Германия мен Қазақстанның қарым-қатынасының дамуы. Жоспар: кіріспе. 3-5 Бірінші тарау. Германияның бірігуі



бет4/12
Дата05.10.2023
өлшемі375 Kb.
#479886
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Дип.-Германия-мен-Қазақстанның-қарым-қатынасының-дамуы 2

Саяси партиялар.
Ел біріккенге дейін ФРГ-да үш ірі саяси партиялар өмір сүрді. Ол партиялар біріккен Германияда да сақталып қалды. Бұлар: Германияның социал-демократиялық партиясы /СДПГ/; Христиан-демократиялық одағы /ХДС/; Баварияда ғана әрекет ететін бундестагтағы блок. Христиан-әлеуметтік одақ /ХСС/; Ерікті-демократиялық партия /СвДП/. 1980 жылдары саяси сахнаға өзіңдік орны бар төртінші партия-жасылдар шықты. Германияның социалистік біріңғай партиясы және ол бақылайтын кішігірім төрт үсақ партиялар елдің әлеуметтік, экономикалық және саяси өмірін анықтады. 1989 жылдың соңында СЕПГ билігі қүлаған соң реформаторлардың «жаңа форум» қозғалысын өздеріне қосып әртұрлі коммунистік емес таптар құруға тырысты. 1990 жылы желтоқсанда өтетін жалпыгермандық сайлау жүргізу кезеңіне қарай жаңа партиялардың бірдей-біреуі өмір сүре алмады. Партияға адалдығын сақтап қалған СЕПГ мүшелері бүрынғы коммунистік көңіл күйден ауытқып өздерін басқаша атады. Демократиялық социализм партиясына /ПДС/ бірікті. ФРГ-нің бүрыңғы партиялары өз қызметтерін шығыс жерлердегі финанс және үйымдастыру құрылымына таратты.
Германияның социал-демократиялық партиясы. Карл Маркс пен Фердинанд Лассаля жақтастары қозғалысын қосу нәтижесінде 1875 жылы негізі қаланған. СДПГ Веймар республикасы кезіңде Германйяда ірі партиялардың бірі болған. Бұл партияны і ацистер талқандаған. 1952 жылы өзінің лидері Курт Шумахер өлген соң СДПГ өзінің бүрынғы маркстік көзқарасынан аулақтады. 1959 жылы өзінің идеологиялық платформасы ретінде ғылыми теория Бад-Годесберг программасын қабылдады. Ол жалпы айтқанда экономиканың капиталистік тұрімен араласып жатқан конципсиясы; солай ете отырып партия пайданы кедей топ пайдасына қарай бөлуді талап етті және әлеуметтік салада мемлекетгік қолдау саясатын белсенді жүргізді. Батыс Германия НАТО-ға кірген соң СДПГ оның рөлінің альянста нығаюы үшін күресті. Солай ете отырып жаппай қарулануға шыңайы бақылау орнатуға шақырды. Партияның көптеген белсенділері қарусыздану үшін қозғалыстың алғы шебінде. СДПГ-нің басты таяныштары елдің өнеркәсіпті қалалары мен солтүстік порттары және жаңа жерлер. 1980-шы жылдары партияның ықпалы едәуір әлсіреді. Ол елдің экономикасындз алға жылжушылықтың салдары, елдің құрылымында өңдейтін өнеркәсіп рьлінің азаюынан туған жағдайлар. Батыс Европада СвДП-мен коалицияда 1969-1982 жылдар арасында Вилли Брандт және Гельмут Шмидт өкіметті басқарды. 1990 жылғы сайлау кезінде екі Герман мемлекетінің қосылуы асығыс болуына байланысты шығындар мен айырылғандығы туралы партия ұрандар көтеріп шықты. Оның лидерлері экономикалық және әлеуметтік одақ Келісімге қарсы шықты. ФРГ Бундестагына сайлауда СДПГ 38,2% дауыс жинады. Ал, 1983 жылы жинағаны 37% құраған болатын. Ал, 1987 жылы дауыстың 33,5 %-ті, 1990 жылы 36,4%, 1994 жылы 40,9% дауыс жинаған болатын. 1990 жылы »ескі жерлердің» кейбір ландтагтарында көп орынды жеңіп алды. Хтжстиан демократтарына жасалған олардың кейбір болжамдары анықталды: ^алық көбейді, немісмаркасының құны түсті. ХДС үсынған елді қайта құру программасына көңілі толмаған Шығыс Германдық сайлаушылар СДПГ-ға көп дауыс берді. Сөйтіп олар «жасылдар» партиясымен коалиция болып, басқарушы партияға айналды. СДПГ 1998 жылғы сайлауда Бундестагтағы 669 орынның 298-ін алды. Елдің басына концлер болып Герхард Шредер келді.
Христиан-демократиялық және Христиан-әлеуметтік Одақ партиялары II-дүниежүзілік соғыстан кейін құрылған партиялар еді. ХДС Баварияда өкімет органына кандидаттарын үсынбайды. Өйткені онда парламентті блоқга және ұлттық масштабта одақтасы ХСС әрекет етеді. Екі партияда бизнес өкілдерінің мүддесін қорғайды. Сонымен қатар олар агр рлық сектор мен ақ жағалылардың (басқарушылар, техникалық жүмысшылар және қызметкерлердің басқа категориялары негізінен жоғарғы және орта звено) бұл партиялар елдің оңтүстік аудандарында үлкен қолдауға ие. Екі патия блогы Германияның рыноктық экономикасына бағытталған. Сонымен қатар олар Европалық экономикалық және әскери құрылымда интеграцияның тереңдеуін қалайды. 1949-1969 жылдары ХДС басқарушы партия болып, елдің басында болды. Ол кезде елдің тізгінін көрнекті саяси қайраткерлер Конрад Оденаур және Людвиг Эрхард басқарған болатын. Ол 1982 жылы өкімет билігіне Св.ДП коалициясымен бірге Гельмуд Кольдің басқаруында қайта келді [11]. Концлер Гельмуд Коль Батыс пен Шығыс Германияны біріктіру жоспарының дем берушісі болып табылады. 1990 жылы ол өзінің сайлау алдындағы кампаниясын халыққа мынандай уәде берумен бастады. Ол халыққа ФРГ-ға жаңа жерлер кірген соң шығындарды жабатын жолдарды іздеп, салықтарды көтермеуге уәде берді. Мүндай орындалмайтын уәде беру оған табыс әкелген жоқ. Ол ФРГ-ның батыс аудандарында көп дауыс жоғалтты, бірақ ХДС шығыста барлық жерлерде жеңіске жетті. 1998 жылы сайлаушылар сайлауда Шредерге дауыс беруді дүрыс деп тапты. ХДС пен ХСС-ға дауыс бергендердің 1990жылы 41,5 % болса, 1998 жылы 35,1% болған. ХСС лидері 1988 жылы өлгенге дейін Франс Иозеф Штраус болды. ФРГ мен ГДР арасында сауданың өсуін ХСС партиясы қолдады. ХСС-ті 1990 жылдардан бастап, Бавария премьер-министрі Эдмунд Штойбер басқард .і. 1998 жылы ХДС пен ХСС блогы бундестагта 245 орын алды. Коль түсында ХСС басқарған Вайгель сайлауда жеңіліс тауып, партия лидерлігінен кетті. Оны Штойбер алмастырды. Ал, ХДС-ті басқарған Коль орнына Вольфганг Шойбле келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет