9-параграф. Үлкен диаметрлі ұңғымаларды, шурфтарды бұрғылау
360. Қызметкерлердің бұрғылау кезінде шурф аузына жақын жерде болуына жол берілмейді.
361. Бұрғылау ұштарын көтергеннен кейін оны жыныстардан тазарту үшін шурф ауызы мықты щитпен жабылады. Бұрғылау ұштарын шурф ауызы ашық кезде тазартуға немесе ауыстыруға жол берілмейді. Бұрғылаушыны жыныс бөлшектерінің соққысынан ұштарды механикалық тазарту уақытында жыныстар бөлшектерінің соққысынан қорғау үшін жұмыс орны щитпен қоршалады.
362. Жобалық диаметр бойынша шурфты алғашқы рет тереңдеткеннен кейін ауыздардың құлауынан сақтау үшін тіреу плитасы орнатылады.
363. Бұрғылау жұмыстары аяқталғаннан кейін жұмыстағы үзілістер кезінде шурф ауыздары тіреу плитасына бекітілген щитпен жабылады. Щит тіреуі оның ауыздан шығып кету мүмкіндігін болдырмайды.
364. Шурф алаңы таза ұсталады және рифленген қатты жабуы болады.
365. Күтілетін газды жатып қалу немесе су тартқы қысымды қаттағы күтілетін орындарда шурфтарды бұрғылау осы жағдайда жұмыс істеу кезінде қауіпсіздік шараларын көздейтін жоба болғанда жүргізіледі.
366. Забойдағы газды қаттарға жақындаған кезінде шурф аузындағы ауа ортасының жағдайына жүйелі байқау ұйымдастырылады.
10-параграф. Жер асты тау кен қазбаларын бұрғылау
367. Жер асты тау кен қазбаларын бұрғылау кезінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабы және осы Талаптың 18 тарауының талаптары басшылыққа алынады.
368. Камералар (қуыстар) мөлшері өндірулер қабырғалары мен қондырғылар арасындағы өтетін орындардың қауіпсіз енін жобаға сәйкес қамтамасыз етеді және мыналардан кем емес құрайды:
1) қозғалмайтын детальдар жағынан 0,7 м;
2) қозғалатын детальдар жағынан 1 м;
3) бұрғылау бригадасының орналасу жағынан 1,8 м.
369. Егер оларға қызмет көрсетуге кедергі болмаған жағдайда, камералар қабырғаларына қондырғылар мен механизмдерді тығыз орнатуға жол беріледі.
370. Бұрғылау механизмдері және қондырғылар олар камерадан және қуыстан шықпайтындай етіп қолданыстағы тау кен қазбаларына орнатылады.
371. Камерадан (қуыстан) шығатын жерден екі жағынан бірдей 40 м қашықтықта бұрғылау агрегаты орнатылған орында механикалық көлігі қазбаларға жолда адамдардың болуы туралы ескерту белгілері орнатылады. Камерадан (қуыс) шығу жолдары жарықтандырылады.
372. Мұнаралардағы сатылар 800 артық емес еңіспен орнатылады және сөрелерде саңылаулар үстінен орнатылмайды; сатылар ұштары сөрелерге мықты бекітіледі. Бұл жағдайда:
1) люктердің еркін мөлшерлері 0,6 х 0,7 м;
2) сатылар негізінен тіке қазбалар біреуіне дейінгі ең кіші қашықтық 0,6 м құрайды.
Сатылық сөрелер арасындағы қашықтық 6 м артық , сатылар ені 0,6 м кем және баспалдақтар арасындағы қашықтық 0,3 м артық болмайды.
373. Бұрғылау жүргізілетін камералар мен қуыстарды, олардың қосымша қазбаларын үңгілеу, желдету және бекіту осы Талаптың 18 тарауының талаптарына сәйкес жүргізіледі.
374. Бұрғылау жүргізілетін қазбалардан бұрғылау агрегатының электрқондырғыларын және аппаратураларын орындау кен орнының газ тозаң режимінің талаптарына сәйкес келеді.
375. Жоғарыға бағытталған ұңғымаларды, су ағыны едәуір келетін ұңғымаларды бұрғылау кезінде ұңғыма ауыздары су ағынын су төгу арналарына бағыттайтын герметизацияланған құрылғымен жабдықталады. Газ пайда болған кезде газды каптациялау жөнінде шаралар қабылданады.
Сөрелерді және басқа ғимараттарды бұрғылау кезінде олардың мықтылығы жүйелі тексеріледі.
376. Ұңғымаларды бұрғылау үшін камераның жұмыс алаңдарын бөгде заттармен толтыруға жол берілмейді.
377. Санитарлық нормалар шегінде ауа тазалығын қамтамасыз ететін ауамен бұрғылау кезінде бұрғылау құрылғысы тозаң аулау және тозаң салудың қажетті құралдарымен жабдықталады.
11-параграф. Су бетінен бұрғылау
378. Жалпы талаптар:
1) кеме қатынасы көлдері мен өзендерінде бұрғылау жұмыстары су көліктерін реттеу және су шаруашылығын басқару органдарынан рұқсат алғаннан кейін басталады;
2) кеме қатынасы өзендерінде жұмыс істеу кезінде құрылғыларда кеме мен сал қозғалысын бақылайтын және сигналды белгілерді білетін кезекші болады.
Өзендерде шоғырлар, сарқырамалар мен иірімдер болған кезде оларға дейін 100 м қауіпті аумаққа кіруге тыйым салынатын қауіпсіздік белгілері қойылады;
3) жұмыстар жүргізуге жол берілмейді:
5 баллдан жоғары жел болғанда;
мұзжарғыштармен нольдік балқуда;
қатты тұман кезінде судоход трассаларында;
4) түнгі уақытта оттардың 50 м кем емес қашықтықта оттар көрінетін есеппен қойылатын жарықтанбайтын сигналды оттарсыз;
5) траптарға, трюмдарға, люктерге, шығатын орындарға және өртке қарсы және құтқару құралдарына бару жолы үнемі ашық;
6) құрылғылардың биіктігі 1,25 м және еден деңгейінде биіктігі 0,20 м кем емес борт тақтайшасымен бекітілген қоршауы болады. Еден мен қоршаулар арасында екі аралық параллель рейкалармен бекітіледі.
Құрылғылар және жұмыс алаңдарының едендері қалыңдығы 70 мм кем емес тақтайшалардан жасалған;
7) құрылғының барлық қызметкерлері дабыл соғылу жағдайында өз орындары мен міндеттерін, батушыларды құтқару ережелерін біледі;
8) әрбір құрылғының тұрақты радиобайланысы және құтқару құралдары (екі шеңбері немесе екі жұп шарлары, бригаданың әрбір қызметкерінің құтқару белдіктері немесе кеудешелері), ұзындығы 28 кем емес көбік арқандары болады. Құрылғыларда кезекші құтқару қайықтары болады, оларды басқа мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді.
379. Жүзбелі құрылғыларды ұңғымаларды бұрғылау кезінде:
1) жағалауға шығуға арналған арқандардың 6 еселіктен кем емес мықтылық қоры болады;
2) жүзбелі құрылғыларда авария жағдайында немесе ауа райы қолайсыз жағдайда үш тәуліктен кем емес тиісілмейтін азық-түлік қоры және ауыз су қоры болады, ал суық уақытта вахта қызметкерлеріне арналған киім кешек комплектілері болады (тиісілмейтін азық-түлік және ауыз су қоры тағайындалған қызметкермен жүйелі жаңартылып отырылады);
3) құрылғы корпусы жұмыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда ұсталады;
4) жүзу құрылғыларын қозғалту кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қолданыстағы талаптарын сақтай отырып жүргізіледі;
5) құрылғыларды шығыр арқылы жылжыту кезінде тартылғын тізбектер және арқандар оқпанында шығыр барабанынан 1 жақын жерде болуға жол берілмейді;
6) құрылғылар жағаға шығарылады, тізбектерде құрылғының тиісті жүк көтеру якорьлары болады. Жағаға шығару якорының жүк салу орнында қалтқылар орнатылады;
7) жүзу негіздерінің жүк көтергіштігі қондырғыларға қолданылатын жұмыстар шарттарына жауап береді;
8) қалқымалы орындардан және қосылған вельботтардан бұрғылау кезінде мұнара (мачта) биіктігі мен жұмыс алаңдарының мөлшері тұрақтылық есебімен анықталады;
9) жүзу құралдарынан бұрғылау кезінде жем немесе мұрынында мөлшері 2,5 х 2,5 м кем емес жұмыс алаңы орнатылады;
10) барж және шаландыдан бұрғылау кезінде құрылғыға үлкен тұрақтылық беру үшін соңғылары есептеулерге сәйкес жүктермен жүктелген. Жүк ретінде құйылған сұйықтарды қолдануға жол берілмейді.
380. Табан жанындағы қозғалмайтын құрылғылардан ұңғымаларды бұрғылау кезінде:
1) құрылғының жұмыс алаңы мүмкін толқынның биіктігінен 0,5 м кем емес биіктікте артық биіктікте су үстінде орнатылады;
2) тіреу құрылғысынан бұрғылау кезінде негіздің биіктігі мен ені (ұзындығы) арасындағы арақатынас 1:1 кем болмайды.
2 м артық тереңдікте олардың негіздеріне жүктеме беріле отырып, тіреулер орнатылады.
Ағын жылдамдығы 2,5 м/с артық өзендерде, теңіздермен үлкен көлдерде тіреулер якорлармен, ал жағалауға жақын жерде жағалаудағы арқандармен тербеледі.
Тіреулердің жұмсақ жер астына батып кетуінің алдын алу үшін жастықтарды немесе тіреуіш айқыш-ұйқыш бекітіледі;
3) тіреуіш гидротехникалық ғимараттарды су деңгейі күрт өзгеретін (су ағып келуі немесе штормдық ауа райы салдары) су айдындарында тіреуіш құрылғыларын орнату кезінде олар якорларды тартпалармен бекітіледі;
4) бағандардан бұрғылау кезінде соңғылары су айдынының табанына толық кусталармен салады және оларды өзара мықты бекітеді.
12-параграф. Қыздырылған сулар мен буларда бұрғылау
381. Қыздырылған сулар мен буларда ұңғымаларды бұрғылау БҚҚ жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жүргізіледі.
13-параграф. Белсенді жуу сұйықтарымен бұрғылау
382. Белсенді жуу сұйықтарын (әрі қарай-БЖС) қолдана отырып, бұрғылау кезінде жұмыскерлер тиісті арнайы киім-кешекпен, арнайы аяқ-киіммен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етіледі.
383. Белсенді жуу сұйықтарын қолдану кезінде ластану деңгейіне байланысты арнайы киімдерді тиімді жуу құралдарын қолдана отырып, механикалық әдіспен, айына бір реттен жиі емес жуылады.
384. БЖС көзге түсуінің алдын алу үшін қызметкерлер түсіру көтеру операциялары кезеңінде қорғаныс көзілдіріктерін немесе мөлдір экраны бар (көзілдірігі бар маскалар) щиткаларды қолданады.
385. БЖС терінің кенеттен ластануы мүмкін жұмыстарды орындау кезінде қызметкерлер гидрофильді мазьдарды және пасталарды қолданады.
386. Науалар жүйесі жердің БЖС түсуінен қорғалуын қамтамасыз етеді. Саңылауы жоқ ағаш немесе металл науалар: оларды саздану немесе жергілікті жағдайларға байланысты оқшаулаудың басқа тәсілдері пайдаланылады.
387. БЖС жер асты және жер үсті су айдындарына түсу мүмкіндігін бақылау геологиялық кәсіпорындар технологиялық регламентпен белгіленген мерзімдерде жүргізеді.
14-параграф. Дірілдетуге қарсы майларды қолдану
арқылы бұрғылау
388. Дірілдетуге қарсы майлау жұмыстары процесінде ластанған түсіру көтеру құралдары (әрі қарай-ДҚМ) тазартылуға және жууға жатады.
389. Бұрғылау трубаларына ДҚМ дайындаумен және жағумен байланысты жұмыстарды орындау үшін жұмыс орындаушыларды көрсетілген жұмыстар кезінде пайдаланатын қосымша қорғану көзілдіріктерімен, алжапқыштармен, қолқаптармен және арнайы аяқ-киімдермен қамтамасыз етіледі; жұмыстар аяқталған кезде қорғаныс құралдары арнайы бөлінген орындарда сақталады.
390. ДҚМ ластанған арнайы киімдер, өндірістік жағдайлар мен санитарлық-гигиеналық талаптарды ескере отырып, белгіленген мерзімдерде әрі қарай содамен нейтрализациялау арқылы және сумен мұқият шаю арқылы жүйелі жуылады.
391. ДҚМ дайындау сулы моншаларда бұрғылау құрылғысынан тыс арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
392. Майлауды дайындауға арналған ыдыстар жартысынан артық емес толтырылады.
393. ДҚМ және майлау құрамына енгізілетін жанар-жағар материалдар (әрі қарай-ЖЖМ) бұрғылау құрылғысынан 50 м кем емес қашықтықта және дайындау орындарында және майларды қыздыру орындарында сақталады.
394. ДҚМ бұрғылау трубаларына бұрғылау құрылғысының ғимаратына орналасатын сериялық дайындалатын құрылғылар арқылы салынады.
395. ДҚМ бұрғылау трубаларына күректер немесе ұзындығы 0,5 кем емес тұтқалары бар кистілер арқылы салуға жол беріледі.
ДҚМ пайдалану кезінде жол берілмейді:
1) бұрғылау бытырасын оны қолмен қозғалту уақытында майлауға;
2) қолқапсыз жұмыстарды орындауға.
15-параграф. Жуу ерітінділерін дайындау
396. Жуу ерітіндісін дайындауға арналған алаң өз көлемі жағынан қондырғыларға ыңғайлы қызмет көрсетуді (гидротүтікшелер, саз араластырғыш, транспортерлер және тағы басқа) қамтамасыз етеді, қалыңдығы 40 мм тақтайдан жасалған еңіс орналасқан, сұйық ағынын дренажды арналарға қарай ағуын қамтамасыз ететін мықты төселімі болады.
397. Саз араластырғыштың 1,0 биіктікте орналасқан люк маңында ені 1 м кем емес қоршауы және оларға баратын траптары бар көпіршелер орнатылады. Траптардың ені 1,5 кем емес болады, көлденең планкалар бір-бірінен 0,25 м қашықтықта және еңіс орналасуы 300 артық емес сырғанауға қарсы орналасады.
398. Саз араластырғыштың люктері тіреуішті торлармен жабылады. Торлар ұяшықтарының көлемдері 0,15 х 0,15 м артық болмайды.
399. Сыйымдылығы 2 м3 және одан да жоғары саз араластырғыштарды пайдалану, өнімділігі тәулігіне 25 м3 артық жуу ерітінділерін дайындауға арналған құрылғыларды пайдалану кезінде бастапқы материалдарды тиеу механизацияланған.
Саз араластырғыштың жұмыс істеуі кезінде сазды және басқа материалдарды люкке ломдармен, күректермен және басқа да заттармен итеруге, люктен торларды алуға және люк арқылы ерітінді сынамасын алуға жол берілмейді.
400. Саз араластырғышты жөндеуге тоқтату кезінде саз араластырғыш шкифінен беру белдіктерін шешіп, ал іске қосу құрылғыларында «Қоспа-адамдар жұмыс істеуде» плакаты ілінеді.
401. Саз ерітіндісі мен судың жер қоймалары (амбарлар) барлық периметр бойынша биіктігі 1 м кем емес қоршалады немесе төсеулермен жабылады.
402. Сілтілер мен қышқылда қосу арқылы ерітінділер дайындау кезінде жұмыскерлер көзілдіріктермен немесе арнайы маска көзілдіріктермен, респираторлармен, резина қолқаптармен, алжапқыштармен және етіктермен жабдықталады.
16-параграф. Ұңғымаларды бекіту
403. Орап отырғызылған трубалардың колонналарын түсіру немесе көтеру алдында бұрғылау шебері мұнараның, қондырғының, талий жүйесінің, құрал-жабдықтардың, бақылау-өлшеу аспаптарының (әрі қарай-БӨА) жарамдылығын және фундаменттердің ахуалы тексеріледі. Анықталған ақаулар трубаларды түсіру немесе көтеру басталғанға дейін жойылады.
404. Орап отырғызылған трубалар колонналар секциялары оларды көпірлерден көтеру кезінде бұрғылау мұнарасына еркін өтеді.
405. Орап отырғызылған трубаларын түсіру және көтеру процесінде жол берілмейді:
1) орап отырғызылған трубалардың колонналар секцияларының еркін тербелуіне жол беруге;
2) трубалардың тербелуін тікелей қолмен ұстауға;
3) трубаларды арқанмен орап алып, көтеруге, тастауға және тасымалдауға;
4) салмағы 50 м артық орап отырғызылған трубаларды трубалық арбаларды пайдаланбай тасымалдауға және шығаруға.
406. Орап отырғызылған трубаларды калибрлеу кезінде ұңғыма аузының үстінен көтеру алдында калибрдің құлауы мүмкін бағытта тұруға жол берілмейді.
407. Ұсталған колонна трубаларын қолмен, кілтпен және басқа құралдармен айналдыру алдында машинист алдымен көтеру арқанының әлсіз жерін таңдайды, ал трубаларды дайын айналдыру кезінде олардың өз еркімен түсуін кез келген уақытта тоқтатады.
408. Трубаларды алу кезінде шығыр және гидравликалық станоктың бір уақытта жұмыс істеуіне жол берілмейді.
409. Цементтеу жөніндегі жұмыстарды бастауға дейін цементтеу агрегаттарын, құю бастарын, манифольды опрессовкалау максимальды қысымда жобаға және жұмыстарды ұйымдастыру жоспарына сәйкес жүргізіледі. Сақтандыру қалқаншалары мен манометрлер жарамдылығы тексеріледі.
Құю бастары бұрандамен және манометрмен жабдықталады.
410. Цемент қоспасын дайындау кезінде қызметкерлер респираторлар мен қорғану көзілдіріктерін пайдаланады.
17-параграф. Аварияларды жою
411. Аварияларды жою жөніндегі жұмыстарды жою жоспарына (әрі қарай-АЖЖ) сәйкес жүргізіледі.
412. Аварияларды жою жөніндегі жұмыстар басталғанға дейін бұрғылау шебері және машинист мұнараның, қондырғының, талий жүйесінің, түсіру көтеру құрал-жабдықтарының және БӨА жарамдылығын тексереді.
413. Ұңғымадағы трубаларды қоса алумен байланысты аварияларды жою кезінде шығырмен және гидравликалық станокпен бір уақытта жүктеме салуға жол берілмейді.
414. Трубаларды кесу кезінде домкрат сынамаларының жан жаққа таралуын болдырмау үшін сынамалар өзара қосылып, домкратқа немесе станокқа болат арқанмен бекітіледі.
415. Трубалар оларды домкрат арқылы алу кезінде домкраттан жоғары жағынан шарнирлі хомуттармен сақтандырылады.
416. Домкраттарды қолдану кезінде жол берілмейді:
1) домкрат және станок шығыры арқылы бір уақытта трубалардың тартылуын жүргізуге;
2) талий жүйесінің тартылған трубаларын орын ауыстыру және домкраттарды түзету кезінде ұстауға;
3) жүктеме астындағы домкраттың қисайған орындарын түзетуге;
4) домкрат басы мен лафет немесе хомут арасындағы төселімдерді пайдалануға;
5) домкратқа қандай-да бір заттарды қоюға;
6) домкрат поршені штогының шығуы оның ұзындығынан ¾ артық болғанда;
7) шығу тығынын жедел бұрап алу арқылы қысымды күрт төмендетуге.
417. Бұрандалы домкраттарды ұңғымадағы бұрғылау бытырасын алумен байланысты аварияларды жою үшін пайдалануға болмайды.
418. Соққы құрал-жабдықтарын пайдалану кезінде бұрғылау трубаларының бұралып қалмауы бақыланады.
Соқққы құрал-жабдықтары арқылы трубаларды ұру кезінде шарнирлі хомут қойылады.
419. Аулау трубаларын қою кезінде авариялық трубалармен қосу үшін оларды бұрап алу кезінде аулау трубаларының құлауына қарсы шаралар қабылданады.
420. Аулау трубалары арқылы авариялық трубаларды бұрап алу бұрғылау станогы арқылы жүргізіледі.
Авариялық трубаларды қолмен бұрап алуға жол берілмейді.
18-параграф. Гидрогеологиялық жұмыстар кезінде
ұңғымаларды жөндеу
421. Бұрғылау құрылғысы немесе көтергіш ұңғыма осі бойынша ортаға бағытталады.
422. Кептіру ғимаратының үстінде орналасқан ұңғымада жөндеу жұмыстарын жүргізу кезінде машинистің ғимарат ішінде жұмыс істейтін адамдармен байланысы қамтамасыз етіледі.
423. Құмды тығындарды тазарту кезінде жол берілмейді:
1) науашықты жұмыс алаңының еденіне тікелей төгуге;
2) науашықты арқан әлсіздігі пайда болғанда түсіруге; соңғысы жедел шығыр барабанына шығарылады;
3) науашықты көтеру және түсіру кезінде ұңғыманың аузында тұруға;
4) фонтанды ұңғымалардағы жұмыстарды жүргізу кезінде.
424. Тартальда арқанның тартпалы роликтен немесе кронблокты шкифтен ыршып түсуі кезінде түсіру көтеру операциялары, заводқа дейінгі арқан тоқтатылады, ұңғыма ауыздары бекітіледі.
425. Құмды тығынды сумен жуу кезінде жуу сұйығы оның ұңғымаға түсу мүмкіндігін болдырмау үшін алыстатылады.
19-параграф. Ұңғымаларды жою
426. Бұрғылау аяқталған соң және әрі қарай пайдалануға көзделмеген ұңғыманы зерттегеннен кейін олар жойылады.
427. Ұңғымаларды жою кезінде:
1) бұрғылау құрылғысының фундаментін алып тастау;
2) бұрғылау құрылғысын демонтаждаудан кейін қалған барлық шұңқырлар мен шурфтар жабылады;
3) ЖЖМ ластанған жерлер жойылады, алаңдар тегістеледі және рекултивация жасалады;
4) су айдындарының ластануының алдын алу және судоходство мен балық аулауға кедергі жасау жөнінде шаралар қабылдау;
5) су айдыны түбінен шығатын орап орнатылған трубалар жойылады.
18-тарау. Тау-кен барлау жұмыстары
1-параграф. Жалпы талаптар
428. Тау-кен барлау жұмыстарын жүргізу жоба бойынша іске асырылады.
429. Осы Талаппен реттелмеген барлық жағдайларда тау-кен барлау қазбаларынан пайдалы қазбаларды жүргізу, пайдалану және жоспарланған қазулар кезінде ашық әдіспен немесе жер асты жұмыстарында пайдалы қазбаларды кен орындарында барлау кезінде өнеркәсіп қауіпсіздігі талаптары орындалады.
430. Үздіксіз жұмыс процесі бар жер асты кен қазбаларына қызметкерлерді жіберуді бақылау тұлғасы жарылыс жұмыстарынан кейін іске асырады.
431. ЖҚҚ және басқа құралдары жоқ тиісті мамандықтағы тұлғалар жеке жарық көздерінсіз тау кен қазбаларына жіберілмейді.
432. Тау-кен барлау жұмыстарына қатысы жоқ тұлғалар, тау кен қазбаларына бастықтың немесе техникалық жетекшінің рұқсаты бойынша бақылау тұлғасының алып жүруі бойынша жіберіледі.
433. Тау-кен қазбаларын жүргізу техникалық жетекші бекіткен әрбір жұмыс түріне (бұрғылау жару жұмыстары, жер асты жұмыстарында бекіту, желдету) арналған жұмыс паспортына сәйкес жүргізіледі.
Тау-кен геологиялық және тау-кен техникалық шарттардың өзгеруі кезінде қазбалар паспорттарын бекіту (жоба) жүргізу уақытында қайта қарастырылады.
Қиылыстары жоқ шурфтар үшін желдету болмайды, параметрлер мәндері және желдету режимі бұрғылау жарылыс жұмыстары паспортында көрсетіледі.
434. Жыныстарды түсіру эстакадаларының төселімі болады, адамдар мен вагонеткалардың құлауының алдын алатын қоршаулармен перила жабдықталған, эстакада соңында рельсті жолдарда мықты тіреу бруспен жабдықталады.
Жылжымалы құрам мен түсіруге қарама-қарсы жақтағы қоршаулар перила арасындағы эстакада ені 0,7 м кем емес еркін өтетін орынмен қамтамасыз етіледі.
Перила төселімнен биіктігі 0,15 м кем емес бортты тақтаймен жабдықталған.
Жер қазу құрылғысын қолдану арқылы үйінділерді тазарту кезінде эстакаданың зақымдануын ескертетін шектеулер қолданылады. Тәуліктің қараңғы уақытында эстакадалар жарықтандырылады.
435. Жарлардағы және үңгірлердегі үйінділерді орналастыру кезінде жаңбыр және су тасқыны суларының өтуіне арналған құрылғылар көзделеді.
2-параграф. Тау-кен қазбаларын жер үстінен үңгілеу және бекіту
436. Бекітуі жоқ ілмелі борттары бар қазбаларды жүргізу тереңдігі 2 м тұрақты жыныстарда рұқсат етіледі.
Ілмелі беткейлерде баспалдақты қазбаларды 6 м тереңдікке, әрбір кертпеш биіктігі 2 м артық емес және берма ені 0,5 кем емес жағдайда тұрақты жыныстарда бекітусіз өткізуге жол беріледі. Бұл шектеулер табиғи қиябет бұрышты беткейде тұрақты жыныстардың қазбаларын үңгілеуге таратылмайды.
Тұрақты емес жыныстарда қазбалар жүргізу кезінде беткейлер немесе беткейлі табиғи қиябет бұрышына дейін тегістеледі.
Бекіту түрі, бекіту қажеттілігі немесе бекітусіз үңгілеу мүмкіндігі геологиялық-маркшейдерлік ескертулер журналында белгіленеді және бекіту паспортына енгізіледі.
437. Қиябет бұрышы 300 артық беткейлерде борт бекітуі беткей шыңына қарық (ор) деңгейінен 0,5 м кем емес шығарылады.
438. Жыныстары ауысатын қазбаларды тереңдігі 2,5 м артық үңгілеу кезінде ені 0,5 м кем емес берма қалады.
439. Жыныстары ауысатын қазбаларды үңгілеу кезінде сөрелер орнату орындарындағы бекіту күшейтіліп, сөрелердің өзі биіктігі 0,15 м кем емес тақтайлардан жасалған борттармен қоршалады.
440. Адамдарды тереңдігі 1,5 м артық тау кен қазбарларына сатылар, қоршаулары траптар немесе сусымалы түсірім арқылы түсіруге жол беріледі.
441. Бұрышы 350 артық беткейлерде тау-кен қазбаларын жүргізу кезінде және жартасты жарлар болғанда жұмыскерлер сақтандыру құралдарын (қорғау белдіктері, сақтандыру арқандары) қолдана отырып жұмыс істейді.
442. Үлкен жарларда, ормандарда, жыраларда, шатқалдарда жұмыс алаңдары тексеріледі және сырғып түсетін жыныс бөліктерінен, ілініп қалған сучьелер мен тастардан, мүмкін опырылымдардан, көшкіндерден және су басулардың қауіпсіздік шаралары қабылданады.
Жыныстар маңдайшалары, беткейлер жағынан қауіп төндіруші жылжымалар, құламалар немесе опырылымдар астында жұмыс істеуге жол берілмейді.
443. Тау-кен жұмыстарының жетекшісі забойлар, борттар, қарықтар мен орлар, кертпештер мен беткейлердің жағдайын қарайды. Құлау қаупі болғанда жұмысты тоқтатады, адамдар мен механизмдерді қауіпсіз жерге шығарады.
444. Тау-кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғылары жұмыстары кезінде жұмыс органдары мен олардың элементтерінің (арқан, тізбек, штоктар және тағы басқа) қауіпті әсер ету аумағында болуға жол берілмейді. Қауіпті аумақ технологиялық регламентпен, жобамен анықталады және қажет болған жағдайда жұмыс жүргізу орындарында жалаушалармен, плакаттармен немесе басқа құралдармен белгіленеді.
445. Өзінше жүретін тау-кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғыларын пайдалану, қызмет көрсету, жөндеу кезінде жол берілмейді:
1) пайдалану жөніндегі нұсқаулықта көрсетілген мәліметтерден артық бұрышты беткейлерде қолдануға;
2) жұмыс істеп тұрған двигательдермен қараусыз қалдыруға және жұмысшы орган жерге түсірмеген жағдайда;
3) двигатель сөндірілмеген жағдайда жөндеу, реттеу және майлау жұмыстарын жүргізуге, қондырғыларды көлденең емес жазықтықта орнатпаған жағдайда, жерге түсірілмеген және орнықсыз орындарға қойылған жұмыс органы кезінде, дөңгелектердің астына тіреулер (гусеница) қойылмаған жағдайда жұмыс істеуге.
446. Қиябет шетінен тау-кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғыларының дөңгелегіне дейінгі қашықтық ұйымның жұмыс жобасымен және технологиялық регламентпен анықталады.
447. Тау кен үңгілеу, бұрғылау және жер қазу-көлік қондырғылары жұмыс істемеген жағдайда қауіпсіз көлік жағдайында болады және бөтен адамдардың қондырғыларды қосуын болдырмайтын шаралар қабылданады.
448. Жер асты қазбаларын үңгілеу және бекіту Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2008 жылғы 25 шілдедегі № 132 бұйрығымен бекітілген Жерасты амалымен жұмыстар жүргізгендегі өнеркәсіптік қауіпсіздігі талабына сәйкес іске асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |