Теодолиттік түсіріс - жердің контурлық планын алу үшін теодолит (бұрыш өлшегіш аспап) пен өлшеу таспасының (қашықтың өлшеуіш) көмегімен орындалатын геодезиялық жұмыстардың түрі. Теодолиттік түсірулер кезінде горизонталь бұрыштар β және арақашықтықтар S өлшенеді.
Тахеометриялық түсіріс тахеометр деген аспаптың көмегімен жүргізіледі. Тахеометр арқылы горизонталь а, вертикаль V бұрыштар, қашықтың S жөне биіктік өсімшесі һ анықталады.
Мензулалық түсіріс - мензула және кипрегель арқылы жүргізілетін жұмыс. Бүл түсірудің нәтижесінде қашықтықтың горизонталь, проекциясы мен биіктік есімшесі анықталады, план тікелей далада сызылады.
4. Аэрофототопографиялық түсіріс - әуеден жер бетін аэрофотоаппаратпен суретке түсіру арқылы план мен карта жасау.
5. Жердегі стереофотограмметриялық тусіріс - арнайы жерде тұрып, фототеодолит арқылы жүргізілетін жұмыстар.
Түсірулердің соңғы екі түрі кен орындарын ашық әдіспен қазып алуда өндіріс орындарында (карьерлерде) кеңінен қолданылады.
6. Нивелирлеу - арнаулы аспаптардың көмегімен пункт биіктіктерінің айырмасын, яғни биіктік өсімшелерін анықтау тәсілі.
Ал нивелирлеу өз ішінде:
а) геометриялық нивелирлеу (түзу визирлік сәулесі нивелир аспабы және рейка көмегімен жүргізіледі);
ә) тригонометриялық нивелирлеу (көлбеу визирлік сәулесі теодолит пен рейка арқылы жүргізіледі);
б) барометрлік нивелирлеу (атмосфералық қысымның биіктікке байланысты өзгеруінің физикалық заңы негізінде);
в) гидростатикалық нивелирлеу (жалғасқан ыдыстардағы сұйық заттың бір деңгейде орналасу қасиетіне негізделген);
г) механикалық нивелирлеу (автоматты түрде профиль сызатын құрылғыға негізделген) деп аталатын түрлерге бөлінеді.
7. Көз мөлшерлік және буссольдық түсіріс - компас жөне көздеу сызғышы арқылы жүргізілетін геодезиялық жұмыстардың жиынтығы.
Геодезиялық түсірулердің материалдары уақыт өткен сайын ескіреді, өйткені жергілікті жерде шаруашылыққа пайдалану процесі жүріп жатады: жаңа нысандар салынады, пайдалы қазбаларды қазу жүргізіледі, т.е.с Оның үстіне физика-географиялық жағдайлар да өзгеріп тұрады, солардың бері топографиялық карталарда бейнеленіп көрсетілуі тиіс. Топографиялық карталар қазіргі заман талабына сай деңгейде болуы үшін оларды уақытылы жаңартып отыру керек
Геодезиялық жұмыстар далалық және өңдеу жұмыстары болып бөлінеді. Далалық жұмыстарда әр түрлі өлшеулер жүргізіледі, ал өңдеу жұмыстары есептпеу мен графикалық процестерден тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |