Гельминтоздардың тiрі кезіндегі диагностика әдiстерi
Жануарларда гельминттердi клиникалық диагностикалау барлық жағдайда мүмкiн болмайды, себебi түрлi аурулардың симптомдары бiрдей, ешқандай спецификалық белгiлерi болмайды.
Ондағы өзгерiстер гельминтозды емес аурулардың симптомдары болуы мүмкiн. Осыған байланысты гельминтоз диагностикасы зертханалық анализдiң спецификалық әдiстерiмен өткiзiледi.
Паразитарлық құрттар мал ағзасының түрлi мүшелерi мен ұлпаларын зақымдайды. Паразитарлық құрттардың көптеген түрi асқазан-iшек жолының және қосалқы бездерi (бауыр, ұйқы безi) бөлiгiнде болады. Олар жиi өкпеде, бұлшықетте және қан-тамыр жүйесiнде кездеседi. Зақымдалған жануарлар клиникалыққы ортаға көп мөлшерде гельминттердiң жұмыртқалары мен дернәсілдерін бөлiп шығарады. Асқазан-iшек жолында, бауырда, бронхтарда болатын гельминттер өздерiнiң жұмыртқаларын немесе дернәсілдерін нәжiспен бiрге клиникалыққа шығарады. Бүйрек және құық зақымдалғанда жұмыртқалары зәрмен бiрге шығарылады.
Паразиттердiң өзiн және оның жеке бөлiктерiн қарауға бағытталған зерттеу әдiсiн гельминтоскопия деп атайды. Гельминт жұмыртқаларын табу үшiн гельминтоовоскопиялық әдiстердi, ал гельминт дернәсілдерін анықтау үшiн гельминтоларвоскопия әдiсiн қолданады.
Гельминтоскопия. Гельминттердi табу үшiн нәжiстi келесi әдiспен байқайды. Нәжiстi сумен араластырып, қосындыны тұндырады. Бiрнеше уақыттан соң судың беткi қабатын төгiп, тұнбаға судың келесi мөлшерiн құяды, сөйтiп бiрнеше рет қайталайды. Осылай бөтен заттың көп бөлiгi жайылып, тұнбада паразиттер мен нәжiстiң ерiмеген ауыр бөлiгi қалады. Содан кейін тұнбаны макроскопиялы және микроскопиялы зерттейдi.
Гельминтоовоскопия. Өңделген жұғынды әдiс – нәжiстi гельминтоовоскопиялық зерттеудiң ең қарапайым әдiсi. Оны кез-келген жағдайда, жануарлардың барлық түрiне қолданады. Оның техникасы келесiдей. Нәжiстiң шамалы бөлiгiн шыны немесе ағаш таяқшамен алып, оны төсенiш шыныға салады да, 2-3 тамшы глицерин мен судың бiрдей бөлiк қосындысын қосады, сосын мұқият араластырады. Қатты бөлiгi жойылған соң, үстiне жапқыш шыныны жауып, микроскөп астында зерттейдi. Глицериннiң орнына кәдiмгi суды алуға болады. Глицерин препаратты мөлдiрлендiредi, соның нәтижесiнде зерттеу оңайға түседi және препараттың тез кеуiп қалуынан қорғайды. Бiр жануарда бiр уақытта 2-3 препарат дайындау ұсынылады. Бұл әдiстiң кемшiлiгi, әлсiз инвазияда терiс нәтижесiнiң үлкең пайызын көрсетедi.
Берiлген әдiспен нәжiстi стронгилидоз, аскаридоз, фасциолез, трихоцефалез және т. Б. Зерттейдi.
Тұндыру әдiсi. Нәжiстiң шамалы бөлiгiн (5-10 г) судың 10 бөлiктi мөлшерiмен араластырады. Қосындыны металл елек (сүзгiш) немесе марлымен сүзедi де, 5 минут түндырады. Осыдан кейiн сүйықтық қабатын төгiп, тұнбаға таза су қосады да, тағы 5 минут тұндырады. Сөйтiп сұйықтықтың үстiнгi бөлiгi мөлдiрленгенiнше қайталайды. Кейiн сұйықтықты төгiп, тұнбадан трематода жұмыртқаларын микроскөппен зерттейдi. Берiлген әдiспен фасциолез және басқа трематодоздарға балайды.
Достарыңызбен бөлісу: |