Г. Ж. Орда, Т. С. Измахан


Зерттеу нәтижелері мен талқылау



Pdf көрінісі
бет5/8
Дата11.12.2023
өлшемі308.85 Kb.
#486163
1   2   3   4   5   6   7   8
Зерттеу нәтижелері мен талқылау
Қазіргі қазақ балалар жазушысының бірі 
– Бейсенбай Сүлейменов. Балалар жазушысы 
алғашқы саяхатын Оңтүстік Американың Перу, 
Эквадор республикаларынан бастағаны белгілі. 
Қаламгердің Грекия, Мальта, Тунис, Испания, 
Канар аралдары, Гвинея-Бисау, Тынық, Атлант 
мұхиттары, Жерорта теңіздерімен танысуының 
арқасында көптеген қызықты шығармалар дү-
ниеге келеді. 2010 жылы «Күннен келген адам», 
2021 жылы екі повестен тұратын «Хан шатырдан 
– Күн шатырға саяхат!» ертегі романы жарық 
көрді. 
Ертегі – фольклордың ең көп тараған көне 
жанрларының бірі. Бұл – әлем халықтары 
фоль клорында ертеден келе жатқан халықтық 
мұра. Қазақ халқының ертегілері жөнінде осы 
жанрды зерттеген М.Әуезов: «Жалпы барлық 
ертегілерге ортақ ерекшелік: бұлар қара сөзбен 
айтылатын оқиғалы, көркем әңгіме. Ғажайып 
хал, қиял әңгімелер түрінде, немесе орасан 
оқиғалы, қызғылықты әңгімелер ретінде құрыл-
ған ертегінің бәрі де негізінде шаруа кәсіппен, 
қоғамдық құрылыс тартыстарымен, тарихпен 
байланысты болып келеді», – деген болатын 
(М.Әуезов, 1948: 12). Ғалымның осы пікірін осы 
жанрды жете зерттеген академик С.Қасқабасов 
өз зерттеулерінде жалғастыра түсті. Ол ертегі 
функцияларының басты мақсаты – баланың 
қызығушылығын оята алатындай ғажайыпты 
әрі қызықты етіп жеткізу екендігіне көңіл аудар-
ды. Сонымен бірге ертегілерді: этиологиялық 
ертегі, қиял-ғажайып ертегі, хайуанаттар ту-
ралы ертегі, батырлық ертегі, шыншыл және 
сатиралық ертегілер деп топтауды ұсынды 
(С.Қасқабасов, 2008; 405). Қазіргі әдеби ерте-
гілерді ғалымдардың осы жіктеуі бойынша 
талдауға ден қойдық.
Жазушы ертегілерінің басым бөлігі – жан-
жануарлар, хайуанаттар туралы ертегілер. Олар-
дың қатарында «Жанайқай», «Горилла адам», 
«Туған күніңмен, Айтұмсық!», «Жыртқыш балық 
жайлы хикая», «Алабай-Далабай», «Африканы 
арқалаған Кака», «Қыранның қанаты жылайды» 
ертегілерін атауға болады. Хайуанаттар туралы 
ертегілер – фольклордың көне жанрларының 
бірі екендігі жөнінде: «Халық прозасының бұл 
жанрындағы шығармалардың түп төркіні адам-
зат тарихының ең арғы заманында, аңшылық 
өмір кезеңінде жатыр. Басқаша айтқанда, жану-
арлар жайындағы ертегілер ертедегі адамдардың 
аң аулаумен ғана күнелткен шағында туған. Ол 
кездегі адамдар кейбір аңдарды қасиетті деп 
санап, қадір тұтқан, оларды өздерімен туыс-
тас, деп ойлаған», – дейді ғалымдар (К.Әбіл-
қа сымова, А.Тамаев, 2007: 164). Есте жоқ ерте 
заманнан бастау алған адам мен жануарлар ара-
сындағы жақындықтан туған жан-жануар лар 
мен хайуанаттар туралы ертегілер күні бү гінге 
дейін маңыздылығын жойған жоқ. Хайуанат-
тар туралы ертегілерде адамзат бойын дағы 
өтірік, мақтаншақтық, айлакерлік, кекшілдік, 
қомағайлық, дүниеқоңыздық, аңқаулық сияқ-
ты түрлі қасиеттерді жан-жануарлар бойына 
жинақтау – ауыз әдебиеті үлгіле рінен бері келе 
жатқан дәстүр. Жануарлар жайын дағы ерте-
гілердің басты қаһармандары – адам бойын-
дағы қасиеттерді бейнелейтін жырт қыш аңдар 
мен хайуанаттар. Мұндай ертегі лер дің оқиғасы 
аңдар мен құстар арасында жүріп жатқанмен, 
негізгі тартыс-таластарға адамдардың іс әрекеті 
жинақталады. Өскелең ұрпақтың бойына адам-
гершілік нәрін егуде, жақсы мен жаманды ажы-
рата білуде жануарлар туралы ертегінің атқа-
ратын қызметі ерекше. Мұндай ертегілердің ба-
сты мақсаты – жапа шеккендер мен осал топтағы 
әлсіздерді қорғау, соларға қамқорлық жасау. 
Хайуанаттар туралы ертегінің бірі – «Туған 
күніңмен, Айтұмсық!». Ертегінің басты кейіп-
кері – кішкентай ғана жаңадан туылған Мүйіз-
тұмсықтың баласы. Ертегінің оқиғасы төмен-
дегіше өрбиді. Тұмсығының ұшында қара дағы 
бар, түсі әке-шешесі сияқты қара емес, үлбіреген 
көгілдір ботақанның үстіне сәуле түссе түрлі 
түске боялған кемпірқосақтай, әсемдене түседі. 
Жаңа туған ботақанға көз тимесін деп ата-анасы 
жан баласына көрсетпей, тығып ұстады. Хайу-
анаттар бағының барлық аң-құстары сүйкімді 
ботақанды көруге құштар болады. Хайуанаттар 
бағында бұрын соңды болмаған кездесу өтетін 
болып, оған кілең кішкентай аңдар жиналады. 
Жиналыста талқыға түскен тақырып – туған күн 
тойлау. Маймылдың баласы тілі ерте шыққанын 


168
Б. Сүлейменовтің әдеби ертегілері туралы 
пайдаланып, туған күн тойлауды өзінен бастау-
ын ұсынса, тістері жаңа ғана шығып келе жатқан 
қолтырауын өзін ұсынады. Бірақ, ес біліп қалған 
Керік мойнының ұзындығын пайдаланып, туған 
күн тойлауды жұмбақ ботақаннан бастауды 
ұсынды. Бұл оймен барлығы келісіп, сонымен 
қатар ботақанға ат ойлап табуды жоспарлайды. 
Асыға күткен межелі күн де жетіп, барлығы 
үлкен дайындықпен туған күнге келеді. Ай 
сәулесінің астында Мүйізтұмсық бар аналық ма-
хаббатымен баласына бесік жырын айтып отыр 
екен. Осы сәттен ерекше әсер алған кішкентай 
Керіктің айтуымен бұл ботақанның есімі енді 
Айтұмсық болды. Айтұмсықты құттықтап кел-
ген достары сол күні таңға дейін қуаныштан 
көз ілмей, ән де айтып, би де биледі. Сонымен 
қатар, осы күнге дайындық барысында хайуа-
наттар бағында бұрынғы жалқаулық, орынсыз 
айқай-шу тиылады. Хайуанаттар бағындағы 
кіш кентай жануарлардың ұйымшылдығы мен 
мейір бандығы кішкентай оқырмандарға да әсер 
ететіні даусыз. Олар алдағы уақытта ертегі 
кейіп керлері сияқты бір-бірін құрметтеуді, қа-
дір леуді үйренеді. Туған күн мерекесін тойлау 
мектеп жасына дейінгі балалар арасында да бар. 
Бала бақшада тәрбиеленіп жатқан балалардың 
ертегі кейіпкерлерінен алар тәлім-тәрбиесі бар. 
Қасындағы достарына құрметпен қарау, бір-
біріне сыйлық сыйлау сияқты қасиеттер оқыр-
мандардың бойына қалыптаса бастайды. Сон-
дықтан да ертегінің тәрбиелік мәні ерекше көзге 
түседі. Осындай ертегілер жөнінде академик 
М.Әуезов: «Хайуанаттар жайында айтылатын 
ертегі кейіпкерлерінің өзі қызық. Сол күлкілі, 
қызық кейіпкерлердің өмір сүру, өмірге икемді 
болу жолындағы қақтығыстары мен қарым-қа-
тынастары, олардың айла-тәсілдері жас өспі-
рімдерге өмір жолын танытады. Кішкентай, 
бо лымсыз тірлік иелерінің өмірге икемділігін, 
жеңгіштігін көрсету тақырыбы балаларға ар-
налған қазақ ертегілерінің барлығына да ортақ. 
Бұл ертегілер балалардың ой-санасын оятып, 
оларды өздерінің күш-жігеріне сене білуге, тап-
қырлыққа баулиды, мақсат-мұратына жетуге 
үйретеді. Балаларға арналған ертегілер адам мен 
оны қоршаған табиғаттың арасындағы шекті 
елемейді. Балаларға арналған ертегілерде адам 
табиғатпен сіңісіп кетеді немесе соның ішінен 
ғажайып көрініске түсіп шығады, адамның 
әдеттегі қалпынан бөлек небір күлкілі күйлерге 
енеді. Бұл ертегілер жас баланың ой-санасын оя-
тып, қиялы шарықтап өсуіне әсер етеді», –деген 
болатын (М.Әуезов, 1974: 48).
«Туған күніңмен, Айтұмсық!» ертегісінің 
тәрбиелік мәнімен бірге танымдық жағын баса 
айтқан жөн. Автор ертегі арқылы балаларды 
мүйізтұмсық, маймыл, піл, қолтырауын, керік 
сияқты жан-жануармен, аңдармен таныстырады. 
Кішкентай аңдардың ауызбіршілігінен, мейі рім-
ділігінен, жауапкершілігінен балалардың үйре-
нетіні көп. Үнемі жүрісі өнбей кешігіп жүретін 
кішкентай тасбақаның туған күнге бәрінен бұ-
рын жеткені, баланың жауапкершілікті сезініп, 
уәдеге берік болуына әсер етеді. Сонымен бірге 
ана мен бала арасындағы қалтқысыз махаб-
бат анық көрінеді. Қазақта «Алтау ала болса – 
ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса – төбедегі 
келеді» деген аталы сөз осы ертегінің мән-ма-
ғынасын ашып тұрғандай. 
Автордың келесі ертегісі – «Жанайқай». 
Ба лаларға арналған шығармаларға қойылатын 
барлық талап-тілектерге сай, шығармашылық 
жо лы өзіндік ерекшеліктерге толы жазушының 
ертегілері – жас бүлдіршіндерді тәрбиелеуде 
таптырмас қазына. Бұл ертегінің оқиғасы да 
хайуа нанттар бағындағы аңдардың тыныс тірші-
лігімен өрбиді. Ертегінің бас кейіпкері – Асыл 
есімді бозбала. Ертегі Сиаманг маймылының 
жанайқайынан басталады. Оның айқайы жау 
шап қанда, немесе қуанышты хабар жеткенде 
берілетін «Дабыл» секілді екенін айтып, ары 
қа рай хайуанаттар бағындағы әр аңға жеке-же-
ке тоқталып, олардың жай-күйін жеткізеді. Аң 
біткеннің алыбы – пілдің адамдар салған темір 
шынжырдың себебінен еркін жүріп тұра ал-
мауы, құлаш жетпестей бетондалған қоршау 
ішіндегі жануардың жай-күйін жеткізеді. Кіш-
кен тай піл өз балапанын қалаған уақытында 
еркін еміреніп, әлдилей де алмайды. Осының 
бәрін бақылап аңғарған Асылдың жүрегін бұл 
жолы басқаша ашу-ыза, мұң басады. Осы күнге 
дейін, үйінің арасын темір қорған ғана бөліп 
тұрған хайуанаттар бағына ауылдан келген ту-
ыстарымен қанша келсе де, мұндай көңілсіз 
күйді кешпеген. Ертегіде аңдармен танысты-
ру олардың тіршілігінен хабар беру ары қарай 
Асылдың үйінен дүрбісімен бақылау арқылы 
өрбиді. Ертегінің келесі кейіпкері – арыстан. 
Аң патшасы арыстанның балалары ақырып 
темір торға сыймай жүреді. Темір тор үзіліп, аң 
патшасының ұрпақтары еркіндікке шығатындай 
көрінеді. Бірақ темір тор оңайлықпен ашылма-
сы анық. Хайуанаттар бағындағы күнді түнге 
жалғап кірпік қақпайтын аңдардың бірі – көкжал 
қасқыр. Еркін даланың, айбатты айбындысы 
темір торға қамап қойса да жерсінбей өмір сүріп 


169
Г.Ж. Орда, Т.С. Измахан
келеді. Келесі кейіпкер – арқарлар. Мүйіздері 
түбінен морт сынған арқарлар да көңілсіз жа-
тыр. Жуан мүйіздерін темір қорғанға соғудан 
шаршамаған жануар еркіндікті, азаттықты аң-
саумен жүргендей. Осының бәрін бақылаған 
бозбала көпке дейін біртүрлі болып жүрді. Түн 
жарымы ауа бала қолына балтасын алып, хайуа-
наттар бағына келеді. Балтасын оңға да, солға да 
сілтеп, хайуанаттар бағының құлыптарын сын-
дырады. Темір есіктер ашыла бастайды. Ретімен 
барлығын босатып жүрген баланың кезегі енді 
Ақбас құмай құстары қонақтап отырған торға 
келіп, есікті ашуға бет алғанда олардың тарапы-
нан ашпауын сұрайды. Мұнда келіп, өздерінің 
бақтары ашылғанын, жегені алдында, сиыр еті 
мен жеміс-жидек ал, сыртта өмір бойы өлімтік 
жеп өскендерін айтып, өздерінің қызыл кітапқа 
да енгендерін, жер жаннаты олар үшін осы ме-
кен екенін жеткізеді. Осыдан соң баланың көңілі 
су сепкендей басылып, балтасын сүйретіп үйіне 
қайтады. Ертеңіне хайуанаттар бағында қызу 
талқыда кеткендердің ісі бекер екені айты-
лып жатты. Ал, бала болса адамзат пен табиғат 
арасындағы айырмашылықты түсінбеді. 
Көркем шығарманың бәрі де адамзат бала-
сын тәрбиелеуге, адамтануға қызмет етеді. 
Көр кем әдебиеттің көркемдік-эстетикалық, та-
ным дық, тәрбиелік қызметін ертегі жанрына 
да қарата айтуға болады. Кез келген ертегі, со-
ның ішінде хайуанттар туралы ертегілер бала-
ларды тәрбиелеуге, ойын дамытуға, өмірге де-
ген көз қарасын кеңейтуге, өмірлік ұстанымын 
қалыптас тыруға қызмет етеді. Сол сияқты жо-
ғарыда сөз болған ертегінің де танымдық, тәр-
бие лік қырларын санамалап көрсетуге болады.
Біріншіден, тақырыптың өзінде айтылып тұр-
ғандай біреудің жанайқайына бей-жай қарамау. 
Мұның астарында мейірімділік ұғымы жатыр. 
Мейірімділік – бұл адам бойында болатын ең ұлы 
қасиет. Ертегіде Асылдың бойынан осы қасиетті 
анық көруге болады. Жылы үйде, махаббатқа 
берік отбасында тәрбиеленіп отырған баланың 
хайуанттар бағындағы аңдардың жанайқайын 
шын жүрегімен сезініп, оларға жанашырлық 
танытуға, келешек ұрпақтың қиналғанына қол 
ұшын беруге, басқаның қиналысын, жанайқайын 
сезіне білетін мейірімді жүректің иесі болуға ба-
улиды. 
Ертегіден көрінетін екінші мәселе – бос-
тандық, еркіндік. Ертегіде аңдардың белгілі бір 
шеңбердің, яғни қоршалған қамауда өмір сүре-
тінін, Асылдың аңдарды бостандыққа жібе ріп, 
олардың еркін өмір сүруі үшін қолынан кел-
ген інің бәрін жасағанын көреміз. Аңдарға адам 
баласына берілгендей еркіндіктің берілмеуі 
өкі нішті. Бұл кедергілер адам баласына қойы-
латын шектеулерден өзгеше. Қоршаған орта 
адам баласының өзін көп нәрседен шектеуі, те-
жеуі мүмкін. Автор хайуанаттар бағындағы 
аң дардың тордың ішінде еркін өмір сүре алма-
уы арқылы, балаларға адамзаттың ойлауында, 
арман-қиялында оқу-білім үйренуде, жақсылық 
жасауға ешқандай кедергілердің жоқтығын 
көр сетеді. Яғни, мұндағы тор – адамдардың ой 
санасындағы «мүмкін емес» деген шектеулер.
Балалар әдебиетін зерттеген Қ.Сапарбаева: 
«Балалар әдебиеті дегеніміз еріккеннің ерме гі 
емес. Ол қалам қайраткерлерінен шын мағы на-
сында қалтқысыз шеберлікті талап ететін қа-
сиетті өнер, яғни «адамтану ғылымы» деп ата-
латын кәдімгі көркем әдебиет», – деген болатын 
(Қ.Сапарбаева, 2009: 11). Ғалымның пікіріне 
сүйенетін болсақ, жазушы аталған ертегісімен 
балаларға қоршаған орта, өмір заңдылығы ту-
ралы толықққанды мағлұмат беруге тырысқан. 
Тұтастай алғанда, қоғам өмірінде адамдар ара-
сында кез келген істі өзара келісіммен жасау 
бар, сонымен бірге белгілі дәрежеде шектеу-
лер де болғаны абзал. Баланың жасаған іс-әре-
кетінде аңдарға жаны ашығаны дұрыс, бірақ 
оларды босатып жіберудің бұрыс екені көрініп 
тұр. Авторлық ұстаным анық көрінгенде ерте-
гі нің танымдық-тәрбиелік мәні ашыла түсер 
еді. Балалар ертегіні оқу арқылы мейірімділікке 
тәр биеленумен қатар, шеңбер, заң, ереже барын 
біліп өссе болашақтары жарқын болмақ. 
Жазушының келесі ертегісі – «Алабай-Да-
лабай». Ертегі Жауынбай ақсақалдың ақылды 
әрі орныққан тәрбиесі өзіне жетерлік Алабай 
атты төбетінің ренішімен басталады. Алабай 
өз ренішін былай баяндайды: «Бұрын жылқы 
кісінесіп, ит біткен ырылдасып түсінісетін едік. 
Бұл ғасырлар бойы жалғасқан дәстүр-тін. Оғаш 
кетсе, кешірім сұрап, құйрығын бұлғаңдата, 
қыңсылай тізе бүгетін. Одан әрі дос-татулық 
жалғасып жүре беретін» (Б.Сүлейменов, 2021: 
300). Бұл кезде Жауынбай ақсақал да Алабайдың 
түпкі ойында не жатқанын енді түсінгендей бо-
лып, осы күндері өзі де сансыз сұрақтарға жауап 
таппай, іштей тынып жүрген еді. Немерелерін 
айтпағанда, өзінің бауыр еті баласының мінезі 
жаман жаққа өзгеріп, үлкенге ізет көрсетуден 
қалып бара жатқанына қарап, заманның неме-
се адамның өзгергенін біле алмай әлек. Заман 
өзгерді дейін десе, сол заманды жасап отырған 
адамдар. Жауынбай ақсақалдың реніші адам-


170
Б. Сүлейменовтің әдеби ертегілері туралы 
зат баласына қандай болса, Алабайдың да ит 
біткенге реніші бұдан асып түседі. Өмір салты 
бөлек иттердің де бұрынғыдай емес өзгеріп бара 
жатқанын, күнді-түнге жалғап мал қайырып, 
көз ілмей қасқыр-түлкіден қорғап жүрген заман 
емес, сонда да кездесе қалса ешқайсысы ырыл-
дасусыз, төбелессіз өтпейтінін, үлкенді сый-
лауды ұмыт қалдырып бара жатқанына көңілі 
құлазиды. Түні бойы ақсақал да, Алабай да көз 
ілмеді. Екеуі де өз ұрпақтары үшін алаңдады. 
Ертеңіне ақсақал Алабайға өз ұрпақтарының 
жақсы әдетке емес, керісінше жаман әдеттерге 
бойлары үйреніп бара жатқанын, ойлану үшін ен 
далаға барып, оған не себеп екенін аң патшасы 
Арыстаннан ақыл кеңес сұрауға босатады. Ала-
бай ақсақалдың ақылын тыңдап өз күшіктерін 
ертіп Арыстанға келеді. Бар жерді шарлап, ары-
станды әзер дегенде хайуанаттар бағынан таба-
ды. Өз ұрпағымен сәлем беруге келген Алабай-
ды көрген Арыстанның қуанышында шек бол-
майды.
Айналайын, Алабай,
Арсалаңдап далада-ай,
Асыр салып ойнайсың,
Ойын құмар баладай.
Бұлғаңдатып құйрықты,
Еркелейсің жағалай.
Өздігіңнен біреуге,
Тиіспейсің қарадай.
Шәуілдесе күшігің,
Шақша басың шарадай.
Айнымайсың қалпыңнан,
Айналайын, Алабай! 
(Б.Сүлейменов, 2021: 303).
Аң патшасы Арыстан өзінің сағынышын 
осылай әндете жеткізеді. Алабайдың күшіктері 
Арыстанға барынша құрмет көрсетеді. Бұл 
көрініске көңілі толған аң патшасы Алабайдың 
күшіктері өзіне ұқсап батыл болғанына және 
жақсы тәрбие көргендеріне көңілі толады. Аң 
патшасы Алабайдың өзіне нендей себеппен 
келгенін жақсы білетін еді. Сол мезетте Арыстан 
барлығына ерекше хабар айтқысы келгендей 
ақырады. Айнала тынышталып, барлығы құлақ 
түре тыңдайды. 
« – Бүгіннен бастап барлық аң біткен – 
үлкенің де, кішің де бір-біріңе құрмет көрсететін 
болыңдар. Ең алдымен амандасудан бастаңдар. 
Әдеп сақтап, артық кетсеңдер кешірім сұрауды 
ұмытпаңдар! Одан қарындарың ашып қалмайды. 
Біз сонда ғана бір ата-анадан туғандай мәде ниет-
ті, бауырмашыл ұрпақ боламыз», – деді аң пат-
шасы булыға (Б.Сүлейменов, 2021: 304). 
Арыстан Алабайға келешек ұрпақ алдында 
осы бір маңызды болып тұрған мәселені есіне 
салғаны үшін алғысын білдірді. Және өзінің 
аманаты ретінде ауыл қарияларына алдағы 
уақытта ұрпақ тәрбиесін қолға алуды, әркім өз 
перзентінің тәрбиесіне жауапты болуды тап-
сырды. Осы аманатты жеткізу үшін Алабай өз 
күшіктерімен ауылға асықты...
«Алабай-Далабай» ертегісіндегі басты иде-
ясы – тәрбие. Автор жануарлар арасындағы 
алауыздықтың, ауызбіршіліктің жоқтығын айта 
келе, адамзат ұрпағын да салыстыра көрсетеді. 
Екі түрлі тіршілік иесінің арасындағы орын 
алып жатқан қателіктерін байланыстыра баян-
дауынан бірнеше қорытынды шығаруға болады. 
Бірінші қозғалатын мәселе – адамзат баласының 
бір-бірінен алшақтауы. Тәрбиенің бастауы – 
сәлемдесуден басталатынын бүгінгі күнде бір-
біріне жат болып бара жатқан адамдардың ұмыта 
бастауы өкінішті. Оған себеп те жоқ емес. Заман-
дастарымыз бүгінгі технология дамыған заманда 
шынайы өмірдегі қарым-қатынасқа қарағанда, 
әлеуметтік желідегі виртуалды байланысқа 
көбірек көңіл бөлуде. Осының әсерінен жасы-
мыз да, үлкеніміз қоршаған ортаның ғасырлар 
бойы қалыптасқан өмір заңын ұмытып бара 
жатқандаймыз. Мұның бұрыс екенін айтып, 
ескертіп, ақыл айтатын қазыналы қарттар ұрпақ 
тәрбиесіне немқұрайлы қарайтынын байқатады. 
Автор осы мәселені астарлы түрде жақсы 
көрсете білген. Екіншіден, Отан отбасынан ба-
сталатыны секілді, әр отбасындағы әке мен ана 
өз балаларына жастайынан жақсы тәрбие беріп, 
саналы ұрпақ өсіру үшін жауапкершілік таныту 
керек. Мектеп жасына дейінгі бала бұл ертегіні 
оқу арқылы – үлкенге құрмет көрсететін, сыйлай 
білетін – елгезек, қағілез, ар-намысты бәрінен 
биік қоятын – әдепті, өзінің ғана қара басын 
ойламайтын, басқаның қуанышына ортақтаса 
білетін – кішіпейіл, өзін қай жерде де жақсы 
ұстап, дұрыс сөйлей білетін – мәдениетті болуға 
тәрбиелейді. Ал, мектеп жасындағы балалар – 
бұл ертегіні оқу арқылы жоғарыдағы айтылған 
жақсы қасиеттерді бойларына сіңірумен қатар, 
елдің сенім артып отырған ұрпағы өздері екенін 
жауапкершілікпен сезінеді. 
Әдеби ертегілер туралы әдебиеттанушы-
ғалым Т.Шаңбаев «Ғасырлар сынынан өтіп, 
сұрыпталып жеткен, халық туындылары бо-
лып есептелетін ертегілерден басқа әдеби ерте-
гілер, яғни белгілі бір сюжетке негізделген 
әң гіме түрінде шығармалар да бар. Бұның 


171
Г.Ж. Орда, Т.С. Измахан
табиғаты халық ертегілерінен бөлектеу және 
авторлары бар», – деген болатын (Т. Шаңбаев, 
2004:13). Ғалымның пікіріне сүйенетін бол сақ, 
Б.Сүлейменовтің біз талдап отырған ертегі-
лерінің барлығы – авторлық, яғни әдеби ертегі-
лер қатарын толықтыратын туындылар. 
Осы қатарды толықтыратын жазушының 
келесі ертегісі – «Горилла-Адам». Ертегі оқиғасы 
табиғат жаратылысының заңдылықтарына өз 
наразылықтарын білдірген жануарлардың бір 
ғасырда бір өтетін ұлы жиынынан басталады. 
Маймылдар қауымы Дарвиннің «Адамның арғы 
тегі маймылдан жаралған» деген пайымдауын 
дәлелдеу үшін өздері тәжірибе жүргізуге ше-
шім қабылдайды. Тәжірибені кімнен бастау 
керектігіне приматтар талас тудырады. Горилла 
өзінің адамнан ешқандай да кем емес екенін ай-
тып, тәжірибені өзінен бастауды ұсынса, Оран-
гутанг өзін «Орманның адамы» атанып жүргенін 
алға тартып мақтанды, ал Шимпанзелер ДНК-
сы адамдарға алты пайыз ғана жетпейтінін ай-
тып, ең дұрыс шешім – өздерінен басталу ке-
рек екенін айтты. Даудың соңы Горилланың 
Африкада қалып, кеше ғана дүние есігін ашқан 
кішкентай Горилланы адам етіп тәрбиелеумен 
тиянақталады.
Қарт Горилла жаңа туылған немересіне үлкен 
үміт артып, адамдарша Гор-Би деп ат қояды. 
Гор-би сәт сайын өсіп, ой-санасы толыға бастай-
ды. Қарт Горилла немересін ертіп, ауылдағы 
адамдардың тыныс-тіршілігімен таныстыруға 
алып шығады. Бала үшін адамдар өмірі өте қы-
зықты болып көрінді. Гор-Би адамша өмір сүру-
ге қанша асыққанымен қарт әке рұқсат бергісі 
келмеді. Ол атасының айтқанына көнбей, ба-
скетбол ойнап жатқан балаларға қосыла кетеді. 
Ойнап жатқан екі топтың бірі – ересектеу еді. 
Гор-Би осы ересек балаларға қарсы ойнап жат-
қан топқа қосылады. Бар ынтасын салып, ере-
сек балаларға қарсы ойнап, енді жеңіске жетуге 
аз қалғанда, Гор-Би өз тобындағы балалардан 
қысым көріп, итше тепкінің астында қалып, ой-
ыннан аластатылады. Осы сәттен соң Гор-Би 
қатты налып, адам баласына деген реніші арта 
түседі. 
Гор-би адам баласына деген жанайқайын 
былай жеткізеді: «Қарға – Қарғаның көзін шұ-
қымайды», «Қасқыр да бөлтірігін жолда таста-
майды» деп үйреттіңіздер. Бұл Джунгли заңы, 
мейлі. Ал, адамдардың да өз заңы бар емес пе? 
Ізгілік пен тәртіпке бағышталған. Мен мынаны 
түсінбеймін, адамдар өздеріне өздері қиянат жа-
сайды. Өкпелерін түтінмен улайды. Сәт сайын, 
таңертең ұйқысынан ояна, аман-саулық жоқ, те-
мекісін тартудан бастайды. У қосылған тентек 
су ішеді. Бұл қылықтарын мақтан тұтады. Мұны 
да кешірем ем, олар – адамдар өтірік айтады 
екен. Сол өтіріктеріне өздері сенеді. Алдайды, 
арбайды. Жолдасын жолда тастап кетуге де бар. 
Адам баласы үшін бұдан асқан қатыгездік бар 
ма? Бұның бәрі Джунгли заңына да, Дала за-
нына да қарсы. Сонда маған қандай заңмен жүр 
дейсіздер? Олармен қалай дос боламын. Оған 
арым да, бала намысым да жібермейді. Жетер, 
енді!..» (Б.Сүлейменов, 2021: 281).
Адамзат баласының осындай әділетсіз дік-
терін құлағы естісе де мән бермей жүрген Гор-Би 
өз көзімен көрген соң, адам боламын деген асқақ 
арманынан мәңгілікке бас тартады. «Горилла 
Адам» ертегісі арқылы автор бүгінгі күннің ба-
сты мәселесін, өмір шындығын балаларға астар-
лап жеткізен. Өзі өмір сүріп отырған заманның 
тыныс-тіршілігін нақты кейіпкерлер мінезі 
арқылы бейнелеу – автордың ең ұтымды әдісі. 
Өзіне тапсырылған істі жанын сала орындаған 
Гор-бидің ешкімге жақпауы, керісінше соққыға 
жығылуы адамдар арасындағы бәскелестіктен 
туып отыр. Екі аяқты пенделерге Гор-би сияқ-
ты жат нәсілді маймылдың алымдығы мен ша-
лымдығы ұнамайды. Тіпті ол адам баласы болса 
да оған пенделер арасында орын жоқ. Себебі, ол 
– өз замандастарын екі орайтын жүйрік. 
Гор-Бидің адамдар тарапынан жасалған қия-
натты баяндауы, балалардың осындай жаман 
қасиеттерден аулақ болуына, оның соңы жақ-
сылыққа апармайтындығына көздерін жеткізеді. 
Арыстанның айбатты екенін, қабыланның кез-
келген іске ебі барын, түлкінің айлакер, піл 
шыдамдылықтың, керіктің алысты ойлайтын 
қа сиеттерімен таныстырып, адамзат ішінде де 
осындай алуан түрлі қасиеттердің барын, тек 
оның ішінде жақсыларын өз бойымызға сіңіру 
керектігін астарлап жеткізген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет