қалыптасқан жыртылыс құрылымы. Тектоникалық жамылғы –
жыртылу жігінің еңістену бұрышы бірнеше градустан аспайтын,
сол жік бойымен аспалы қапталы жатаған қаптал бетімен
бірнеше, тіпті ондаған км-ге жылжып кетуімен сипатталатын
жыртылыс құрылымы. Көлбеме – жыртылу жігінің еңістену
бұрышы бірнеше градустан аспайтын, сол жік бойымен аспалы
қапталы жатаған қаптал бетімен ондаған, тіпті жүздеген км-ге
жылжып кетуімен сипатталатын жыртылыс құрылымы. Кейде
«көлбеме» жəне «тектоникалық жамылығы» деген түсініктер
синонимдер ретінде де қолданылады.
Жоғарыда сипатталған жыртылыс құрылымдарының бəрі
де, сайып келгенде, аймақтық құрылымдар, яғни олар белгілі бір
аймақ ауқымында көрініс бере отырып, геологиялық картаға
түсіру барысында танымалданады. Бұл құрылымдарды кейде
«қыртыстық жыртылыстар» деп те атайды.
Қыртыстық жыртылыстарды танымалдау өздерінің
масштабы мен тектоникалық табиғаты тұрғысынан алуан түрлі
болып келетін терең жарылымдарды танып білумен
орайласады. Терең жарылымдар – жер қыртысының ірі
блоктарының бір-бірімен жапсарласу өңірінен көрініс бере
отырып, оларды бір-бірінен дербестейтін, сөйтіп __________жер
қыртысының көлденең қимасын, кейде тіпті оның табанымен
астаса дəнекерленген литосфералық мантия қабатын тілгілеп
өтетін арнаулы белдем. Жалпы алғанда, терең жарылым
байырғы жыртылу жігі болып табылады, сондықтан осы жік
бойымен дараланған (дербестелген) қапталдардың қозғалыс
бағытына қарай оларды ығыспаларға, қаусырмаларға,
лықсымаларға, бастырмаларға т.с.с. жатқызуға болады. Алайда
терең жарылым бір ғана сызықпен белгіленетін жəй ғана
жарық емес, ол ұзақ қашықтықтарға созылатын, тереңдігі де
айтарлықтай жəне ені жүздеген м-мен, тіпті бірнеше немесе
ондаған км-мен өлшенетін шын мəніндегі белдем болып
табылады. Терең жарылымдардың жоғарыда аталған өлшемдері
кең аралықта өзгереді жəне олар көбінесе нақ осы өлшемдік
көрсеткіштеріне қарай жіктемеленеді.
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
80
Терең жарылымдардың негізгі жіктемесі олардың тереңдік
көрсеткіші тұрғысынан жасақталған. Бұл көрсеткіші
тұрғысынан терең жарылымдар үш типке жіктеледі, олар –
«аса терең жарылымдар» (бүкіл литосфера қимасын тілгілей
отырып, 400-700 км тереңдіктерге кетеді), «байырғы терең
жарылымдар» (100-300 км) жəне «қыртыстық жарылымдар»
(жер қыртысының қимасын ғана тілгілеп өтеді, яғни тереңдік
көрсеткіші 40-75 км-ден аспайды). Терең жарылымдардың
екінші жіктемесі олардың қандай құрылымдық элементтерді
бір-бірінен оқшаулайтындығы тұрғысынан жасақталған. Бұл
тұрғыдан алғанда, терең жарылымдар «перимұхиттық
жарылымдарға» (континенттер мен мұхиттарды бір-бірінен
оқшаулайтын жарылымдар, мысалы – «Тынық мұхиттың отты
шығыры»), «перикратондық жарылымдарға» немесе «шеткі
тыртықтарға» (краевые швы) (кратондар мен қатпарлы
белдеулерді бір-бірінен оқшаулайды), «белдеуіштік
оқшаулаушы жарылымдарға» (жекелеген ойысымдарды
орталық массивтерден немесе жекелеген құрылымдық-
формациялық белдемдерді бір-бірінен оқшаулайды) жəне
«тасжақпараралық жарылымдарға» (төмен дəрежелі
тектоникалық құрылымдар ауқымында жиі ұшырасатын
шағын жарылымдар) жіктеледі. Бұл жіктеме де, сайып
келгенде, терең жарылымның өлшемдері тұрғысынан
жасақталған, яғни «перимұхиттық жарылымдар»
жалпыпланеталық масштабты иелене отырып, жүздеген км
Достарыңызбен бөлісу: |