Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы. Жоспар: кіріспе. 3-5 Бірінші тарау. Германияның бірігуі



бет3/12
Дата05.10.2023
өлшемі375 Kb.
#479886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы 2

Мемлекеттік өкімет органдары. Мемлекеттік құрылымының формасы жағынан Германия-Парламенттік республика. Негізгі заң бойынша президент билігі шектеулі, одан гөрі билік өкілдері канцлерге (премер-министр) берілген. Елге заң шығару билігі екі палаталық парламентке берілген. Оның жоғарғы палатасы Бундесрат, ал төменгісі (күштірегі) палатасы-Бундестаг. Федералдық үкімет немесе министрлер кобинеті федералдық концлерден және министрлерден тұрады.Оның қызметіне халықтар арасындағы қатынастар, қорғаныс финанс және коммуникация саласындағы саясатты жүргізу жатады. Орталық банк кредиттік-ақша саясатына бақылау жасайды. Дегенмен 1-январь 1999 жылдан бастап ол Европалық орталық банкке бағынады. Үкіметке 1999 жылы 15 фидералдық министрлер болған.ФРГ-ның астанасы-Берлин.Солай бола тұрса да Бонн да кейбір мемлекеттік басқару жүйелері қалған.
Мемлекетті басқаратын фидеральды президент «бундес президент» болып есептеленеді.Ол бес жылға бір рет, оңнан кейінгі екі бесжылдыққа да сайлана алады. Оны фидеральдық жиналыс сайлайды. Жиналыстың құрамы жер парламенті /ландтагтардан/ өкілдерінен құралады. Олар саяси партиялар өкілдерінен тұрады. Президенттің өкілдерінің ішінде бундестагқа бикітуге жіберілген канцлер кандидатурасы маңызды болып табылады. Канцлер парламенттің төменгі палатасын тарата алады.Ондай жағдайда парламенттің төменгі палатасы сенім вотумына қажетті дауыс жинай алмаған жағдайда. Президенттің міндетіне қарулы күштердің офицерлер құрамын жоғарғысын тағайындай алады. Солай бола тұрса да қарулы күштерге қорғаныс министрі басшылық ете алады. Президенттің та ъі бір міндеті айып кесілген қылмыскерлерді кешіре алады [6].
Атқару өкіметінің басшысы фидеральдық канцлер /бундесканцлер/. Канцлер болып жалпыұлттық сайлау кезінде көп дауыс жинаған саяси партияның лидері бола алады. Канцлер министрлер камбинеті мүшелерінің кандидатуралар үсынады. Елдің президентті оны үсынған кандидатураларын бекітеді. Сонымен бірге президент мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды. Сонымен қатар көптеген парламенттік систимада өкіметке сенім білдірмесе отставка жасаланады. Бұл жағдайда заң шығару өкіметі канцлердің канцлер кандидатурасын үсынады. Оны парламентарийлердің көпшілігі қолдауы қажет. Негізгі заңдарға осындай шектеу сенім білдірудің басты кілті деп аталынады.Бұл саяси тұрақтылықты үстап тұруға мүмкіндік жасайды. Германияда бұл жағдай 1982 жылы жүзеге асқан. Сол жылы сенім білдіру арқылы канцлер қызметінен кеткен [7].
Бундестаг-Герман парламентінің басты палатасы бундестагтың көпшілігі қолдаған үкімет билік басында қала алады. Депутаттар екі турда төрт жылға сайлана алады. Көпшілік жағдайда министрлер кабинет мүшесі бундестаг депутаты бола алады.Германия біріккенге дейін бундестагта 520 депудат болған. 1990 жылы желтоқсанда өткен сайлау кезінде ФРГ-ның құрамына жаңа жерлер енді.Осыған байланысты депудаттық мандаттың саны 662-ге дейін өстті. Ал 1994 жылғы сайлауда оның саны 672-ге жетті. 1998 жылғы сайлауда депутаттық мандаттың саны 669-ға дейін азайды.
Кез-келген депутат бундесратқа немесе федеральдық үкіметке заң жобасын еңгізе алады. Заң жобасы өту үшін дауыс берушілердің басым көпшілігінің даусын жинау қажет. Күрделі заң жобасымен жүргізілетін негізгі жүмыс пленарлық мәжілістерде жүргізілме іді. Ол бундестагтың комитеттері мен комиссияларында талқыланады. Комитеттер мен комиссияларда орындар партиялар фракциясының санына қарай анықталады.
Егерде бундестаг арқылы өткен заң 16 герман жерлерінің мүддесіне байланысты болса, әсіресе финанс және әкімшілік мәселелерін қарастырғанда үлкен дискуссия, пікір-таластар туғызады. Ондай жағдайда заң жобаларының басым көпшілігі жоғарғы палата парленттер арқылы өтеді. Федеральдық жердің қай жағынан келсе де делегаттар жер үкіметінің инструкциясына сай бундесратта дауыс береді. Палата мәжілісі айына бір рет өткізіледі.
ФРГ бундесраттының құрамында /ГДР-мен біріккенге дбйін/ он батысгермандық жерден 45 делегат болатын. Сонымен бірге дауыс беруге қатыспайтын Батыс Берлиннен бақылаушылир болды. Ел біріктірілгеннен кейін 1990 жылдың желтоқсанында бундесратта орын саны 68-ге дейін өсті. 7 млн-нан астам халқы бар федеральдық жерлер бундесратқа әрқайсысы 6 делегаттан жіберді, 6 млн-нан 7 млн-ға дейін халқы бар федеральдық жерлер-5 делегаттан, 2-4 млн халқы бар жерлер-4 делегаттан, 2 млн-ға жетер-жетпес халқы бар жерлерден 2-3 делегаттан жіберілді [8].
Бундестаг пен бундесрат арасында заң жобасы бойынша келіспеушілік туған жағдайда екі палатаның біріккен комитеттерінде немесе біріккен комиссияларында шешіледі. Жерлердің сайлаулары жалпыұлттық сайлаулар уақытымен сәйкес келмейтің болғандықтан, бундестаг пен бундесрат саяси партияларының күш ара салмағы әртүілі болады. Мысалы, христиан-демократиялық партия екі палатада көпшілік болып көп жылдар бойы басым орынды иемденді. 1991 жылдан бастап бундесратта социал-демократтарға қарағанда азшылық болды.
Сайлау системасы: Германияның 18-ге толған әрбір азаматы сайлауға және мемлекеттік билік органдарына өз кандидатурасын үсынуға қүқылы. ФРГ-нің сайлау системасы пропорциональдық өкілдіктер формасында. Әрбір сайлаушы екі дауысқа ие: бір дауыс территориялық сайлау округына, бір дауыс партиялық тізім бойынша. Осылайша дауыс беруші өзінің дауысын екі партия арасында бөле алады. Депутаттардың бір жартысы территориялық сайлау округі бойынша қарапайым жолмен көп дауыс жинау арқылы сайлайды. Депутаттардың екінші жартысы жергілікті партия тізімі бойынша сайлаудың қорытындысына сәйкес саяси партиялармен қалыптасады. Бундестагтың жалпы құрамы ұлттық масштабта партиялар арасындағы күш ара салмағын білдіреді. Бундестагтың мүндай жолмен қалыптасу механизмі ірі партиялардың лидерлеріне олар территориялық сайлау оғругі бойынша жеңілген жағдайда депутаттық мандатты қамтамасыз етеді. Бундестагта бүкіл ел бойынша сайлаушыларды ең кем дегенде 5%-тің алмаған саяси партиялардың ешқайсысы да бундестаг сайлауына қатыса алмайды. Сайлаушылардың 5%-ті деген 3 депутатық мандатқа тең [9]. Алайда 1990 жылы сайлау кезіңде бүрын болмаған жағдай жасалынды. Шығыс жерлерден депутаттар үшін көп мүмкіндіктер берді. Олар Біріккен Германияның жалпы сайлаушылары 20%-ті болған оларға 5%-тік ереже қолданылмады. Осы жағдайды пайдаланып Шығыс Германияның екі партиясы парламентте орын ала алды. Келесі жылы бүрыңғы ереже қалпына келтірілді. Елдегі саяси партиялар мемлекет тарапынан финанстық көмек ала алды. Партиялар өзіне субсидия алу үшін сайлаушылардың кем дегенде 0,5%-тің дауыс бергенде жинау қажет. Сайлаушылардың сайлауға қатысуы мынандай жағдайда болды: 1983 жылы-89,1%.
1987 жылы ФРГ-да 77,8%. Біріккен Германияда 1990жылы 79%. 1994 жылы 82,3%.
Жергілікті және аймақтық өзін-өзі басқару. 11 бүрынғы жерлердін конститутциясы 1946 және 1957 жылдар арасында әр кезеңде жүзеге асты. 5 жаңа жердің конститутциясы қосылғаннан кейін 1990 жылдың шілдесінен бастап жүзеге асты. Батыс Берлиннің конститутциясының әрекеті Шығыс Берлинде 1991 жылдан бастап әрекет етуде. Ол Бавариядан басқа жерде әрекет етеді. Баварияда жалпы халық сайлайтын бір палаталық парламент /ландтагтар/. Баварияда мүнан басқа сенаг бар. Ол халықтың он тобының мүддесін көрсететін сайланатын орган. үкіметтің жергілікті жердегі басшылары Гамбургте-бірінші Бургомистр, Бременеде-бургомистр, Берлинде-басқарушы бургомистр, ал қалған 13 жерде премьер-министрлер басқарады. Олардың көпшілігі ландтагқа тәуелді [10].
Федеральдық жерлер мәдениет және білім беру саласындағы саясат мәселелерін қарастырады. Сонымен бірге олар қоршаған ортаны экологиялық ортаны сақтау және тәртіп сақтаумен де айналасады. Жылжымайтын мүлікке және өндіріске салынатын салықтар бүрынғы табыс салықтар сияқты жергілікті
өкіметтің әртұрлі операцияларына жүмсалады. Алайда қоғамдармен муниципалитеттердің көпшілігі федеральдық үкіметтен қосымша рубсидия алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет