Арақашықтықтарды өлшеу әдістері
Жер бетіндегі нүктелердің арақашықтығын тікелей өлшеуге немесе есептелген басқа шамалар арқылы, яғни жанама әдіспен анықтауға болады. Әр тәсілдің өз аспаптары, әдістері бар.
Тікелей әдіс кезінде ұзындықтарды өлшеу рулеткалардың, таспалардың және сымдардың көмегімен жүзеге асырылады.
Оларды болаттан немесе инвардан (64% болат пен 36% никельдің қорытпасы) жасайды. Инварлық өлшеуіш аспаптардың сызықтық ұлғаю коэффициенті өте аз. Болат өлшеуіш аспаптар арақашықтықтарды 1:10000, 1:25000, ал инварлық 1:25000, 1:1000000 шамасындай салыстырмалы қателікпен өлшеуге мүмкіндік береді.
Жанама әдісте арақашықтықтарды өлшеу үшін оптикалық қашықтық өлшеуіштер, жарық және радиоқашықтық өлшеуіштер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар, ізделініп отырған арақашықтықты аналитикалық жолмен есептеп шығару үшін өлшенген базистер мен бұрыштардың геометриялық арақатынасы пайдаланылады. Оптикалық кашықтық өлшеуіштермен арақашықтықты анықтаудың салыстырмалы қателіктері 1:200-ден 1:500-ге дейін, ал жарық және радиокашықтық өлшеуіштерде 1:10000-нан 1:250000-ға дейінгі аралықтарда болады.
Геодезиялық жұмыстарда жүктелген міндетіне, олардың дәлдігіне қойылатын талаптарға, сондай-ақ өлшеу жағдайына байланысты сызықтардың үзындығын өлшеу үшін әр түрлі өдістер мен аспаптар қолданылуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |