Г. Ж. Орда, Т. С. Измахан



Pdf көрінісі
бет4/8
Дата11.12.2023
өлшемі308.85 Kb.
#486163
1   2   3   4   5   6   7   8
Материалдар мен әдістер
Балаларға арналған қызықты жанрдың бірі 
– ертегі. Атадан балаға мирас болып жеткен 
халық ауыз әдебиетіндегі ертегілермен қатар 
бүгінгі таңда авторлық әдеби ертегілермен то-
лығуда. Қазіргі таңда жас бүлдіршіндерге арнап 
Қ.Толыбаев, Б.Сүлейменов, Н.Ақыш, А.Естен, 
Ә.Қалдыбаев, 
Ә.Әбдібай, 
Б.Ыбырайым, 
Н.Құмар, С.Дүйсенбиев, С.Досжан, т.б. сияқ-
ты жазушылар әдеби ертегілер жазумен айна-


166
Б. Сүлейменовтің әдеби ертегілері туралы 
лы суда. Қазақ қаламгерлері осылайша балалар 
әдебиетіндегі қалыптасқан ертегі жанрын әде-
би ертегілерімен жалғастырып дәстүр сабақтас-
тығын көрсетуде. Солардың ішінен Б.Сүлей-
меновтің «Хан шатырындағы кездесу», «Туған 
күніңмен Айтұмсық», «Горилла адам», Б.Ыбы-
райымның «Аспандағы саяхат», С.Дүйсенбиев-
тің «Алматының апорты», С.Досжанның «Қара-
қанатты жеңген қайырымда қала», «Жетім қо-
зының зары», «Қызғалдақтың қызы», «Маймақ 
қаз», «Тышқан жылғы дүрбелең» ертегілері 
зерттеу нысанына алынды. 
Қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі авторлық 
әдеби ертегілерді зерттеу барысында салыстыра 
талдау, зерттеу, топтау, жинақтау, жүйелеу, 
герменевтикалық әдістер қолданылды. 
Әдебиетке шолу
Авторлық ертегі әдебиеттану ғылымында 
жан-жақты зерттелгенін шетелдік ғалымдардың 
зерттеу еңбектерінен көруге болады. Svetlana 
Yashkina «Modern Fairy Tales: The New Existence 
of an Old Genre» мақаласында авторлық ертегіге: 
«Автор жазған, сиқырлы, көркем немесе фантас-
тикалық сипаттағы барлық балалар ертегілері 
фольклортанушылар қолданатын ауызша ано-
нимді жанр ретінде халық ертегілерімен салыс-
ты ра отырып, «әдеби ертегі» деп аталады», 
– деп анықтама берсе (S.Yashkina, 2016: 72), 
Jack Zipes «Why Fairy Tales Stick: The Evolu-
tion and Relevance of a Genre» зерттеуінде ха-
лықтық ертегі жөнінде: «Халық ертегілері 
ауызша айтылып, ертегішінің көркем орындауы 
мен интерпретациясын бейнелеген», – дейді
(J. Zipes, 2006: 107). Осы пікірді M. Nikolajeva 
«Ертегі және қиял: архаикалықтан постмодернге 
дейін. Ғажайыптар мен ертегілер» (M. Nikola-
jeva, 2003: 141), U.Knoepflmacher «Әдеби ерте-
гі лер және адамдық құндылық. Ғажайыптар 
мен ертегілер» (U.Knoepflmacher, 2003: 20),
J.Zipes «Ертегінің өзгеретін қызметі. Арыстан 
мен жалғыз мүйізді» (J.Zipes, 1988: 21) зерттеу 
мақалаларында қолданған болатын. Орыс ға-
лым дарынан ертегі жанрын зерттеп жүрген 
Е.Намыч кина, Н.Богатырева, Д.Ващенко, 
С.Маслова еңбектерінде халықтық ертегі мен 
ав торлық ертегілердің арасындағы ұқсастық пен 
дәстүр сабақтастығы жан-жақты қарастырылған. 
Намычкина әдеби және халықтық ертегі жө-
нінде: «Сказка может иметь форму повести, ро-
мана, эпического произведения, поэмы и т.д.; 
выделяют литературные и народные сказки», 
– десе (Намычкина, 2010: 104), Н.Богатырева 
әдеби ертегінің халықтық ертегілер негізінде 
шыққандығын: «Литературная сказка возник-
ла на основе народной и сохранила ее основ-
ные жанровые признаки», – деп көрсетеді (Бо-
гатырева, 1998: 6). Д.Ващенко авторлық әдеби 
ертегілердің ерекшелігіне: «Литературная сказ-
ка – авторское художественное прозаическое 
или поэтическое произведение, основанное либо 
на фольклорных источниках, либо сугубо ориги-
нальное; произведение преимущественно фан-
тастическое, волшебное, рисующее чудесные 
приключение вымышленных или традиционных 
сказочных героев в некоторых случаях ориен-
тированное на детей в котором волшебство
чу до играет роль сюжетообразующего факто-
ра, служит отправной точкой характеристики 
пер со нажей», деген анықтама береді (Ващенко, 
2005: 37). С.Маслова ХІХ ғасырдағы орыс ақын-
жазушыларының әдеби ертегілерінен мысалдар 
келтіре отырып, «Литературная сказка появляет-
ся в системе авторского творчества как продол-
жение сказки народной», – деген болатын (Мас-
лова, 2014: 200). 
Келтірілген мысалдардан көріп отырға ны-
мыздай ертегі жанрына отандық және шетел дік 
ғалымдардың пікірлері бір тұжырымға негіз-
делген. Ол авторлық ертегі мен халықтық ертегі-
нің – ұқсастығы. 
Ал, отандық фольклортану мен әдебиеттану 
ғылымында қазақ балалар әдебиеті әр дәуірде 
түрлі деңгейде зерттелуде. Еліміз тәуелсіздік 
алғаннан бері К.Матыжанов «Қазақтың фоль-
клор лық балалар поэзиясы», Б.Қапасова «Қазақ 
әдебиетіндегі балалар лирикасы (60-90 жж.), 
А.Мамбетова «Қазақ балалар поэзиясындағы 
фоль клорлық дәстүр (ХХ ғ.1920-1990 жылдар 
аралығы), Ә.Әмірова «Ересектер тобындағы 
бала ларды қазақ балалар әдебиеті арқылы 
адам гершілікке тәрбиелеу (5-6 жас)», Ә.Жәкім 
«Қазақ балалар поэзиясы және Мұзафар Әлім-
баевтың көркемдік тағылымы», Л.Қоныс «Тәу-
ел сіздік кезеңіндегі қазақ балалар лирикасы 
(1991-2005)», Б.Темірбаева «1950-1960 жыл-
дар дағы қазақ балалар поэзиясы және Жақан 
Смақов шығармашылығы», З.Абдуллина «Ба-
лалар әдебиеті кейіпкерлерінің тілдік тұлғасы 
(Б.Соқпақбаев, М. Гумеров, М. Қабанбаевтың 
шығармалары бойынша)», Ә.Аманжол «Қазақ 
балалар поэзиясы: генеалогия, типология, 
поэти калық даму», Қ.Сапарбаева «1950-1970 
жыл дардағы қазақ балалар әдебиетіндегі көр-
ке мік ізденістер (Әнуарбек Дүйсенбиевтің 


167
Г.Ж. Орда, Т.С. Измахан
әдеби мұрасы негізінде)», А.Ақтанова «Бала-
лар әдебиеті (Қазақ балалар драматургиясы мә-
селелері)» Ж.Рүстемова «Қазақ балалар про-
залық әдеби ертегілері» деген тақы рып тар ды 
зерттеуде біршама жұмыстар жасады. Аталған 
зерттеулерде ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап,
ХХІ ғасырға дейінгі аралықтағы балаларға ар-
налған шығармалар зерттелді. Ұсынылып отыр-
ған мақалада қазіргі қазақ балалар әдебиетіндегі 
балалар жазушысы Б.Сүлейменовтің әдеби ер-
тегілері зерттеу нысанына алынып отыр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет