемдегі аймақтың климаттық көрсеткіштерін айтады: ауа ылғалдылығы, температурасы, қысымы және т.б. Жоғары өнім алуда микроклиматтың әсері зор.
Егістік жерлерді көмкере отырғызылган екпе ағаштар сол жерлердің микроклиматын жақсартуга әсерін тигізеді. Мұндай екпе отырғызбалар жел жылдамдығын азайтады. Топырақтан ылғаідың бұлануын реттеп төмендетеді, жел эрозиясын және танаптағы қарлардың басқа жаққа үшып кетуіне жол. бермейді.
Екпе ағаш отырғызылған танаптардың жаз айларындагы топырағын бетіндегі температурасын ағаш отыргызылмаған жерге Караганда 5-6°-қа төмендетеді, ал салқын күндері 4-5° жоғарылатады. Сонынен қатар, ауа ылғалдылыгы да 9-11%-ке көтеріліп немесе екінші жағдайда 3-7%-ке төмендейді. Мұндай жер бетіндегі ауа құрылысы есімдіктердің өсіп-өнуіне жақсы әсерін тигізеді (9.1-сурет). Екпе ағаштардың топырақ ылғалдылығына әсерін егістік жерлерде кыста жауған қарды толық ұстап қалу, ылғалдылықтың бұланып үшуын азайту, жел әсерін төмендету арқылы білдіреді. Бұл әсер екпе ағаш отырғызу конструкциясына байланысты. Ең жақсы әсерді 3-4 қатар торлы желдеткіш түрінде отырғызылған ағаштар береді. Ал тығыз отырғызылған жағдайда пайдалы әсерлері төмендейді. Отырғызылған ағаш қатарына байланысты топырақ ылғалдылығы да өзгеріп отырады. Мысалы, топырақтағы пайдалы ылғалдылық мөлшері 1 катар жолақта 45 мм болса, 15 қатарлы жолақта 163 мм болады.
Суғармалы жерлерде отыргызылган екпе ағаштар жер асты суы деңгейінің көтерілуіне жол бермейді. Осының арқасында топырақтың жоғарғы қабатындағы тұз төменгі қабатқа ауысып, оның құнарлығы жоғарылайды. Ағаш екпелер топырақтағы азотты бактериялардың тіршілігін жылдамдату арқасында нитратты азотты 18-25%- га дейін көбейтеді.
Орман мелиорациясының табигатқа тигізетін әсері элі терең де және жаң-жақты толық қамтылып қаралмаган. Дегенмен, кейбір жарияланған деректерге сүйене отырып, екпе ағаштардың қоршаған ортаға тигізетін мелиоративтік әсерін көрсетуге болады.

Сурет. Каналдар мен алкаптардың бойына екпе ағаштарының орналасуы.
Орман мелиорациясының агрономиялық маңызынан басқа да экологиялық маңызы бар. Бір гектар ақ қайың орманы жылына 2-3 центнерге дейін үшатын заттар шығарса, қарағай 5 центнерге дейін шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет