Жауын-шашын- жер бетіне тамшы түрінде немесе қар күйінде түсетін әуе ылғалы.
Жер құрғату- топырақтың беткі қабатындағы қалыптан тыс ылғалды азайту.
Жерді қалпына келтіру- кен қазу жұмыстарына, геологиялық зерттеулерге, құрылыстарға байланысты істен шығып бүлінген жерлердің өнімділігін қалпына келтіріп , халық шаруашылығының маңызын көтеру үшін атқарылатын жұмыстар жүйесі. Ол орта жағдайына да қолайлы әсер етеді.
Жиынды су пайдалану – 1 га егістікте өсіп-жетілу кезеңіндегі өсімдік транспирациясы мен топырақ бетінің булануын ескере отырып дақылдың өнім қалыптастыруына шығындалған мм, немесе м3- пен алынған судың мөлшерін сипаттайды.
Көлтабандап суару, көлдетіп суару – қар суымен, тасқын сумен, т.б. сулармен көктемде бір рет мол етіп көлтабандап суару.
Көлтабан (Лиман) – теңіз және өзен жағалауындағы су басатын алқап.
Қуаншылық (құрғақшылық) – топырақ немесе ауа құрғақшылығымен қоздырылған ұлпа құрғатуын және қыздыруын өсімдіктермен қотеру қасиеті. Қуаншылық өсіміктерге шай жүгері, судан шөбі және табиғи жерлерде өсетін ксерофит тобана жататын өсімдіктер жатады. Қуаншылыққа орташа төзімді өсімдіктер: жүгері, тары, итқонақ, арпа, бидай және т.б., аз-маз төзімділер: сұлы, күріш және т.б.
Көлдете суару- суару әдісінің түрі. Бұл, әсіресе , көктемде атқарылады.
Пайдалы ылғал- өсімдік толық пайдалана алатын ылғал.
Солу – ылғалдың жетіспеуіне байланысты өсімдіктің жапырақ, сабақ тамырының солуы.
Сортаң жер- құрамында көбінесе натрий, онай еритін тұздар болатын топырақ. Далалық , шөлейт, шөлді аймақтарда кездеседі. Онда қара жусан, көкпек, сортаң және т.б. өсімдіктер өседі.
Суару мезгілі - суару мезгілі, мөлшері, саны және суарған уақыт пен сусыз тұрған уақыт аралығының ұзақтығы- осылардың бәрінің жиынтығы.
Суармалы егіншілік – суару арқылы ғана дақыл өсірілетін егіншілік саласы.
Суару мөлшері - 1 га суармалы жерге бір рет суарғанда жіберілетін су мөлшері.
Достарыңызбен бөлісу: |