1. Оңтүстік азиялық тропиктік орталық. Бұл – күріштің, қант қамысының, көптеген жеміс және көкөністік дақылдар отаны. Бұған тропиктік Үндістан, Үндіқытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның аралдағы жатады.
2. Шығысазиялық орталық. Бұл – сояның, тарының бірнеше түрінің, көптеген жемістік және көкөністік дақылдардың отаны. Бұған Орталық және Шығыс Қытай, Жапония, Тайван аралдары, Корея жатады;
3. Оңтүстік-батысазиялық орталық. Бұл – бидай, қарабидайдың бірнеше түрлерінің, көптеген дәнді дақылдар, бұршақ, жүзімнің отаны. Бұған Кіші Азия, Орта Азия, Иран, Ауғанстан, Солтүстік-Батыс Үндістан жатады;
4. Жерортатеңіздік орталық. Бұл орталық мәдени өсімдіктер түрінің 11%-ға жуығын берді. Атап айтқанда: зәйтүн, көптеген малазықтық өсімдіктер (жоңышқа, біргүлді жасымық), көптеген көкөністік (орамжапырақ) және малазықтық дақылдар өскен;
5. Абиссиналық орталық. Бұл – дәндік құмай, бананның бір түрінің, майлы ноқат өсімдігі, бидай мен арпаның бірқатар ерекше түрлерінің отаны. Бұған мәдени өсімдіктердің өте ерекше флорасы бар Африка материгінің шағын ауданы жатады;
6. Орталық америкалық орталық. Бұл – жүгері, ұзын талшықты мақта, какао, бірқатар асқабақ, үрмебұршақ – 900-ге жуық мәдени өсімдіктердің отаны. Бұған Оңтүстік Мексика жатады;
7. Андылық (Оңтүстік америкалық) орталық. Бұл – көптеген түйнекті өсімдіктердің, соның ішінде картоптың, дәрілік өсімдіктердің (кокаинды бұта, хинин ағашы) отаны. Бұған Оңтүстік Американың батыс жағалауын бойлай созылған Анд тау жотасы атырабының бөлігі жатады.
62. Доместикацияның қазіргі үрдістері: мәселелері мен болашағы.
Доместикация (лат. domestіcus – үйге үйренген, қолға үйрету) – жануарларды қолға үйретіп, олардың шаруашылық маңызы бар белгілері бойынша жаңа тұқымын алу; жабайы өсімдіктерді қолдан өсіру.
Адамның ең алғашқы қолына үйреткен жануары қасқыр болған. Ғалымдардың зерттеулерінің нәтижесі бойынша тас дәуірінде (10-15 ғасыр бұрын) Оңтүстік Азияда қасқырлар доместикацияланғаны белгілі болды. Сонымен қатар қазіргі қойлар сол кездегі оңтүстік Еуропа мен алдыңғы Азияда тауда жүрген муфлоннан шыққан. Ал қазіргі сиырлардың арғы атасы болып қазір жойылған тур жануары болып табылады. Жабайы турлар соңғы кезге дейін Еуропа, Сротүстік Африка, Кіші Азия мен Кавказда болатын. Турдың соңғы дарасы 1627 жылы Польша ормандарынада жойылған.
Достарыңызбен бөлісу: |