Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»


Дәріс № 4. Тақырыбы: «Суару әдістері мен тәсілдері»



бет14/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76
АШМ

Дәріс № 4.
Тақырыбы: «Суару әдістері мен тәсілдері»
4.1. Суару әдісі туралы жалпы ұғым, оларды таңдау
4.2. Жер бетімен суару
Шаруашылықта егістікті суаруды әртүрлі әдістермен жүргізеді.
Суару әдісі деп, ағын суды топырақ немесе ауа ылғалдылығына айналдыратын технологияны айтады. Суару әдісі арқылы есептелген суару жүргісін іске асырады, ягни егістікке суды қажетті мөлшерде белгілі уақыт бойы беріп отырады.
Қазіргі кезде ауыл шаруашылық дақылдарын суару үшін мына әдістер қолданылады: жер бетімен, жаңбырлатып, топырақ арасымен, тамшылатып, серпінді және тұмандатып. Сонымен қатар араластырып суару әдісі де бар. Мысалы: жер бетімен суаруды немесе топырақ арасымен суаруды жаңбырлатқышпен араластырып суғарады.
Суару үш саланы қамтиды: суару тәсілі, суару әдісі және суару жұмысын ұйымдастыру.
Суару тәсілдері мен әдістерін таңдаған кезде суаруды неғұрлым жеңілдететін, автоматтандырылған және жұмыс үнемін арттыратын түріне көп көңіл болу керек. Қазіргі қолда бар суару техникаларының өзіне тән бағыты бар.
Жер бетімен суғарғанда - ағынды суды топырақ бетіне тегіс жайып немесе бір жерге ағынды етіп береді.
Жаңбырлатып суғарғанда - суды егістікке арнайы аппараттармен жаңбыр түрінде береді.
Топырақ арасымеи суғарғанда су топырақтың белгілі бір қабатына арнайы жасалған құбырмен беріледі. Мұндай әдісте топырақтың су сорғыштық қабілеті пайдаланылады.
Тамшылатып суғарғанда - су арнайы аппарат арқылы бір нүктеге тамшылатып беріледі.
Серпінді суару - су аппарат аркылы белгілі бір уақыт өткен сайын аспанға шашырап, жер бетіне түсіп отырады.
Тұмандатып суару - су аппарат арқылы 40-50 м биіктікке көтеріліп жерге, өсімдік жапырақтарына тұман болып түседі.
Суару әдістерін дұрыс қабылдаған жағдайда ғана суарылатын егістің мелиоративтік жағдайы және өнімі артады. Оларды таңдай білу үшін, көптеген табиғи факторларды: ауа райын, суару нормасын және өсімдікті суару схемасын, суарылатын жердің еңістігі мен қыртысын, судын топыраққа сіңу жылдамдығын, топырақтың тұздылығын, жер астындағы ыза суының деңгейі мен оның тұздылығын, жұмсалатын қаржы мен экономикалық көрсеткіштерін ескерген дұрыс. Осы факторлардың экологиялық мәні өте зор.

Ауа райына байланыстылыгы. Суару әдісінің қажеттілігін білу үшін алдымен, ол жердің ылғалдылық мөлшерін білу қажет. Ол үшін ылғалдылық коэффициенті табылады:
К=Р/Е, (1)
бұл жерде:
Р - бір жылда түсетін жауын-шашын мөлшері, мм;
Е - бір жылда топырақтан ылғалдың бұлануы, мм.
Егер ылғалдылық коэффициенті 0,33-тең төмен болса, онда - бұл жер шөл-шөлейт аймаққа жатады. Мұндай жерлерде суаруды тек жер бетімен жүргізген дұрыс. Жер қыртысы арқылы немесе тамшылатып суару әдісін пайдаланса, суғармалы жер өте жоғары экономикалык көрсеткіштерге ие болады. Ал жаңбырлатқыш кейбір қолайлы жағдайда ғана пайдаланылады. Өйткені, алынған судың 30-40% буланып ұшып кетуі мүмкін.
Егер ылғалдылық коэффициенттері 0,77... 1,33 болса, онда суаруды жаңбырлату әдісімен жүргізген қолайлы.
Суару әдісін таңдау жолында желдің әсері өте зор, жел жылдымдығы 3-5м/с болғанда, жаңбырлатып суарудың сапасы төмендейді, желдің соғу жылдамдығы 6-7 м/с болғанда жаңбырлатып суару әдісін пайдаланбаған жөн.
Жердің еңістігі мен қыртысына да байланысты. Жердің еңістігі мен қыртысы кейбір суару әдісіне көп кедергі жасауы мүмкін. Суғармалы жерлердің еңістігін мынандай топқа бөлуге болады:

  • аз еңістік - 0,002-ден кіші;

  • орташа - 0,002-ден 0,007-ге дейін,

  • үлкен, - 0,007-ден 0,015-ке дейін,

  • өте үлкен - 0,015-тең 0,003-ке дейін.

Еңістік 0,03-тең жоғары, 0,02-ден төмен жағдайда жер бетімен суару өте қиын. Жаңбырлатып суаруды қыртысты жерлерде еңістігіне қарамай пайдалана беруге болады.
Топырақтың мелиоративтік жағдайының байланыстығы. Мұндай көрсеткіштерге топыраққа су сіңу жылдамдылығы, ылғалданатын топырақ қабаты, оның тұздылығы және жер асты ыза суының деңгейі мен оның тұздылығы жатады. Суару әдісін қабылдағанда осы көрсеткіштерді есепке алады.
Топыраққа су сіңу жылдамдығын академик А.Н.Костяковтың теңдеуімен табады:
K = Ki / ta (2)
бұл жерде:
К- судың сіңу жылдамдығының белгілі уақыт соңындагы мөлшері, см/мин;
К і - судың сіңу жылдамдығының белгілі бір уақыттағы алғашқы бір бөлігіндегі мөлшері, см/мин;
t - судың сіңуіне кеткен уақыт, мин;
а - судың сіңу жылдамдығының баяулауын ескеретін коэффициент.
Оның (а) мәнін 0,3...0,8 арасында топырақтың су-физикалық және химиялық қасиеттеріне байланысты қабылдайды.
Су сіңу жылдамдығының орташа санын төмендегі теңдеумен анықтайды:
Ко = Кі/(1-а) ta (3)
Топырақ су сіңу жылдамдығы арқылы үш топқа бөлінеді:

  • жоғары мөлшердегі су сіңу жылдамдылық, сіңу мерзімінің алғашқы бір сағат уақытындағы су сіңу жылдамдығы Ко=0,15 м/сағ;

  • орта мөлшердегі су сіңу жылдамдық, сіңу мерзімінің алғашқы бір сағат уақытындағы су сіңу жылдамдығы Ко=0,15...0,05 м/сағ;

  • төмен мөлшердегі су сіңу жылдамдық, сіңу мерзімінің алғашқы бір сағат уақытындағы су сіңу жылдамдығы 0,05 м/сағ.

Жоғары мөлшердегі су сіңу жылдамдықта топырақта жер бетімен суаруды қолданбаған жөн. Өйткені, су өтімі өте көп болады. Судың көбі ыза суына барып қосылып, оның деңгейін көтеруі мүмкін.
Су сіңу жылдамдығы өте темен топырақта (К0=0,05 м/сағ) жаңбырлаткыштарды аз пайдаланган дұрыс.
Тұзданган жерлерде, қатты жел болатын аудандарда, тегістелген және еңістігі ыңгайлы жерлерде жер бетімен суғарған тиімді болады. Суару нормасын 800-1000 м3/га дейін апаруға болады. Еңістігі ыңғайсыз, беті тегістелмеген жерлерде, ыза суы деңгейін жер бетіне жақын болған жағдайда және ылғалдылығы тұрақсыз аудандарда жаңбырлатқышпен суғарған дұрыс.
Әрбір суару әдісінің өзіне тән суару тәсілі болады. Суару тәсілінің мақсаты суды еңістікке тегіс жайып немесе ағын суды топырақ және ауа ылғалдылығына айналдыру болып табылады. Ауыл шаруашылығының суару әдісі мен тәсіліне қоятын бірден-бір талабы суды тиімді пайдалану, жоғары саладағы суару жұмысы және өнімділігі, суғармалы алқаптың экологиялық жағдайын сақтау.
Суару әдісі мен тәсіліне койылатын талаптарды үш топқа белуге болады, олар:

  • агробиологиялык,

  • агромелиоративтік,

  • шаруашылық ұйымдастыру деп аталады.

Агробиологиялык, талап дегеніміз, жоғары өнім алу үшін, өсімдікті жеткілікті ылғалмен қамтамасыз ету. Оның суару тәсілі мен технологиясы:

  • топырақта қажетті су, ауа, қорек, тұз және жылу жүргілерін өсімдікке тән етіп ұстап отыратын суару жүргісінің қамтамасыз етілуі;

  • суды егістікке бір қалыпты етіп беру арқылы су пайдалану коэффициентін 0,85-0,95-ке жеткізуі керек;

  • өсімдіктің тапталуына, жатып қалуына жол бермеу және т.б. физиологиялық процестерді дер кезінде жүруіне кедергі болмауы керек.

Агромелиоративтік талап дегеніміз - топырақтың құрамын, түйіршіктігін, механикалық құрамын және мелиоративтік жағдайын сақтау. Олардың суару тәсілі мен технологиясы:

  • топырақтың жуылып-шайылуына (эрозияға) жол бермеу;

  • топырақ түйіршігінің бұзылуына және тапталуына жол бермеу;

  • суғармалы жердің екінші рет тұзданбауын және батпақтанбауын қамтамасыз ету керек.

Шаруашылықты ұйымдастыру талабы деп, суғармалы жерді дұрыс ұйымдастырып, суару техникасын тиімді пайдалануды айтамыз. Барлық агротехникалық жұмыстар еш кедергісіз уақытында орындалып отыруы керек.
Суару әдісі мен тәсілін таңдауда ең маңызды көрсеткіш суғармалы жерлердің табиғи жағдайы болады. Шөл, шөлейт жерлерде (Орта Азия мен Оңтүстік, Оңтүстік шығыс Қазақстан) көбінесе жер бетімен суару әдісі пайдаланылады, ал жаңбырлатып суару ылғалдылығы тұрақсыз аудандарда кеңінен орын алған. Тамшылатып және жер астымен суару әдісі суға өте зәру, шөлейт жерлерде кеңінен пайдаланылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет