Физикалың - химиялық тосқауыл әдісі. Соңғы кезде шетелдерде күм бетін желімдеу әдісі пайдаланылып жүр. Ол үшін арозин немесе арланды мүнай пайдаланылады. Шамамен әр гектарға 3-5 тоннадан беріледі. Желім затты механикалык жолмен шашады. Құм бетінде қабыршақ пайда болады. Ондай қабыршақ 2-3 жылға дейін шыдайды.
Егер құмға егін егетін болса, бұл препараттарды егінді сеуіп болған соң шашу керек. Препараттардың есімдікке адамға және жануарларга еш зияны жоқ.
Сонымен катар, күмның жылжуын тоқтату үшін битумның су коспасын пайдалануға болады. Құм бетіне битумды суга араластырады да, шашады. Су құмға сіңеді немесе бұланын кетеді, ал битум құм бетінде жүқа кабатты кабыршаққа айналады. Әр гектарга -0,5-1,0 тонна битум кажет. Оның қызметі 1-2 жылдан аспайды.
Шөп егу тәсілі. Құмның бетқабатының жылжымалылығын тоқтату үшін, құм бегінде шөптің арнайы тұрлері себіледі. Құмдъщ арпа - көп жылдық тамырлы өсімдік. Биіктігі 1,0-1,5 метрге дейін болады. Жогаргы ауа температурасына шыдамды, құммен көмілген жағдайда тіршілігін тоқтатпайды. Бірақ ылғалдылықты кажет етеді. Мал азығы ретінде пайдаланылады.
Құмдық арпа Каспий, Арал теңізі маңайларында жақсы өседі, Сепгш - көп жылдық өсімдік. Тамыры кебінесе күм бетіне жақын жатады. Күммен көмілген жағдайда тіршілігі тоқтап қалуы мүмкін.
Сондықтан мұндай шөп еккен жерде механикалық тосқауыл жасаған жөн. Сібір житнягі - көп жылдық дәнді өсімдік. Биіктігі 50-80 см, ал жапырагы 10 см болады. Аз жылжымалы құмды жерлерде пайдаланған.жөн. Өте жақсы мал азығы болып табылады.
Кұмыршақ - бір жылдық шөп. Биіктігі 0,5-1,0 м дейін болады. Тамыры өте тыгыз болады да, құмның беткі қабатына жайылып жатады.
Бұл өсімдіктерден басқа да тұрлер көп. Оларды жер ерекшелігіне. белгілі табиғи мүмкіншіліктерін ескере отырып таңдаған жөн.
Екпе ағаш тосқауылы. Жылжымалы құмды бекітуге екпе ағаштарды адамдар ерте кезден пайдаланған. Украинаның Донецк төңірегіндегі құмында 1802-1818 жылдары Н.Я.Даншлевскийдің басшылығымен 1 мың гектар жерге ағаш отыргызылган. Қазақстанда да XX ғасырдың басында құмды жерлерге екпе ағаштар отырғызылғаны мэлім.
Кұмды жерлерде кең тараган ағаш тұрлері қызыл жыңгыл (salik acutifalin), сары жыңгыл (sdaphnoides); Каспий ивасы (s.caspica). Мұндай ағаштардың тұрлерінен жасалған биіктігі 6-8 метрлі белдеу 30-40 метр көлеңке береді. Күзде жүйек арқылы отырғызады. Жүйек тереңдігі 20-25 см, ара қашықтығы 1,5-2,5 метр. Олар жел багытына көлденең орнатылады. 1 гектар жерге 5-6. mj ағаш сабагы керек. Жыл сайын күзде сабақтарын кесіп алып, себеттер тоқуга және т.о. пайдалануга болады. Олардың тіршілік мерзімі 13-15 жылдан аспайды.
Құмды бекіту үшін жүзгін, тамариск, черку, қандым және т.о. талшыктар пайдаланылады.
Құмды және құмайт жерлерге карағай, емен, терек, акация ағаш тұрлерін отырғызған жөн болады. Оларды жол бойына көлденең отыргызады. Бір катар мен екінші қатардағы ағаш аралығы 100-300 метр, ал жолақ ені 10-25 метр шамасында болғаны дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |