Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет15/47
Дата30.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481937
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47
abf bio mukaz mad j paid sultan

10 – сурет. Күнбағыс себетінің (кәрзеңкесінің) құрылысы:
1 -орам жапырақшалары; 2- тілше гүлдері; 3 — ашылмаған түтікше гүлдер;4,5 – түтікше гүлдер;

Гүл шоғыры – кәрзеңке, сорттары мен өсіру жағдайларына байланысты диаметрі 15-25 см және одан да жоғары болады. Кәрзеңке негізін гүл тұғыры құрайды, оның шеттерінде жеміссіз тілді гүлдер, ал ортасында қосжынысты түкті гүлдер орналасқан. Тілді гүлдердің репродуктивті органдары болмайды, сондықтан жеміс түзбейді. Түкті гүлдер екі қалақты аналық ауызы бар бір ұялы жатыннан тұрады (11 сурет).



11 – сурет. Күнбағыстың гүлдері:
1 — қосжынысты түтікше гүл; 2 — аналық аталықтарымен; 3— ана­лық екі сақиналы аналық аузымен; 4 — аталықтар; 5 — шеткі жыныссыз тіліше гүл.

Аталықтар саны бесеу, жіптері бейтарап, бірақ тозаңдармен жабысып өскен. Жемісі шекілдеуік, қысыңқы жұмыртқа пішінді, жеміс қабығы мен тұқымнан тұрады. Шекілдеуіктің мөлшері, пішіні мен түсі көп факторларға байланысты өзгереді. 1000 шекідеуіктің массасы майлы сорттарында 40-80 г, шағылатындарында 170 г дейін.


Біржылдық күнбағыс (Hlelianthus annuus) астра тұқымдасына (Astraceae) жатады, жинақты түр болып табылады да екі бейтарап түрден тұрады 1 мәдени күнбағыс (Helianthus cultus) мұнда екпе дақылды өсірілетін барлық күнбағыс формалары кіреді 2 жабайы күнбағыс (Helianthus ruderalis), бұл барлық жабайы формаларды біріктіреді.
Мәдени күнбағыс екі түр тармағына бөлінеді егістік немесе далалық күнбағыс (H.c. sativus) және сәндік күнбағыс (Helianthus cultus ornamentalis).
Майлы зығыр(лен масличный)-Linum. Зығыр тұқымдасына (Linaceae) Linum туыстығына жатады, ол 200-ден астам түрлерді біріктіреді. Егістікте барынша кең тарағаны кәдімгі мәдени зығыр. Бұл түр 5 түр тармақтарына бөлінеді, оның ішінде дақылда көп өсірілетіні евразиялық түр тармағы.
Евразиялық түр тармақ төрт түршелер тобына бөлінеді: талшықты зығыр, кудряш, аралық және төселгіш зығыр. Олар бір-бірінен сабағының биіктігі мен бұтақтылығы, сабақ және қорап санымен, сонымен қатар пайдалану бағытына қарай ажыратылады. Солтүстік және Батыс Қазақстанның дақылдық аудандарында өсірілетін майлы зығыр аралық зығырға жатады.
Майлы зығыр – біржылдық шөптесін өсімдік, айтарлықтай нашар дамыған кіндікті тамыр жүйесі бар, сабағы тік өседі, тегіс цилиндр бұтақты және бұтақты, биіктігі 50-70 см. Жапырақтары қарапайым, ланцетті, үшкірленген, жалаңаш, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры зонтик тәрізді шоқгүл, қосжынысты бестік типтегі гүлдерден тұрады. Гүл жатыны бес ұялы домалақ қорап. әрбір қорапта әдетте 10тұқым (әр ұяда 2-ден) болады. Зығыр тұқымы жалпақ, жұмыртқа пішінді, ұшы құс тұмсығы тәрізді иілген, тегіс жылтыр бетті.тұқымының түсі қоңыр , кейде сары, 1000 санының массасы 6-8 г.
Қыша (горчица)-Sinapis
Қыша қырыққабат тұқымдасына (Brassicaceae) жатады. Екпе дақылда әртүрлі туысқа жататын екі түрі бар: ақ қыша (sinapis alba) және көкшіл, немесе сарепт қышасы (Brassica juncea).
Бұл түрлер бір қатар морфологиялық белгілері бойынша ұқсас, бірақ кейбір биологиялық ерекшеліктері мен сыртқы құрылысында айтарлықтай айырмашылықтар бар. Солтүстік Қазақстан облыстарында салыстырмалы қысқа өсіп-жетілуі кезеңі мен қуаңшылыққа төзімділігімен ерекшеленетін көкшіл, немесе сарпет қышасы өсіріледі.
Көкшіл қыша – жақсы дамыған кіндікті тамыр жүйесі бар біржылдық шөптесін өсімдік. Сабағы тік өседі, бұтақты, биіктігі 60-150 см, балауыз тұтымен көкшіл түсті, түкті немесе түксіз. Төменгі жапырақтары сағақсыз, әлсіз түктелген, желпігіш тәрізді – қауырсын қиықты, жоғарғы қалағы үлкен сопақ пішінді. Жоғары жапырақтары сағақсыз, ұзынша-линиялы, шеттері бүтін, әлсіз балауыз түкті. Гүл шоғыры- қалқанды шоқгүл. Гүлдері ұсақ, қосжынысты. Төрттік типте, ашық-сары күлте жапырақтарымен. Жатынында 28-ге дейін тұқым ұрығы, 6 аталығы болады. Жемісі – көптұқымды дөңес келген төрт қырлы бұршаққын, сабанды-сарғыш түсті. Тұқымдары шар пішінді, сары, жиі түрде қоңыр, диаметрі 1,2-2 мм, 1000 санының массасы 2-4г (13 сурет).



13 – сурет. Капуста тұкымдас майлы өсімдіктердің жемістері:1- сарепт қышасы; 2- ашық жарғақты сарепт қышасы; 3 – ақ қыша;
4- арыш; 5 – рапс

Рапс -Brassica


Рапс қырық қабат тұқымдасына (Brassicaceae) жатады, екпе дақылда жалғыз түрі - (Brassicanapus) бар. Егістіктерде екі формада – жаздық және күздік өсіріледі. Солтүстік Қазақстанда жаздық рапс өсіріледі.
Жаздық рапс –кіндік тамыры жақсы дамыған біржылдық шөптесін өсімдік тамыры жақсы дамыған біржылдық өсімдік. Сабағы тік, өсетін, қатты бүршіктенген, биіктігі 0,6-1,6 м, жасыл түсті және балауыз тұтымен көмкерілген. Төменгі жапырақтары сағақты, ірі желпігіш- қауырсын-қиықты. Орта жапырақтары ұзынша-найза тәрізді, жоғарғылары сағақсыз, ұзынша- ланцетті. Барлық жапырақтары көкшіл-жасыл түсті, балауыз тұтымен жабылған. Гүл шоғыры- балбыр шоқгүл, гүлдері қосжынысты, төрттік типте, ашық-сары күлтеше жапырақты. Жемісі- ұзын мұрыншасы бар бұршаққын, піскенде жарылғыш. Тұқымдары ұсақ, 1,5-2,0 мм, шар тәрізді, беті ұсақ-ұялы, қоңыр, қара, қара-сұр түсті, 1000санының массасы 3-7 г.
Арыш (рыжик) -Camelina
Арыш қырыққабат тұқымдасына (Brassicaceae) жатады. Екпе дақылда арыштың екі түрі кездеседі: жаздық немесе егістік (Camelina sativa) күздік (Camelina sativa). Осы екеуінің барынша кең тарағаны жаздық арыш.
Жаздық арыш – кіндік тамыр жүйелі біржылдық шөптесін өсімдік, сабағы жіңішке, бұтақты, биіктігі 50-80 см. Жапырақтары қарапайым, ланцетті, шеттері бүтін, әлсіз тісті. Сабақ пен жапырақтары қатты және қысқа түктермен көмкерілген, кейде жалаңаш. Гүл шоғыры-ұзын шоқгүл. Гүлдері қосжынысты, төрттік типте, өңсіз-сары түсті күлтешелі. Жатыны жоғары типтегі, қосұялы, аталығы 6. жемісі-көптұқымды алмұрт пішінді бұршаққын, піскенде екі жармаға жарылады. Тұқымдары ұсақ (1,5-2,0 мм) ұзынша-сопақ, қызыл-күрең түсті, ылғалданғанда – жылпылдақ (14 сурет).





14 –сурет. Көкшіл сұр қы­ша (сарепт қышасы) Ақ қыша




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет