Гельминтоздардың диагностикасы



бет3/5
Дата01.12.2023
өлшемі27.52 Kb.
#485107
1   2   3   4   5
паразит

Флотациялы әдiстер. Фюллеборн әдiсi. 10-20 г нәжiстi банкаға немесе 100-200 мл-лiк стақанға салады да, ас тұзының қаныққан ерiтiндiсiнде шыны немесе ағаш таяқшасы мен мұқият ұнталайды (ысқылайды). 1 л суда 400 г тұзды ерiтедi, оны қайнатып, мақта немесе марлы арқылы сүзедi. Ерiтiндiнi суық қалпында пайдаланады; оның тығыздығы 1,2.
Ерiтiндiнi ақырын құяды, оған нәжiс қосып отырады. Қосылатын ерiтiндiнiң жалпы мөлшерi нәжiс мөлшерiнен 20 есе көп болады. Содан кейiн сұйықтықты металл сүзгiш арқылы сүзедi де, жарты сағатқа қояды; осы уақытта жұмыртқалар беткi қабатына шығады, себебi тұздың қаныққан ерiтiндiсiнде тығыздығы жұмыртқаларымен салыстырғанда жоғары болады. Тұндырылған сұйықтың бетiнен металл таяқшамен (1 см артық емес) қабыршақты алып, оны төсенiш шыныға көшiредi де, жапқыш шынымен жабады. Алынған препаратты микроскөппен зерттейдi.
Фюллеборн әдiсiн негiзiнен дөңгелек гельминттердiң жұмыртқаларын (аскарида, стронгилида, трихоцефалят және т.б.) және таспа құрттардың кейбiреуiн (тений, аноплоцефалид) табу үшiн қолданады.
Дарлинг әдiсiне тұндыру және флотация процедуралары жатады. Нәжiстi сумен бiрге жартылай сұйық консистенцияға дейiн араластырады да, 3-5 мин центрифугалайды, соңында гельминт жұмыртқалары түбiне тұнады. Пробиркадағы сұйықтықты төгiп, тұнбаға Дарлинг сұйықтығын қосады. Тұнбаны мұқият араластырып, екiншi рет 3-5 мин центрифугалайды. Содан кейiн ғана паразитарлық құрттардың жұмыртқалары тұнбадан бетiне шығады. Металл таяқшамен қабыршақты алып, төсенiш шыныға көшiрiп, жапқыш шыныны үстiне жауып, зерттейдi.
Щербович әдiсiн жоғары тығыздықпен жұмыртқаларды табу үшiн қолданады. 920,0 күкiрт қышқылды магнезияны 1 литр ыстық суда ерiтедi.
Ертiндiнi сүзiп, суытады. Зерттеу үшiн стақанға нәжiстiң шамалы мөлшерiн алып, су қосады да, бiрқалыпты өнiм алғанға дейiн араластырады. Араластырғанда осы өнiмдi металл сүзгiш арқылы сүзiп, 1-2 мин центрифугалайды. Осыдан кейiн сұйықтықтың беткi қабатын төгiп, тұнбаға алынған ерiтiндiнi қосады. Тұнбаны араластырып, қайтадан 1-2 мин центрифугалайды. Көпрологиялық таяқшамен пробиркадан үстiңгi қабатың төсенiш шыныға алып, үстiне жапқыш шыны жабады да микроскөппен зерттейдi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет