7-тарау. Газөндірукәсіпшілігін абаттандыру, газ және газоконденсатты таңдау және өндірістік өңдеу
1-параграф. Газ және газоконденсат кәсіпшілігін абаттандыру
жобасының негізгі қағидалары (мазмұны)
388. Газкәсіпшілігін абаттандыру жобасының негізіне тәжірибелік-өндірістік пайдаланудың бекітілген жобасын немесе газ және газоконденсат кен орындарын қазудың жобасын қабылдау керек.
389. Тәжірибелік-өндірістік пайдаланудың негізгі жобаларының қағидалары немесе кен орындарын қазу барысында немесе қосымша барлағанда алынған деректер бойынша қазу жобасы түбірімен өзгергенде кен орындарын жайғастыру жобасын түзеуді енгізу керек. Бұл түзету жобаны жасаған ұйыммен келісіледі.
390. Газ және газоконденсат кәсіпшіліктерін жайғастыру жобасын тәжірибелі-өндірістік пайдаланудың жобасын жасаған ұйыммен немесе кен орындарын қазу жобасын және сол инстанциялардағы белгіленген жобалар жасағандармен келісу қажет.
391. Газкәсіпшілігін жайғастыру жобасында және келесі негізгі кешенді мәселелерінің ең тиімді және экономикалық мақсаттылығының инженерлі-техникалық және жоба шешімдері көрсетіледі:
1) таңдау жүйесі және газ және газоконденсатты ішкі кәсіпшілікпен тасымалдау;
2) газды өңдеу жөніндегі технологиялық қондырғылар, жабдықтар мен аппараттар (сепарация, тазалау, газды құрғату, гидраттың пайда болуымен күресу);
3) конденсатты дайындау және өңдеу, оны пайдалану және тұтынушыларға жеткізу;
4) жабдықтардың коррозиясымен күресу үшін қажетті шаралар мен құралдар;
5) ұңғы жұмыстарын бақылау және реттеуді, сондай-ақ, кен орындарын қазу үрдістерін күнделікті бақылауды қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар мен құралдар;
6) әр ұңғы мен жалпы кәсіпшілік бойынша газды, конденсатты, мұнайды және суды мұнай жиегінің болған кезінде өндірудің үздіксіз құралдары және кезеңдік бақылау мен есебі сондай-ақ, өңделген газдың кондициясын анықтау (онда конденсаттың тамшы мөлшерін, ингибиторлар және басқалары);
7) жалпы кәсіпшіліктің телефон байланысының құралдары-қажетті оперативті бақылауды қамтамасыз ететін және барлық негізгі және қосалқы технологиялық қондырғылардың, кәсіпшілік коммуникациясының маңызды тораптарын, объектілер мен технологиялық агрегаттардың жұмыстарын үйлестіреді;
8) автоматика мен телемеханиканың жүйелеріне жергілікті автоматиканың құралдарын және технологиялық параметрлердің бақылауы мен сигнализациясы, барлық өндірістік-технологиялық қондырғылардың және технологиялық аппараттардың ақаусыз жұмыстарын бақылауы жатады;
9) газкәсіпшілігінің механикалық-энергетикалық және жөндеу базасы;
10) газкәсіпшілігінің компрессорлық шаруашылығы және бас құрылысы; орындалған жұмыстың сапасын және газқұбырларын пайдаланудың қауіпсіздігін анықтайтын жағдайлары көрсетілген газқұбырлары кәсіпшілігінің жүйесі;
11) сумен қамтамасыз ету, кәсіпшілік канализациясы, газкәсіпшілігінің лықсыма, ағынды суларын ығыстыру;
12) барлық газөндіргіш шаруашылығының және апатты қызметтің үйлесімді жұмысын қамтамасыз ететін газкәсіпшілігінің диспетчерлік қызметінің жүйесі;
13) газкәсіпшілігінің автотрактор және жол шаруашылығы;
14) өндірістік, әкімшілік және тұрмыстық құрылыстар және бөлмелер;
15) қауіпсіздік техникасы, қолданыстағы талаптар мен нұсқауларға сәйкес өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі бойынша шаралар мен құралдар.
392. Газкәсіпшілігінің бүкіл кешендер шаруашылығы, оған коммуникация, байланыс, автоматика және телемеханика жатады, есеппен жобаланады және салынады:
1) кен орындарының өзгешелік геологиялы-пайдалану ерекшеліктері (шоғырлар мен объектілердің сандары, тереңдік жатысы, қаттың қысымы мен температурасы, газ бен конденсаттың запастары);
2) әр пайдаланатын объектідегі газдың физикалы-химиялық және тауарлық сипаттамасы (газ «құрғақ», конденсат қосындысы бар газ, күкіртқышқылы немесе онсыз, көмірқыщқыл газы немесе құрамындағы гелий артқан);
3) климаттық және орогидрогеографиялық жағдайлары;
4) газ және конденсатты пайдаланудың бағыттары (химиялық өнеркәсіп үшін газ әрі отын, әрі шикізат);
5) негізгі тұтынушылардың сипаттамасы;
6) оларға газ және конденсатты тасымалдау жағдайы.
393. Егер кен орындары бірнеше шоғырларымен сипатталатын болса, қат қысымының мөлшері бойынша немесе химиялық сипатымен күрт ерекшеленсе, онда жайғастыру жобасында газдың бөлініп жинауы мен тасымалдану мәселесін мұқият қарау керек, әсіресе, егер құрамында конденсат немесе гелий, күкіртқышқылы, көмірқышқылы газы мен органикалық қышқылдары артқан шоғырлар болса.
394. Егер кен орындарында (немесе шоғыр) қазуға жататын өндірістік маңызы бар мұнай жиегі болса, онда тиісті мұнайкәсіпшілігін ұйымдастыру мәселесін шешу қажет.
395. Егер ұңғыларды пайдалану кезінде тұздықышқылды өңдеу немесе қатты гидрожаруды жүзеге асырумен байланысты болса, онда газкәсіпшілігін жайғастыру жобасында газды өндіруді интенсификациялау бойынша арнаулы шаруашылықты ұйымдастыру мәселесін қарастыру керек.
396. Газкәсіпшілігін жайғастыру жобасы қолданыстағы табиғатты қорғау жөніндегі заң жағдайларына сәйкес болуы тиіс.
397. Газ кәсіпшілігін жайғастыруды жобалау екі стадиямен іске асуы тиіс:
1) ұсақ кен орындары үшін бірстадиялы жоба;
2) орта, ірі, өте ірі және бірегей екістадиялы жоба.
398. Кен орындарының тобы, сондай-ақ, ірі және бірегей кен орындары үшін, әдеттегідей кәсіпшілікті жайғастырудың бас схемасы жасалынады, соның негізінде одан әрі жобалар жасалынады. Жобалаудың кезеңдігі кен орындарының күрделілігі мен зерттелуіне байланысты белгіленеді.
2-параграф. Газ кен орындарында газды алу жүйесі
399. Газ кен орындарында газды алу жүйесі мынадай негізгі буындардан тұрады:
1) шлейфтерден, ұңғыдан газды алудың топтық пунктіне немесе кәсіпшілік коллекторларына дейін жүретін (әр ұңғы бойынша газды жеке алған кезде тиісті қысымға және жіберу мүмкіндігіне есептелінген);
2) кен орындарында әртүрлі формада орналасатын газжинағыш кәсіптік коллекторларды, сондай-ақ, белгілі қысымға және жіберу мүмкіндігіне есептелінген;
3) газды тасымалдауға дайындау жөніндегі технологиялық қондырғылары бар жеке немесе топтық газ алу пункттері.
400. Жоғары қат қысымы бар, газ және газоконденсат кен орындары үшін шлейфтердегі барынша мүмкін болатын жұмыс кезіндегі қысымды 200 кг/см2 қабылдау ұсынылады. Тиісінше осы қысымға деп ұңғыдан жинау пунктіне дейінгі технологиялық коммуникациялар жобаланады және салынады. Өте жоғары қысымдары бар кен орындары сағасын қазу кезінде газ қысымын 200 кг/см2 дейін редукциялауды көздеу қажет.
401. Кен орындарының конфигурациясы мен мөлшеріне байланысты әртүрлі формалы кәсіптік коллекторлар қолданылуы мүмкін, оның негізгісі мыналар:
1) ұзындық;
2) сақиналы;
3) сәулелі;
4) аралас;
5) телескопиялық.
402. Газды жинау жүйесі қамтамасыз етеді:
1) жылдамдық;
2) әрі алыстағы, әрі жергілікті тұтынушыларға үздіксіз газды беру;
3) газжинағыш желісіне қызмет көрсетудің ыңғайлылығы;
4) оны салу мен пайдаланудағы металл мен қаражат жұмсаудың аз шығыны;
5) қысымды ең аз жоғалту;
6) барлық ұңғылардың, әсіресе газды компрессормен өндіру кезінде оңтайлы жұмыс режимін қамтамасыз ету.
403. Алыс тасымалдауға газды дайындау ыңғайы, газ ұңғыларына қызмет көрсетудегі шығынды азайту және автоматтандырылған құралдарды кеңінен пайдалану үші, топтық немесе орталықтандырылған сәулелі коллекторлы газ жинау жүйесін қолдану ұсынылады, мұндайда штуцерлер, сепараторлар және газды есептегіштер топтық немесе орталық газжинағыш пункттеріне апарылады, одан ұңғылар жұмысын бақылау мен реттеу жүзеге асады.
404. Шлейфтер арқылы жеке газжинағыш пункттерге қосылатын ұңғылардың саны мына жағдайларға байланысты анықталады:
1) кен орнының мөлшері және шоғырлардың конфигурациясы, ұңғылардың саны және олардың орналасу жүйелері;
2) қаттық және сағалық қысымдар мен температураның мөлшері;
3) ұңғылардың өнімділігі және газдың фракциялық құрамы;
4) газжинау жобасының әртүрлі» түрлерінің техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
405. Жаңадан пайдалануға қосылатын әр кен орындары үшін газжинайтын топтық пункттер саны апатты жағдайлар кезінде қауіпсіз жұмыс жүргізуді ескере отырып, техникалы-экономикалық ойлармен және технологиялық есептермен анықталады.
406. Шлейфтер және кәсіпшілік коллекторлардағы қысымдардың жоғалуы әр жеке жағдайда техникалы-экономикалық есептердің негізінде анықталады. Бұл есептерді кен орындарын қазу кезеңдерінің бастапқы (компрессорсыз), сондай-ақ, комрессор үшін өткізу керек.
407. Кәсіпшілік коллекторлар, әсіресе, ұзындық ысырмалар (крандар) орнатылған жерлерде сақиналы және аралас жүйелі коллекторлар жұмыс режимін бақылау үшін үрлейтін шырағданды, оған монтаждалған инелі вентильдер және үлгілі манометрлер қосылған жалғастырғыштарды (муфта) көздеу қажет.
408. Бір және сол кен орындарындағы өз бетімен газ жинау желісі бойынша газды бөлек жинау келесі үш жағдайда жүзеге асады:
1) өнімді горизонттардың бір тобында өзіне «құрғақ» газды жинайды, ал басқасы конденсатты, сондай-ақ, жеке горизонттар болған кезде өзіне өндірістік құрамдас гелийді жинайды;
2) өнімді горизонттар тобының біріндегі газ құрамында коррозия элементтерінің жоғары пайызы болады; мысалы: күкіртті сутегі, көмір қышқылы және органикалық қышқылдар;
3) өнімді горизонттардағы газ қат қысымының мөлшерінде елеулі айырмашылығы болады, бұл эжекторларды тиімді қолдануға немесе әртүрлі қысымдағы газды әр тұтынушыларға жіберуге мүмкіндік ашады.
3-параграф. Газ және газоконденсат кәсіпшіліктеріндегі жинаудың технологиялық қондырғылары және газды бастапқы өңдеу
409. Таза газ және газоконденсат кен орындарындағы ұңғыдан өндірілген және кәсіпшілікте өңделген табиғи газ «Коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін көмірсутегілі отын газы. Техникалық жағдайларындағы» ГОСТ 20448-80 талаптарына сай келуі керек.
410. Газ және газоконденсат кен орындарындағы газды өңдеу үшін қазіргі кезде технологиялық қондырғының бірнеше түрлері қолданылады, оның негізгісі мыналар болып табылады:
1) суықта жұмыс істейтін төментемпературалық сепарациясының қондырғысы, «штуцерлердегі» жоғарғы қысымды редукцияланған газ есебінен алынған және газды дроссельдеу алдында рекуперактивтік алдын ала суытылған жылуалмағыштар;
2) арнаулы тоңазытқыш машиналарда алынатын, суықта жұмыс істейтін төментемпературалы сепарация қондырғысы;
3) абсорбациялық (гликольді) газды құрғату қондырғысы;
4) абсорбация қондырғылары (қысқа циклдылар және ұзақциклдылар) кешендегі газды судан және бензиннен айыру, газ және газоконденсат кен орындарында төментемпературалық сепарациялардың қондырғысынсыз;
5) газоконденсат шоғырындағы газдан конденсатты барынша мол алу үшін қолданылатын және осы шоғырда тұрақты қат қысымын ұстау (сайклинг үрдіс) газды майдан айыру.
411. Газды өңдеу жөніндегі технологиялық қондырғылар түрлерін таңдау бірқатар фактілерге байланысты, олардың бастысы болып;
1) газдың фракциялық құрамы және әсіресе, онда ауыр көмірсутегінің болуы немесе болмауы;
2) газда зиянды компоненттердің болуы, мысалы, күкіртсутегі, көмірсутегі және органикалық қышқылдар;
3) бастапқы кездегі газ құрамындағы су мөлшері және кен орындарын қазу үрдісіндегі оның өзгеруі;
4) ұңғының өнімділігі, қат жағдайында және ұңғы сағасындағы газдың қысымы және температурасы;
5) кен орнының аумағындағы климаттық жағдай.
412. Таза газ кен орындарынан газды алысқа тасымалдауды дайындау үшін, сондай-ақ, жергілікті тұтынушыларға жететін осы газды дайындау, бір жағынан кәсіпшілік газ жинау тораптарында, екінші жағынан, магистральды газ құбырларында гидраттың пайда болуын алдын алу мақсатымен осы газды судан айыру талап етіледі. Қала және басқа елді мекендерге берілетін газ, оттегінің зиянды қоспалары жөніндегі, ГОСТ 5542-87 және ГОСТ 22387-5-77 талаптарын қанағаттандыруы, сондай-ақ, сезінетін иісі болуы тиіс.
413. Конденсат газын тасымалдауға әзірлеу үшін осы газды судан айырумен қатар технологиялық қондырғылардың бірінде конденсатты алуды жүзеге асыру керек.
414. Алынған конденсатты әрі химия және мұнайөңдеу өнеркәсібінде шикізат ретінде, сондай-ақ, отын ретінде пайдалану қажет.
415. Газда агрессивті компоненттердің болған кезінде осы компоненттерді шығару жөніндегі технологиялық қондырғыларын салуды көздеу керек, мұндайда, ГОСТ-ің рұқсат еткен шегіне дейін оның құрамын төмендетумен және сонымен қатар кәсіпшілік жабдықтарын коррозиядан сақтау жөніндегі шараларды қолдану керек.
4-параграф. Конденсат кен орындарындағы конденсатты жинау, тасымалдау және өңдеу
416. Газоконденсат кен орындарын жайғастыру жобасында газоконденсатты судан және бензиннен айыруды қамтамасыз ететін технологиялық қондырғыларды көздеу қажет.
417. Қандай бір технологиялық қондырғыларды пайдаланғанда конденсатты кәсіпшілікпен жинау конденсат өткізгіштің герметикалық жүйесі бойынша автоматты конденсатбұрғышты қолданумен жүзеге асады.
418. Тұрақсыз конденсат, газды дайындау қондырғысында шығарылған, жүйе қысымын барынша пайдаланумен конденсатты өткізгіштердің герметикасы бойынша газобензин зауытына тасымалданады.
419. Конденсаттың кәсіпшілікте тұрақтану қажеті кезінде тұрақтанғаннан кейін газды өндіру және химия зауыттары үшін сұйықталған газды отын ретінде пайдалану керек немесе төменгі қысымды газқұбырлары бойынша өз қажетіне және жергілікті тұрғындарды газбен қамтамасыз етуіне бағыттау қажет. Атмосфераға конденсатты үрлеп шығару және факельмен жағуға болады.
420. Газоконденсат кен орындарының газ запасына және конденсаттың санына байланысты, осы газда болатын, әр кен орнын жайғастыру жобасында газдан шығарылған сұйық өнімді өңдеу мақсаттылығының техникалы-экономикалық есептерін ұсыну, сонымен бірге газобензин зауытын салу қажет.
421. Газоконденсат кен орындарын жайғастыру жобасында конденсатты өңдеу жөніндегі конденсатты-фракцияланатын (одан әрі-КФҚ) қондырғыны кәсіпшілікте салу мақсатының техникалы-экономикалық есептерінің негіздемесін ұсыну керек.
422. Кәсіпшілікте КФҚ салу мақсаты туралы техникалы-экономикалық есептерді жүргізген кезде, конденсаттан тек қана мотор отындарын алу түрлерін қарастырмай, сонымен бірге химия өнеркәсібі үшін шикізатты (пропилен, бутилен және басқалары) алуды да ойлаған жөн.
423. Кәсіпшілікте КФҚ болмаған жағдайда тұрақтандыратын қондырғыдағы конденсатты конденсатөткізгіштер бойынша жинайтын резервуар (қойма) пунктіне жіберу, содан соң мұнайайдау немесе химия зауыттарына тасымалдау керек.
424. Жиын пунктіндегі резервуардағы конденсаттың сақталуы мен есебі «Мұнайбазалары және мұнайөнімдері қоймаларының өндірістік қауіпсіздік ережелеріне» сәйкес жүзеге асады.
425. Конденсаттың шығынға ұшырауымен күресу мақсатында оны резервуарлық жинау пунктінен өңдейтін жерге дейін (жақындағы мұнайөңдеу зауыты) тасымалдау қолдағы көлік құралдарының көмегімен-құбыржүргізумен, теміржолмен, сумен және автомобильмен герметикалық күйінде жүзеге асады.
5-параграф. Газды құрғату және оны күкіртсутегісінен және көмірқышқылынан тазарту
426. Газды құрғату мен тазартуды тікелей кәсіпшіліктерде немесе магистральды газқұбырының басқұрылысында өткізуге болады.
427. Газды құрғату мен тазартудың әдістерін, сондай-ақ, құрғату мен тазарту қондырғысының тұрған жерін анықтау газ кен орындарын жайғастыру жобасын жасаумен және бас құрылыстың және магистральды газқұбырының жобасымен бірге жүргізіледі.
428. Газды құрғату сондай жоғары дәрежеде, газқұбырында су буларының конденсациялануы және кристаллгидраттардың пайда болмауы арқылы жүзеге асуы керек. Тапсыру пункттеріндегі шық ылғалының нүктесі газ температурасынан төмен болуы керек. Шық ылғалының нүктесі ГОСТ 20061-84 бойынша анықталады. Осындай дәлдік өлшеумен басқа да әдістермен және аспаптармен анықтауға болады.
429. Газды күкіртсутегісінен тазарту ГОСТ 20061-87 сәйкес коммуналдық-тұрмыстық тұтыну үшін оның газдағы құрамын қамтамасыз етуі 0,02 г/м3 аспайды, егер жобаланатын ғимаратnа арнаулы жоғары талап қойылмаса.
430. Парциалды бу қысымы кезінде газдағы көмірқышқылы 2 кг/см2 жоғары болса, газды тазарту көзделуі керек. Көмірқышқылын жою әдістері техникалы-экономикалы ойларды жобалаған кезде анықталады.
431. Табиғи газдың күкірттазарту қондырғыларында қышқыл газдардағы күкіртсутегіні майдан айыру үшін қажетті қондырғы көзделуі керек және мүмкіндігі бойынша тауарлы күкіртті алу үшін.
432. Апатты шығарындылар кезінде қышқыл газдардың күкірттазартуынан ажырағанында жағу және қайтатын газдарды тоқтаусыз жағу үшін тетігі бар арнаулы шырағдан орнату қажет. Шырағданды қоршаумен жауып қою керек. Шырағданды тұрғын ғимарттарынан, кәсіпорындарынан, жолдар мен жүретін жерлерден алыс орнату керек. Шырағданның биіктігі және оның орнатылатын жерін жобалайтын ұйым анықтап, желдің бағыты қай жақтан болатынын есептеу және оны тиісті инспекциялармен келісу қажет.
433. Газды құрғату мен тазарту жөніндегі қондырғыға қызмет көрсететін персонал үшін пайдаланатын ұйым технологиялық карталарды (регламент), жабдықты сынау жөніндегі қызмет нұсқаулығы, іске қосу, пайдалану, жөндеу, қалыпты және апатты тоқтату жасауы қажет.
434. Әр қондырғыда көрінетін және қол жететін жерге іліп қою керек:
1) қондырғының технологиялық схемасы, технологиялық карта, тиектік, реттейтін, сақтайтын және басқа да арматуралар мен байқау-өлшегіш аспаптары көрсетілген аппараттар мен жеке тораптардың схемасы;
2) агрегаттарды іске қосу және тоқтату, жеке аппараттардың сондай-ақ, оларды қалыпты қызмет көрсету ережесі;
3) апатты жағдайлар кезінде тоқтату ережесі.
435. Газды құрғату және тазарту жөніндегі қондырғыны бүкіл жабдықтардың, коммуникациялардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматураның түзулігін тексергеннен соң, сондай-ақ, аппараттар мен құбырларды мұқият тазарту, жуу және үрлегеннен соң іске қосылады.
436. Қондырғыны іске қосу технологиялық схемаға тиісті жүзеге асады: алдымен ертіндіні суық циркуляция кезінде, содан соң қызметтік пайдалану жағдайында тұрақтылыққа ауысады.
437. Қондырғыны іске қосқан уақытта бүкіл аппараттардың, құбырлардың, бақылау-өлшеу аспаптарының, арматураның, сонымен бірге ерітінді құрамының түзулігі мен герметикасын тексеру керек. Мұндайда апараттардағы және құбырлардағы газ бен сұйық қысымының артуы бірте-бірте болады және жабдықтар мен коммуникациялардың беріктігі мен тығыздығын бақылағанда, ол қондырғыны іске қосу жөніндегі қызметтік нұсқаулықтарда көрсетілуі тиіс.
438. Қысқы уақыт кезінде ашық алаңдарда болатын немесе от жағылмайтын бөлмелердегі аппараттар, құбырлар, арматуралар және бақылау-өлшеу аспаптары (одан әрі-БӨА) ылғалдың қатып қалуын және гидраттардың пайда болуын болдырмау үшін мұқият бақылау орнату және ерекше суық болатын жерлерді жылыту үшін шаралар қолдану керек.
439. Ұзақ уақытқа құрғататын және тазартатын қондырғыны тоқтатқан кезде аппараттар мен құбырларды коррозиядан, қысқы кезде аязға ұрынуынан, жарылу және өрт қоспаларының пайда болуынан сақтау үшін шаралар қабылдау қажет. Қыс кезінде тоңазытқыштар, жылу ауыстырғыштар, коммуникация мен жабдықтар тоқтап қалғанда су мен ерітіндінің қатып қалу қаупі болады, сондықтан тоңазып қалуын, тығындалып және бұзылып қалуын болдырмас үшін оларды сұйықтардан босату керек.
440. Газды құрғату мен тазарту жөніндегі қондырғыны пайдаланған кезде негізгі жабдықтардан басқа, баспалар мен алаңдар, жылытатын құрылғылар және тетіктер, жұмысшы саймандары, өртке қарсы, газға қарсы қолданатын және санитарлық-медициналық құралдар түзу болуы керек.
441. Газды құрғату мен тазарту жөніндегі қондырғының бүкіл персоналы өртке қарсы, газға қарсы және санитарлық-медициналық құралдарды пайдалана білулері қажет, сол үшін тиісті куәліктері болуы қажет.
442. Газды құрғату мен тазарту бақылауын химиялық лаборатория және автоматты жұмыс істейтін газоанализаторлар жүзеге асырады.
443. Қондырғылардағы жөндеу жұмыстары қақпақшамен қондырғының жөнделетін жабдықтарын толық ағытып, ажыратқанда, арнаулы нұсқаулықта көрсетілген өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қажетті талапты сақтау арқылы жүзеге асады.
444. Абсорберлердің, десорберлердің, сепараторлардың және басқа газ аппараттарының ішіндегі жұмыс қақпақшамен аппараттарды толық ағытып, ажыратқанда арнаулы нұсқаулықта көрсетілген өндірістік қауіпсіздік жөніндегі қажетті талапты, арнаулы нұсқаулық пен келесі жағдайларды сақтағанда:
1) аппараттың ішіндегі жұмыс цех бастығы беретін, осы жұмысқа жауапты техникалық қызметкер тұлғасының қатысуымен арнайы наряд- рұқсатымен жүргізіледі;
2) аппараттың ішінде жұмыс істеу үшін оны жұмысқа дайындап алу керек: сөндірілген, буланған, жуылған, желденген, онда газдың жоқтығы жөнінде анализ алу қажет;
3) аппараттың ішіндегі жұмысты екі адам атқарады, оның біреуі байқаушы болады;
4) аппараттың ішінде жұмыс атқарушы жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталады (фильтрлейтін, шлангасы бар противогазбен, оттегі-ажыратқыш аспабымен), құтқару белдігіне бекітілген сигналды-құтқарушы арқанмен, оның бір шеті байқаушыда болады;
5) аппараттың ішіне жарық беру үшін жарылысқорғанымен жабдықталған кернеуі 1 В аспайтын лампасы бар қол шамдарын қолдану керек;
6) аппараттың ішінде жұмыс істеу үшін металдан дайындалған, соққанда ұшқын шықпайтын сайманды пайдаланады.
445. Оның құрамында пирофорлық қосындылар болған жағдайда жабдықтарды жуу, тазарту және жөндеу тәртібі жоғарғы ұйым бекіткен арнаулы нұсқаумен анықталады.
6-параграф. Газ және газоконденсат
кәсіпшіліктерін автоматтандыру
446. Әрбір газ және газоконденсат кәсіпшілігінде сол кен орындарын жабдықтау жобасына сәйкес орталықтан бақыланатын және технологиялық пен қосалқы объектілерді басқаратын толық немесе ішінара автоматтандыру жүзеге асырылады.
447. Автоматиканы енгізуді технологиялық және қосалқы объектілердің сенімді, апатсыз жұмыс істеуін, технологиялық және техникалық-экономикалық көрсеткіштердің өсуін қамтамасыз етуіне бағыттау керек. Осы мақсатпен кешенді автоматизацияға көшіруге газ және газоконденсат кен орындары кәсіпшілігінің барлық негізгі және қосалқы объектілері жатады.
448. Нақты жағдайларға байланысты газ және газоконденсат кәсіпшіліктерінде әрі бірсатылы, әрі екісатылы қондырғылар мен кәсіпшілік объектілерінде технологиялық үрдістерді бақылау мен басқару құрылымдары қолданылуы тиіс:
1) бір сатылы құрылым кенінде әрбір ұңғы, газ және газоконденсат жинағыш коллекторлар, газ бөлетін кәсіпшілік станциялары, газжинағыш кәсіпшілдік пункттер және басқа объектілер бойынша технологиялық режимді бақылау мен басқаруды кәсіпшіліктің орталық диспетчер пунктінен жүзеге асыру керек;
2) екі сатылы құрылым кезінде әр ұңғының, жинау пункттерінің технологиялық үрдістері және басқа да өз бетімен жұмыс істейтін объектілердің, сондай-ақ, қосалқы объектілердің жұмыс режимін бақылау мен басқаруды орталық диспетчер пунктіне беретін объект операторының тақтасынан жүзеге асырады.
Ескертпе: технологиялық объектілердің автоматтандыру дәрежесіне байланысты кәсіпшілікте аралас құрылым басқаруын қолдануға болады.
449. Топтық газ жинағыш пункттерінде, кәсіптік газжинағыш станцияларда және газкәсіпшілік құрамына кіретін бас құрылыстарда автоматты өлшеу және орталық диспетчер пунктіне келесі параметрлер беріледі:
1) газдың қысымы мен шығыны;
2) ПГРС-тен немесе басқа құрылыстан шыққан газдың ылғалды болуы;
3) конденсаттың шығыны және қысымы;
4) температуралық сепараторлардағы газдың температурасы.
450. Негізгі және қосалқы барлық технологиялық қондырғылар мен объектілер, топтық жинау пункттері, қазандықтар, кәсіпшіліктің газ жинағыш пункттері, кәсіпшілік және конденсатжинағыш коллекторлар мен басқа объектілер, кәсіпшілік құрамына кіретіндерді автоматтандыру қажет:
1) осы объектілердің жұмысын қамтамасыз ететін мөлшерде қызмет көрсететін персоналдың қатысуынсыз жергілікті автоматика құралдарымен;
2) орталықтандырылған бақылау мен сигнализация құралдарымен технологиялық параметрлерді жедел бақылау көлемін оператордың жүзеге асыруына мүмкіндік беретін (қысым, шығын, газдың ылғалды болуы, деңгейі, температурасы және басқалары) және автоматика құралдары мен кәсіпшіліктің технологиялық аппараттары түзулігіне бақылау жүргізу;
3) газ және газоконденсат өндіру, газ өңдеуді, ішкі кәсіпшілік тасымалдау және оны магистральды газ құбырына беру режимін жедел басқаруды қамтамасыз ететін басқару мен реттеу құралдар көлемінде;
4) шлейфтер және технологиялық жабдықтарды бұзып өткен жағдайда ұңғылар мен газжинағыш коллекторлардың автоматты ажыратылуын қамтамасыз ететін қорғаныс автоматикасының құралдары.
451. Бірсатылы құрылымның бақылауы мен басқаруы кезінде жинау пункттері мен КГБС-тегі негізгі және қосалқы технологиялық барлық объектілерді диспетчерлік пункттен ұңғылар мен басқа объектілерді қосуға, олардың жұмыс режимін өзгертуге, технологиялық режим мен жергілікті автоматика құралдарының жағдайы туралы ойласуға мүмкіндік беретін көлемінде телемеханикаландыру қажет, технологиялық режимдердің бұзылуы мен аппатар туралы диспетчерлік пунктке, сондай-ақ, жергілікті автоматика құралдарының жұмысқа қосылмайтыны жөнінде сигнал беруді жүзеге асырады.
452. Екісатылы құрылымды басқару кезінде топтық жинау пункттері және КГБС, технологиялық қондырғылар және басқа да өз бетімен жұмыс істейтін объектілерді диспетчерлік пункттен газ және конденсаттың негізгі технологиялық параметрлерін бақылауды осы қондырғылар мен объектілерден жинау коллекторларына және тұтынушыларға (газдың ылғалды болуы, конденсат пен газдың жалпы шығыны мен қысымы) газ және конденсатты өндіру режимі сонымен бірге жеке топтық жинау пункттері, сондай-ақ, жалпы кәсіпшілік бойынша технологиясының бұзылуы жөнінде орталық диспетчерлік пунктке сигнал беруді қамтамасыз ету.
453. Газ және газоконденсат кәсіпшіліктерінің диспетчерлік пункттерін бүкіл кәсіптік объектілер схемасы көрсетілген диспетчер щитімен және қажетті технологиялық параметрлерді өңдеу және тіркеу жүйесі бар басқару пультімен жабдықтау керек.
454. Технологиялық режимнің бұзылу сигнализациясы байланыс каналының, автоматика аппараттарының және телемеханика ақаулары кезінде дыбыстық және жылтылдау жарық сигналы апат болған жерді көрсететін болады.
455. Апатты сигнал беру жалпы дыбыс сигналымен және сигнал шамдарымен жүзеге асады.
456. Шығын мен қысым кемістігінің телеөлшенуі (алғашқы өлшегіш пен телеарналарды қосқанда) 2 % аспауы керек.
457. Газ және газоконденсат кәсіпшіліктеріндегі БӨА (одан әрі-бақылау-өлшеу аппараты) мен автоматиканы пайдалануды монтаждау, ретке келтіру, сондай-ақ, көрсетілген аппаратураларды алдын алатын байқау және жөндеу осы аппараттарды пайдалану жөніндегі қолданыстағы нормалар мен нұсқаулықтарға тиісті жүргізіледі.
458. Газ және газоконденсат кәсіпшіліктерінде орнатылған БӨА-тің барлық аппаратуралары, автоматика мен телемеханикасы осы кәсіпшіліктердің өзгешілік талаптарына және қолданыстағы талаптар мен жарылысқауіпсіздік талабына сай келуі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |