«геоморфология және геология негіздері»


Жер қыртысының негiзгi құрылымдық элементтерi



Pdf көрінісі
бет11/55
Дата21.12.2022
өлшемі0.54 Mb.
#467692
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55
«геоморфология ж не геология негіздері»

Жер қыртысының негiзгi құрылымдық элементтерi. Жер қыртысының
дамуын талдау көрсеткендей, әртүрлi бөлiкшелер әртүрлi кезде бiртiндеп
эволюциялық даму сатыларынан өткен. Әртүрлi тектоникалық режимдердiң
бiлiну белгiлерi қазiргi қыртыста көрiнiс табады. Қазiргi кезде қарқынды
субдукция, шөгiндi жиналу, магматизм бiлiну (мысалы, Шығыс Азия белдемi, ол
Курил аралдарынан Жаңа Зеландияға дейiн созылады), орогендiк режимде
дамитын тау жаралу (Гималай, Тянь-Шань, Кавказ) белдемдерi бөлiнедi.
Тектоникалық қозғалыстар кең құлаш жайған және магмалық процестер
бiлiнген, метаморфизм терең жүрген, қатпарлы және айырылымды қозғалыстар
мен тау жаралу дамыған айқын белсендi белдемдер геосинклиндiк қозғалмалы
белдеулер деп аталады.
Бiздiң планетада белсендi бөлiкшелермен қатар платформалық режимде
дамитын тұрақты алқаптар бөлiнедi. Ондай алқаптардың мысалы ретiнде ТМД-
ның еуропалық бөлiгi, Батыс Сiбiр аумағы және т.б. атауға болады. Бедерi жазық,
тербелмелi қозғалыстар амплитудасы шамалы, қалыңдығы аз шөгiндi
таужыныстар iс жүзiнде көлбеу жататын, метаморфизм мен вулканизм бiлiнiмдерi
жоқ белдемдердi платформалар деп атайды.
Қозғалмалы геосинклин белдеулер мен платформалар жер қыртысының негiзгi
құрылымдық алқаптары болып табылады.
Тектоникалық 
циклдiң 
аяқталуы 
мен 
геосинклиндiк 
режимнен
платформалыққа өту әртүрлi бөлiкшелерде әртүрлi уақытта болған. Қыртыс
бөлiкшелерiнiң тұрақталуы және геосинклиндiк режимнен платформалыққа өту
консолидация деп аталады.


23
Жер қыртысының эволюциялық даму кезеңдерi платформалар қимасында
көрiнiс табады. Мұнда жаралу тегi мен дислокациялану сипаты бойынша
өзгешеленетiн 
таужыныстардың 
екi комплексi бөлiнедi. Тиiсiнше
платформалардың қимасында екi құрылымдық этаж жіктеледi. Төменгi этаж
геосинклиндiк кезеңде қалыптасатындықтан, ол метаморфтық және магмалық
таужыныстардан тұрады, қатпарларға мыжылады және көптеген жарылымдармен
қираған. Осы төменгi құрылымдық этаж қатпарлы негiз немесе iргетас деп
аталады.
Платформаның жоғарғы құрылымдық этажы қалыңдығы көбiнесе шамалы
болатын, жайпақ жатысты шөгiндi таужыныс қабаттарынан тұрады. Бұл
таужыныстар 
дамудың 
платформалық 
сатысында 
қалыптасатындықтан
платформалық тыс немесе шөгiндi тыс деп аталады.
Платформалар мен қатпарлы белдеулердiң ерекшелiктерi осы құрылымдық
алқаптарға тән құрылымдық формалардың әркелкiлiгiн туындатады. Қатпарлы
белдеулер ауқымында ең iрi құрылымдық элементтер мыңдаған километрмен
өлшенетiн ұзындықтарға жетедi. Олар бiрдей немесе жақын созылымды,
өлшемдерi әртүрлi көптеген дербес антиклиндер мен синклиндерден тұрады.
Мұндай iрi оң құрылымдар
антиклинорийлер, ал терiс құрылымдар
синклинорийлер деп аталады.
Платформалар мен шөгiндi тыста антеклиза мен синеклизалар түрiндегi
(ойпаңдар, ойыстар) платформалық баяу құрылымдар жаралады. Олар көбiнесе
әртүрлi гипсометриялық жағдайларда орналасқан iргетас блоктарында
орналасады және олармен генетикалық байланыста болады. Жалпы,
платформаның екi этажды құрылымды бөлiкшелерi тақталар деп аталады. Жер
бетiнде ашылған iргетас блоктары платформаның бiр этажды құрылымын жасап,
қалқандар деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   55




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет