Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы. Жоспар: кіріспе. 3-5 Бірінші тарау. Германияның бірігуі



бет6/12
Дата05.10.2023
өлшемі375 Kb.
#479886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы 2

Сот-құқтық жүйе. ФРГ-да ең жоғарғы сот инстанциясы-Федеральдық Конституциялық Сот болып табылады. Оның жартысын Бундестаг, екінші жартысын Бундесрат сайлайды. Федеральдық соттың өкілеттілігінің мерзімі-12 жыл. Сот ФРГ-ның негізгі заңын талдайды. Федералдық және жер заңдарының конституцияға сәйкестігін тексереді. Конституциялық сот жерлердің арасындағы даулармен алауыздықтар туған жағдайда жеке шешімдер шығарады. Сонымен бірге Конституциялық сот партия антидемократияға қарсы мақсат үстағандығы дәлелденсе, саяс л партияны тарата алады. Төменгі дәрежедегі сот өндірісін тәуелсіз судиялар жүргізеді. Оларды қызметке тағайындаған соң олардың келісімінсіз соттан шақырып алынбайды. Германияда азаматтық және қылмыстық істер бойынша қарапайым соттар жүргізеді, сонымен бірге еңбек дауларын шешетін, әкімшілік, финанстық және әлеуметтік мәселелер бойынша соттар бар. Қылмысты істер бойынша процесстерді халық жасақшылары емес судиялар жүргізеді. Судиялар шешімдер қабылдағанда Конституциялық ссгсыз қабылдайды. 1949 жылы ФРГ құрылған кезге дейін нацистік Германияда ресми қызмет атқарған мемлекеттік қызметкерлер мен ченеуніктер сотсыз жүмыстан шығарылған. Алайда соттық-қүқықтық органдардың персеналы Үшінші рейх кезінен бастап еш өзгеріссіз қалды.
Ұлттық Халық Армиясы 1956 жылы құрылған. 1989 жылы жаяу әскер саны 130 мың адамға жеткен, тағы да 400 мың адам ішкі әскерде қызмет етеді. 80 мың адам-шекара әскерлері мен бөлімдерінде, олар Қауіпсіздік органдарына бағынады. Ұлттық Халық Армиясы Германия біріктірілген күні таратылды. Оккупациялық державалар батыс Германияда қарулы күштерді құруға және оларды жаңа қару жарақтармен жабдықтауға рұқсат етті. Ел 1955 жылы қарапайым қарумен өзінің егемендігін қалпэіна келтірді. Келесі жылы әскери міндеткерлік енгізілді. Жас ер азаматтарға әскери қызметтің мерзімі 10 айлық болып анықталды. Алайда әскерге шақырушылардың этникалық және діни сенімдеріне қарай альтернативтік қызметте болды. 1997 жылы ФРГ армиясында (Бундесверде) 240 мың жаяу әскері бар. Сонымен қатар әскери-теңіз флотта 28 мың және әскери-әуе күштерінде 77 мың адам бар. Европа елдерінің ең қуатты армиясы НАТО-да резервистердегілердің саны 750 мың адам. Бундесверде 24 мың суасты қайықтары, 5 мың танк және 600 әскери самолеттер бар. Елдің негізгі заңы ФРГ қарулы күштерінің елден тыс жерде болуына тыйім салады. 1955 жылы Германия Федеративтік Республикасы НАТО-ға мүше болды. Батыс Германия Европалық көмір және болат бірлестігінің /ЕОУС/ негізгі салушы мемлекеттердің біріне айналды. ФРГ 1957 жылы Европалық экономикалық қауымдастықтың мүшесі болды. 1973 жылы ФРГ мен ГДР бір мезгілде Біріккен Ұлттар Ұйымына қабылданды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет