Г. Ж. Сұлтанғазина Мәдени және пайдалы өсімдіктер



бет18/47
Дата30.10.2023
өлшемі1.53 Mb.
#481937
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47
abf bio mukaz mad j paid sultan

Бақылау сұрақтары:
1. Крахмалды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің баяндаңыз?
2. Негізгі крахмалды дақылдардың маңызын атаңыз?
3. Картоптың биологиялық ерекшеліктері қандай?
4. Крахмалды өсімдіктердің тамақтық құндылығы жоғары ма? Не себептен?
5. Картоп, боташ және тағы басқа крахмалды дақылдардың маңызы?


Зертханалық сабақтың әдістемелік нұсқаулары


1 тақырып Крахмалды дақылдардың морфологиясы
Мақсаты: Крахмалды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерімен танысып, негізгі маңызын анықтау
Жоспар:
1 Картоптың биологиялық ерекшеліктері.
2 Крахмалды өсімдіктердің тамақтық құндылығы.
Жалпы түсінік
Түйнек жемістер (картоп, жер – алмұрт)
Картоп тұқымдасына (Solanaceae) Solanum туысына жатады. Бұл туыстықтан егістікте көп тараған түрі мәдени картоп- Solanum tuberosum. өзінің табиғатына қарай қарастырылып отырған түр сабағы жыл сайын өліп қалатын көпжылдық түйнекті өсімдік. Оны вегетативті жолмен де тұқыммен де көбейтуге болады.
Картоп түйнегімен көбейткенде тамыр жүйесі шашақты болады. Ол жекелеген сабақтардың тамыр жиынтығы деп есептеледі және столон маңы тамырларынан тұрады. Тұқымымен көбейтілгенде кіндік тамыр жүйесін қалыптастырады.
Түйнектерімен көбейтілгенде биіктігі 180-200 см жететін бірнеше қырлы сабақтардан тұратын бұта түзеді. Бұтадағы сабақ саны түйнектерде өскен көзшелер санына, түйнектің мөлшері мен өсіру тәсілдеріне тәуелді.
Картоптың жапырақтары күрделі, үзік-дарақауырсынды-қиықты, бірнеше жұп бүйір бөліктері мен бөлшектерден тұрады, сабақ бойында бұрандалы орналасқан.
Гүлдері қос жынысты, бестік типте, күрделі шиыршық гүл шоғырына жиналған. әрбір гүл тозаңдарымен 5 аталықтан және бағана ұзындығы әртүрлі аналықтан тұрады, түстері жасыл-сарғыштан күрең қызылға дейін. Картоптың барлық сорттары гүл түзе бермейді. Жемісі – шырынды жидек, көптеген тұқымдардан тұрады. Тұқымдары ұсақ жаншылған, ақ-сұр және сарғыш түсті, 1000 санының массасы 0,3-0,5 г (15 сурет).



15-сурет. Картоп өсімдігінің тұқымының дамуы.
Түйнек – түр өзгерісіне ұшыраған жер асты сабағы болып табылады, пішіні мен түсі әртүрлі. Түйнектің бетінде бұрандалы тәртіппен орналасқан көзшелер (түр өзгерісіне ұшыраған жапырақтар) болады, олар тыныштық күйіндегі 2-3 бүршіктен құралған. Түйнектің столонға бекіген жерін кіндік, ал қарама-қарсы жағын – төбесі деп атайды. Сортына қарай картоп түйнегі сопақ, домалақ, ұзынша-сопақ болыу мүмкін. Сыртқы түсі бойынша түйнектер ақ, сары, қызыл, қызғылт, қызғылт-күлгін болады, ал жұмсағының түсі – ақ, сарғыш, сары, күлгін.
Түйнектің анатомиялық құрылысы сабаққа ұқсас: оның ұзындық қимасына түкті сақина шоғырын көруге болады, ол түйнек бетіне таяу көзшелерге қарай орналасқан, түйнектің орта бөлігі барынша ылғалды өзекпен толтырылған, ол негізінен крахмал клеткаларынан тұрады; түйнектің сырты эпидермис түзетін перидерма қабатынан тұрады.
Жер-алмұрт (топинамбур) – көпжылдық түйнекті өсімдік. Ол астра тұқымдасына (Astraceae) Hehanthus – туыстығына tuberosum түріне жатады.
Морфологиялық құрылысы бойынша жер-алмұрт күнбағысқа өте ұқсас.
Тамыр жүйесі түйнектерімен көбейтілгенде шашақты, жақсы дамыған, тұқымымен көбейтілгенде – тереңге бойлайтын кіндік тамырлы (16-сурет).

16-сурет. Жер алмұрты, түйнектері мен өсімдігінің жалпы көрінісі

Сабақтары – тік өседі, жақсы жапырақтанған, биіктігі 2,5-3,0 м. бұтақтана алады, кейде сәл күлгін түсті.


Жапырақтары қарапайым, сағақты, жұмыртқа тәрізді, үшкірленген, ірі, шеттері ара тісті, сабақтың төменгі бөлігінде қарама-қарсы, ал орта және жоғары бөлігінде – кезектесіп орналасқан. Жапырақтары мен сабақтары дөрекі талшықтармен көмкерілген.
Гүл шоғыры – диаметрі 3-4см келетін кәрзеңке, гүлдері екі типті – жеміссіз тілді және жемісті қосжынысты түкті. Гүлдері желдің көмегімен және насекомдармен айқас тозаңданады.
Жемісі – кішірек сұр шекілдеуік, күнбағыс шекілдеуігінен айтарлықтай ұсақ, 1000 санының массасы 7-9г. Тұқымымен көбейтілуі селекциялық жұмыстарда кездеседі.
Жералмұртының түйнектері әртүрлі пішінді – алмұрт, цилиндр, түйреуіш тәрізді, ұзынша-домалақтау. Көзшелер түйнектерде бұранда тәртібімен дөңестеніп орналасқан.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   47




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет