Г. Р. Тойгамбекова Тағам гигиенасы саласында мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды реттеуші нормативтік құжаттардын жинағы



бет6/8
Дата05.07.2016
өлшемі1.23 Mb.
#179472
1   2   3   4   5   6   7   8
7 Бөлім Сүт және сүт өнімдерін өндіру кәсіпорындарының гигиенасы

Қазақстан Республикасында сүт және сүт өнімдерін өндіру кәсіпорындарында санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 201 бұйрығымен бекітілген «Сүт және сүт өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдауобъектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі. Осы саниатрлық ережелер мен нормаларда сүт және сүт өнімдерін қабылдауға, өңдеуге және сақтауға қойылатын талаптар анықталған, олар үдерістері нысанның қуаттылығына қарамастан тазалықты мұқият сақтай отырып, оларды ластанудан, бүлінуден және оларға басқа заттардың қосылмауынан қадағалау керек.


"Сүт және сүт өнімдерін өндіру, сақтау және тасымалдау

объектілерін күтіп-ұстауға және пайдалануға қойылатын

санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалардан көшірме

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 28 сәуірдегі N 201 бұйрығымен бекітілген


Жалпы ережелер

Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:

1) гомогенизация - сүттің майда түйіршіктерін майдалап, оның құрамын біркелкі қалыпқа келтіретін технологиялық үдеріс;

2) тотықпайтын болат - арнайы өңдеуден өткен болат;

3) ұйытқы - ұйытылған сүт өнімдерін дайындауға қолданылатын сүт қышқылды бактериялары;

4) сүт және сүт өнімдерін өндіретін шағын қуатты нысандар (шағын өндіріс) - аусымда өңдейтін сүт көлемі 3 тоннадан аспайтын нысандар;

5) пастерлеу - сүтті бір мәрте 70-85 С температураға дейін қыздыру арқылы микробтарды жою әдісі;

6) пероксидаза - сүтті пастерлеу үшін 85 С-қа дейін қыздыру кезінде сапасын бақылау үшін қолданылатын фермент;

7) сүтті өңдеуден өткізу - сүттің алғашқы қасиеттерін өзгертетін кешенді технологиялық үрдістер;

8) профламбирование - ыдыстың жиегін жалынмен күйдіру;

9) санитарлық өңдеу - жабдықтарды, құралдарды, ыдыстарды жуу және зарарсыздандыру сапасын қамтамасыз ететін технологиялық тәсілдердің жиынтығы;

10) термограмма - пастеризаторда сүтті жылыдай өңдеу тәртібін сызықпен кескіндеу;

11) фосфотаза - сүтті пастерлеу үшін 70 С дейін қыздыру кезінде сапасын бақылау үшін қолданылатын фермент;

12) фризерлеу - балмұздаққа арналған сүт қоспасын көпсіте отырып, салқындатудың технологиялық үдерісі;

13) фризер - балмұздақ дайындауға арналған жабдық.
Сүт және сүт өнімдерін өндіретін нысандарды күтіп ұстауға және пайдалануға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Сүт және сүт өнімдерін өндіретін нысандарды орналастыру, жер телімін бөлу, құрылысын жүргізуге және қайта жаңартуға арналған жобалық құжаттарды бекіту, оларды пайдалануға беру осы санитарлық ережеге сәйкестігі туралы санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болғанда ғана жүзеге асырылады.

Нысандар бөлек аумақта орналасуы тиіс. Мемлекеттік орган санитарлық-эпидемиологиялық қызметінен санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысы болған жағдайда сүт, нан, кондитерлік және макарон өнімдерін өндіретін нысандарды бір аумақта оқшау орналасуға рұқсат етіледі.

Нысанның белгіленген тәртіп бойынша аккредитациядан немесе аттестациядан өткен өндірістік зертханасы болуы керек. Өндірістік зертхана нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 3610 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің м.а. 2005 жылғы 25 наурыздағы "Зертханалар бойынша санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерді бекіту туралы" N 145 бұйрығына сай жабдықталып және күтіп ұсталуға тиіс.



Өндірістік зертхананың бақылауымен келіп түсетін сүт және кілегей, ашытқы, дайын өнімдер, сол сияқты өндірістің технологиялық және санитарлық-эпидемиологиялық режимдерінің жағдайы қамтамасыз етілуі керек.

Өндірістік зертхана болмаған жағдайда шағын және орташа қуатты нысандарда зертханалық бақылауды, белгіленген тәртіпте аккредитациядан өткен, басқа зертхана жүргізуге тиіс.

Нысанның санитарлық қорғау аумағы қолданыстағы құрылыстық нормалар мен ережелерінің талаптарына сай белгіленуге тиіс.

Нысанның аумағы қоршалып, көркейтілуі, асфальттануы керек. Жаңбыр, қар, ағынды сулардың аумақты шайып кетуін болдырмау үшін су ағатын канализациялар жүргізілуге тиіс.

Аумаққа кіріп-шығатын жеке екі жолы болып, күнделікті тазартылып, жазда сумен шайылып, қыста қар мен мұздан тазаланып отыруы керек.

Аумақ мынадай негізгі бөліктерге бөлінеді: 1) әкімшілік ғимараттар, бақылау пункттері орналасқан және жеңіл көліктердің тұруына арналған алаңы бар әкімшілік аумақ; 2) негізгі өндірістік ғимараттар, сол сияқты өндірістік зертхана, медициналық пункт немесе денсаулық сақтау пункті, санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар, асхана, автосүтцистернаға арналған жабындысы бар автотұрақ орналасқан өндірістік аумақ; 3) қосымша ғимараттар, қоймалық үй-жайлар, жөндеу шеберханалары, құрылыс материалдарының қорын сақтауға арналған имараттар, бос ыдыстар мен отын, қоқыс жинағыш контейнерлер тұратын алаң және аулалық дәретханалар орналасқан шаруашылық аумақ.

Көлікке тиеп-түсіру алаңдары, темір жол, автокөлік, платформаларына өтетін жолдар, құрылыс материалдарын, отынды, бос ыдыстарды сақтайтын алаңдар, автокөліктер және жаяу жүретін жолдардың беті тегіс, су өткізбейтін жабындысы болуға тиіс.

Учаскенің қызметтік аумақтарының ара қашықтығы 25 м кем болмауға тиіс.

Ғимараттар мен имараттардың арасындағы санитарлық арақашықтық қарсы тұрған ғимарат пен имараттың бір биіктігінен кем болмауға тиіс.

Ғимараттар мен имараттардың, құрылғылардың аумақта орналасуы шикізат пен дайын өнімдерді тасымалдауда өтетін жолдардың қиылыспауын қамтамасыз етуі керек.

Қоқыстар мен қалдықтарды жинау үшін металдан жасалған контейнерлер қолданылады, олар асфальтанған алаңда орналасуы керек. Алаңның мөлшері контейнерлердің түбінің көлемінен 3 есе көп болып, өндірістік және қосымша үй-жайлардан кем дегенде 25 м жерде орналасуы керек. Алаң үш жағынан биіктігі 1,5 м болатын, тұтас бетондалған немесе кірпіш қабырғамен қоршалуға тиіс.

Қоқыстар мен қалдықтарды контейнерлердің 2/3 бөлігі толғанда шығару керек, бірақ аптасына бір реттен кем емес. Қоқыстан босатылған контейнерлер жуылып және зарасыздандырылуы керек.

Шаруашылық-ауыз су, технологиялық мақсат үшін сумен қамтамасыз ету нормативтік құқықтық актілердің Мемлекеттік тіркеуден өткізетін Реестрдің N 2999 тіркелген, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің м.а. 2004 жылғы 28 маусымдағы "Шаруашылық-ауыз суымен жабдықтауға және мәдени-тұрмыстық су пайдалану орындары жөніндегі санитарлық-эпидемиологиялық ереже мен нормаларды бекіту туралы" N 506 бұйрығынасай болуы қажет.



Су келетін су құбыр жеке, жабылатын үй-жайда орналасып, оның манометры, су сынамасын алатын шүмегі, су ағар еңістігі, кері клапандары болуы керек.

Ауыз су, техникалық және өндірістік сумен қамтамасыз ету жүйесі бөлек құрылып, құбырлары әртүрлі түске боялуы керек. Су алатын жерде "ауыз су", "техникалық су" деген жазу болуға тиіс. Техникалық суды компрессорлық қондырғыларды, қазандықтарды жууға, аумақты суғаруға, автокөліктер мен дәретханалардың сыртын жууға қолдануға рұқсат етіледі.

Өндірістік және шаруашылық ауыз суға арналған суды сақтау үшін өндірістік қуаттылығына қарай сыйымдылық резервуарлары қарастырылуы керек. Резервуарлар сынама алу үшін арнайы шүмекпен, сатымен және люктермен жабдықталып, аузына құлып салынып, пломба соғылып, сыртына "ауыз су" деп жазылады.

Шаруашылыққа арналған резервуарлық сулар 48 сағат сайын ауыстырылып отырылуы керек.

Су сақтайтын резервуарларды тазалап, зарарсыздандыру жұмыстары тоқсан сайын 1 рет, сол сияқты апат орын алып, оны орнына келтіріп, жөндеу жұмыстарынан кейін жүргізілуі керек. Тазалап, зарарсыздандырылғаннан кейін зертханалық (сынама алынады) бақылау жүргізіледі, оның қорытындысы жорналға тіркеледі.

Шаруашылық - ауыз су және өндірістік цехтар үшін резервуарға берілетін судың сапасын өндірістік зертхана арқылы тексеріп отыру керек.

Әрбір жөндеу жұмыстарынан кейін су құбырлары жуылып, зарасыздандырылады, содан кейін суды зертханалық жолмен тексереді. Зарасыздандырылғаннан кейін судың сынамасы мынандай бақыланатын орындардан: су енгізілетін кіреберіс орнынан, резервуардан, ашытатын орыннан, аппараттар цехынан және технологиялық үдерістерді есепке ала отырып басқа цехтардан сынама алынады.

Өндірістік үй-жайлар суық және ыстық сумен қамтамасыз етіліп, су алар орында араластырғыш қарастырылып, жинап-тазалау жұмыстарын жүргізу үшін 500 шаршы метрге (м2) әрбір үй-жайға су алатын бір шүмек орнатылуы керек. Шлангілерді сақтауға орын дайындалып, олар су шашатын клапан-ұштықтармен жабдықталуға тиіс.

Жылыту жүйесінен технологиялық үрдіске, үй-жайларға, жабдықтарға санитарлық тазарту жүргізуге ыстық суды пайдалануға болмайды.

Канализация жүйесінің құрылымы құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сай келуі керек. Өндірістік цехтарды санитарлық тораптардың және себезгі бөлмелерінің үстінде орналастыру керек.

Өндірістік үй-жайлар құяр жерінде тор көз қойылған, диаметрі 10 сантиметрлік су ағар жолдармен, жуынды суды жинайтын орынмен қамтамасыз етілуі керек. Технологиялық құрал-жабдықтардан, машиналардан пайдаланған суды шығаратын су құбырын сифон арқылы канализация жүйесіне қосады.

Төмендегілерге рұқсат етілмейді: 1) басқышты, астаушаларды, технологиялық және тұрмыстық қалдық сулар ағатын канализациялық аспалы құбырларды жұмыс орындарының, технологиялық жабдықтардың үстінен жүргізуге; 2) тұрмыстық қалдық сулардың тік құбырларын өндірістік үй-жайлар арқылы жүргізуге. 32. Өндірістік қалдық сулардың тік құбырлары, тіреуіштері өтпелі каналдарда орналасып, оларды бейтарап үй-жай арқылы тексеру мүмкіндігі болуға тиіс.

Ағынды сулар механикалық, химиялық (қажет болғанда) тұрғыдан, биологиялық толық тазартылуы керек.

Егер нысан канализациялық желісі жоқ елді мекенде орналасқан жағдайда жергілікті канализация және сорып тазарту жүйесі қарастырылады. Қалдық су жиналатын бетондалған шұңқырдың темір қақпағы болып, оның 2/3 бөлігі толған кезде тазартып отыру керек. Өндірістік және тұрмыстық қалдық суларды тиісті тазартудан өтпеген күйінде суқоймаларына жіберуге рұқсат етілмейді.

Жеке тұратын дәретханалар негізгі өндірістік және қойма үй-жайларына кем дегенде 25 м жерде орналасып, тазалық жұмыстары жүргізіліп, жетісіне 1 рет зара сыздандырылып отыруы керек.

Нысанның өндірістік және қосымша үй-жайлары қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес табиғи және жасанды жарық көздерімен қамтамасыз етілуі керек.

Жарық түсетін терезелерді сыртқы және ішкі жақтарынан жабдықтар мен бос қораптар жинап, жарықты көлеңкелемеу керек. Терезелерге жамалған әйнектер орнатуға немесе оларды жарық түспейтін материалдармен ауыстыруға болмайды.

Өндірістік және қосымша цехтардың жарықтандырудың көздерінде қорғаныс арматурасы немесе жабық плафондары болуы тиіс.

Сынап толтырылған газ арқылы жанатын шамдар істен шыққан кезде оларды жинап, сақтайтын арнайы үй-жай болуы керек. Пайдаланудан шыққан шамдар есепке алынып және арнайы жорналда тіркеліп, қайта өңдеу үшін тиісті пункттерге жіберілуге тиіс (демеркуризация).

Ашық технологиялық үдеріспен өндіретін үй-жайларда (қақпағы жоқ ашық ваннада ірімшік, балмұздақ, және басқа да өнімдерді өндіргенде) жарық көздерін технологиялық жабдықтардың үстіне орналастыруға болмайды.

Өндірістік, қосымша және тұрмыстық үй-жайлар қолданыстағы ҚНжЕ талаптарына сәйкес соратын-шығаратын немесе жергілікті желдету құрылғыларымен жабдықталуы керек.

Өндірістік үй-жайларға сорылып берілетін ауа жер бетінен 2 метрден кем емес төменгі аумақтан жүргізілуге тиіс. Ашық технологиялық үдеріспен жұмыс істейтін цехтарға сырттан берілетін ауаны тазартудан өткізу қарастырылуы керек.

Технологиялық үдеріс ашық түрде жүргізілетін цехтарда, балаларға арналған сүт өнімдерін және стерилденген сүтті өндіретін бөлімде сүт ашытатын және өндірістік үй-жайларға келіп түсетін ауа шаңнан тазалану үшін тесіктері өте кішкентай сүзгілерден өтулері керек.

Аэрозольды шығару арқылы жүретін технологиялық үдерістері бар (құрғақ сүт өндіретін, ерітілген ірімшік, ірімшіктерді парафинмен жабатын) нысандарда ауаны тазарту үшін арнайы сүзгілер қолданылады.

Әрбір үй-жай, егер технологиялық үдеріс мүмкіндік беретін болса, табиғи түрде желдетілуі керек. Жылу, ылғал және зиянды заттар бөліп шығаратын қондырғылар орналасқан жерде сорып шығаратын желдету жүйесімен қамтамасыз етілуі керек, қажет болған жағдайда жергілікті сорып шығаратын механизмді қолдануға болады.

Ашыту, зертхана, тұрмыстық үй-жайларда және дәретханаларда жалпы желдету жүйесі және жергілікті желдету жүйесі қарастырылуы керек.

Өндірістік және қосымша үй-жайлардың орталықтандырылған немесе жергілікті жылыту көздері болуға тиіс.

Өндірістік және қоймалық үй-жайларға кіреберіс орын қарастырылмаса, жылытылып берілетін "ауа пердесі" қарастырылуы керек.

Жылыту жүйесінің жылытқыш құралдары шаңнан тазалау және жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін оңтайлы орналасуы керек. Беті тегіс емес жылыту құралдарын орналастыруға және жылу көзінің бетін сәнді торлармен жабуға болмайды.
Өндірістік ғимараттарға және тұрмыстық үй-жайларға қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар

Жаңа технологиялық жабдықтар, желілер орнатқан жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды болуы керек.

Өндірістік цехтардың орналасуы технологиялық үдерістің тоқтаусыз желісін қамтамасыз етіп, ұйымның жоғарғы немесе шағын өндірістік қуатына қарамастан, шикі және дайын өнімдердің жанасуын болдырмауға тиіс.

Шағын қуатты өндірісі бар нысанда төмендегідей үй-жайлар жиынтығы, алаңдар көлемі болуы тиіс: 1) сүт қабылдайтын орын - 6 м2; 2) өндірістік цех - құрал және жабдықтарды жуғышпен бірге орналасқанда - 30 м2; 3) айналымдағы ыдыстарды жуатын орын - 6 м2; 4) ашытатын орын - 6 м2. Қолдануға дайын ұйытқыны пайдаланғанда ұйытқы мен өндіретін цехты біріктіруге рұқсат етіледі; 5) дайын өнімдер қоймасының алаңы - 14 м2; 6) өндірістік зертхана - қолданыстағы НҚА талаптарына сәйкес зерттеулер тізбесі мен көлемін есепке ала отырып алынған үй-жай жиынтығы; 7) тұрмыстық үй-жайлар және киім ілетін орын - 6 м2; 8) дәретханалық бөлме -3 м2; 9) әкімшілік үй-жайлары.

Бағытына байланысты үй-жайлар жиынтығы, жабдықтар, оларды күтіп ұстау, технологиялық режимдер, қорапқа салу, тасымалдау, өнімді сақтау осы санитарлық ереженің талаптарына сәйкес жүргізілуге тиіс.

Сүтті қабылдау жабық үй-жайда немесе сүтті көліктен түсіретін кронштейндермен және резеңке түтіктермен жабдықталған платформада жүргізіледі. Флягалардан сүтті соратын түтікшелердің тотықпайтын болаттан жасалған ұзындығы 80-100 см. болатын ұштықтары болуға тиіс. Цистернадан сүт сору үшін цистернаға кіріп тұратын келтек құбырға бұрандамен қосылатын аспалы түтікшелер қолданылады.

Мал азығын (майы алынбаған сүтті ауыстыратын) өндіретін цех негізгі өндірістік үй-жайдан оқшау, бөлек орналасуы керек.

Тағамдық құрауыштар және тағамдық қоспалар бөлек бөлмеде, өндірушінің орамында сақталады. Осы бөлмеде оларды өндіріске пайдалануға дайындау жүргізіледі, ол үшін табандықтар, сөрелер, контейнерлер қарастырылуға тиіс.

Негізгі өндірістік цехтардың, сол сияқты ашытқы бөлімшесі мен зертхананың қабырғалары глазурленген тақтайшалармен немесе белгіленген тәртіп бойынша пайдалануға рұқсат етілген басқа материалдармен 2 м биіктікке дейін қапталуы керек, оның жоғарғы жағы су эмульсиясымен немесе рұқсат етілген бояулармен сырлануы керек.

Үй-жайларға жүргізілетін ағымдағы жөндеу жұмыстары жылына кем дегенде 1 рет жүргізілуі керек. Өндірістік және қосалқы үй-жайлардың қабырғасы мен төбесін сырлау және әктеу ластануына қарай жүргізіледі, бірақ жылына екі реттен кем болмауы керек.

Өндірістік үй-жайлардың едені тегіс, су өткізбейтін материалмен қапталуға тиіс. Едендердің беті тегіс, су ағызуға ыңғайлы, еңісте орналасқан жабық астаулармен қамтамасыз етілуі керек. Өндірістік цехтардың едені маймен ластануына байланысты ағаш торлармен жабдықталуы керек.

Өндірістік үй-жайларда және мұздататын камераларда қоқыстарды және технологиялық үдерісте қолданылмайтын жабдықтар мен құралдарды сақтауға болмайды.

Терезенің, шам шынысының ішкі беттерін, электрлі жарық көздерінің арматуралық беттерін кем дегенде айына 1 рет сүртіп, жуу керек, сыртқы беттерін 1 жылда 2 рет, жылдың жылы мезгілдерінде кірленуіне қарай жуып, сүрту керек. Жазғы кезеңде ашылатын терезелер мен есіктердің тесіктері тормен жабылуға тиіс.

Өндірістік цехтардың есіктері, қабырғаларының беті, ашытқы бөлімшесі, балаларға арналған сүт өнімдерін өндіретін цехтар аптасына бір рет ыстық сумен сабындап жуылып, Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген зарарсыздандырғыш заттармен өңделуі керек.

Жинап-тазалауға, жуу және зарарсыздандыруға керекті материалдарды сақтауға бөлек үй-жайлар, лас суды құюға жабдықталған құрылғы, ыстық және суық су келтірілген раковиналар, тазалау материалдарын жайып кептіретін орынмен жеке үй-жайлар қарастырылуы керек. Тазалауға керекті құрал-жабдықтарға белгі салынуға тиіс. Жуып-тазалауға арналған құрал-жабдықтарды басқа мақсатқа пайдалануға болмайды.

Өндірістік үй-жайлардағы еденді тазалау жұмыстары ылғалды әдіспен жүргізіледі, ал жұмыс аяғында ыстық сабынды-сілтілі ерітіндіні қолдану арқылы тазаланылып, артынан зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілуге тиіс.

Астаушалар, траптар, қол жуғыштар, раковиналар, қоқыс жинағыштар ауысым барысында және ауысымның соңында тазаланып, жуылып, зарарсыздандырылуға тиіс.

Өндірістік корпусқа, цехтарға кіре берістегі резеңке кілемшелер әрбір ауысымда зарарсыздандырғыш ерітінділермен шылануы керек.

Айына кем дегенде 1 рет (тазалық күн) барлық үй-жайларда, барлық құралдар мен жиһаздарға күрделі тазалау және зарарсыздандыру жұмыстарын жүргізу керек.

Тұрмыстық үй-жайлар санитарлық өткізгіш түрінде жабдықталуға тиіс.

Балаларға арналған сүт тағамдарын өндіретін цехтың және жөндеу шеберханаларының, қазандықтың, компрессордың жұмыскерлері үшін жеке тұрмыстық үй-жайлар қарастырылады.

Тұрмыстық үй-жайлардың құрамына сырт киімге, жеке және санитарлық киім мен аяқ киімге арналған киім ілетін, таза төсек әбзелдерін сақтайтын, лас санитарлық киімдерді қабылдайтын үй-жайлар, себезгілер және қол жуатын раковиналар, киім мен аяқ киімді кептіретін бөлмелер, кір жуатын және жуып тазалауға керекті жабдықтарды сақтайтын үй-жайлар кіреді.

Жұмыскерлерге арналған асхана немесе буфет тұрмыстық үй жайлардың құрамына немесе бөлек ғимаратта орналасуы керек. Әйелдердің саны 100 асқан жағдайда әйелдердің жеке гигиенасына арналған бөлме жабдықталуы керек, одан кем болған жағдайда себезгісі бар арнайы кабина қарастырылады.

Жұмыскерлер саны 50-ден 300-ге дейін болғанда медициналық пункт, ал 300-ден асқан жағдайда денсаулық сақтау пункті ұйымдастырылады.

Жуынатын себезгілерді, дәретханаларды және қол жуғыштар мен кір жуатын орындарды өндірістік цехтар және асханалардың үстіне орналастыруға рұқсат етілмейді.

Дәретханалар өздігінен жабылатын есікпен жабдықталуы керек. Шлюздер санитарлық киімдерді ілетін ілгекпен, ыстық және суық су келтірілген қол жуғыш, сабын, щөткемен, қолды кептіруге арналған электркептіргішпен немесе бір рет қолданылатын орамалмен жабдықталуы керек. Шлюзге кіретін жерде зарарсыздандырғыш ертіндіге матырылған кілемше төселуге тиіс.

Себезгі бөлмесінің қабырғасы төбеге дейін глазурленген тақтайшамен жабылып, санитарлық тораптар мен әйелдердің гигиеналық бөлмесінің қабырғасы 2 м биіктікке дейін тақтайшамен жабылып, одан жоғары Қазақстан Республикасында рұқсат етілген материалмен боялуы керек.

Тұрмыстық үй-жайлар күн сайын жұмыстың соңынан жиналады: қабырға мен еден сабынды - сілтілі ерітіндімен және ыстық сумен жуылады; киім ілетін шкафтарға ылғалды тазарту жүргізіліп және аптасына бір рет зарарсыздандырылады.

Дәретханаларды тазалау және зарарсыздандыруға арналған арнайы құрал-саймандар болып, оларға белгі қойылуы керек. Әрбір тазалаудан кейін оларды 2 сағатқа зарарсыздандырғыш ертіндіге матырып қояды.

Дәретханаларды тазалауға арналған керек-жарақтар, басқа үй-жайларды тазалауға арналған керек-жарақтардан бөлек, арнайы бөлінген орында сақталады.

Дәретхананы тазалауға арнайы персонал бөлініп, оны басқа үй-жайларды тазалауға қатыстыруға рұқсат етілмейді.

Асханаға кіреберісте санитарлық киімдерді ілетін ілгектер, ыстық және суық су келтірілген қол жуғыш, сабын мен электркептіргіш болуға тиіс; қажет болған жағдайда киім ілетін орындағы ілгек саны асхананың отыратын орнының санымен бірдей болуы керек.

Тамақты тікелей цехтарда ішуге рұқсат етілмейді.

Кеміргіштердің кіріп-кетуінен қорғану үшін мынандай шаралар қарастыру керек: 1) үй-жайға кіретін есіктерді (40-50 см биіктікке дейін) қаңылтырмен немесе тормен, ал табалдырықтарды қаңылтырмен қаптау керек; 2) жертөле қабатындағы есіктерді, желдету каналдарын қорғағыш тормен жабу керек; 3) қабырғалардағы, едендердегі, су құбырларының және радиаторлардың қасындағы тесіктерді металл жаңқасы қосылған цементпен сылау керек; 4) цехтарды тамақ қалдықтарынан уақытында тазалап отыру, жұмыс соңынан шикізаттар мен дайын өнімдерді мұқият жабу керек; 5) дератизациялық шараларды, арнайы лицензиясы бар ұйымдармен, уақытында жүргізу керек.
Технологиялық жабдықтарға,

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет