Қажетті материалдар:
-картоптың жапырағы мен гүлшоғырының кеппешөптері
- картоптың түйнектері, жемістері және тұқымдары
- формалині бар шыны ыдыста орналасқан картоптың тамыр жүйесі
- 5л шыны цилиндрлер
- ареометрлер
- жер алмұртының түйнектері
Әдебиет: 2,127-133 бет, 4, 179-195 бет.
Бақылау сұрақтары:
1. Крахмалды өсімдіктердің биологиялық ерекшеліктерінің баяндаңыз?
2. Негізгі крахмалды дақылдардың маңызын атаңыз?
3. Картоптың биологиялық ерекшеліктері қандай?
4. Крахмалды өсімдіктердің тамақтық құндылығы жоғары ма? Не себептен?
5. Картоп, боташ және тағы басқа крахмалды дақылдардың маңызы?
Крахмалды дақылдардың тізімі:
1. Мәдени картоп (Картофель)- Solanum tuberosum.
2. Жер алмұрт Земляная груша (топинамбур)-Helianthus tuberosum.
Тесттер
1.Жер алмұрты өзінің құрылысы жағынан қандай майлы дақылдарға өте ұқсас келеді?
А) мақсырға
В) күнбағысқа
С) қышаға
D) күнжытқа
Е) периллаға
2. Жер алмұртының тамыр жүйесі қандай?
А) кіндік тамыр жүйесі
В) қосалқы тамыр
С) кіндік тамыр жүйесі, етті
D) шашақ тамыр жүйесі
Е) шашақ тамыр жүйесі, етті
3. Жер алмұртының сабағы қандай?
А) тік
В) ұзынынан төселіп жатады
С) цилиндр тәрізденіп өсіп жатады
D) цилиндр тәрізді
Е) конусты
4. Жер алмұртының жапырағы қандай?
А) жүрек тәрізді
В) бүршік немесе жүрек тәрізді, ұзын сағақты
С) үш құлақ - күрделі
D) сағақты, жұмыртқа тәрізді
Е) екі-үш рет қауырсынданған
5. Жер алмұртының гүл шоғыры қандай?
А) диаметрі 5-10 см болатын себетгүл
В) диаметрі 3-4 см болатын күнбағыс себетгүліне ұқсас
С) диаметрі 6-8 см болатын себетгүл
D) диаметрі 10-15 см болатын себетгүл
Е) диаметрі 20 см болатын себетгүл
Достарыңызбен бөлісу: |