15-тарау. Бұрғылау жұмыстары
274. Кіре-беріс жолдарын салу, бұрғылау құрылғыларын салу, қондырғыларды, жылыту, жарықтандыру құрылғыларын орнату жоба бойынша жүргізіледі.
Жобалар қондырғыларды пайдаланудың техникалық шарттарына және осы Талапқа сәйкес әзірленеді.
275. Бұрғылау құрылғысы өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес жұмыс қауіпсіздігін арттыратын механизмдермен және қосалқы құрылғылармен қамтамасыз етіледі.
276. Бұрғылау құрылғыларында жұмыс істейтін барлық жұмыскерлер мен мамандар жеке және ұжымдық қорғаныс құралдарын пайдаланады.
Бұрғылау құрылғыларында қорғаныс бас киімдерінсіз болуға жол берілмейді.
16-тарау. Құрылыс монтаждау жұмыстары
1-параграф. Жалпы талаптар
277. Бұрғылау құрылғысынан тұрғын үй және өндірістік ғимараттарға, темір және шоссе жолдарының күзет аумақтарына, инженерлік коммуникацияларға, ӘЖ дейінгі қашықтығы мұнара биіктігінен кем емес және оған 10 м қосылады, ал магистральды мұнай және газ құбырларына дейін қауіпсіз аумақ қашықтығынан кем болмайды.
278. Елді мекендерде және өнеркәсіп ұйымдары аумағында бұрғылау құрылғыларын монтаждау өкілетті органның аумақтық бөлімшесінің келісімі бойынша жобада көрсетілген жұмыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігі шараларын қамтамасыз ететін және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралары жүргізу шартында аз қашықтықта жүргізуге жол беріледі.
2-параграф. Бұрғылау құрылғыларын орналастыру
279. Бұрғылау мұнаралары болат арқандарды тартпалармен бекітіледі. Тартпалар бекітулерінің саны, диаметрі және орны дайындаушының техникалық құжатына сәйкес келеді.
Тартпалар диогональды жазықтықта жолдармен, әуе электр желілерімен, маршты сатылармен және өтпелі алаңдармен қиылыспайтындай болып орнатылады.
Тартпалардың төменгі жақтары тарпа муфталар арқылы якорьға бекітіледі. Тартпалар бекітулері кемінде үш қысқышпен орындалады.
Жол берілмейді:
1) екі тартпаның бір якорьға бекітілуіне;
2) жалғасқан арқаннан тартпаларды орнатуға.
280. Саусақтар, білте орналастыру және білте қабылдау доғасы олар сынаған жағдайда құлаудан сақтандырылған және ерітінді сулар блогы мен элеватор қозғалысына кедергі жасамайды.
281. Мұнара немесе мачта биіктігімен өлшенетін ұшақтар (тікұшақтар) биіктікте ұшу мүмкіндігі бар аудандарда бұрғылау құрылғысының мұнарасы мен мачталарында сигналды оттар болады.
282. Стационарлық және жылжымалы бұрғылау қондырғыларында жұмысшы (негізгі) шығу жағынан қалыңдығы 70 мм кем емес, көпірдің ені 2 м кем емес тақтайдан, 1:25 еңіс орналасқан қабылдау көпірі орнатылады. Қабылдау көпірінің төсеу бойынша ұзындығы 14 м кем болмайды.
Бұрғылау және орама трубаларды қабылдау көпірі маңында орналастыру үшін трубалардың сырғанаудан қорғайтын қосалқы құрылғысы бар сатылармен жабдықталады.
Өздігінен жүретін және жылжымалы бұрғылау құрылғыларын бұрғылау, колонкалы және орама трубалармен жұмыс істеуге арналған сатылармен жабдықтауға жол беріледі. Бұл жағдайда бұрғылау құрылғысынан негізгі шығатын орын траптармен немесе екі жақты қоршауы бар сатылармен жабдықталады.
283. Бұрғылау насостарының сақтандырғыш құрылғылары сақтандыру қалқаншасы кенеттен іске қосылған кезде қабылдау ыдысына жуу сұйығы тасталатын төгу желісімен жабдықталады.
284. Төгу желісінің күрт бүгілуі болмайды және қатты бекітіледі.
285. Бұрғылау насостарын және оның байлауларын опрессовкалау салалық стандарттарға сәйкес дайындаушы жүргізіледі. Монтаждау кезінде опрессовка дайындаушының пайдалану құжаттарына, жобаға және технологиялық регламентке сәйкес жүргізіледі. Опрессовка нәтижесі актімен рәсімделеді және техникалық құжаттарында тіркеледі.
286. Бұрғылау насостары сақтандыру қалқаншасы дайындаушының техникалық паспортына сәйкес жинақталады.
3-параграф. Бұрғылау мұнараларын монтаждау, демонтаждау
287. Мұнаралар мен жүктерді (шығыр, тіреу, жебе, арқан, блок, домкраттар) көтеру механизмдері мен құралдарының максималды мүмкін жүктемеге қатысты дайындаушының салалық стандарттарына сәйкес мықтылық қоры болады.
Көтеру басталғанға дейін көтеру механизмдері, құралдар, арқандар, тізбектер және басқа құрылғылардың техникалық жағдайлары техникалық құжаттарды тіркей отырып, жұмыс жетекшісі жүргізеді.
288. Мұнараны көтеру алдында жетекші:
1) мұнараның дұрыс жиналуына;
2) мұнара элементтерінде қалып қойған құралдар немесе басқа заттардың болмауына;
3) көтеру жүйесінің дұрыс жабдықталу және арқанмен бекітілуіне;
4) тіреу плиталарының бекітілу мықтылығына көз жеткізеді.
289. Жинақталған бұрғылау мұнарасын көтеру және түсіру мұнарадан оның биіктігінен 10 м қоса алғанда қашықтықта орналасқан көтеру шығыры, крандар немесе тракторлар арқылы жүргізіледі. Жұмыскерлер де осы қашықтықта болады. Мұнараның тіреу аяқтарының негізі оларды көтеру кезінде жылжуын болдырмау үшін мықты бекітіледі.
Көтеру шығырларының фрикциалық және храпты тежеуіштері болады.
290. Көтерілетін мұнара мұнараның құлап кетуіне кепілдік беретін сақтандыру трапымен жабдықталады.
291. Бұрғылау мұнарасын жинау, бөлшектеу және жөндеу жүргізілетін белдеуде қалыңдығы 70 мм кем емес тақтайшадан тұтас жабулар орнатылады.
292. Монтаждау және демонтаждау кезінде мұнара белдіктеріне адамдарды көтеру үшін ілмелі баспалдақтар, маршты сатылар немесе тонельді түрдегі сатылар орналастырылады. Көтеру биіктігі 5 м артық болғанда сатылар мұнара конструкциясына бекітіледі, бұл жағдайда марштық сатылар және тоннельді түрдегі сатыларды қолдануға жол беріледі.
4-параграф. Жылжымалы және өздігінен жүретін
құрылғыларды монтаждау, демонтаждау
293. Талий жүйесін жабдықтау және крон локты алаңы жоқ мачтаның кронблоктарын жөндеу саты-баспалдақ қолдана отырып, мачта түсірілген жағдайда немесес осы Талаптың 2 тарауының талаптарын сақтай отырып арнайы алаңдарда жүргізіледі.
294. Өздігінен жүретін және жылжымалы бұрғылау құрылғыларының мачталары жұмыс жағдайында бекітіледі: бұрғылау процесінде оның дөңгелектерінің жылжуын болдырмау үшін мықты бекітіледі.
5-параграф. Бұрғылау қондырғыларын монтаждау, демонтаждау
295. Жүк көтеру крандарын қолдана отырып, бұрғылау құрылғыларын монтаждау, демонтаждау құрылғының қолданыстағы талаптарына және жүк көтеру крандарын қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес іске асырылады.
296. Қозғалатын заттарды қондырғы механизмдері, тартпалар арқылы қолдап және бағыттайды.
Көтерілтін жүктерде және оларды қозғалту жолында тұруға жол берілмейді.
6-параграф. Бұрғылау құрылғыларын қозғалту
297. Стационарлы және жылжымалы бұрғылау құрылғыларын қозғалту бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі. Бақылау тұлғасына (жұмыс жетекшісі) қауіптілігі жоғары учаскелері (ӘЖ, газмұнай құбырлары және басқа учаскелер) көрсетіле отырып, бұрғылау құрылғысын жылжытудың бекітілген жоспары және трасса бағыты беріледі.
Мұнараларды және бұрғылау құрылғыларын жылжыту трассалары алдын ала таңдалады және дайындалады. Трассаның түсуден көтерілуге күрт ауысуы және керісінше ауысулары болмайды. Мұнаралар мен бұрғылау құрылғыларының қозғалуына рұқсат етілген бір жақты еңістер құрылғының (мұнараның) техникалық паспортымен және пайдалану құжатымен рұқсат етілгеннен артық болмайды.
Трасса жақтардың бағыты бойынша сол жақта белгіленетін қадалармен белгіленеді. Қадалар бір-бірінен 100 артық емес қашықтықта орналастырылады, ал трасса бұрылыстарында және жабық жерлерде-олардың көрінуін қамтамасыз ете отырып орнатылады.
Көрінуі жақсы учаскелерде қадалар орналастыру міндетті болмайды.
298. Бұрғылау құрылғыларының мұнараларын қатты тұман, жаңбыр, қару жауу, көк тайғақ, желдің күші 5 баллдан жоғары болғанда (немесе мұнаралары жоқ блоктарда 7 балл), ал күрт қиылысатын орындарды қатты 4 баллдан жоғары желде (Бофорт шкаласы бойынша) қозғалтуға жол берілмейді.
Бұрғылау құрылғыларын тәуліктің қараңғы уақытында жылжыту кезінде жылжитын бұрғылау құрылғысы мен тягач арасындағы трасса қозғалу бағытына қарай жарықтандырылады.
299. Тіке жағдайда қозғалатын мұнарадан тракторларға дейінгі қашықтық мұнара биіктігі және 10 м қосқандағы қашықтықтан кем емес. Жергілікті жердің қолайсыз жағдайларында бұл қашықтық қысқаруы мүмкін, бірақта бұл жағдайда мұнараның құлауына қарсы сақтандыру тартпасының қолдану міндетті.
Мұнараны еңіс қозғалту жағдайында оның сырғанауын болдырмау үшін мұнара негізіне бекітілетін сақтандыру тартпасы қолданылады.
Мұнаралар қозғалу кезінде осы жұмыспен айналыспайтын адамдардың мұнараның бір жарым биіктіктегі қашықтықтан кем қашықтықта болуына жол берілмейді.
300. Бұрғылау құрылғыларының немесе мұнаралардың қозғалуы кезінде оларда қалған барлық заттар және қозғалатын заттар бекітіледі. Қозғалатын бұрғылау құрылғыларында адамдардың болуына жол берілмейді.
17-тарау. Ұңғымаларды бұрғылау
1-параграф. Жалпы талаптар
301. Ұңғымаларды бұрғылау жөніндегі жұмыстар жоба, геологиялық-техникалық наряд болған кезде бұрғылау құрылғысын монтаждау аяқталған және бұрғылау құрылғысын пайдалануға қабылдау туралы актіні (осы Талаптың 4-қосымшасы) рәсімдеуден кейін басталады.
2-параграф. Бұрғылау қондырғысын және құралдарын пайдалану
302. Талий жүйесінде бұрғылау станогының (құрылғысының) паспортында рұқсат етілген арқандар қолданылады.
Талий жүйесін жабдықтағаннан кейін бақылау тұлғасы талий жүйесінің конструкциясын, арқан ұзындығын және диаметрін, сертификат номерін, дайындалу күнін және арқанның іліну күнін қарау Журналына жазады.
303. Талий арқаны шығыр барабанынан барабан конструкциясымен көзделген құрылғы арқылы бекітіледі.
Түсіру және көтеру операцияларының барлық жағдайында шығыр барабанында арқанның үштен кем емес тармағы қалдырылады.
Бұрғылау құрылғысының машинисті барлық жұмыс істеуші арқандарды ауысым алдында қарап шығады.
304. Талий арқанының қозғалмайтын ұшы құрылғылармен бекітіледі, мұнараның элементтеріне жанаспайды.
305. Арқанды көтеру құралдарымен қосу сынабекітпе арқылы және кемінде үш бұранда қысқыштар немесе арқанды құлып арқылы жүргізіледі.
306. Болат арқандарды кесу және отау құралдар арқылы іске асырылады.
307. Арқандарды түсіру көтеру операцияларында келесі жағдайларда қолдануға жол берілмейді:
1) арқанның бір тармағы үзілгенде;
2) диаметрі 20 мм дейінгі арқанның қосылу қадам ұзындығында үзілген сымдар саны 5 %, ал диаметрі 20 мм артық арқанда 10 % құрағанда;
3) арқан тартылған немесе шатысқан және оның ең кіші диаметрі 90 % құрайды және бастапқысынан кем;
4) өзекшенің жыртылуынан бір тармағы қысылған;
5) арқан оралып қалғанда.
308. Түсіру-көтеру операцияларын жүргізу үшін завод дайындаушылардың салалық стандарттарын қанағаттандыратын заводтарда сериялық шығарылатын жүк көтеру құрылғылары мен құралдар (элеваторлар, фарштулдар, жартылай автоматты элеваторлар, ұршықтас-тығындар және басқа да құрылғылар мен құралдар) қолданылады.
309. Бұрғылау насостары және олардың байламдары (компенсаторлар, трубақұбырлары, шлангілер және сальниктер) пайдалануға енгізу алдында насостың техникалық паспортында көрсетілген есептік максимальды қысымға опрессовкаланады.
Насостың сақтандырғыш қалқаншасы жұмыстарды ұйымдастыру жобасында көрсетілген опрессовка қысымы төмен болғанда іске қосылады.
310. Насостар байламдарын опрессовкалау кезінде қауіпті аумақта болуға жол берілмейді.
311. Опрессовкалауға арналған құралдарды демонтаждау жүйедегі қысым алынғаннан кейін жүргізіледі.
312. Опрессовка нәтижесі актімен рәсімделеді.
313. Жол берілмейді:
1) жетекші труба маңындағы жүктемелі шлангінің байлануын және оның құлауын болдырмауды ескертетін құралдарсыз жұмыс істеуге;
2) насостардың қысқы уақытта ұзақ тоқтап тұрғаннан кейін жүктемелі трубақұбырының өтімділігін және төгу желісін тексермей іске қосуға;
3) трубақұбырларында пайда болған тығындарды насоспен айдауға;
4) трубақұбырларды, шлангілерді, сальниктерді оларға жуу сұйықтарын беру кезінде жөндеуге;
5) шлангілерді насоспен, сальникпен және өзара сымдар, істіктер және қапсырмалар арқылы қосуға;
6) жүктемелік шлагілерді тербелуден және жетекші трубадан оның айналасында оралып қалуынан қолмен ұстауға;
7) айналып тұрған жетекші трубаны өлшеуге.
3-параграф. Механикалық колонкалы бұрғылау
314. Жол берілмейді:
1) мұнара саусақтарына орнатылмаған білтелерді қалдыруға;
2) қабылдау көпірінен бұрғылау, колонкалы және орама трубаларды көтеруге және оларды 1,5 м/с артық болатын элеватор қозғалысының жылдамдығында түсіруге.
315. Көлденең ұңғымаларды бұрғылау кезінде жетекші труба барлық ұзындығы бойынша қоршалады.
316. Бұрғылау трубаларын сазды ерітінділерден тазарту құралдармен көтеру кезінде жүргізіледі.
317. Бұрғылау трубаларының білтелері ұзындығындағы айырмашылық 0,5 м артық емес жол беріледі, бұл жағдайда білтелердің минимальды ұзындығы жұмыс алаңының едені деңгейінен 1,2 м кем емес, ал білтелердің максимальды ұзындығы-1,7 м артық болмайды.
318. Шпиндельдің механикалық бытыраларын бекіту шпиндельді толық тоқтатып, айналдырушының қосу және сөндіру тұтқасының нейтральды жағдайға қайта қосқаннан кейін жүргізіледі.
319. Сальникті, бұрғылау трубаларын, бұрау және қайта бұрау жөніндегі операциялар алаңда жасалады. Биіктікте жұмыс істеу осы 2 тарауының талаптарын сақтай отырып орындалады.
320. Бұрғылау трубаларын ұңғыма аузынан білте орналасатын орыннан және кері қарай орын ауыстырған кезде, трубаларды мұнаралар саусақтарына орнату үшін ілмектер қолданылады. Жоғарғы алаңда орналасқан ілмектер байланады.
321. Жыныстарды бұзатын құралдарды бұрау және қайта бұрау және кернді ілінген колонкалы трубалардан алып шығу келесі шарттарды орындай отырып жасалады:
1) труба ілінген жағдайда тежегішпен ұсталады, трубаларды ұршықтас-тығында, оралмалы элеваторда немесе жабық және ілмекпен фиксацияланған жартылай автоматты элеварторда ілуге жол беріледі;
2) трубаның төменгі жағынан еденге дейінгі қашықтық 0,2 м артық емес.
322. Жартылай автоматты элеваторларды пайдалану кезінде:
1) элеваторды ұршықтас-амортизаторға ілу;
2) периметрі бойынша металл борттары бар биіктігі 350 мм кем емес білте қоятын тұғырларды қолдану;
3) элеваторды білте бойынша көтеру кезінде машинист білті тұғырынан 1 м кем емес қашықтықта болады.
323. Колонкалы трубадан кернді алу кезінде жол берілмейді:
1) ілмелі жағдайда тұрған колонкалы трубаны төменгі жағынан қолмен ұстап тұруға;
2) ілінген колонкалы трубадағы керн жағдайын қолмен тексеруге;
3) кернді колонкалы трубаны шырақ арқылы сілкілеп, колонкалы трубаны қыздыру арқылы алуға.
324. Жол берілмейді:
1) түсіру көтеру операция процесінде элеваторларды түсіру кезінде бастарын бекітуге;
2) бұрғылау бытырасының кенеттен тоқтаған жағдайда бытыраны салынбалы вилкаға немесе шарнирлі хомутқа орнатқанға дейін ұңғымада элеваторды және бастарын түзетуге, түсіруге және енгізуге.
325. Бұрғылау трубаларын труба бұру арқылы бұрау немесе қайта бұрау кезінде оларды басқаруға машинистке рұқсат етіледі.
Труба бұруды басқару батырмасы вилкамен басқару батырмасының бір уақытта жұмыс істеу мүмкіндігі болмайтындай етіп орнатылады.
326. Труба бұру жұмыстары кезінде:
1) айналмалы білтені қолмен ұстауға;
2) бұрғылау трубасының құлып саңылауына вилканы салуға немесе оларды толық тоқтағанға дейін алуға;
3) құлыпты және ниппельді қосулардағы 2,5 м артық саңылаулар мөлшерінен артық болатын ұзартылған тұтқалы және барланған жетекші вилкаларды қолдануға;
4) қатты тартылған резьбалық қосуларды босату үшін қосымшы труба кілттерін қолдануға;
5) резьбалық қосуларды босатудың бастапқы сәтінде жүргізушінің айналу бағытында тұруға;
6) труба бұруды қосуды жүргізу, егер салынатын вилка центраторда еңіс орналасса, ал вилканың соңғы жағы қақпақтар арасындағы шығынқы жердегі тереңдетілген орынға кірмесе жол берілмейді.
327. Алынбалы керн қабылдаушымен бұрғылауға арналған труба ұстаушымен жұмыс істеу кезінде:
1) бұрғылау трубаларын қысу үшін труба диаметріне тең желкендер қолданылады;
2) труба колонналарын қысу ол толық тоқтағаннан кейін іске асырылады;
3) бұрғылау колоннасының қозғалысы ашық труба ұстаушы кезінде іске асырылады;
4) колонкалы бытырасын ұңғымадан көтеру алдында және бұрғылау алдында желкендер қалқаншасы алынады.
Труба ұстау педалін аяқпен ұстауға болмайды және бұрғылау колоннасы қозғалу кезінде ұңғыма аузынан тікелей жақын жерде тұруға болмайды.
4-параграф. Сығылған ауамен үрлеумен және
газ сұйықты қоспалармен бұрғылау
328. Ұңғыма аузының қондырғылары бұрғылау құрылғысының жұмыс алаңына тозаңдалған ауаның, аэрирленген сұйықтың және газ сұйықты қоспаның (көпірік) өту мүмкіндігін болдырмайды.
329. Ұңғымаларды көпірік қолданумен бұрғылау кезінде циркуляциялық жүйе тұйықталған. Ұңғымадан шығатын көпірік көпірік бұзушыда бұзылады.
330. Компрессорлық құрылғылар мен ауақұбырларын монтаждау және пайдалану қысыммен жұмыс істейтін компрессорлық құрылғылар мен ыдыстарды қауіпсіз пайдалану талаптарына сәйкес жүргізіледі.
331. Компрессорлы сығымды құрылғылар (әрі қарай-КСҚ) пайдалануға беру алдында және жөндеуден кейін опрессовкаланады. Опрессовка КСҚ орнатылған бұрғылау насосы опресстелетін қысымға техникалық сумен қысымдалып жүргізіледі. Опресссовка нәтижелері актімен рәсімделеді.
332. Ауа құбырларында бұрғылау құрылғысының шегінде ауа қысымын көрсететін манометр, ұңғымаға ауа берілуін реттейтін бұранда және қауіпсіз аумаққа ауа жіберетін сақтандырғыш қалқанша орнатылады.
Манометр байқауға ыңғайлы орынға орнатылады.
333. Ұңғымаларды көпірік қолдану арқылы бұрғылау кезінде бұрғылау трубаларының колонналары сыртқы жағына қарағанда муфты мен құлыпты қосулардан оңай ажыратылатын кері қалқаншалармен жабдықталады.
334. Кері қалқаншалар құралдар арқылы бұрап алуға дейін түсіру көтеру операцияларын жүргізу уақытында колоннадағы қысым төмендетіледі.
335. Қоқыстар мен аэрирленген сұйықтарды шығаруға арналған трубалар желдетілген жағынан орналастырылады және ұзындығы 15 м кем болмайды.
Қоқысталған ауаны атмосфераға тікелей шығаруға жол берілмейді. Оны тазарту үшін қоқыс аулаушы орнатылады.
336. Герметизацияланған құрылғылар мен тозаңнан ЖҚҚ болғанда құрғақ жыныстарды ауамен үрлеу арқылы ұңғымаларды бұрғылауға (кондуктордың астынан бұрғылау) жол беріледі.
337. Ауа құбыры 10 минут ұстала отырып, бір жарым қысымда тығыздалады. Опрессовка жүргізілгеннен кейін қалдық қысым қалдырылады.
338. Жүктеме желіде ауаның (көпірік) артық қысымы болғанда жол берілмейді:
1) сальниктегі тығындарды бұрап алу немесе ажыратқыштағы саңылауды сынақ аралық материалдарды салу үшін ашуға;
2) бұрғылау бытырасын арттыруға;
3) ауақұбырын, арматураны, сальникті жөндеуге.
339. Жол берілмейді:
1) шлангіні бүктеу арқылы ауа жіберуді тоқтатуға;
2) қатып қалған шлангілерді ашық отпен жылытуға.
5-параграф. Соққы-арқанды бұрғылау
340. Станок жанындағы жұмыс алаңы таза ұсталады және шығарылатын жыныстар жүйелі тазартылады, ал қысқы уақытта мұзбен қардан тазартылады.
Кеңейту кескіштерін толтыру кезінде оны орап отырғызылған трубаларға түсіру кезінде кескіштердің қолды кесіп кету мүмкіндігін болдырмайтын шаралар қабылданады.
341. Құрал-жабдықтар және науашық арқандардың максималды мүмкін жүктемеге қатысты 2,5 кем емес мықтылық қоры болады.
342. Науашық пен бұрғылау бытырасын ұңғымаға түсу кезінде бағыттау үшін, тербелістен ұстау үшін және басқа жаққа қарай тасымалдау үшін тасталатын тастама ілмектер қолданылады.
343. Жол берілмейді:
1) бұрғылау бытырасы үшін бағыттайтын құрылғысы жоқ ұңғымаларды бұрғылауға;
2) бұрғылау бытырасын көтеруге және түсіруге, соққы механизмі іске қосылған жағдайда ұратын басын бекітуге;
3) қашауды ілінген жағдайда ауыстыруға;
4) бұрау механизмінің жұмыс істеу кезінде кілттік әсер ету радиусында болуға және тартылған арқан бағытында болуға;
5) науашық қалқаншасын тікелей қолмен ашуға;
6) бұрғылау бытырасын және науашықтарды олар ұңғымаға түсу кезінде қолмен бағыттауға, тербелуден ұстауға және көтеру кезінде оларды бір жағына қарай алып кетуге;
7) бұрғылау бытырасын және науашықтарды олардың мачтаға мықты бекітпей ілінген жағдайда тастауға;
8) резбалары әлсізденген бұрғылау бытырасын қолдануға;
9) ұңғымалар ауыздарын жұмыс шарттары талап етілмей ашық тастауға;
10) диаметрі 500 мм артық ұңғыма ауыздарын қоршамай тастауға;
11) орама трубалар мен басқа ауыр салмақты заттарды станок мачтасы арқылы 10 м артық қашықтыққа бағыттаушы роликтер болмаған жағдайда тартуға;
12) колонна трубаларының төменгі жақтарын хомуттармен бекітпей орап отырғызылған трубалардан бұрау және бұрап алуға, колонна трубаларын ұстауға шарнирлі және тізбекті кілттер трубаларын пайдалануға;
13) жұмыс арқанының ролигі жарамсыз амортизаторында бұрғылау жүргізуге.
6-параграф. Керннің гидрокөлікті ұңғымаларын бұрғылау
344. Түсіру көтеру операцияларында элеватордың трубаларды қосып алуы айналдырушы толық оқтаған кезде жүргізіледі. Айналдырушының өздігінен іске қосылуын болдырмау мақсатында, басқару тетігінің тұтқасы айналдырушымен фиксацияланған нейтральды жағдайға қойылады, ал айналым санын реттеу бұрандасы толық ашық болады.
345. Жол берілмейді:
1) жуу жүйесін, механикалық ақаулары бар жеңдерді пайдалануға немесе оқ тізерлерге қатысты жеңдердің жасалу учаскелерінің қозғалуына;
2) жуу жүйесінің бұранда тұтқасын жүктемелік магистралда қысымын нольге дейін төмендетпей сұйық ағынының бағытын өзгертуге ауыстыруға.
7-параграф. Шнекті бұрғылау
346. Станоктарды ауыстыру кезінде, мачталарды көтеру және түсіру кезінде айналдырғыш төменгі соңғы жағдайда бекітіледі.
347. Ұңғымаларды бұрғылау жүргізіледі:
1) бағыттаушы құрылғыларды пайдалана отырып;
2) шнек пен шпиндельдің осі бойынша тексерілуінен кейін.
348. Бұрғылау бытырасын құрастырушы шнектер ұңғыма аузынан жоғары, пайдалану алдында қоқыстан тазартылады.
349. Көтеру кезінде немесе бұрғылау процесінде өсіру кезінде шнектерді ажырату оларды вилкаға немесе кілт-қапсырмаға отырғызғаннан кейін жүргізіледі.
350. Жол берілмейді:
1) трубада немесе шнек спиралінде ақаулары бар шнектермен бұрғылауға;
2) қосу элементтері тозған шнектерді (дүмдер, муфталар, саусақтар) колонналардың жеткілікті қаттылығын қамтамасыз етпейтін саусақтардың жарамсыз фиксаторларын қолдануға;
3) айналдырушыны ілінген қалыпта көтеру шығыр арқылы бағыттаушыға қосымша бекітусіз ұстауға, көтерілген айналдырушы астында тұруға;
4) айналу уақытында шнектердегі қоқыстарды қолмен немесе басқа заттармен тазартуға;
5) бұрғылауды қоршалмаған шнекпен жүргізуге.
8-параграф. Дірілді бұрғылау
351. Дірілдеткішті қосу бөліктерінің мықтылығы және техникалық ахуалы оны іске қосу алдында және пайдалану кезінде дайындаушының техникалық құжаттарына және технологиялық регламентке сәйкес тексеріледі.
Корпустарында және детальдарында қандай да бір зақымданулары бар дірілдеткіштерді қолдануға жол берілмейді.
352. Дірілдеткіш детальдарының резьбалық қосулары контргайкалармен тартылады және шплинтіленеді.
353. Дірілдеткіш электрдвигателі жеке рубильник арқылы қосылады.
354. Дірілдеткішті ілмекпен және көтеру жүйесінің элеваторымен қосылуының мықты жабылатын құрылғысы болады.
355. Дірілді құрылғы бағыттаушы құрылғымен жабдықталған. Бұрғылау кезінде трубаларды қолмен бағыттауға және ұстауға болмайды.
356. Дірілді құрылғыны қарау және майлау, ауыстыру кезінде дірілдеткіш соңғы төменгі жағдайда болады.
357. Дірілдеткіш жұмыс кезінде оның эксцентриктері айналатын жазықтықта тұрмайды.
358. Дірілдеткіш электрдвигателіне баратын кабельдің зақымдануын болдырмау және қысқа зақымдану болуына жол бермеу үшін кабель дірілдеуші бөлшектермен қатыспайды.
359. Дірілдеткіштің және станок шығырының бірлескен жұмысы алдында, орама трубаларды алу кезінде және аварияларды жоюда:
1) талий жүйесін және шығырдың станок рамасына және рама фундаментіне мықты бекітілуі тексеріледі; анықталған жарамсыздықтар жойылады;
2) мұнаралар қаралады, жарамсыз элементтер жаңаларымен ауыстырылады, әлсіз резбалық қосулар тартылады;
3) бұрғылау құрылғыларынан станок шығыры басқарушы тұлғадан басқа адамдар шығарылады.
Дірілдеткіштің және станок шығырының бірлескен жұмыстары кезінде бір уақытта трубаларды домкратпен тартуға жол берілмейді.
Достарыңызбен бөлісу: |