Генетика пәні; тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттеудің негізгі аспектілері


Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің тірі түрлерінің генетикалық-эволюциялық тағдыры



бет35/39
Дата04.05.2023
өлшемі461.52 Kb.
#473206
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39
Генетика п ні; т ым уалаушылы пен згергіштікті зерттеуді не

63. Үй жануарлары мен мәдени өсімдіктердің тірі түрлерінің генетикалық-эволюциялық тағдыры.



Сұрыптаудың маңызды бөлімдерінің бірі ата тектер туралы ілім болды. Оны жете зерттеудегі жетекші рөл көрнекті орыс ғалым-генетигі Николай Иванович Вавилов еді. Ол XX ғасырдың 20-30-жылдарында қызметкерлерімен бірлесіп әлемнің әр түкпіріне 60-тан астам экспедиция жасады. Осы зерттеулер барысында Австралиядан өзге барлық континенттерден мәдени өсімдіктердің ата тектері болып табылатын материалдар жиналды. Барлық мүмкіндігі бар бастапқы, жабайы формалардың тұқымдық зерттеулер нәтижелерінің бірі болып шықты. Олар казіргі кезде Санкт-Петербургте, Өсімдік шаруашылығы институтында сақталуда (төмендегі кесте).

Орталық атаулары

Географиялық орны

Шығарылған іріктемелер

%

Оңтүстік-Азиялық тропиктік орталық

Үндістан, Үндіқытай, тропиктік Азия

Күріш, қант қамысы, көптеген жеміс және көкөніс дақылдары

50

Шығыс-Азиялық орталығы

Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралы, Корея

Соя, тары, жеміс және көкөніс дақылдары

20

Оңтүстік-Батыс Азиялық орталығы

Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан,

Бидай, қарабидай, көптеген астық тұқымдастар, жүзім

14

Жерорта теңіз орталығы

Жерорта теңізі жағалауына орналасқан елдер

Жоңышқа, біргүлді жасымық, көптеген көкөніс дақылдары, зәйтүн

11

Абиссина орталығы

Африка материгінің шағын ауданы

Дәндік құмай, бананның 1 түрі, нұт майлы өсімдігі, бидай мен арпаның ерекше формалары

1

Орталық америкалық орталық

Оңтүстік Мексика

Жүгері, ұзын түкті мақта, какао, бірқатар асқабақ тұқымдастар, үрмебұршақ

3

Анд орталық

Оңтүстік Американың Анд таулы жотасы ауданының бөлігі

Картоп тәрізді өсімдіктер, кейбір (кокаин бұтағы, хинин ағашы) дәрілік өсімдіктер

1

Институт ұжымы бұл құнды генетикалық материалды 1942-1943 жылдардағы Ленинградтың қоршауы кезінде де сақтап қалды. Қызметкерлер аштықтан өлді, солай бола тура тұқымдар жинақтамасын қол тигізбей аман сақтады. Бүгінде бұл жинақтаманың саны 300 000- нан асты. Тұқымдардың тіршілікке бейімділігін сақтау үшін жинактамалық материалдардың бөлігі үнемі себіліп, осылай өздігінен жаңартылады. Бұл материал 60-70-жылдардан-ақ жоғары өнімді іріктемелер жасауға пайдаланылды. Соның арқасында Оңтүстік-Шығыс Азияның көптеген елдерінде аштық проблемасын ішінара шешуге мүмкіндік болды. Қазір де Ресейдің және дүние жүзінің көптеген селекционерлері мұны өз еңбектерінде генетикалық өте құнды материал ретінде пайдаланады.
Вавилов іс-әрекетінің тағы бір маңызды нәтижесі мәдени өсімдіктердің пайда болу орталықтары және олардың географиялық таралуы туралы ілімі болды. Вавиловтың басшылыққа алған қағидасы қандай болса да бір іріктеменің пайда болуын оған туыстас басқа түрлердің қай жерден көбірек табылуында деп болжады. Ғалым экспедициядан соң біртіндеп жинақталған материалдардың барлығына кешенді талдау жасап, мәдени өсімдіктердің негізгі түрлері Жер бетінде дүниежүзілік сегіз орталықта пайда болды деп дәлелдеді. Бұл деректер кейінірек жүйеленіп, қайтадан тексерілді, сөйтіп ең соңғы нұсқасында осы заманғы ғылым мойындаған жеті орталықа бөлінді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет