Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері


Полигибридті будандастыру. Үш және полигибридті будандастыру кезіндегі фенотиптердің комбинациясы



бет19/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не

Полигибридті будандастыру. Үш және полигибридті будандастыру кезіндегі фенотиптердің комбинациясы.

Полигибридті будандастыру.Бірбірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар особьтарды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердің ажырау сипаты дигибридті будандастырумен салыстырғанда біршама күрделірек болады
Мысалы, егер тұқымы сары, тегіс, қызыл гүлді бүршақ өсімдігін тұқымы жасыл, бұдырлы ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес Ғ1-де алынған будан ұрпақтың барлығы да біркелкі, яғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады, ал Ғ2-де күрделі ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді (А-а), түсін (В-в), ал гүлдің түсін (С-с) деп белгілесек, сонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВСС, ал екіншісінікі ааввсс, ал Ғ2-де алынатын будан организмдікі АаВвСс болып келеді. Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді: ABC, АВс, АвС, Авс, аВс, аВС, авС, авс. Сегіз типті жұмыртқа клеткалары сегіз типті сперматозоидтармен кездейсоқ кездесіп, өздігінен тозаңданудың нәтижесінде Ғ2-де зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі. Ғ2-дегі особьтар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінеді. Олардың арақатынасы 27(АВ-С ):9(А-В-сс):9(А-ввС-;):9(ааВ-С-):3(А-ввсс):3(ааВ-сс):3(ааввС-): І(ааввсс). Сонда фенотип бойынша 27:9:9:9:3:3:3:1 арақатынасындай болып келуі тригибридті будандастыру кезінде гендердің тәуелсіз ажырауы себепті болады. Альтернативті белгілердің әр жұбының фенотип бойынша ажырауы 3:1 қатынасына тең. Бастапқы осы қатынасты мейоз кезінде гомологиялық хромосомалардың цитологиялық дәл механизмі қамтамасыз етеді.


32. Менделдің тәуелсіз ажырау заңы: ереже және ерекшеліктер.
Тәуелсіз тұқым қуалау (тәуелсіз комбинациялану) заңы немесе Мендельдің үшінші заңы баламалы белгілердің әр жұбы ұрпақтарға бір-біріне тәуелсіз тарайды, сондықтан 2-ұрпақта белгілі бір сандық қатынастықта белгілердің жаңа комбинациялары бар дарабастар пайда болады деген тұжырымдама жасайды. Доминанттылық ережеге және 1-ұрпақ будандарының біркелкілігі туралы заңға сәйкес, тәжірибеден алынған F1 1-ұрпақтың барлығының тұқымдарының сырты тегіс және түсі сары болып шықты. Бұл будан тұқымдардан өсірілген өсімдіктердің өздігінен тозаңдануының нәтижесінде 2-F2 будан ұрпақ алынды. Сонымен, екі жұп белгі бір-бірінен тәуелсіз ажырайды, яғни ол тәуелсіз тұқым қуалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет