Бақылау сұрақтары:
1.Жер қабатымен суғарудың ерекшеліктері мен артықшылықтары?
2.Тамшылатып суару артықшылықтары мен кемшіліктерін атаңыз?
3.Инъекциялық суарудың негізгі принциптері?
4.Серпінді суару қай жағдайда қолданылады?
Дәріс № 7
Ауыл шаруашылық дақылдарын суарудың әдістері және техникасы.
7.1 Топыраққа судың сіңуі және сүзілуі
7.2 Бороздаламен суару әдісі
1.Топырақтың су сіңіруі. Беткейлеп суару әдісін қолданғанда топыраққа судың сіңуі және ондағы қозғалысы екі кезеңге бөлінеді:сіңуі және сүзілуі.
Топырақ құрамындағы бос уақ тесіктерді (порларды) судың өзінің ауыртапылық күші қысымы арқылы және оның сулана бастаған кезінде пайда болатын капилляр күші арқылы біртіндеп сумен толтыру процесін су сіңіру деп атайды.Егісті жайып және жаңбырлатып суарғанда су топыраққа сіңіп, төмен қарай жылжиды; ал бороздалап суарғанда ол төмен қарай ғана сіңіп қоймай, сондай-ақ борозданың екі бүйіріне сіңіп, капиллярлар арқылы жоғары көтеріледі.
Топырақтың су сіңу жылдамдығы оның механикалық және химиялық құрамына, борпылдақтығына және т.б. қасиеттеріне байланысты болады. Мысалы, сортаң топырақтар суды өте нашар сіңіреді.Сондай-ақ сіңіру жылдамығына топырақтың дымқылдығы да әсер етеді, өйткені құрғақ топырақ суды дымқыл топырақпен салыстырғанда өте тез сіңіреді.
Суармалы жерлердің топырағы су сіңіру мөлшеріне қарай үш түрге бөлінеді.(Астапов,19958ж.: 1) Алғашқы бірінші сағат ішінде суды 0,15 метрден асқан жылдамдықпен өте жылдам сіңіретін топырақтар; 2) су сіңіру жылдамдығы 0,15 метрден кем, бірақ 0,05 метрден көп мөлшерде сіңіретін, су сіңіру жылдамдығы орташа топырақтар; 3) Алғашқы бір сағат ішінде су сіңіру жылдамдығы 0,05 метрден көп болатын, суды нашар сіңіретін топырақтар.
Топырақты қопсытып, құрмын жақсарту оның су сіңіру жылдамдығын арттырады.Сондықтан әрбір жағдайда топырақтың су сіңіру жылдамдығы тәжірибе арқталып, график арқылы бейнеледі.
Жалпы топырақтың су сіңіру жылдамдығы мин/мм, немесе см/сағат есебімен өлшенді.
Топырақтағы су сүзілуі.Топырақтағы уақ тесіктердің барлығы оған сіңген сумен толтырылғаннан кейін (қысылған ауамен толтырылған көлемнен басқа) су фильтрациясы басталады; яғни оның тек гидростатика қысым әрекеті арқылы қозғалысқа келуі.Фильтрация тікелей (судың төменге сіңуі) және көлденең (ыза судың су өткізбетін арнасымен ағуы) болады.
Достарыңызбен бөлісу: |