«коллизиялық саты» мазмұнына тұп-тура сəйкес келеді; екі
тұжырымдама тұрғысынан да «платформалық саты» деп
аталатын процестер жиынтығының бір-бірінен мүлдем
айырмашылығы жоқ. Алайда ЛТТ идеялары қозғалмалы
аймақтарда тектоникалық құрылымдардың қалыптасуы мен
даму процестері негізінен көлбеу (горизонталь) бағытталған
тектоникалық қозғалыстарға тəуелді деп есептесе,
«Геосинклиндер туралы ілім» тұжырымдамасы бұл
процестердегі басты рөлді негізінен тік (жоғары-төмен)
бағытталған тектоникалық қозғалыстарға береді.
ЛТТ идеялары өзінің өміршеңдігін дəлелдеді, сондықтан да
ол қазіргі таңдағы ең соны, ең прогрестік парадигма болып
табылады. Олай болса, континенттер өңіріндегі бұрынғы
қозғалмалы аймақтар ауқымында қалыптасқан тектоникалық
құрылымдардың жаралу, даму жəне тұрақтану процестерін ЛТТ
қағидалары тұрғысынан түсіндіруге тырысу орынды. Екінші
сөзбен айтқанда, қазіргі кезде платформа жағдайына ауысқан
қатпарлы құрылымдар көне платформалардың «ойысуы мен
көтерілуі» нəтижесінде емес, «жыртылуы мен қайтадан
қиюласуы» нəтижесінде пайда болған.
Достарыңызбен бөлісу: |