Сандық гельминтоовоскопиялық зерттеулер. Көпрологиялық зерттеулерде инвазияның интенсивтiлiгiн анықтау үшiн 1 г нәжiстегi жұмыртқаларды табудың сандық есебiн жүргiзедi. Нәжiсте жұмыртқалардың саны көп болса, жануар ағзасында сол гельминттердiң саны да көп болады. Гельминт жұмыртқалары нәжiс массасында бiрдей таралмайды.
Столл әдiсi. 100 грамм қолбаға басында 56 мл су құяды да, клиникалықынан белгiлеп қояды, кейiн 4 мл су құяды да, қайтадан жаңа белгi қояды. Содан кейiн суды құйып алып, колбаға 56 мл 0,14 күйдiргiш натр ертiндiсiн құяды, сондай мөлшерде нәжiс қосады. Себебi сұйықтық деңгейi 60 мл-ге жетедi (4см³ нәжiс), 10-15 шыны түймелердi салады да, бәрiн дұрыстап араластырады. Араластырғаннан кейiн градуирлi пипеткамен 0,075 немесе 0,1 мл қосынды алады, оны төсенiш шыныға қойып, гельминт жұмыртқаларын санай отырып, микроскөппен зерттейдi. 1 см³ (1 г) нәжiстегi жұмыртқа мөлшерiн бiлу үшiн, табылған жұмыртқа санын 200-ге (егер 0,075 мл қосынды зерттелсе) немесе 150-ге (егер 0,1 мл қосынды зерттелсе) көбейтедi.
Гельминтоларвоскопиялық әдіс диктиокаулез, мюллериоз, протостронгилидоз және тағы басқа күйiс қайыратындардың асқорыту жолының стронгилятозын балау үшiн қолданады.
Берман және Орлов әдiсi. Нәжiс сынамасын (10 г) Берман аппараты воронкасына металл торда немесе марлыда оралған күйiнде салады. Алдын-ала воронкаға бөлме температурасында суды құяды. Сынамамен толтырылған аппаратты бөлме температурасында 3-6 сағатқа қалдырылады. Осы уақытта диктиокаулюс дернәсілдері сынамадан сұйықтыққа жылжып шығады да, түтiк бойымен пробирка түбiне түседi. Сосын абайлы резеңкелi түтiктен ағытып, жылдам қозғалыспен, тұнбаны араластырмай әр пробиркадағы сұйықтықты тұнбаға дейiн төгiп алады (суды пипеткамен сарып алуға болады). Пробиркаларды штативке қояды. Тұнбаны араластырғаннан кейiн төсенiш шыныға құяды да, кiшi өлшемде микроскөппен қарайды. Нематода дернәсілдері қозғалмалы, оңай байқалады. Берман аппаратында воронка орнына сынама салатын түбi тiлiнген резеңкелi алмұрт қолдануға болады. Соларға гельминтологиялық пробирканы жалғайды немесе Мор қысқышымен жабады.
Достарыңызбен бөлісу: |