Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЭТИКА



бет5/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76
АШМ

ОҚУ ПӘНІНІҢ САЯСАТЫ ЖӘНЕ АКАДЕМИЯЛЫҚ ЭТИКА

  • Сабаққа кешікпей келу.

  • Дәрісте сөйлеспеу.

  • Сабақ кезінде ұялы телефон арқылы сөйлесуге болмайды.

  • Сабақтардан қалмау .

  • Оқыту үрдісіне белсенді қатысу.

  • СӨЖ, аралық және соңғы бақылау тақырыптары мен тапсырмаларын уақытында тапсыру. Бағаны қөтеру үшін тақырыптарды қайтадан тапсыруға рұқсат берілмейді.


ТЕРМИНОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІГІ (ГЛОССАРИЙ)
Аңыздық егіс- топырақты өндемей, аңыздың үстіне тұқым себу. Мұндай егіс топырағы эрозияға ұшырайтын құрғақшылық ауданда жүргізіледі.
Астықты кептіру- құрамында артық ылғал бар астықты кептіріп, белгілі қалыпқа келтіру.
Ауылшаруашылық мелиорация- жер қорын тиімді пайдалану үшін топырақ жағдайының қолайсыздығын, ылғал тапшылығын, агроауа райы жайсыздығын жоюға бағытталған, шаруашылық және техникалық шаралар жүйесін ұйымдастыру.
Богара ( перс тілінен бехар – көктем) – суармалы егіншілік аудандардағы жерлер, онда а/ш дақылдар суармасыз, көктемдегі жауын шашын мөлшерін пайдаланып өсіріледі.
Бозқырау (суық ұру) – жағымды орта тәулік ауа температурасында топырақтың және өсімдіктің беткі қабатына өсіп даму кезеңінде температураның 00С төмен түсуі.
Дымқылдатып суару – топырақтың ( 1,5-2 м) қабатында ылғал қорын жасау үшін күзде жүргізіледі, оны а.-ш. дақылдар келесі көктемде және жаздың басында пайдаланады.
Егу алдында суару- топырақтағы ылғал қорын молайту, тұқым қаулап өнуі, алғашқы кезеңінде өсімдік жақсы жетілуі үшін атқарылады.
Егістіктің фотосинтездік мүмкіндігі (ФП) – екпе өсімдік егісінің бүкіл өсуі кезінде фотосинтез үшін күн қуатын пайдалану мүмкіндігі.
Жаңбырлату- арнайы құралдармен топырақ пен өсімдіктер бетіне
жаңбір сияқты су шашатын ауылшаруашылық дақылдарды суару тәсіл.
Жаңбырлату машиналар және қондырғылар – а/ш дақылдарды жаңбырлату тісілмен суару үшін пайдаланады. Көп тіректі кең алымды «Фрегат», екі консольді (ДДН-100МА), алыс шашатын (ДДН-100) және т.б суару қондығылар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет